Өндірісті басқаруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:23, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Содержание

Кіріспе
І Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі
1.1. Өнеркәсіпті басқарудың түсінігі
1.2. Өнеркәсіпті басқарудың сипаты мен негіздері
1.3. Өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық құрылымы
1.4. Өнеркәсіпті басқарудың фнукциялары мен әдістері
ІІ Өнеркәсіпті басқарудың ерекшеліктерін талдау
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаты, негізгі көрсеткіштерін талдау
2.2. Өнеркәсіпті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ Өндірісті басқаруды жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Өнеркәсіптік кәсіпорынды баскарудың ұйымдық құрылымы.doc

— 358.50 Кб (Скачать документ)


 

Мазмұны

Кіріспе

І Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі

1.1. Өнеркәсіпті басқарудың түсінігі

1.2. Өнеркәсіпті басқарудың сипаты мен негіздері

1.3. Өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық құрылымы

1.4. Өнеркәсіпті басқарудың фнукциялары мен әдістері

ІІ Өнеркәсіпті басқарудың ерекшеліктерін талдау

2.1. Кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаты, негізгі көрсеткіштерін талдау

2.2. Өнеркәсіпті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

ІІІ Өндірісті басқаруды жетілдіру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

              Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды  ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия  және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.

              Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.

Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.  Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты  -  нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу.  Табыс мен шығындардың  қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.

              Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.

              Жобалық несиелеу бұл халықаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеуден мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

-         инвестициялаудың стратегиясын анықтау;

-         инвестициялаудың белгілі бір уақытша аясын белгілеу;

-         инвестициялық приоритетті анықтау;

-         баламалы нұсқаларды қарастыру;

-         бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландырыла алу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі

1.1. Өнеркәсіпті басқарудың түсінігі

              Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.

Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді.  Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты  -  нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу.  Табыс мен шығындардың  қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып,  ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат  бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

  - өндірістің технологиялық базасын дамыту;

  - өндірістегі инновоция;   

  - өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;

   - инвестициялық саясатты оңтайландыру,

   - өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Өндірістің  тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді.  Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді .

- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және                                                                            қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;

-  төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар                                                         түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

-  жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;

-  шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;

-  ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және                                                           сақталуын бақылау;

Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:

1)                 өнім көбейеді, шығындар азаяды;

2)                 өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

3)                 өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;

4)                 өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;

5)                 өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны                            жоғары болады.

Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Өнеркәсіпті басқарудың сипаты мен негіздері

              Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші өндірістік кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

-         қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға беру;

-         активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

-         айналым  капиталының көлемін,  оның  өсуін  (кемуін)  және  ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

-         қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

-         өндірістік кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

-         ағымдағы  активтердің  айналымдылық есебі, оның  ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

-         баланстың өтімділігін, өндірістік кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

-         өндірістік кәсіпорын табыстылығын бағалау;

-         өндірістік кәсіпорын     табысының     салыстырмалы     керсеткіштерін,     сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

-         өндірістік кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

-         өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау өндірістік кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Өндірістік кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ өндірістік кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Өндірістік кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.

 

Кесте 1 -  Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

Қызметтің

сфералары

бойынша

 

 

Материалдық

 

Материалдық емес

(өндірістік емес)

 

Өндірістің

түрлері

бойынша

 

 

Тауарлар, жұмыстар

 

Қызметтер

 

Қызметтің

сипаты

бойынша

 

 

Коммерциялық

 

 

Коммерциялық емес

 

Меншіктің

нысандары

бойынша

 

Мемлекеттік меншік

Жеке меншік

Қоғамдық ұйымдардың меншігі

Шетелдік субъектілердің меншігі

Аралас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдық-

құқықтық

түрлері

бойынша

 

 

 

 

Шаруашылық

Серіктестіктер

мемлекеттік

 

 

Коопе-

Ратив-

Тік

 

 

 

Қоғамдық

ұйымдар

өндіріс-

тік емес сфера-

ның

ұйымда-

ры мен меке-мелері

шаруа-шылық

жүргізу

құқы-

ғын-

дағы

 

жедел басқару

құқы-

ғын-

дағы

Толық серіктестік

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Акционерлік қрғам

Қосымша жауапкершілігібар серіктестік

Сенім серіктестігі

Басты

Еншілес

Қазыналық

Өндірістік

Тұтыну

Қоғамдық бірлестіктер

Қоғамдық ұйымдардың өндірістік кәсіпорындары

Қоғамдық қорлар

мемлекеттік

коммерциялық

 

Өндірістік кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, өндірістік кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.

Өндірістік кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және өндірістік кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің ролінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар өндірістік кәсіпорындардың қалыптасуы және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл − маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру өндірістік кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін өндірістік кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтау мен қамтамасыз етілуі мүмкін; өндірістік кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.

              Сөйтіп, екі экономикалық категорияның − экономиканың негізгі буыны өндірістік кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

2. Жоспарлық қағидаты өндірістік кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта − қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады. Өндірістік кәсіпорынның болжамды қызметі факторлардың тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың − жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде өндірістік кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

Информация о работе Өндірісті басқаруды жетілдіру