Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:31, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жүргізіліп жатқан өндірістердегі реформалар шаруашылық салаларының дамуына айтарлықтай әсерін тигізсе де, бұл кешендерде өндірістің өнімділігі дүниежүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттерге қарағанда әлде қайда төмен. Ол, әсіресе, экономиканың аса маңызды саласы ауыл шаруашылығында, бірнеше есеге төмен екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29-шы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айрықша тоқталды.
Осыны ескере отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа 10 жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бағдарламасында 2020 стратегиялық даму жоспарын ұсынды. Елбасы бұл Жолдауында - «жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканы тұрақты өсуіне қол жеткізу» - деген мәселені атап өтті.
Осы мәселелерді іске асырудағы факторлардың бірі, еңбек ресурстарын басқару мен оны тиімді пайдалану, өндіріс шаруашылықтарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Атап айтқанда, өндірістік шаруашылықтардың өнімін көбейту арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең алдымен өнім өндіруші еңбеккерлерге қатысты еңбек ресурстарын тиімді басқару. Сондықтан да, барлық өңірдегі өндірістік салаларында еңбек ресурстарының құрылымын, демографиялық жағдайын анықтай отырып, оларды тиімді пайдалану деңгейіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтай түсті.
Өндіріс шаруашылықтарында еңбек ресурстарын реттеуде тиімді заңнамалық жолмен ұйымдастыру мен әлеуметтік-экономикалық механизмдерін, мемлекет тұрғындарының жұмыспен қамтылуын анықтау, бүгінгі күн талабына сай - негізгі мәселелердің бірі болып отыр және зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Еңбек ресурстарын зерттеудің деңгейі (маңыздылығы). Еңбек ресурстары және оның нарығының теориялық негізін көптеген батыс мемлекеттерінің ғалым-экономистері өз еңбектерінде қарастырған. К. Маркс зерттеулерінде еңбектерінде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі мәселелерді, олардың барлық сипаттамаларын, әдістемелік жағдайларын терең зерттей отырып, еңбек өнімділігін көтеру мәселелеріне айрықша мән берген. Ал, батыс ғылымдарынан Дж.Кейнс - еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен еңбек нарығын мемлекеттік деңгейде реттеу мәселелерін зерттеген. Зерттеушілер А.Лаффер, Д.Гилд - еңбек ресурстарының нарығын жалпы нарықтың құрамдас бөлігі ретінде талдаған. Э.Фелпс пен М.Фридмен жұмысшы қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етуді реттеп мемлекет өз тарапынан қатаң бақылауға алып, ақша-несие саясатының қажеттілігін тиімді жүргізуді негіздеу арқылы ұсынған.
Экономикасы дамыған елдердің еңбек ресурстарын пайдалану жөніндегі ғылыми тәжірибелерді теориялық жағынан талдау, оны үйренудегі жүйелілікпен нақты тарихи көзқарас зерттеу жұмысының деңгейін тереңдете түсті. Экономиканың, оның ішінде ауыл шаруашылығының еңбек ресурстарын тиімді пайдалану әлеуметтік экономикалық жағынан басқаруға мүмкіндік береді және оның қалыптасуына жол ашады, үйлестірумен ұйымдастырушылық даму үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Еңбек ресурстарын басқару және оны реттеудің экономикалық табиғатын зерттеген және жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты жоюды өзекті әлеуметтік- экономикалық тұрғыдағы мәселелер ретінде қарастырған ресейлік ғалым – экономистер бар. Атап айтқанда, А.Никифорова, Н.Вишневская, И. Засловский, А.Демидов, Б. Рофе және т.б. өз еңбектерінде еңбек ресурстарын басқарудың тиімді қажеттілігін жан-жақты зерттеді. Ресей ғалымдарының тұжырымдары мен пікірлері бойынша өндірістерде еңбек ресурстарын басқаруды өндірістің бір қалыпты дамуына үлкен әсерін тигізетінін, жұмыскерлерді тәртіпке келтірудің тиімділігі еңбек өнімділігінің көтерілуіне себепкер болатындығын дәлелдеген.
Жұмыстың зерттеу деңгейінде қарастырылған өзекті мәселелердің теориялық және тәжірибелік іргетасы еңбек ресурстарын жоғарылату мақсатында жұмыскерлерге дер кезінде ықпал етуге мүмкіндік береді. Өңірлік нарықтық қатынаспен қаржы дағдарыс кезеңіндегі маңызды мәселелерді, әр түрлі меншік жағдайындағы өндіріс шаруашылықтарының дамуын, тиімділігін арттыру жолдарымен шешуді Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Атап айтқанда, А.Аймен, Ж.Ә.Аубакирова, С.Берешев, М.Кенжегузин, Н.Мамыров, А.Қошанов, О.Сәбден, А.Дәуренбекова, А.Сатыбалдин, А.Саханова, С.Сұрағанова, К. Құрманалиев, Т. Рогачева және тағы да басқа ғалым зерттеушілер республика өңірлеріндегі аймақтардың табиғи экономикалық дамуына үлес қосты. Экономиканың өндіріс салаларындағы өндіріс шаруашылықтарын, еңбек ресурстарын басқару және оны қалыптастыру мәселелері, реттеу механизмдерін дамыту мен еңбектің өнімділігін көтеру мәселелері экономист ғалымдар еңбектерінде зерттелсе де, бүгінгі күнге дейін толық шешімін таба алмауда.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдері негізге алынды. Мұнымен бірге ғылыми жұмыстың теориялық негізін ғылыми мекемелердің және ғылыми тәжірибелік конференциялардың материалдары, экономика саласындағы ғалымдардың іргелі зерттеу нәтижелері сараланып, қарастырылды.
Зерттеу барысында тарихи және жүйелік, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистика және тағы басқа әдістер қолданылды. Мұнымен бірге зерттеудің әдіснамалық негізін сараптамалық бағалау, динамика және болжау өлшемінің статистикалық әдістері және зерттеу нәтижелерін графика тәсілдері құрады.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Диссертациялық зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық, ақпараттық, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының, ауыл шаруашылық Министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысының еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеулердің нақты ұсыныстары және өндіріс шаруашылығын дамыту жолдарында жарық көрген ғылыми-әдістемелік материалдар, зерттеу жұмысының ақпараттық дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыс ғылыми зерттеу еңбектердің қорытындылары мен тұжырымдамаларын абстрактілі-логикалық, есептік-конструктивтік, статистикалық-математикалық, экономикалық, әлеуметтік-социологиялық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде орындалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – аймақтағы шаруашылық саласында еңбек ресурстарын тиімді басқаруды қалыптастыру және жетілдіру механизмдерін ғылыми тұрғыда зерттей отырып, қазіргі даму барысына талдау жүргізу, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда нақты тәжірибелік ұсыныстар жасалды.
Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарын ұтымды басқаруда қалыптасатын еңбек қатынастарының жиынтығы саналады.
Зерттеудің объектісі. Жұмыста зерттеудің объектісі болып Оңтүстік Қазақстан облысының нарық жағдайындағы шауашылықтары мен өндірістік аудандары, өндірістік құрылымдары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Диссертациялық жұмысты зерттеу нәтижесінде мынадай жаңалықтар тұжырымдалды:
Диссертациялық зерттеудің теориялық мәні. Ғылыми зерттеудің негізгі тұжырымдамаларын жүзеге асыруда, еңбек ресурстарының қатынасын қазіргі деңгейге сәйкес ұйымдастыру экономикалық жүйенің басқару бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Ал кейбір өндірістік салалардың құқықтық және әкімшілік реттеудің әдістемелері мен құралдарын жетілдіруге мүмкіндік беретін еңбек нарқын белгілеу болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні. Диссертациялық жұмыстың негізгі құрылымы үш мақсатқа бағытталған және қисыны жағынан келесі мәселелерді шешуге негізделген: өңірдегі шаруашылық салаларда еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістерде еңбек ресурстарын басқару тетіктерін реттеу, экономикалық-ұйымдастыру басқару жағдайларын жетілдіру, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндіріс салаларындағы еңбек нарығының дамуына, оның бағыттарын талдау, сол арқылы салаға бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану үлгілерін есептеу, іске асыру.
Зерттеу жұмысындағы берілген жеке ұсыныстар облыстың, аудандардың жеке өндіріс шаруашылықтардың жұмыспен қамту артықшылықтарының, тағы басқа салалардың қызметі үшін мамандар дайындаудағы және жоғарғы оқу орындарында еңбек нарығы экономикасы пәнінің дәріс беруде кеңінен қолдануға болатынын ұсынған.
Алынған
теориялық талдаулар, ұсынылған
тәсілдер негізделген ғылыми ұсыныстар
мен нәтижелер еңбек
Ғылыми нәтижелер Халықаралық Бизнес Университетінің оқу үдерісінде, «Экономика», «Еңбек нарығы», «Еңбекті нормалау» пәндерін оқыту барысында қолданылады. Зерттеу нәтижелері «ОҚО-ның ауыл шаруашылық басқармасы», «ОҚО-ның еңбек қорғау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы» ұйымдарына енгізілді.
Зерттеудің тәжірибелік мәні және нәтижелерін жүзеге асырылуы жоғарыда аталған құрылымдық ұйымдардың актілерімен расталған.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар:
-
өндіріс шаруашылық
- өндірістерде еңбек ресурстарын реттеудің шетелдік үлгілермен Қазақстан Республикасындағы ұтымды үлгілерін көрсету;
- Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс салаларындағы еңбек ресурстарын басқарудағы ерекшеліктерді, мүмкіндіктерді іске қосу;
- еңбек ресурстарын басқарудағы жаңа жұмыс орнын ашу мақсатындағы «Жол картасын» пайдалану жағдайы, жұмыссыздықты төмендетудегі мемлекеттің қолдау шаралары және оны ғылыми-тәжірибелік жолмен негіздеу жөнінде ұсыныстар беру.
Диссертацияның ғылыми зерттеулермен байланысы. Қазақстан Республикасының шаруашылық өндірістік салаларының дамуындағы индустрия-инновация процесін өндіріске енгізу жөніндегі бағдарламаларына сәйкес, еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіру жөніндегі ережесіне сай орындалған.