Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 20:52, дипломная работа

Описание

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның саяси экономиканың негіздері. Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)
 

КІРІСПЕ

           Қаржы  туралы  ғылым  оқу  курсы  ретіндегі  “Қаржының” теориялық базасы  болып  табылатын  экономикалық  теорияның  саяси экономиканың негіздері. Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы  ресурстарының  басты  мақсаты  болып  табылатын  ұлттық  табыс  туралы және  мемлекеттің  табиғаты  функциялары туралы  негізделеді.

         Коммерциялық  ұйымдардың  мақсаты  – коммерциялық шаруашылық  жүргізуші  субьектілер  табыс  алу  мақсатында  құрылады.

         Басқару мақсаты – басқарылатын  обьектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әртүрлі обьектілердің  өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, обьектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет жасалады.

         Қаржының обьектісі - қаржы  ресурстары  мен  мақсатты  ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы  қаржының обьектісі, ал  қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы  ретіндегі  мемлекетті  қоса  алғанда  қызметтің өндірістік  және  өндірістік  емес  сфераларының  сан алуан шаруашылық, қоғамдық  және  басқа  ұйымдары  оның  субьектілері  болып  табылады.       

        Қаржының  әлеуметтік – экономикалық  мәнін түсіне білудің, оның  іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін  терең ұғыну. Қазақстан экономикасын  ойдағыдай  дамыту  мақсатымен  қаржы ресурстарын неғұрлым толық және  ұтымды  пайдаланудың әдістері  мен амалдарын  көре білудің маңызы көп.

        Қаржы  туралы  ғылымда  және  қаржыны зерттеу  кезінде танып  білудің  негізгі  әдісі   –  материалистік  диалектикалық   –  тарихи әдіс қолданылады, ол  нақты тарихи  жағдйларды  ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы  негізінде  болжауды зерттейді.

       “Қаржы”  курсы  теориялық   курсы  мен және “Корпорациялық  қаржы”,  “ Қаржы  жүйесі және оны ұйымдастырудың  қағидаттары ” сияқты  арнаулы оқу   пәндерімен  тығыз  байланысты.

        Сондықтан  сол  оқып алған  білімді  қаржылық жұмыстың  практикасында  қолдануға   мүмкіндік  береді  және  жоғарыда  пәндерді  тез  ұғып  алуды   жеңілдетеді  деп  ойлаймын.

       “Қаржы” -  арнаулы  пән   қаржы қатынастарының  теориясын   зертейтің  бұл  курстың   мақсаты  –  қаржы  категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда, әлеуметтік – экономикалық  процестеріндегі  маңызы  мен орнын  біліп алудағы  студенттердің  теориялық  және  практикалық  жағынан жұмысын қамтамасыз  ету”  сонымен  бірге  қаржыны  ұйымдастыру  нысандарының  өзара  байланысы  мен  өзара  іс - әрекетін  және  оның  қоғамның  әлеуметтік - экономикалық  дамуының  нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін  түсінуге қол  жеткізу пәннің міндеті  болып  табылады

         Банктің  құрылымы  басты   екі әдіспен  анықталады –  банктің  басқарылу  құрылымы  және  оның  функционалдық бөлімшелері  мен  қызметтерінің құрылымы.

       “Қаржы” курсының  құрылымы, оның тақырыптары  мен  сұрақтарын  құрау  дәйектілігі  қаржы  теориясы  туралы  ғылымның  мазмұны  мен және  оның  міндеттерімен  айқындалатыны  белгілі. Осыған  байланысты оқулықтың   мазмұнын  “Қаржы туралы жалпы ұғым  және оны басқарудың негіздері”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты. 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

1.1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ  ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ

            Нарықтық қатынастың қалыптасуы  шаруашылық қызметін біртұтас  кешенді талдауды ішкі (басқару)  және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

           Әлемдік тәжірибе көрсеткіндей, есеп берудің 2 түрі бар: Акционерлерді,  қалың жұртшылықты, банктерді,  сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы мен есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.

         Қаржылық талдаудың тәжірибесі  қаржылық есепті оқудың негізгі  ережелерін қалыптастырды. Олардың  ішінен алты негізгі әдісті  бөліп қарастыруға болады:               

        көлденең талдау;

        тікелей талдау;

        трендтік талдау;

        салыстырмалы талдау;

        факторлық талдау;

         қаржылық коэффициенттер әдісі. 

        Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абслюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға  мүмкіндік береді.

        Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштерінің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

        Тікелей және көлденең талдаулар  бірін-бірі толықтырып отырады.  Сондықтан да есептік бухгалтерлік  үлгі құрылымы секілді оның  жеке көрсеткіштерінің динамикасын  да сипаттайтын кестелерді жиі  жасайды.

         Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдерімен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

        Коэффициенттер салыстырмалы шаралар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

            Қаржылық талдауды салыстырмалы  көрсеткіштер негізінде жүргізудің  шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда  тиімсіз, себебі бұл жағдайда  біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне  назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды

           Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

           Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

            Жоғарыда көрсетілген әдістермен  қатар, қаржылық жағдайды талдауда  экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық  субъектісінің қаржылық тұрақтылыған нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

           В.А.Андреев және В.В.Ковалев кәсіпорынның  қаржы жағдайын бағалауға байланысты  жұмысты 2 модульді құрылым түрінде  ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерінің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.

           Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ  кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

           Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы  жағдайын талдауда аудиторлық  түрлі әдістер мен тәсілдерді  қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның  табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ  ЭКСПРЕСС – ТАЛДАУ 

       Қаржылық есепті тексеру барысында  аналитикалық шаралардың жүргізілуі  қо йылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты болады.

        Аудитордың аналитикалық қызметінің  логикасы осы, яғни талдауды  екі модульдік құрылым түрінде  ұйымдастыруды көздейді:

  • қаржылық есепті экспресс-талдау;
  • қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

        Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық  субъектісінің қаржылық жағдайы  мен даму динамикасын көрнекті  түрде және қарапайым бағалау  болып табылады.

         Экспресс-талдаудың үш кезеңде  орынды жүргізілуі керек:

  1. дайындық;
  2. қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
  3. экономикалық оқу және есеп беруді талдау;

       Бірінші кезеңнің мақсаты –  қаржылық есеп беруді талдаудың  мақсатқа сәйкестілігі туралы  шешім қабылдауға және оның  оқуға дайындығына қол жеткізу.

       Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындысымен танысу арқылы шешіледі.

       Есептің оқуға дайындығын тексеру  аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесілімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.

          Екінші кезеңнің мақсаты –  балансқа қосымша түсіндірме  хатпен танысу.

          Бұл есепті кезеңдегі жұмыс  жағдайларын бағалай қызметтегі  негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын  анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.

Информация о работе Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау