Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:42, курсовая работа

Описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың түсініктемесін бермес бұрын, қаржының не екеніне тоқталып кеткеніміз жөн. Қаржы деп мемлекеттің функциялары мен міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалык қатынастарды айтады.

Работа состоит из  1 файл

finance_kurs_67.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділілігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

Нормалар  мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда -жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.

        Сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

Шаруашылық жүргізуші  төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды кәсіпорынның абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

  • өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;
  • өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;
  • жалпы табыс;
  • кезең шығысы;
  • негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);
  • табыс салығының сомасы (төленген);
  • таза табыс (немесе зиян).

Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсемкіштері болып табылады:

  • инвестициялар көлемі;
  • жарғылық капиталдың мөлшері;
    • өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
    • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен,  банкпен,  бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);
  • төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;
  • айналым қаражаттары көздерінің көлемі.
  • Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табынады:
  • табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
  • акциялар бойынша табыстылық;
    • негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор   қайтарымы,   өнімнің қор   сиымдылығы,  негізгі  құрал-жабдықтар   айналымдылығының   коэффициенті,   айналымның ұзақтығы);
  • өтімділіктің көрсеткіштері.

Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдалаиылады.

Салық салу кезінде  жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.

Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның жиынтық, қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.

Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі кәсіпорынның қаржылық жоспарының көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділілігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

Нормалар  мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғаргы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда -жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.

Қаржы нормалары мен  нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-қисаптың болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және Кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормативтері және Кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

Көптеген Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі Кәсіпорынның қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен *болжау процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

 

Қорытынды

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжау - саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың пропорционалды кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылықты жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал жасайтын көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржыны жоспарлау кебінесе оны болжау ретінде жүргізіледі. Сондай-ақ индикативті, яғни нұсқамалық жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үйлестірушілік рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектісіне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді.

Кәсіпорынның қаржы жоспарының жүйесіне кіретіндер:

  • Кәсіпорындардың және олардың салаларының кірісі пен шығысының 
    балансы
  • қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары
  • бюджеттік ұйымдардың сметасы
  • әлеуметтік сақтандыру бюджеті
  • мемлекеттік бюджет
  • мемлекеттің жалпы қаржы жоспары

Кәсіпорынның қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын  қаржы жағдайын алдын-ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Кәсіпорынның қаржылық болжау әртүрлі әдістерді қолдануды қажет етеді, олардың қатарына жататын ең маңыздылары: экстрополяция, нормативтік, математикалық модельдеу әдістері.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың басты міндеттері:

  • қаржы ресурстарының шығу бұлағын және көлемін анықтау
  • рационалдық теңгерту
  • өндірістік және өнідірістік емес сфералары арасындағы ақша айналысын тиімді қолдануды бақылау және реттеу
  • приоритетті даму бағыттарында ақша қаражаттарын концентрациялау

Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді.

Экономикалық жоспарлау жүйесінде кәсіпорынның қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

 

Қолданған әдебиеттер

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. Алматы, 2005.
  2. Құлпыбаев Серік. Қаржы: оқу құралы. Алматы: Мерей, 2001 ж.
  1. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. Алматы: Институт развития Казахстана, 2001
  1. Қаржы және оны басқару. Оқу құралы. Құлпыбаев С. Алматы, Мерей, 1999.
  2. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы: учебник. М., 2001.
  3. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ, 2000
  4. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика, 2000.
  5. Словарь современных экономических и правовых терминов / Авт.-сост. В.Н. Шимов и др.; Под ред. В.Н. Шимова и В.С. Каменкова. - Мн.: Амалфея, 2002.
  1. Экономика. Краткий словарь. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. - 336 с. - (Словари XXI века).



Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау