Өндірісті басқаруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:23, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Содержание

Кіріспе
І Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі
1.1. Өнеркәсіпті басқарудың түсінігі
1.2. Өнеркәсіпті басқарудың сипаты мен негіздері
1.3. Өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық құрылымы
1.4. Өнеркәсіпті басқарудың фнукциялары мен әдістері
ІІ Өнеркәсіпті басқарудың ерекшеліктерін талдау
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаты, негізгі көрсеткіштерін талдау
2.2. Өнеркәсіпті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ Өндірісті басқаруды жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Өнеркәсіптік кәсіпорынды баскарудың ұйымдық құрылымы.doc

— 358.50 Кб (Скачать документ)

Өндірістік кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға − бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде өндірістік кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

3. Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары − мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің, және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігіне жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

4. Өндірістік кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты − басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.Әріптес-өндірістік кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды − экономикалық мүдделермен, біріңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негізіндегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық құрылымы

Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында болды.

Шаруашылық қызметін талдау мазмұны өндірістік кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.

Жоспарлаудың көмегімен өндірістік кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті өндірістік кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Сурет 1. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны.

 

 

Ресурстар__________

Басқарылатын жүйе

(жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық,

маркетингтік және басқа да қызметтер)

 

Өнімдер мен қызметтер

 

 

                                                       Басқаратын жүйе

 

Жоспарлау

 

Есеп және бақылау

 

 

Талдау

 

Басқару шешімде
ін қабылдау

 

 

Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т.б. айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.

Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және өндірістік кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.

Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде өндірістік кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.

Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.

         Талдаудың өндірістік кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:

-         шикізаттың    жетіспеушілігі    мен    құнының    артуына,    өндірістің ғылымды    және    капиталды    көп    қажет    етуіне    байланысты    өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;

-         басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға біртіндеп көшуден;

-         меншікті мемлекет иелігінен алу, өндірістік кәсіпорындарды жекешелендіру мен    экономикалық    реформаның    басқа    да    шараларына    байланысты шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.

Бұл мәселелер өндірістік кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің негізгі бірден-бір жүйесі болып табылатын қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың жүйесі ретінде қаржылық менеджменттің шегінде шешіледі (1-сурет).

 

Сурет 2. Өндірістік кәсіпорынды басқару жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ø

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Өнеркәсіпті басқарудың фнукциялары мен әдістері

              Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының типін, күрделілігін және иерархиялығын (басқару деңгейлерінің саны) анықтайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады:

-         өндіріс масштабы және сату көлемі;

-         шығарылатын өнімнің атаулылығы;

-         өнімнің күрделілігі мен унификация деңгейі;

-         өндірістің мамандану, шоғырлану, комбинациялау және кооперациялау деңгейі;

-         аймақтың инфрақұрылымының даму дәрежесі;

-         кәсіпорынның халықаралық ықпалдастығы (фирмалар, мекемелер және т.б.)

Қарастырылған факторларға тәуелді кәсіпорынның құрылымы сызықтық, функционалды, сызықты-функционалды,матрицалық (штабтық, бригадалық, дивизионалды немесе мәселелі-мақсатты) болуы мүмкін. Бастапқы алты құрылымның сипаттамалары ықшамдалған түрде (3- қосымша) қарастырылған. Мәселелі-мақсатты құрылым жеке қарастырылған.

Аталған құрылымның әр типі кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Белгілі бір кәсіпорынның ұйымдық құрылымды таңдауы үшін құрылымның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жүргізу қажет.

Кәсіпорын құрылымын дамыту факторларына мыналар жатады:

-         маманданудың дамуы мен өндірістің кооперациялануы;

-         басқаруды автоматтандыру;

-         менеджмент жүйесінің құрылымын жобалау мен қызмет етуіне ғылыми тәсілдемелердің жиынтығын қолдану;

-         өндірістік процестерді рационалды ұйымдастыру қағидасын сақтау (пропорционалдылық, тік дәлділік және т.б.)

-         бар басқару құрылымын мәселелі-мақсатты құрылымға аудару.

Кәсіпорынның мақсатты-мәселелі құрылымын қалыптастырудың негізгі қағидалары:

-         мақсатты тәсілдеме, яғни құрылымды кәсіпорын мақсатының ағашы негізінде қалыптастыру;

-         кәсіпорын басшыларының орынбасарын анықтауда кешенділік (мақсаттар ағашының бірінші деңгейі);

-         мәселеге бағытталу, яғни нақты мәселені немесе нақты қызметті кәсіпорын бойынша атқару үшін бөлімшелерді қалыптастыру (мақсаттар ағашының екінші деңгейі);

-         жеке тауар немесе нарық бойынша құрылымдық бөлімшелерді құрған кезде белгілі бір тауармен нарыққа бағытталу, кәсіпорынның қаржы жоспарын қалыптастыру (мақсаттар ағашының үшінші деңгейі);

-         кәсіпорын мақсатын атқаруда міндетті көлденең үйлестіру үшін арнайы бөлімшелердің болмауы;

-         мобильділік пен өзгерістерге құрылымның бейімділігін қамтамасыз ету;

-         нақты тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне жету бойынша шешімдердің координациялығын маркетологтардың қамтамасыз етуі.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы – бұл бизнес жоспарда берілген дайын өнім параметріне сәйкес жүйенің кірісі, оның шығысына өңделуін қамтамасыз ететін негізгі, көмекші және кәсіпорынға қызмет көрсетуші бөлімшелерінің жиынтығы. Бөлімшелерді құру сипаты, оның саны өндірісті ұйымдастырудың келесі нысандарымен анықталады: мамандану, шоғырлану, кооперациялау, комбинациялау. Маманданудың нысанына тәуелді кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері технологиялық (жеке операцияны немесе жұмыс түрін атқару), тақырыптық (жеке өнім түрін немесе оның құраушы бөлігін дайындау) және аралас (тақырыптық - технологиялық) қағидалар бойынша ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Өнеркәсіпті басқарудың ерекшеліктерін талдау

2.1. Кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаты, негізгі көрсеткіштерін талдау

Сұлтан» ЖШС-ның негізгі мақсаты бәсекеге қабілеті жоғары сапалы, халық тұтынуындағы қажетті өнімдер өндіру. Сондай-ақ шикізат түріндегі ауылшаруашылығы өнімдері тиімді әрі пайдалы мүмкіндіктерін өткізу.

Информация о работе Өндірісті басқаруды жетілдіру