Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 20:52, дипломная работа

Описание

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның саяси экономиканың негіздері. Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)
 

        Келтірілген жүйеде берілген  көрсеткіштерге қосымша экспресс-талдау шеңберінде кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.

        Жоғарыда берілген көрсеткіштердің  көбісі олардың тенденциясы сияқты жеткілікті дәрежеде экономикалық жағынан айқын түсіндірілген, сондықтан кейбір түсініктемелермен ғана шектелеміз.

        Кәсіпорынның қаржы жағдайын  ұзақ және қысқа мерзімді даму  барысы тұрғысынан бағалауға  болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.

        Кәсіпорынның өтімділігі жөнінде артқан кезде, ондағы бар ағымдағы активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісім-шартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың өзінде, олардың қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.

Информация о работе Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау