Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:51, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг қазіргі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен қатар капиталды инвестициялау мен халықты қаржымен қамтамасыз етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда қор нарығын пайдалануға көңіл аударды, бұл қоғамның қаражаттарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың маңыздылығын ескертті.
Кіріспе......................................................................................................................2
1. Қор нарығындағы маркетингтің теориялық негіздері..............................6
1.1 Қор нарығының мәні мен рөлі...............................................................6
1.2 Қор нарығы маркетингінің мазмұны...................................................12
2. ҚР қор нарығындағы маркетингтің дамуын талдау...............................24
2.1 Қор нарығының дамуын талдау...........................................................24
2.2 Қазақстан қор нарығын маркетингілік талдауы.................................34
2.3 Қор нарығында инвестицияның маркетингтік әдістерін талдау......43
3. Қор нарығын маркетингілік жетілдіру......................................................57
3.1 Менеджмент портфелі...........................................................................57
3.2 Қор нарығын талдауға әдістемелік көзқарас: фундементалды және техникалық әдістер................................................................................................74
Қорытынды..........................................................................................................93
Әдебиеттер тізімі...............................................
Осылайша осы күнгі өмір сүріп келе жатқан Қазақстан қор нарығы құрылды, ал 17 қараша оның туған күні болды.
1994 жылдың 3 наурызында биржа «Қазақстандық Банкаралық Валюталық Биржа» деген атпен қайта тіркелді, бұл биржаның атын қызмет ететін заңнамаға сәйкес келуінің қажеттілігімен түсіндірілді.
Өмір сүрген алғашқы екі жыл аралығында биржа тек шетелдік валютада сауданы ұйымдастырумен айналысты. Дегенмен 1994 жылдың тамызында Биржалық Кеңес биржа Басқармасына бағалы қағаздар мәселесінің өңделуін тапсырды, ал биржаның келесі қызметтерінің бағыттарын көрсету үшін, оның акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның атын «Қазақстандық банкаралық валюттық – қор биржасы» (тіркелген жазбасында – «Қазақстандық банкаралық валюттық – қор биржасы») деп өзгерту шешімін қабылдады. Жаңа атаумен биржа 1995 жылдың 12 шілдесінде қайта тіркелді.
Бағалы қағаздарды шығару және айналуы және Қор биржасы туралы уақытша жағдай қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің бекітілген № 1099 1994 жылдың 3 қазанындағы үкімімен, қор биржасының қызметі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен лицензиялауға жататын болды (бұл уақытқа дейін Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР-дағы қор биржасы және бағалы қағаздар айналымы туралы» 1991 жылдың 11 маусымындағы заңы тек қор биржасының Республика Қаржы Министрлігімен тіркелуін қарастырады). Қор биржасы ретінде қызметті жүзеге асыруға лицензия алу қажеттілігі, сонымен бірге күшке ие Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылдың 21 сәуірдегі «Қор биржасы және бағалы қағаздар туралы» жарлығына енгізілді. Осының өзінде лицензиардың қызметі Қаржы Министлігінен қайтадан қалыптастырылған бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясына берілді.
1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға арналған №1 лицензиясын алды, дегенмен бұл лицензияның қызметі тек мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда ұйымдастыру құқығымен шектелді. Мемлекетік бағалы қағаздармен сауда бірінші рет биржада 1995 жылдың 14 қарашасында өткізілді. Ол уақытта көптеген себептердің күшімен мемлекетің қарыздық міндеттемелерінің биржалық сарламасы кішкене үлесті алды, мемлекеттік облигациялар сауда тек эпизодтық, жиі емес сипатта болды және бір жылдан кейін – 1996 жылдың 20 қыркүйегінде биржа бұл бағалы қағаздармен сауданы тоқтатуға мәжбүр болды. 1997 жылы мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда өткізілмеді. Мемлекеттің қарыздық міндеттемелердің биржалық нарығының белсендіренділуі тек 1998 жылы Қазақстанда жинақтық зейнетақы жүйесінің басталғанынан кейін қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің аталмыш үкімі қор биржасымен тауар биржасының қызметін орындауға тиымы болғандықтан, лицензиардың талабы бойынша бмржаның атауы өзгертіліп, оның атауынан валюталық құрам алынып тасталды. 1996 жылдың 12 сәуірінде биржа «Қазақстандық қор биржасы» деген атпен тіркелді, ал осы жылдың 13 қарашасында бағалы қағаздармен сауда ұйымдастыру бағалы қағаздары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясының шектелген лицензиясын алды.
Бағалы қағаздар нарығымен ұйымдастырылған даму бағытында қолданылған күшпен қатар биржа мерзімді нарық дамуы бойынша жұмыстар жүргізді. 1996 жылдың басында мерзімді келісім – шерттарды биржа нарығында реттейтін құқықтық база жасау бойынша жұмыстар жүргізілді, және осы жылдың мамыр айында валюталық фьючерстер нарығының ашылуы болды. Өкінішке орай, аталмыш нарықты ашудың алғашқы әрекеті ол уақытта өмір сүруі мүмкін болмады, және мерзімді келісім - шарттармен сауда 1998 жылдың ақпанында тоқтатылды. Нарықтың аталмыш секторын тек 1999 жылдың наурызында ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды.
Өйткені Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» жаңа заңы, 1997 жылдың 5 наурызынан, қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектеді, 1997 жылдың сәуіріндегі биржа акционерлерінің жиналысы, 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген «Алматы қаржы құралдары биржасы» ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасына бөлу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 1 қыркүйегінде AFINEX сауда алаңына шетелдік валюталармен және мерзімді келісім – шарттармен сауда ауыстырылды. Қазақстандық қор биржасының өзі 1997 жылдың 3 шілдесінде өзінің бұрынғы атауымен қайта тіркеу өтті және осы жылдың 19 қыркүйегінде алғаш рет мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен сауда өткізді.
1998 жылы тек ұйымдасқан қор нарығында жұмыс жасауға міндетті заңнамалар талаптарының күшінен зейнетақы активтерін басқару бойынша компания – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жаңа тобының пайда болуы есебінен болған мемлекеттік бағалы қағаздар биржа нарығының қалпына келуі байқалды. Осы жылы бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы көмегімен Қазақстанда Қазақстан Республикасының егеменді еурооблигацияларымен ұйымдасқан екінші нарығы қалыптастырылды. Бұл еурооблигациялармен бірінші сауда биржада 1998 жылдың 19 қазанында өтті. Сол жылдың 15 шілдесінде биржа пайдалануға котталған сауда жүйесін жіберді, ол өзінің мәнісі бойынша Қазақстандағы биржадан тыс котталған ұйымның жасалуы мәселесін шешті.
1999 жылдан ұжымдық облигациялардың биржалық нарығының дамуы басталды, мұның алғашқысы биржаның ресми тізіміне сол жылдың 1 ақпанында енгізілді.
1999 жыл сонымен бірге 5 шілдеде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша репо операцияларының облигацияларының биржалық секторын енгізумен және 7 шілдеде муниципалды облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционның өткізілуімен ерекшеленді.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңының күшіне енуімен, 1998 жылдың 10 шілдесіндегі, қаржылық құралдар, бағалы қағаздардан өзге, шетелдік валюталар және басқалармен қор биржасында сауда ұйымдастыруға салынған тиым алынып тасталды, бұл AFINEX-ті Қазақстандық қор биржасына қосуға ммкіндік берді. Бұл туралы шешім 1999 жылдың 6 қаңтарындағы акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданды, ал осы жылдың 16 наурызында қосылған биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.
2007 жылдың 7 қаңтарында 27 ақпанында алғашқы саудасы өткізілген, ААҚО – ның арнайы аймағындағы арнайы оператор ретінде биржаны анықтайтын, 2006 жылдың 15 желтоқсанындағы №74-і, Алматы қаласының аймақтық қаржы ортаығының қызметін реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі төрағасының жарлығы өз күшіне енді.
2007 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының дамуы мәседесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңы күшіне енгеннен кейін, 2007 жылдың 21 шілдесіндегі, биржа өзінің коммерциялық емес ұйым мәртебесін жоғалтты, ал оның акциялары кез-келген мүдделі тұлғалармен сатып алуға қол жетімді болды (ертерек биржа акционерлерінің шеңбері заңнамамен тек бағалы қағаздар нарығы қатысушылармен және құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын,бірақ, өзге қаржылық құралдармен келісім жасауға құқығы бар басқа да ұйымдармен шектелген болатын).
Осы күннен бастап биржа акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру ұстанымы өзгертілді (“бір акционер – бір дауыс” орнына - “бір акция – бір дауыс”) және оның аффилиирленген тұлғалармен бірге оның бір акционерінің иелігінде болуы мүмкін биржа акцияларының максималды санына шектеу енгізілді. Бұл шектеу биржада орналастырылған акциялардың жалпы санының төрттен біріне дейін иеленуге құқылы (қазіргі таңда аталмыш қоғам биржада орналастырылған акциялардың жалпы санының 12;% иеленді) “ААҚО” АҚ-нан (ААҚО ҚРА – на жататын мемлекттік акция пакеттерін иелену және қолдану құқығы), биржада орналастырылған акцияның жалпы санынан кез-келген биржа акционері үшін 20%-ды құрайды.
Бүгінде биржа шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болатын: шетелдік валюталар нарығы, онымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздары, акциялар мен ұжымдық облигациялар нарығы, деривативтер нарығы, әмбебап қаржы нарығы болып табылады [11].
Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия мемлекеттік басқарудың орталық органы болып табылады. Құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының қызмет етуге қамтамасыз ету үшін оның тұрақты жұмыс жасайтын атқарушы аппаратын құралды¹.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметтің келесі түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Брокерлік;
2. Дилерлік;
3. Депозитарлық; құнды қағаздар бойынша клирингтік қызметі;
4. Бағалы қағаздар портфельдерін басқару бойынша қызмет; бағалы қағаздарды сақтау бойынша қызмет;
5. Бағалы қағаздар нарығының биржалық емес коттаған жүйе қызметі; нарық мәнісінің анықтаушы кезінде, нарық – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуді сату – сатып алу біртұтастығы. Аталмыш құбылыстың территориалды шекарасын ескерер болсақ, онда:
1. Жергілікті (ауыл, қала, аймақ шегінде);
2. ұлттық (ішкі);
3. әлемдік нарық; - деп бөлінеді.
1.2 Қор нарығы маркетингінің мазмұны
XX ғ. 90 жылдарында нарықтық қатынастарға ауысу, қор нарығына деген үлкен қызығушылықты тудырды. Қор нарығы енді – ғимаратпен, қандай да кепілдік бере алатын, есептік және ақпараттық қызмет көрсететін, клісім шарт жасау үшін сатуға қандай да бір шектеу қоятын мемлекеттік немесе басқа ұйым [12].
Биржа тұтынушыларға бағалы қағаздармен мәміле жасау кезіндемынандай ұсыныстар жасайды: ғимарат, кепілдікт беру, есептеулер жасау, кеңес беру және ақпарттық қызмет көрсету мен клиринг. Осы үшін биржа мәміледен комиссиялық сыйақы алады және онымен бірге листинг және делистинг процедурасының ережелерін орындай отырып бағалы қағаздар саудасына шектеу қояды.
Қор нарығындағы операциялық қызметімен қоса инфроқұрылымында теориялық негізгі маркетинг болуы тиіс. Қызмет көрсетуге сұраныс пен ұсынысты талдау, олардың қанағаттануында қор нарығы орынын бағалау, бәсекелестермен бірдей операцияларды жүзеге асыру ережелерін салыстыру, баға қалыптастыру, өтімділікті бақылау және басқа да тәжірибелік мәселелер маркетингілік қатнасты талап етеді. Қор нарығы өз мүмкіндіктерін зерттеуде, несие ресурстарының көлемі мен құылымдарын, баланс өтімділігін, тиісті операциялар өткізудегі шығын дәрежесін, техникалық жабдықталуын, кадрлар классификациясын есептеумен жүргізеді. Сондықтан аталмыш бөлімшенің мазмұны екі бөлімнен тұрады, біреуі өтімділікті басқару мәселелерін қамтиды, келесісі – маркетингті.
Өтімділікті басқару үшін түрлі модельдер мен әдістемелер бар, оларды әдетте екі санатқа бөледі: толық және коэффициент көмегімен өтімділікті талдау.
Толық модельдер активтер есебі бойынша да, сонымен бірге пассивтер есебі бойынша да қаражаттардың қозғалысын есептейді.
Активтерді басқару екі өзарабайланысты баланс өтімділігі кезіндегі, маржа қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Бұл мәселелер, айтарлықтай қиын, өйткені сыртқы ішкі ортаның стохатикалық сипаттағы және активтердің түрлі құрамының күшімен арнайы әдістердің қолданылуын қажет етеді. Мұнан өзге, активтерді басқару әдістерінің өзі сонымен бірге шешілетін тактикалық тапсырмалардың өзгеруі шамасы бойынша өзгеріп отырады. Бұл әдістерді жүзеге асыру, ойлап табу және жетілдіру үшін ірі қор нарығы активтерді орналастыру және прималық пайдалылық пен өтімділік жағдайы арасындағы тәуелділікті анықтау бойынша арнайы әдістерді қолданады.
Мысал ретінде детерминиртивтің кездейсоқ операцияларда төлемдік күнтізбеге және бос қаражат көлеміне әсер етуі жағдайын қарастыруға болады. Төлемдік күнтізбенің динамикасы қолма-қол төлемдік күнтізбе мен кездейсоқ жаңа талаптардың пайда болуына байланысты. Осының өзінде мерзімді міндеттемелер минус таңбасымен есептелді, өйткені олар сызылып тасталынады, ал мерзімдік талаптар – қосу таңбасымен, олар алынады. Пассивті жаңғырту моделінде жаңа талаптардың пайда болуы есепке алынбайды, яғни төлемдік күнтізбе толығымен детерминитивті. Бос құнды қағаздардың динамикасы бос өолма – қол қаражатпен, өтеу мерзімі өтіп кеткен мерзімді талаптар мен міндеттемелер көлемімен, қажет болғанға дейінгі қаражаттардың қолма-қол талап көлемімен, сонымен қатар жаңа келісімдерге сәйкес жіберілуі мен алынуы керек құнды қағаздар көлемімен анықталады. Пассивті жаңыру мқделінде жаңа талаптардың пайда болуы есепке алынбайды, бос құнды қағаздар детерминитивті қолма – қол қаражаттар мен төлемдермен анықталады. Өтімділік тәртібі талаптар мен міндеттемелер өлшемдерімен орнатылады, олар кездейсоқ пайда болады және мүмкіндік теориясымен математикалық аппарат көмегімен есептелуі мүмкін. Статистикалық әдістермен қайтадан түсіп жатқан талаптар мен міндеттемелердің басқа да сипаттамаларын және таза көлемін, оларды өтеу мерзімін есептеп шығаруға болады (әрбір күнде, аптада, айда). Бұл өтімділік тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалардың шешімі компьютерлердің қолданылуын жеңілдетеді, олар өтімділікке әсер ететін бөлшектік үдерістерді оперативті модельдеуге, сонымен қатар бастапқы шекаралар мен операциялық қызметтің тиімді тәртібін есептеуге мүмкіндік береді.
Пассивті басқару мамандардың есептеуі бойынша қор нарығының ресурстарының қалыптасуында тиімді шешімдер қабылдауы үшін қажет. Ресурстар екі қайнар көз арқылы қалыптасады. Қор нарығының жеке капиталы акционерлік капиталдан және резервтен тұрады. Пассивтерді бағалау үш негізгі өлшем бойынша жүргізіледі: өтімділік, мерзімділік және тәуекел. Ресурстың әр түрлі, кез-келген нақты әлеуметтік – экономикалық жағдай, нарықтағы жағдайды айтпағанда, тиімді шешім қабылдауда өзіндік орнығуды талап етеді. Отандық қор нарықтарында пассивтерді және активтерді басқарудың бірнеше сызбалары қолданылады. Олардың көбінде талдау пассивтен активке бағыты бойынша жүргізілді. Олардың мәні қор нарықтарының о басқаратын төрт өлшем бойынша: бір айдан, бір айдан үш айға дейінгі, алты айдан он екі айға дейінгі және жылдан аса, міндеттемелерді бағалайды. Активтер мен пассивтерді осы категориялармен салыстыра келе өтімділік мәселелерінің шығуын болжауға болады. Онан кейін – қор нарығында несиелеу, негізгі қаражаттарды алу, босалқы дайындамаларды жүзеге асыру және т.б. жолмен активті операцияларды орындауға болады. Бұл үшін оқиғалық немесе кейс әдісін қолдануға болады. Бұл әдістердің бастапқы ақпараттық негізгі қаражаттардың лездігін (тез белгі беру мүмкіндігі және т.б.), мерзімдігін есепке ала отырып, банк жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша статистика болуы керек. Бұл пассивтерді басқарудың қарапайымырақ сызбасы.
Күрделірек, дей тұрғанмен тиімдірек дюрация немесе құнды қағаздардың дисконтталған ағымдары әдісі болып табылады. Ол ативтер мен пассивтерді компьютерлер көмегімен арнайы әдістеме бойынша өлшеуге негізделген. Барлығы 50 шақты әдістеме қолданылады.
Жеке қаражаттарын басқару өтімділік пен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жеке қаражаттарды ұстаудың ерекше өзектілігін депозиттер көлемінің өсуі мен активті операцияларды алады. Бұл тапсырма жеңіл емес, өйткені пайыздық салымдар және басқа да құралдар көмегімен ҚҰБ қызметімен реттеліп жүйеленген.
Өтімділікке мерзімді операциялар әсер етеді. Қор нарығының ерекшілігі белгісіздіктің жоғары дәрежесі болып табылады. В.Волошен мерзімді операцияларды белгісіздік дәрежесі бойынша топтастыруды ұсынды және отандық тәжірибеге белгілі өтімділік модельдерін сиаттады: пассивті жаңғыру моделі, өтімділіктің бөлінуі, толық декреттік модель [13]. Мерзімді операциялар детермитивті болады (несиелерді, депозиттерді, құнды қағаздарды және т.б. өтеу); кездейсоқ операциялар, оның ішінде күнделікті жұмыс үдерісінде пайда болған; басқарушылық және жеке. Операцияның соңғы түрі бір сәттік (ағымдық) және болашақ (мерзімді) өтімділікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар тұтынушылардың уақытша қамтылмаған қаражаттарын өтімді пайдалануға арналған.