Кестенің
көрсеткіштері әрбір мемлекеттің
өзінің экономикалық өсу дәуіріне қарай
немесе сол аймақтың талабына сәйкес,
еңбекке жарамды халықтың өсуіне керекті
көрсеткіштерінің бәрі, ол табиғи халықтың
көбейуін керек етеді. Өңірдегі болып
жатқан экономикалық өзгерістерді, стратегиялық
мәселелерді іске асыру үшін, әсіресе
2020 стратегиялық жоспарлауға қысылған,
бағдарламалардағы өндірістерін индустрия
–инновациялық процестерді дамыту жөніндегі,
тиімді агробизнесті жандандыру еңбек
ресурсын тиімді пайдалану, халықтың жұмыс
бастылығын, жол картасы арқылы орындау
өте өзекті мәселе болып отыр. ОҚО-ның
еңбек қорғау және халықты әлеуметтік
қамтамасыз ету басқармасының мәліметтеріне
сүйенсек 2004-2005 жылдары, аймақта жұмысқа
қамтылмаған халықтың саны 8,0-8,5 % шамасында
болса, ал қазіргі 2008-2009 жылдары 6,0% - 6,5
% дейін төмендеді.
Халықтың
жұмысбастылығы проблемасын талдаудың
арқасында 2004-2009 жылдардағы мәліметтерге
қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысында,
жұмыссыздық басым көпшілігі әйел адамдар.
Әйел адамдардың жалпы санының өңірдегі 60-тан
аса % 2009 жылдың басында жұмыспен қамтылмағанын
көрсетеді. Ал, ер адамдардың жұмыспен
қамтылмағандары осы талдау жүргізген
кезеңде 25-27 % шамасын құрайды.
Жалпы
тіркелген жұмыссыздардың саны аймақ
бойынша 9560 шамасында, бұл экономикалқы
белсенді халықтың 8,4 % құрайды, Шымкент
қаласында бұл көрсеткіш - 5,5 %; Түркістанда
- 5,9, Мақтарал ауданында -5,5, Төлебиде -4,8
% құрайды т.б.
Зерттеулерге
қарағанда 2001-2009 жылдардағы негізгі
жұмыссыздықты Оңтүстік Қазақстан
облысында әйел адамдар құрайды. Әйел
адамдар үлесі 60% жоғары. Бұл кезеңде еркектердің
саны 42 - 27 % деңгейінде ауытқылауда.
Облыстағы
«2010-2014 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан
облысындағы бірыңғай кадр саясатын
ұйымдастырудың негізгі бағыттары туралы»
қаулысы бағдарламалық болды. Әр түрлі
меншік иесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың
кадр қызметтерімен өзара әрекеттесу
жұмыстарын қарастырып отырған бұл құжат,
айтарлықтай салмақты сараптамалық, ғылыми-социологиялық
және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың
нәтижелі қорытындысы болмақ . Оны орындау
барысында өңірдегі біріңғай кадр саясатын
жүзеге асырумен байланысты пайда болатын
қарым-қатынастарды заң жүзінде реттеу
қажеттілігі де дәл осы кезде пайда болады.
Кадр саясатының ағымдағы түзетілімінен
байланысты емес түрде, оның басты мақсатын
өңірдің жоғары білікті кадр әлеуетін
қалыптастырудың стратегиясын анықтау,
онан ары қарайғы дамуы мен тиімді пайдаланылуы
сияқты деп тұжырымдауға болады. Бұл мақсатқа
жету үшін әр түрлі категориядағы және
әлеуметтік топтардағы кадрлармен жұмыс
істеудің артықшылықты бағыттарын анықтау
қажет, бұл кейінге қалдыруға болмайтын
шаралардың бағдарламасын анықтауға,
ағымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік
береді.
Еңбек
нарқында қалыптасқан жағдай жұмысшылар
мен мамандарды оқыту және дайындаудың
қазіргі тәжірибесін қағида түрде
өзгертуді талап етуде. Мұндай жағдайларда
осы маңызды мақсатты шешу ісінде
барлық қызығушылығы бар жақтардың өзара
ынтымақтасуы керек, оларды білікті мамандармен
қамтамасыз етуде кәсіпорындар мен ұйымдарға
көмек көрсету жүйесін әзірлеу қажет.
Қажетті саладағы және керекті көлемдегі
білікті жұмысшыларды дайындауға қатысты
мәселенің мамандарды дайындауға арналған
өңірлік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру
арқылы шешілуі қарастырылуда. Бұл жерде
тапсырыс деп ұйымдардың барлық деңгейіндегі
бюджеттер мен құралдарының есебінен
білім беру мекемелерінде мамандарды
дайындаудың кадр саясатының субъектілерімен
келісілген көлемі мен саласын айтады.
Облыстық
және аудандық әкімдіктер және ұйымдармен
бірлесіп барлық әлеуметтік-экономикалық
салалар үшін кадрларды дамыту және
нығайтудың салалық мақсатты бағдарламаласын
әзірлейді. Бағдарламаны қаржыландыру
облыстық және жергілікті бюджеттердің,
сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруға
қатысатын ұйымдардың есебінен де
жүзеге асыруға болады. Облыстық бюджеттің
құралдарына қатысты бағдарламаны жүзеге
асыру үшін арналған қаржылар облыстық
бюджетті қабылдау кезінде бекітіледі.
Біздің
пікірімізше, кадр саясаты туралы ұсынылған
өңірлік бағдарламасының концепциясы,
марғымсыз, өңірлік кадр саясатының
ұйымдастыру құқықтық аспектілерін
дамытудың бүкіл проблемасын
жоққа шығара алмайды. Сонымен қатар,
бұл проблема облыстың кадрлық жоспарлау,
білім беру және басқа салаларындағы заң
шығарушылардың, басқарушылардың, ғалымдардың
және мамандардың қатысуымен әрі қарай
өңдеуді және талқылауды талап етеді.
Сонымен
қатар, біздің ойымызша, бұл механизм
жетілдіруді қажет етеді. Еңбек нарқын
бағалау, жұмыс күшін салааралық, кәсіби
аралық, аумақтық қайта бөлу, экономиканың
құрылымын өзгерту, бірінші кезекте еңбек
нарқына алғаш рет қамтылатын жастар арасындағы
еңбек ету бағыттарының өзгеруін сөзсіз
тудыратын өзгерістері, мемлекеттік басқару
жүйесін қайта құру және нарықтық механизмдерді
дамыту сияқты проблемалары білікті жұмысшылар
мен мамандарды дайындауды болжау ісіне
жаңа әдістемелік тәсілдің анықталуын
талап етеді. Бұл тәсілдер болжау сипатында
және ғылыми-негізделген кәсіби бағдарлаумен,
білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту
перспективасымен, кадрлық, қаржылық,
құқықтық қамтамасыз етілуімен баланысты
болуы тиіс. Кадрларды дайындауды болжау
көкейкесті болуда және үкіметтің түрлі
деңгейдегі атқару ұйымдарының көзалдында
болуы керек.
Облыстағы
адам ресурстарын басқарудың мемлекеттік
жүйесін жетілдіру үшін, оларды қалыптастыру,
пайдалану, дамыту, жұмыспен қамту, көшіп
қону тұрғысынан алғанда, еңбек ресурстарын
басқару проблемаларына жанжақты сараптама
жасау қажеттігі сияқты деректері
де айқындала түседі. Қазіргі замандағы
өндірістің қарқынды дамып және еңбек
сипатының барынша күрделеніп келе жатқан
жағдайларында, білім беру жүйесіне қойылған
талаптар – кейбір мамандық кадрлары
санының тым артық болу немесе жетіспеушілік
факторларының әсерінен ғана қалыптастырылмайды.
Болашақ мамандардың қажетті кәсіби, психологиялық
сипаттамаларының жиынтығы мен дамуын
ұғыну ісі ерекше мағынаға ие.
Осылайша,
өңірлік еңбек нарқын болжау жөніндегі
жұмыстардың процессінде келесі
жағдайлар әсер етеді:
-
аумақтық және салалық ерекшеліктері
ескерілген күйдегі кәсіби-біліктілігі
бойынша жұмыс күшінің сұранысы
мен ұсынысының ара қатынасы;
-
еңбек нарқындағы жұмыс күшінің
сапалы құрамы;
-
жаңа жұмыс күшін дайындаудың,
жұмыстан босатылатындар мен
жұмыспен қамтылмаған халықты қайта даярлаудың
қажетті көлемдері және кәсіби-біліктілік
құрылымы.
Өңірдегі
демографиялық жағдайға сараптама
жасау ісін бастапқы кәсіптік білім
беру мекемелерінде білім беру қызметтерін
алуды жоспарлап жатқан, түрлі
категориядағы халықтың саны мен сапалық
құрамы туралы ақпараттарды алудан бастау
керек. Барлығынан бұрын, бұл жалпы білім
беру мекемелерінің бітірушілері, сонымен
қатар еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі
органдарда есепте тұрған жұмыссыз азаматтар,
жастар мен ересек халықты қоса есептегендегі
жұмыспен қамтылмаған халық болуы тиіс.
Еңбек
ресурстарын және материалдық әлеуетті
пайдаланудың тиімділігін сыртқы және
ішкіге бөлу қажет. Сыртқы тиімділік
бітірушілерді жұмысқа орналастырумен
және бюджеттен тыс шығыстарды ұлғайтумен
байланысты, ал ішкі тиімділік әр оқу орнының
өндірістік әлеуетін пайдаланудың деңгейін
тікелей бағалайды. Біздің жағдай үшін
ішкі тиімділік қызығушылық танытады.
Кадрларды
дайындауға арналған тапсырысты қалыптастырудың
тиімділігі, өңірлік еңбек нарқында сұранысқа
ие болған кадрларды дайындаудың көлемдері
мен кәсіптік-біліктілік құрылымын болжау,
кәсіптік білім беру мекемелерінің резервтерін
анықтау мен пайдалану ісі біз ұсынған
ұйымдастыру механизмдеріне сәйкес келеді,
ал жүргізіп жатқан іс-шаралардың жетістігі
осы жұмыстағы қатысушы серіктестердің
бірлескен әрекеттерінен байланысты болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық
реформалардың жетістікпен жүргізілуі
өңірдің еңбек ресурстарының
және еңбек әлеуетінің сапасына тәуелді
болады. Осыған байланысты өңірлік
деңгейде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының
теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында,
қызметкерлердің кәсіптік-біліктілік
құрылымының орташа мерзімдік және ұзақ
мерзімдік болжамдарды әзірлеу бойынша
іс-шараларды өзіне енгізетін, кешенді
шаралар жүзеге асырылады.
Өкінішке
орай, кәсіптік білім беру жүйесінің
еңбек нарқымен тұрақты байланысы
жоқ, бірақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының тиімділігін жоғарылату білім
беру саласының жаңғыртылуы есебінен
де жүргізілуі тиіс. Бұл жерде негізгі
әрекеттер білікті кадрларды, сонымен
қатар мамандарды дайындауға арналған
мемлекеттік тапсырманың конкурстық негізінде
орналастырылатын механизмдерін пайдалана
отырып, жұмысшы мамандықтарын дайындау
ісін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс
екені анық.
Оңтүстік
Қазақстан облысының демографиялық
жағдайы мен еңбек нарқына жасалған сараптама,
орындалған теориялық зерттеулер, кәсіптік
білім беру және оның өңірлік экономикалық
дамуындағы ролінің жағдайына баға беру,
өңірдегі әлеуметтік серіктестіктің дамуын
бағалау істері төменде баяндалған бірнеше
қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға
мүмкіндік берді:
- Еңбек ресурстарын
басқаруда өзара байланысқан қосалқы
жүйелер ретінде қарастыру керек, олар
тек экономиканы дамыту мақсатында емес,
сонымен қатар елдің экономикалық дамуының
соңғы мақсаты ретіндегі халықтың өмір
сүруінің жоғары сапасына қол жеткізумен
тұрақты адами дамуы үшін қолда бар еңбек
ресурстарының оңтайлы және тиімді пайдаланылуына
қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
- Басқарудың
әкімшілік және экономикалық әдістері
айтарлықтай өзара тығыз байланысқан.
Бір жағынан, әкімшілік әдістер әр түрлі
иерархиялық деңгейдегі басқару субъектілерінің
экономикалық мүдделері ескерілуі тиіс,
ал екінші жағынан – экономикалық әдістердің
қолданылуы осы жерде пайда болатын процесстердің
нақты әкімшілік реттелуін талап етеді.
Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік
және экономикалық әдістерінің сындарлы
негізі ретінде, басқарудың ұйымдастырушылық
механизмдері болып табылады. Еңбек ресурстарын
басқарудың ұйымдастырушылық механизмдерінің
мәні еңбек ресурстарын басқару жүйесіндегі
қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы
басқарудың экономикалық және әкімшілік
әдістерін жүзеге асыруында болып табылады.
- Еңбек ресурстары
– бұл жұмыс істеп жатқан, яғни экономикаға
жұмылдырылған экономикалық белсенді
және экономикалық белсенді емес халықтың
жұмыс істеуге қабілетті бір бөлігі. Еңбек
ресурстарын топтастырудың қайнар көзі
болып табылатындар: жұмыс істемейтін
I-ші және II-ші топтағы мүгедектерден басқа,
еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті
халық; еңбекке қабілетті жастан жоғары
жастағы жұмыс істейтін тұлғалар және
жұмыс істейтін жасөспірімдер.
- Еңбек әлеуеті
деп адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
өмірлік игіліктерді құру мақсатында
өнімді еңбек іс-әрекеттерін жүзеге асыру
үшін арналған күштерді жалпы алғанда
қалыптастыратын, адамның табиғи және
жинақталған қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің,
білім мен тәжірибе қорының, сапасының
жиынтығы ретінде қабылдау керек. Экономикада
қамтылған экономикалық белсенді халықтан
басқа, еңбек әлеуетінің құрамында ел
экономикасына қатысудың әлеуетті мүмкіндіктерінің
ұстанымы тұрғысынан алғанда, халықтың
басқа – мектеп, орта арнаулы және жоғары
оқу орындарының оқушылары, сонымен қатар
жұмыссыздар сияқты еңбекке қабілетті
жасқа дейінгі халықтың бөлігін қоса есептейтін,
экономикалық белсенді емес бөлігін де
ескеру қажет.
- Экономикасы
дамыған елдердегі (Батыс Европа, АҚШ,
Жапония мен Қытай) еңбек нарқын реттеудің
қолданыстағы тәжірибесіне жасалған егжей-тегжейлі
сараптама, өңірдің әлеуметтік-экономикалық
даму ерекшеліктерін ескеріп, нарықтық
құрылымдардың аяққа тұру кезеңінде біздің
елде оны пайдалану мүмкіндігінің шегінде
де осы мәселе бойынша олармен жинақталған
айтарлықтай тәжірибесі жан-жақты зерттеуді
қажет етеді.
- Қазақстан
Республикасының еңбек нарқы үшін келесі
ерекшеліктер анықталды:
- экономикалық
белсенді халық санының өсуі;
- жұмыспен
қамтылған халықтың құрылымында мемлекеттік
сектордағы халықтың жұмыспен қамтылған
үлесінің артуы және жеке жұмыстармен
айналысатын халықтың елеулі емес өсімі
байқалады;
- ресми жұмыссыздық
деңгейінің елеулі төмендеуі;
- жастар арасындағы
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;
- жұмыссыздардың
жалпы саны ішінде әйелдер мен жастардың
үлесі жоғары;
- білім деңгейі
бойынша жұмыспен қамтылған халықтың
құрылымында біліктілігі жоқ жұмысшылардың
үлесі басым.
- Облыстағы
әлеуметтік-демографиялық жағдай қалыпқа
келуде және тұрақтануда. Демографиялық
көрсеткіштердің оң өзгерістері, бала
туушылықтың тұрақты өсуі, қайтыс болу
деңгейінің елеулі қысқаруы, көшіп қонудың
кейбір жағымды үрдістері облыс халқы
санының және сәйкесінше өңірдегі еңбек
ресурстарының тұрақты өсуіне себепкер
болады.
- Жұмыссыздық
деңгейі жоғары өңір болып табылатын Оңтүстік
Қазақстан облысында еңбек нарқын қалыптастыру
және қызмет етуінің айрықша ерекшеліктері
тән. Мұндай ерекшеліктерге төмендегідей
жағдайлар жатқызылуы мүмкін:
- ауылдық жерлердегі
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;
- жеке жұмыстармен
айналысатын халықтың деңгейі төмен және
мемлекеттік сектордағы жалдамалы жұмысшылардың
басым болуы;
- экономикалық
белсенді халықтың өсім қарқыны төмен;
- жұмыссыздар
қатарындағы әйелдер мен жастардың үлесі
жоғары;
- гендерлік
аспектіде және экономиканың салалары
бойынша жалақының негізсіз саралануы;
- облыс ішіндегі,
сонымен қатар басқа өңірге және басқа
елдерге халықтың көшіп қонуы жоғары;
- жоғары білікті
мамандардың көшіп кетудеңгейінің жоғары
болуы;
- жұмыс тәжірибесі
бар техникалық білімді, талап етілмеген
мамандардың саны үлкен;
- әлеуметік
серіктестердің ынтымақтасуының жетілмеуі
(кәсіподақтар, жұмыс берушілер, жалдамалы
жұмысшылар);
- еңбек нарқында
сұранысқа ие болған кадрларды дайындау
және қайта даярлау мәселелерінде білім
беру мекемелері мен жұмыс берушілердің
өзара ынтымақтасуының болмуы;
- жұмысшы мамандығының
жұмысшыларын дайындау бойынша білім
беру жүйесі деңгейінің нашарлығы мен
олардың сапасының қазіргі талаптарға
сәйкес келмеуі.
- Жастар арасындағы
жұмыссыздықтың басты себебі білім беру
жүйесінің жетілмегендігі болып табылады.
Алынған теориялық білімнің және қажетті
тәжірибелік дағдылар арасындағы жеткілікті
өзара байланыс жоқ. Басқа маңызды себептері
– алынған білімнің еңбек нарқының қажеттіліктеріне
сәйкес келмеуі болып табылады. Бұл мәселелердің
шешімі – еңбек нарқының қажеттіліктеріне
бейімделген білім беру жүйесін жаңғырту.
Алға қойылған мақсатты шешу үшін шетелдік
тәжірибені ескере отырып, жастарды жұмыспен
қамту туралы арнайы заң актілері мен
белсенді бағдарламаларын әзірлеу қажет.
Кәсіптік білім берудің құрылымы мен сапасы
жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес
келуі тиіс, оларға әлеуметтік серіктестік
жүйесін дамыту арқылы қол жеткізуге болады.
- Білім беру
саласына жүргізілген сараптаманың нәтижелері
оқытудың сапасына теріс әсер ететін негізгі
мәселелердің бірі ретінде еңбек нарқының
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдарының
жоқтығы мен еңбек ресурстарын өндіру
бойынша әлеуметтік серіктестердің әрекеттеріндегі
үйлесімдіктің жетіспеушілігі болып табылатынын
дәлелдеуде. Олардың дамуы мен өндіруі
үшін кадрларды дайындау жүйесіндегі
барлық қатысушыларының осы процесске
ықпал етуін күшейтуі қажет, ол қалыптасқан
әлеуметтік серіктестік институтының
аясында мүмкін болып табылады.
- Білім беру
жүйесінде өңірлік тапсырысты қалыптастыру
және трансляциялау процесін реттеу мақсатында,
кадрларды дайындаудағы қажеттілігін
анықтау кезіндегі әлеуметтік серіктестердің
өзара әрекеттесу алгоритмі әзірленген.
Кадр процестерін реттеу механизмінің
ұйымдастыру-құқықтық (тәжірибелік) жағын
заңнамалық база құрауы мүмкін, біздің
жағдайда бұл Қазақстан Республикасы
заң жобасына берілетін ұсыныстар, оның
нормалары өңірлік кадр саясатын жүзеге
асырумен байланысты пайда болатын қарым-қатынастарды
реттеуге бағытталған. Бір мезгілде біз
кадрлардың қажеттілігін болжау кезінде
еңбек нарқының өңірлік және салалық ерекшелігін
сипаттайтын көрсеткіштерді ескеру қажеттігін
ұсынамыз. Бұл жерде кадрларды дайындаудағы
қажеттілігін кезең-кезеңді болжау мен
салыстырмалы сараптама білікті жұмыс
күшінің тапсырысын қалыптастыруға және
оқытудың көлемдері мен кәсіптік-біліктілік
құрылымы бойынша оқытылатын оқушыларды
қабылдау жоспарын түзетуге мүмкіндік
береді.
Қорыта
келе, өңірлік еңбек нарқында сұранысқа
ие болған кадрларды дайындаудың көлемдері
мен кәсіптік-біліктілік құрылымын болжаудың
жетістігі, осы жұмысқа қатысатын әлеуметтік
серіктестердің бірлескен әрекеттерінің
тиімділігіне байланысты. Біз ұсынып отырған
өңірдегі еңбек ресурстарын басқару жүйесіндегі
өзгерістер, осы жұмыста жоғарыда аталып
өткен, теориялық негіздемелер мен әдістемелік
әзірлемелердің жиынтығын, облыстың әлеуметтік-экономикалық
мүдделеріне сәйкестікте ұйымдастыру
және экономикалық формаларын, сонымен
қатар еңбек ресурстарын басқарудың әдістерін
келтіруге мүмкіндік береді, ал зерттеу
нәтижелерінің енгізілуі экономикалық
негізделген басқарушылық шешімдерін
қабылдауға, өңірлік экономиканың тұрақтануы
мен орнықты дамуына ықпал етеді.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША
БАСПАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ:
- Қазақстан
Республикасының Халықаралық еңбек
бөлінісінің алатын орны мен ролі
// Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университеті «Хабаршысы» журналы. - Алматы.
- 2010.- №1 (73).- 429-435б., 0,4 б.т.
- Қазақстанда
еңбек нарығының даму оның болашағына
болжам // Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университеті «Хабаршысы» журналы.- Алматы.
- 2010. - №2 (73).- 352-356б., 0,3 б.т.
- Оңтүстік
Қазақстан облысының кәсіпкерліктегі
еңбек ресурстарының дамуына материалдық-техникалық
базаның әсері // Т.Рысқұлов атындағы қазақ
экономикалық университеті «Хабаршысы»
журналы.- Алматы.- 2010.- №6 (72).-209-213б., 0,3 б.т.
- Еңбек нәтижелігін
бағалау мен еңбек ақыны төлеудің шетелдік
тәжрибесі // Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті «Хабаршысы»
журналы.- Алматы.- 2010.- №2. (24).-24-29б., 0,4 б.т.
- Нарық жағдайында
Қазақстан Республикасының еңбек ресурсы
механизмін жетілдіру жолдары // Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіп кешенін
дамытудың басым-бағыттары (теория, әдістеме
және тәжірибе), ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары / Т.Рысқұлов атындағы қазақ
экономикалық университеті.- Алматы.- 2009.-188-194б.,
0,5 б.т.
- Аграрлық
экономиканы дамыту және агробизнесті
жүргізу үшін аймақтық жүйені жетілдіру
// С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті « Ғылым жаршысы» журналы.-
Астана.- 2010. №1 (57).-3-8б., 0,4 б.т.
- Инвестиционное
обеспечение – как решающий фактор модернизаций
агропромыщленного комплекса // Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«Хабаршысы» журналы.- Алматы-2010. №4 (22).
-17-24б., 0,5 б.т.
- Организационно-экономический
механизм создания рабочих мест на агропромышленных
предприятиях области // Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым-бағыттары.
(теория, әдістеме және тәжірибе), ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары / Т.Рысқұлов
атындағы қазақ экономикалық университеті.-
Алматы.- 2009.-195-202б., 0,5 б.т.
- Өндіріс факторларының
бәсекеге қабілетігін арттыру шаралары
// Международно- научно практическая конференция
«Стратегия экономического развития Республики
Казахстан: посткризисный период» Казахский
Национальный педагогически университет
имени Абая.- Алматы.-2009.-431-435б., 0,3 б.т.
- Аграрлық
саланың экономикалық және әлеуметтік
саясатының тұрақты дамуына инновациялық
циклдың менеджментінің ұйымдастыру деңгейінің
әсері// Стратегия экономического развития
Республики Казахстан: посткризисный
период / Казахский Национальный педагогически
университет имени Абая.- Алматы. - 2009 .-444-448б.,
0,3 б.т.
- Оңтүстік
Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарының
қалыптасуына демографиялық фактолардың
әсері // Международная научно-практическая
конференция «Таможенный союз Казахстана,
России и Белоруси: углубление экономической
интеграции» / Казахский Национальный
педагогически университет имени Абая.-
Алматы.- 28 октября, 2010.-485-490б., 0,4 б.т.
- Еңбек ресурстарын
басқару жөніндегі теориялық көзқарастың
эволюциясы // Международная научно-практическая
конференция «Таможенный союз Казахстана,
России и Белоруси: углубление экономической
интеграции» / Казахский Национальный
педагогически университет имени Абая.-
Алматы.- 28 октября, 2010.- 473-478б., 0,4 б.т.