Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:42, курсовая работа

Описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың түсініктемесін бермес бұрын, қаржының не екеніне тоқталып кеткеніміз жөн. Қаржы деп мемлекеттің функциялары мен міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалык қатынастарды айтады.

Работа состоит из  1 файл

finance_kurs_67.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

- бірлік қағидаты Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасы субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының Кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық   жоспарлауда   олардың   міндеттерін   нақтылаумен   қол   жетеді.

Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі – жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау: 

жоспарлау өзіне мақсаттар  мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді;

бағдарламалау деп мақсаттарға  жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;

бюджет жасау - жалпы  көпжылдық бағдарламаларды қаржы  жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойыыша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық   көрсеткіштерді   олардың   динамикасын   белгілеу   негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің  немесе  төмендеудің  салыстырмалы  тұрақты  қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын  ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды  есепке алмайды;

материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
  2. Математикалык, үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.

4. Баланстық   әдіс   шығындардың    оларды   жабу   көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің өзара   үйлесуін   қарастырады.   Қаржы   балансының   талаптарын   сақтау кәсіпорынның,   саланың,   бюджеттердің,  бүкіл ұлттық  шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

 

5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

 

II бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері

2.1. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды  жасау кезеңдері

Объективті талаптарға жауап беретін Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Кәсіпорынның Аумақтық, қаржылық, жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

Кәсіпорынның қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік жөне экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен

 

қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

2.2. Қаржы жоспарларының негізгі  түрлері

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Кәсіпорынның  жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Нысаны бойынша  олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде жиынтық  қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кірістіреді. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы минисірлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кірістіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан

 

түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражатарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын щығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың есімі.

Кәсіпорынның Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министрліктер мен ведомсволарға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да сондай. Бұл баланстың көмегімеи мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.

Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік Кәсіпорынның қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының кездері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.

Мемлекеттік бюджет кәсіпорынның қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып, оларды үйлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпымемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функцияларын, оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Бюджет баланс нысанында  жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына, бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.

 

Аса маңызды оперативтік  қаржы жоспары болып табылатын  мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар төптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін толемдердің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.

_ Шаруашылық жүргізудің  социалистік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік саңтандырудың жиынтық, қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескертумен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне қамтылатын) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол Кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарын, Кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тің орталықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.

Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиыитық қаржы жоспарлары да жасалды. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқа мемлекеттік Кәсіпорыпдардың қаражаттары есепке алынды.

Дамыған нарықтық экономикасы  бар елдерде бюджеттен басқа  жалпымемлекеттік бағдарламаларды  қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау