Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 18:29, реферат

Описание

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
I Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.............................4-11
Бюджет экономикалық категория ретінде...................................................4-8
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметтері, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және орындау............................................................................9-11

ІІ Бөлім. Бюджет жүйесінің құрылымы, Қазақстан Республикасының бюджетін жетілдіру бағыттары...................................................................12-22
2.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы, бюджетті құрудың принциптері......................................................................................................12-17
2.3 Мемлекеттік бюджет жүйесінің өзекті проблемалары, Қазақстан Республикасы бюджетін жетілдіру бағыттары.............................................18-22
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................24

Работа состоит из  1 файл

мемл бюджет реферат.docx

— 51.23 Кб (Скачать документ)

     Республика  бюджеттің шығыс бөлігінің құрамы мен құрылымы, әлеуметтік – экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтік – мәдени шараларды қаржыландыруға – 6,4 процент мемлекеттік өкімет органдарын, сот органдарын және прокуратураны ұстауға – 0,8 процент. Қаржы резервтерін құру және мемлекеттік борышты ақтауға шығындар қарастырылады. Халық шаруашылығын және әлеуметтік – мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі субвенция формасында төменгі бюджеттерге жіберіледі.

     Кірістер мен шығыстардың тәптіштелген тізімі мен топтамасы бюджет жіктемесімен айқындалады. Бюджет тізімдемесі – мемлекеттің қаржы органдарының бүкіл бюджеттік қызметінің негізін қалайтын бюджеттің кірістері мен шығыстарының жүйеленген экономикалық топтамасы.

     Бюджет  жіктемесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарлары, болжамдары және бағдарламалары мен министрліктер мен ведомстволар, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларының бюджеттің байланысын қамтамасыз етеді; жеке сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметаларға және жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, жиынтық жоспарлар мен бюджет жазбаларының байланысын қамтамасыз етеді.

     Бюджет  жіктемесінің бөлім, параграф, тарау және баптары болады. Бюджет кірістерінің жіктемесінде кірістерінің (қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, халықтан алынатын мемлекеттік салықтар және т.б.), параграфтар әрбір бөлімде өзіндік мәнге ие: мысалы, «Қосылған құнға салынатын салық» бөлімінде параграфтар өнім өндіретін және оны салықты арнайы бөлімдер бойынша төлейтін халық шаруашылығы кешендерін айқындайды; сыртқы экономикалық қызметтің кірістерін есептейтін бөлімде импорт және экспорт баж салықтары, тауар айырбасы (бартер) операцияларынан түсетін кірістер, биржа операцияларынан түсетін түсімдерге және т.б. жеке параграфтарғабөлінеді. Шығыстар жіктемесінде бөлімдер қаражаттарының негізгі бағыттарын көрсетеді. Мысалы, 100 бөлім «Халық шаруашылығы», 150 бөлім «Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты шығындар», 200 бөлім «Ағарту», 201 бөлім «Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары» және т.б. көрсетеді. Ал параграфтар ұйымдар мен кәсіпорындар, бір тұрпатты мекемелер, сондай–ақ шығындар мен шаралар түрлері бойынша шығындарды білдіреді.

    Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар үшін кірістерді есептеп және бөлімдер мен параграфтар тұрғысынан шығындарды қаржыландыру тараулар бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке түрлерін анықтайтын баптар бойынша жүргізіледі: еңбекақы қоры (еңбекке ақы төлеу), жалақы есебі, кеңсе және шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу, күрделі жұмсалым, күрделі ғимараттарды жөндеу және т.б.  
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3 Мемлекеттік бюджет  жүйесінің өзекті  проблемалары, Қазақстан  Республикасы бюджетін  жетілдіру бағыттары 

     Бюджет  жүйесінің ең негізгі проблемалары ролін бюджет дифициті атқарады. Бюджет дифициті – ағымдағы жылы бюджет шығысының  оның табысынан көп болған саласы. Бюджет дифицитінің себептері әр түрлі болады:

  1. Қоғамдық өндірістің төмендеуі;
  2. Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. «бос» ақшаларды көп шығару;
  4. себепсіз және мәнсіз кеңейтілген әлеуметтік бағдарламалар;
  5. қажеті жоқ объектілерді көптеп қаржыландыру;
  6. өте үлкен масштабтағы көлеңкелі ақша айналысы;
  7. үлкен өндірістік емес қаржыландыру да жатады.

     Мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мақсаты  – ол мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру, әлеуметтік – экономикалық жетістіктерге  жеті, экономикалық қауіпсіздік.

     Осылайша, 1999 жылы бюджет жүйесінде мемлекеттік  бюджет және жергілікті бюджет және оны  басқару органдары арасында нақты  шектер жүргізілді.

     Көптеген  позитивті әсерлерге қарамастан бюджет жүйесінде әлі де проблемалар  бар. Мысал ретінде мемлекеттік  бюджеттің, бюджеттік жоспарлау  әсерінен пайда болған жүзеге асырудың проблемалық аспектілерін келтірейік:

  1. мемлекеттік бюджетті құруда есепке алынатын макроэкономикалық көрсеткіштерді нақты есепке алмау. Бұны төмендетілген салықтық және салықтық емес түсімдермен негіздеуге болады;
  2. салық түсімдерін республикалық бюджетке орталықтандыру – ол жергілікті бюджеттердің қаржы міндеттемелерін орындауды қиындатады;
  3. мемлекеттік бюджет шығындарының нақты критерийлерінің анықталмауы;
  4. республикалық бюджеттің бірқалыпты орындалмауы;
  5. ұсақ бюджеттік бағдарламаларының болуы. Ол мемлекеттік бюджетті «ұсақ» бағдарламаларға бөліп тастайды№.

     1999 ж. енгізілген жергілікті бюджетті  қарыз беру арқылы қаржыландыру, яғни субвенсиялар арқылы бюджетаралық  қатынастарды реттеу. Бұл қатынастар  бюджетаралық қатынастардың проблемаларын  шеше алмайды. Осылайша соңғы  жылдары жергілікті бюджетті  республикалық бюджеттен субвенция  түрінде қаржыландыру өсіп келеді.

     Бюджетаралық  қатынастар нәтижесінде аймақтарға инвестициялық трансферттер түрінде  келетін ақша қаражаттары механизмі  болса, ол механизм жеткіліксіз мөлдір болып табылады әрі бірқатар проблемалар  бар. Мемлекеттік бюджетті қолдануына жүргізілген талдаудан көріп  отырғанымыздай республикалық бюджеттен  жобаларды игеру мақсатында жергілікті бюджетке бөлінген қаражат ағымы  республикалық бюджет жобаларын  бақылаушы администраторлар жағынан  ешқандай бақылау жүргізілмейді, олар өз міндеттерін тек қажет саланы жергілікті бюджеттің шотына аударумен  ғана шектейді. Нәтижесінде республикалық  бюджет жоспарланған жобалар шындыққа сәйкес келмейді, себебі, жергілікті бюджет кассаларында қаражаттар сиқырлы түрінде  белгілі бөлігін жоғалтып алады.

Онымен  болмай республикалық бюджетте шығыстардың  функционалды топтарында бекітілген мақсатты трансферттер саласы бюджеттік бағдарламалар  администраторлары және жергілікті бюджет кассаларының шығысында екі  рет көрсетілу фактісі анықталған№. Осылайша экономиканың реалды секторына  және әлеуметтік блокқа нақты шығындар өзгертілген.

   Жоғары  көрсетілген және көптеген басқа  факторлар көрсетіп отырғандай бюджетаралық қатынастар экономикалық нәтиже бере алмайды. Барлық дерлік әлеуметтік-экономикалық шаралар жергілікті бюджеттер есебінен жүргізіледі.

   Бұл проблемалар бойынша алдын алу шараларына келесідей ұсыным жасауға болады:

  1. бюджет саясаты шеңберінде барлық экономикалық қауіп тудыратын факторларды айқындау;
  2. экономикалық қауіп субъектілерін анықтап оның қандай субъектілерін анықтап қандай әрекет арқылы әсер ететіні көрсету;
  3. бюджет саясатына немесе процесіне төнген экономикалық қауіп факторларын айқындап оның тенденциясын зерттеу;
  4. мемлекеттік қаржы бақылау органдар жүйесін жетірдіру.

     Кез келген мемлекеттің бюджет саясаты  экономиканы мемлекеттік реттеудің  маңызды рычагі болып табылады. Себебі, ол мемлекеттік биліктің негізгі  функцияларын іске асыруға көмкек береді. Қазіргі кезде еліміздің бюджет жүйесінің негізгі мақсаттарына мыналарды айтамыз:

  1. Стратегиялық, индикативті және бюджет жоспарларын бір бағыттау.
  2. Бюджетті, аймақтық және бюджетаралық қатынастарды үздіксіз, тұрақтылық және шыншылдық бағытында жетілдіру;
  3. Бюджет жоспарлау және іске асыру процестердің нәтижелігін жоғарлату, себебі, ол тұрақты әрі сенімді бюджет жүйесін нағыз негізгі инструменті болып табылады.

     Мемлекеттегі  әр түрлі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер бюджет жүйесін де өзгертті. Бюджет жүйесінің жобасы да өзгертіліп Парламентке жіберілді. Бұл құжатқа  негіз болған Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан  халқына жыл сайынғы жолдауы  болған екен. Бұл жоба Қазпқстан Республикасының 2010ж. дейінгі даму стратегиясы бойынша құрылған және Президенттің 4 желтоқсаннан 2001ж. №735 Жарлығымен бекітілген. Осы орайда бірқатар нормативті актілер күшін жаяды. Олар: «Бюджет жүйесі туралы» ҚР заңы (1 сәуір 1999ж.,№357-1); «Мемлекеттік және кепілденген мемлекеттік алымдар мен қарыздар туралы» (2 тамыз 1999ж.,№464-1); «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы»(29 қантар 2002ж.,№28); «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кейбір сұрақтары туралы» ҚР Президентінің Жарлығы,(29 қантар 2001ж.,№543).

     Енді  бұл бюджет біздерге қандай үлгі мүмкіндіктер бере алады және бюджет жүйесін реттеуде қандай өзгерістер күтетінімізді қарастырып өтелік.

    1. бюджет жүйесінің оның құрамына Ұлттық қордың енгізілуіне байланысты анықтамасының өзгеруі.
    2. ұлттық қордың бюджет құрамына енгізілуі дұрыс қадамның бірі, себебі ол бюджет есебінен құрылып, толығып отырады. Бұл қор еліміздің активіне енгізілді.
    3. Кодексте бюджеттің мақсаттық шығындарының анықталуы. Себебі мемлекет белгілі салаға немесе әлеуметтік- экономикалық шараларға қаржы жұмсай отырып оның нәтижелілігіне сенімді болуы керек.
    4. Жергілікті бюджет және жергілікті бюджеттік бағдарлама терминінің орнына «административті–территориялық бірліктердің бюджеті» және «аймақтық мақсатты бағдарламалар» деп аталады. Мұнда бұрынғы терминологияға нақтылама жүреді.
    5. Жобаға дефицит(профицит) бойынша түсінік кеңейтілген және айқындалған. Енді ол мына формуламен анықталады: дефицит(профицит)-операциялық сальдо-(таза бюджеттік несиелеу+қаржы активтері мен операциялар сальдосы). Теріс белгісімен көлем – дефицит, ал оң белгімен – профицит болады. Дефициттің шекті көлемі әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес келуі тиіс болады.
    6. Кодексте «бюджет бағдарламаларының нәтижелілігін тексеру» түсінігі енгізілген. Мемлекеттің бюджет саясаты халықпен, оның әлеуметтік – экономикалық жағдайымен анықталады.
    7. Жаңа жобада бюджет құрылымы өзгереді. Бұрын бюджет төрт бөлімнен тұрса, олар:

        Ø Түсім: табыстар, алынған ресми трансферттер, несиенің қайтарылуы;

        Ø Шығыс: шығындар, берілген несиелер;

        Ø Бюджет қаржыландыру (профицитті қолдану).

Ал  жаңа бюджет кодексінде жеті негізгі  бөлім бар:

  1. Түсім;
  2. Шығыс;
  3. Операциялық сальдо;
  4. Таза бюджеттік несиелеу;
  5. Қаржы операцияларымен операциялардан сальдо;
  6. Бюджеттің дефицитін қаржыландыру(профицитті қолдану).
  7. Бюджет жүйесінің екі деңгейі – республикалық бюджет және жергілікті  бюджет мынадай формада өзгертілді – республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қалалар бюджеті; Астана бюджеті; аудандық, облыстық бюджет.

Сонымен Бюджет Кодексі заңды аспектілері  мыналарды көрсетеді:

  1. Жалпы ҚР Бюджет Кодексі Үкіметтің мемлекет секторында қаржылық бақылауды реформалауды және жетілдіруді көздейтінін көрсетеді.
  2. Мемлекет бастаған Ұлттық қор мәселесін, бюджетаралық қатынастарды реттеу және бақылауды жетілдіру қажет.
  3. Бюджеттік кодекс әрекетке бағыт болып табылатындықтан оған бюджетісімен айналысатын адамдардың коментарийлерін талқылап оны кодекске қатысты қолданылуына рұқсатберулері қажет.
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Біздің  елде өткізіліп жатқан реформалар нарықтық шаруашылық механизмі, әр билік органдары  арасында міндеттерді бөлу, жергілікті билік органдарының құрылуы, әрбір  административті-территориялық органдарын қаржыландыру көздерін табу проблемаларын  түбегейлі шеше алатындай қабілеті бар. Осылардың барлығын орталық  звено ролін бюджет ойнайды. Ол ұлттық байлықты бөлу және қайта бөлуде, қоғамдық өндіріс құрылымын өзгертуде, шаруашылық жүргізуде, әлеуметтік дамуда және басқаларында басты роль ойнайды. Көріп жүргеніміздей қоғамдық қатынастар қаржы, соның ішінде бюджет арқылы жүргізіледі. Бұл бюджетке терең экономикалық және әлеуметтік мазмұн береді. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекетте болып жатқан барлық өзгерістер көрініп өтіледі. Қоғамдық өндіріс процесінде, жиынтық қоғамдық өндірісте, ұлттық байлықты бөлуде, тауарлы-ақша қатынастарда ел ішінде бюджетсіз іс жүргізуге мүмкін емес дерлік.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні