Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:42, курсовая работа

Описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың түсініктемесін бермес бұрын, қаржының не екеніне тоқталып кеткеніміз жөн. Қаржы деп мемлекеттің функциялары мен міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалык қатынастарды айтады.

Работа состоит из  1 файл

finance_kurs_67.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

 

Кәсіпорынның Салалық, (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кірістіреді.

Кәсіпорынның аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық, Кәсіпорынның каржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.

Кәсіпорынның Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.

Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

Шаруашылық байланыстар  мен экономика тендестігінің  бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына (неғайбілдігіне) байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезенде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық кәсіпорынның қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

Кәсіпорынның бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке-дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айрықша арналымын - бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.

Кәсіпорынның бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік Кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен  

шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.

Бұл топтардың әрқайсысының Кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, Кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немссе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын Кәсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.

Кәсіпорынның Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйссінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

Бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшарлар, корперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен Кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын. Баланстың "Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым-қатынастары" бөлігі (алғашқы екі бөлімді -"кірістерді" және "шығыстарды" теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды көрсететін.

Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші  субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердің құрамына, ал бюджетке төленетін төлемдср шығыстардың құрамына кірістіріледі.

Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық - қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер - ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады.

 

"Түсімдер" бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. "Шығыстар" бөлімінде тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбек-ақыға, салықтарды төлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит үшін пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар "қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде (бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың уақыттылығын қамтамасыз етеді.

2.3 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың  объектісі

Кәсіпорынның каржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:

1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси    және    экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

2) қарқындылығымен   (кәміл   техника   мен   әдістерді   қолдануды түсінеді);

3) тиімділігімен    (қорытындысыида   қаржыны    басқару   қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға кешіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың санына бөледі);

 

б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

Нарықтық экономика  жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану

Демек, нарықтық экономикада  тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кірістіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

 

III бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары

3.1. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау  мен болжауды жетілдіру (бизнес-жоспар) және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері

Нарыққа өту кезінде Кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі кәсіпорынның қаржы жоспарларының мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа Кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік Кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше Кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтыды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және зандық жоспарларды, тәуекелдікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Кәсіпорынның қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша жасайды.

Сөйтіп, нарықтық ортада Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланыңдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экокномикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

Шаруашылық жүргізуші  төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды кәсіпорынның абсолюттік каржылык көрсеткіштер қабылданады:

өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;

өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;

жалпы табыс;

кезең шығысы;

негізгі қызметтен түсетін  табыс (зиян);

табыс салығының сомасы (төленген);

таза табыс (немесе зиян).

Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:

инвестициялар көлемі; жарғылық капиталдың мөлшері;

өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;

жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджеттен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);

төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;

айналым қаражаттары  көздерінің көлемі.

Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:

табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;

акциялар бойынша табыстылық;

негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы);

өтімділіктің көрсеткіштері.

Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.

Салық салу кезінде  жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.

Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.

 

Кәсіпорынның  жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарын болжау