Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:31, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.
Зерттеу жұмысының апробациялануы. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері келесідей ғылыми конференцияларда баяндалды: «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым-бағыттары» (Алматы, 2009), «Стратегия экономического развития Республики Казахстан: посткризисный период» (Алматы, 2009), «Таможенный союз Казахстана, России и Белоруси: углубление экономической интеграции» (Алматы, 2010).
Жұмыстың жариялану барысы. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 4,6 баспа табақ құрайтын білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекіткен ғылыми басылым беттерінде 4 ғылыми және халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда 9 ғылыми еңбек жарияланды.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Басқару – кешенді, өте күрделі және өзіндік ерекшелігі бар процесс. Сондықтан, басқару мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі оны табанды түрде меңгеруді қажет ететін ғылым деп атайтыны кездейсоқтық емес.
Басқарудың теориялық және қолданбалы мәселелеріне шетелдік әдебиеттерде де үлкен назар аударылуда. Өндірісті басқарудың қолданбалы аспектілерінің негізін қалаушысы ретінде Ф.Тейлор болып саналады. Ф.Тейлор қалыптастырған басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық көзқарасы Г.Л.Ганттың, Л.Гильберттің, Г.Эмерсонның, Г.Фордттың және басқалардың еңбектерінде терең қарастырылған.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңында американдық ғалымдар Э.Мэйо мен Ф.Роэзлизбергер «адамдық қатынастар» тұжырымдамасын алға тартты және оның мәні еңбектің өнімділігі тек тікелей өндірісті ұйымдастыру әдістеріне ғана байланысты емес, ол басқарушының орындаушыларға қалай қарайтынына да байланысты, яғни механикалық факторға емес, адамдық факторға сәйкес. Авторлар «ғылыми басқару» теориясына сәйкес, биліктің жоғарғы қабаттарында қабылданған шешімдер шығармашылықты құлдырытады, жұмысшылардың дербестігін шектейді, және олардың дамуын тежейді, жұмысшылар мен олардың басшылары арасында антагонизмді (немесе қарама-қайшылықты) тудырады, ал ол өз кезегінде өнімділікке әсер етеді деп айтқан. Еңбек ресурстарын басқарудың мұндай концепциясы болашақ басшыларды басқару мен дайындау тәжірибесінің эволюциясына айтарлықтай үлес қосты.
Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы.
Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз байланысты. Халықты жұмыспен қамту ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды дайындайтын оқу орындарымен, сонымен қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту туралы жұмыс атқарылуы қажет.
Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің үйлесімділік негізі – басқарудың ұйымдастырушылық әдістері болып табылады. Еңбек ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің мәні еңбек ресурстарын басқарудың жүйесінде қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің жүзеге асырылуында. Сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқару объектісі сияқты субъектісінің де іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар түрінде жүзеге асырылады.
Осылайша, еңбек нарығын реттеудің тиімді механизмін құру оның барлық кешенді түрдегі құрылымдық элементтерінің өзара әрекеттесуін қарастырады. Осындай жағдайда ғана жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты азайтудың ең қолайлы мүмкіндіктері құрылуы мүмкін.
Еңбек ресурстарын басқару – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және оның салалар арасындағы тиімді бөлінуіне, сонымен қатар экономиканың білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі екі деңгейден тұрады: сыртқы еңбек нарығында еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің (өңірдің) деңгейінде жүзеге асырылады, ал ішкі нарықта - әр бір бөлек алынған кәсіпорынның деңгейінде. Еңбек ресурстарын басқару, жүйе ретінде, бөлек-бөлек қосалқы жүйелерден, ал олардың әрқайсысы бірнеше бағыттар мен элементтерден тұрады, олар қосалқы жүйелерді құрайды және бүкіл жүйеге жалпы ықпал жасай отырып, жеке-дара мағынаға ие болады. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі үш қосалқы жүйелерден тұрады (1- сурет).
Қазіргі заманда «елдің еңбек ресурстары» ұғымына жаһандану процестері түбегейлі өзгерістер енгізуде. Осы кезеңдегі елдің экономикалық өміріне көшіп қонушылар, жұмыс іздеп келгендер, айтарлықтай үлкен рөл атқаруда, олар күмәнсіз, елдің болжамды және нақты адами ресурстарына жатқызылуы мүмкін. Одан басқа, мемлекеттің ұлттық байлығын құруға, оның экономикалық өсуіне отандық ұлттық компаниялардың филиалдарында, еншілес кәсіпорындарында жұмыс істеп жатқан басқа елдің еңбек ресурстарының бір бөлігі де қатыса алады.
Еңбек әлеуеті деп адамның табиғи және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің, білім мен тәжірибе қорының, сапасының жиынтығын түсіну қажет, олар жалпы алғанда адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірлік игіліктерді құру мақсатында, өндірістік еңбек іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін арналған күштерді құрайды.
Сапалы
аспектілердің көзқарасынан қарағанда,
еңбек әлеуеті ретінде адамның табиғи
және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіншіліктерінің,
білімі мен тәжірибе қорының, сапасының
жиынтығы деп түсіну керек, олар адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратып, өмір
сүру игіліктерін құру мақсатында еңбек
іс-әрекеттерінің өнімділігін жүзеге
асыру үшін арналған күштерді жалпы түрде
қалыптастырады. Санды көрсеткіштері
бойынша еңбек ресурстарының саны еңбек
әлеуетінің санымен сәйкес келмейді, тіпті
біршама одан жоғарырақ болады.
Еңбек ресурстарын өңірде басқару |
процесін
басқару
1.Еңбек ресурстарын Еңбек ресурстарын
құру
Еңбек ресурстарын бөлу
процесін
басқару
2. Еңбек ресурстарын бөлу процесін басқару Жұмыс орындарын ашу
процесін басқару
Техникалық процесті басқару
3. Еңбек ресурстарын пайдалану
процесін басқару Еңбек экономикасын басқару
Сурет
1- Еңбек ресурстарын басқару жүйесі
Ескерту - құрастырған автор
Еңбек ресурстары өзінің жиынтығында абсолютті шаманы құрай отырып, қоғамның еңбек әлеуетін анықтайтын санды және сапалы аспектілерден тұрады (2-сурет).
Сурет
2- Қоғамның еңбек әлеуетінің санды
және сапасын анықтайтын аспектілер
Ескерту-
автормен дерек көздің негізінде
құрылған
Экономикада қамтылған, экономикалық белсенді халықтан басқа, елдің экономикасында қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда еңбек әлеуетінің құрамында экономикалық белсенді емес бөлігін де ескеру қажет, оның құрамына мектеп, орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқушылары, яғни еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халық, сонымен қатар жұмыссыздар кіреді.
Қазақстан Республикасы халқының еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуын реттеу оның келесі құрамдастарын қалыптастыру кезеңінде іске асуы мүмкін:
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Батыс Европа, Америка Құрама Штаттары, Япония мен Қытай сияқты дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек ресурстары мен халықты жұмыспен қамтуды реттеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігін ескеріп, зерттеп және анықтап көреміз.
Батыс Европаның кейбір мемлекеттерінде жалпы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтуды ретеудің бағыттарына толығырақ тоқталайық.
Жұмыспен
қамту саясаты әлеуметтік-