Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 18:29, реферат

Описание

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
I Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.............................4-11
Бюджет экономикалық категория ретінде...................................................4-8
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметтері, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және орындау............................................................................9-11

ІІ Бөлім. Бюджет жүйесінің құрылымы, Қазақстан Республикасының бюджетін жетілдіру бағыттары...................................................................12-22
2.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы, бюджетті құрудың принциптері......................................................................................................12-17
2.3 Мемлекеттік бюджет жүйесінің өзекті проблемалары, Қазақстан Республикасы бюджетін жетілдіру бағыттары.............................................18-22
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................24

Работа состоит из  1 файл

мемл бюджет реферат.docx

— 51.23 Кб (Скачать документ)
="justify">     Мемлекеттік бюджет жалпы өнімді ұлттық табысты  бөлуші инструменті ролін атқарады. Дәл осы функция арқылы қаражаттардың  орталықтандырылуы және оны мемлекетпен  өз мүдделеріне қолдануы жүзеге асырылыды. Бақылау функциясы мемлекеттік табыстардың (салықтан түсім, мемлекет билігіндегі басқа да төлемдер) уақытылы әрі толығымен бюджетке түсуін қадағалауда, қаражаттың бөлінуін және қаншалықты нәтижелі әрі үнемді шығындалуда екенін тексеруде маңызды роль ойнайды. Мемлекеттік бюджеттің бұл функциялары бір-бірімен тығыз жұмыс жасайды. Бөлу функциясы – қаржы ресурстарын бөлу және қайта бөлуде айқындалады.

     Мемлекеттік бюджетті салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет есебінен құрылатын әртүрлі мақсаттық бағыты бар қорлар көмегімен және артынша оларды мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға, қаржылық салымдарға, айналым қаражаттарын толықтыруға және басқа да мемлекеттік мүддеге жұмсалатын шығындарға қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қаражаттарды аймақаралық бөлу салықтық бақылау, трасферт, субвенциялар және аймақтың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес дамуын қамтамасыз ететін басқа да әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын қайта бөлудің келесі этапінда мемлекет шаруашылық субъекті иелігіндегі қаржының бір бөлігін немесе бюджеттен қаржыландырылатын басқа да ұйымдардың қаржысының бір бөлігін алып оны бюджетті толықтыруға немесе қосымша қаржыландыруды қажет етіп отырған салаға немесе аймаққа бөлуі мүмкін. Мемлекет ұлттық табысты толығымен пайдаланды деуге болады. Осылайша бюджеттің бір ғана бөлігі бірнеше қайтара бөлініп қаражатты әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары салалар немесе аймақтар арасында бөлініп неғұрлым терең енісімен, экономикасының нығаюымен бюджетіміз де нығаюда.

     Бюджеттік қатынас мемлекеттің республикалық  және жергілікті деңгейде акционерлік, мемлекеттік және басқа да шаруашылық субъектілерімен, сондай-ақ ақша қаражаттарының орталықтандыру және мақсатты пайдалану  мәселесі бойынша халықпен тығыз  арақатынасын көрсетеді. Бюджет мемлекет органдары функцияларын қамтамасыз етіп отыруға бағытталған ақша қаражаттарын жинау және бөлу формасы болып табылады. Қаржы ресурстарын бюджетке бірорталықтандыру мемлекеттің қаржы саясатын нәтижелі орындау қажет. Барлық бюджеттердің жиынтығы мемлекеттің бюджет жүйесін құрайды. Бюджеттің әрбір звеноларының біртұтастығын, оны ұйымдастыру принциптерін бюджеттік құрылым деп атайды.

     Мемлекеттік биліктің республикалық және жергілікті органдары бюджеттік қатынастар негізінде өз иелігіне нақты әрі  қатаң анықталған мақсаттарға жұмсалатын ұлттық табыстың бір бөлігін алады.

     Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі екі  звенодан тұрады, олар:

    1. республикалық бюджет;
    2. жергілікті бюджет (областық, Астана және Алматы қалалық бюджеттері, аудандық және қалалық бюджеттері)

     Бюджет  жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатымен негізделген қаржы саясатын жүзеге асыруға бағытталады. Солай бола тұра бюджет жүйесі арқылы мемлекеттік  қаржылық бақылауды шектен тыс бағалау  өте қиын, себебі мемлекет қазіргі  практикада болып жатқан құбылыстардан  тыс еш бақылау жүргізе алмайды.

     Мемлекеттік басқару ролі нарықтық қатынастарда салық, қаржылық санкциялар және жеңілдік тарифтер арқылы нығаюы тиіс. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарда кең етек алуы, меншіктің көп түрлі формаларының пайда болуы, аймақтардың қаржы позицияларының нығаюы бюджет жүйесіне принципиалды өзгерістер ала келді. Күшіне енген заң актілеріне сай республикалық және жергілікті бюджеттер жеке құрылым деп саналады.

     Жергілікті  және республикалық бюджеттердің құрылуы  мен орындалуы «Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі» туралы заңдар негізінде  реттеледі. Заң жергілікті бюджетті құру мен бекіту жүйесі мен тәртібін көрсетеді, ол оның орындалу тәртібі  маслихатпен (депутаттар жиыны) шешіледі.

     Қаржыны басқару бюджет механизмі арқылы жүзеге асады. Бюджет механизмі мемлекетпен  жасалған және қаржыны экономика  саласында бөлінуін, қоғамдық жұмыстар салалары және аймақтар арасында бөлуді және бақылауды қамтамасыз ететін бюджеттік  қатынастардың формасы болып  табылады.

     Қаржыны стратегиялық және оперативті басқарады. Қаржыны стратегиялық басқару, соның ішінде бюджетті басқару Қазақстан Республикасының конституциясымен мемлекеттің жоғарғы органдарына және мемлекеттік басқаруға жүктеледі. Президент, Парламент (сенат және мәжіліс), үкімет. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің қаржыны басқару ролін Экономика Министірлігі, бюджетті жоспарлау және қаржы Министрлігіне береді. 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  Бөлім. Бюджет жүйесінің  құрылымы, Қазақстан Республикасының бюджетін жетілдіру бағыттары 

2.2 Мемлекеттік бюджеттің  құрылымы, бюджетті құрудың принциптері 

     Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді.

     Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО –  ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын  аңғартылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану  жөнінде біршама құқықтар берілуіне  байланысты әлсіреп отыр. Біртұтастық мемлекетте бірыңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлылығын, оның әлеуметтік – экономикалық болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылау орнату.

     Толықтық  принципі үкіметтің барлық қаржы  операцияларының, барлық жиналатын  кірістер мен жұмсалатын шығындардың  бюджетте шоғырландырылып, мемлекеттің  барлық түсімдері мен шығындары  әрбір бапта ескерілетінін білдіреді. Қазіргі уақытта бұл принцип  іс жүзінде қолданылмайды. Өйткені  бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру  жөнсіз деп саналады; сондықтан соңғы  кезде мемлекеттік бюджеттен  мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың  дербес бюджеті бөліп шығарылды.

     Қаржының  едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс  қорлар бойынша жүреді (зейнетақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және т.б.). Бұдан басқа  «Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі туралы» заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды  шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құралады. Оны мемлекеттік өкімет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекітеді.

     Нақтылық  принципі бюджет жазбаларының жалғандығын  болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің  қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген сомалардың сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақтылық даму болжамдары, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.

     Жариялылық  принципі бюджеттің кірістері мен  шығыстары туралы мәліметтерді жұртшылықты  бюджеттің құрамы және құрылымымен, тапшылық көлемімен және оны жабудың  әдістерімен (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру  үшін баспасөзде жариялау талабын білдіреді.

     Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық формалар арқылы – бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды  тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі.

     Кірістер  мен шығыстардың құрамымен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асырылатын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына  байланысты. Соның өзінде мемлекет кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.

     Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері, әдетте, салықтар немесе төлемдер болып табылады. Мысалы, КСПО-да мемлекеттік бюджетке қаржы түсімдерінің басты көзі кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келеді. Бұл төлемдер экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып табылғанымен, ресми түрде олай саналмайтын еді. Сол сияқты 1991 жылға дейін формальды түрде салықтар қатарына жатпағанымен, іс жүзінде өнім мен оны өткізу бағасының құрамына енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік сақтандыруға (10 процентке дейін) бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде республикалық бюджеттің кірісі мыналардың есебінен қалыптасып отыр:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • меншік формаларына қарамастан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың, соның ішінде шетелдік және (бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салық);
  • жер салығы;
  • тіркелген (ренталық) төлемдер;
  • құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
  • Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік ішкі ұтыс заемының қазыналық бондарын өткізуден түскен табыстар;
  • қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукционда сатудан алынған табыстар;
  • мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;
  • басқа да жалпы республикалық салықтар, алымдар мен салық алынбайтын әр түрлі төлемдер;
  • сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар (экспорттық және импорттық баж салығы, импорт бойынша сатып алынған бірінші қажеттегі тауарларды сатудан түскен түсімдер).

     Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншік формасындағы кәсіпорындар, бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер республикалық бюджетке кеден тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салығын төлейді.

     Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кірісі құрамында ескеріледі:

  • жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат базасын ұдайы толықтыру қоры;
  • экономиканы өзгерту қоры;
  • жол қоры;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры;
  • кәсіпкерлікті қолдану және бәсекелестікті дамыту қоры;
  • әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • табиғат қорғау қоры.

     1994 жылға арналған республикалық бюджетке келіп түсетін табыстар көздері бойынша – салықтар, аламдар, мен басқа түсімдер оның кірісінің 40 проценттен астамын мақсатты қаржыландыру қорлары 50 және сыртқы экономикалық қызметінің кірісі 6,3 процентін құрады.

     Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген көздер және жалпы-ақша есебінен құралады.

       Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, су үшін төлем және табиғи ресурстарға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, ставкаларын жергілікті әкімдер айқындайтын жергілікті салықтар мен алымдар, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік ішкі заемын орналастырудан түсетін түсімдер, алымдар мен салық салынбайтын әр түрлі төлемдер толығымен жергілікті бюджеттердің есебіне есептеледі; республикалық бюджетке есептелетін жекелеген табыс түрлері бұған қосылмайды. Жалпы мемлекеттік салықтар, алаымдар мен төлемдер бөлігінің мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі белгілейді.

     Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар ірілендіріліп, былай біріктіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлінетін қаржы бүкіл шығыстардың 15 процентін құрайды; әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінетін қаржы - 6 проценттен астамын құрайды. Қалған қаржы мемлекеттік өкімет, мемлекеттік басқару, сот органдары мен прокуратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалады. Қаржының бір бөлігі Министрлер Кабинетінің резерв қорын құрауға, мемлекеттік борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні