Қор нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:51, реферат

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг қазіргі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен қатар капиталды инвестициялау мен халықты қаржымен қамтамасыз етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда қор нарығын пайдалануға көңіл аударды, бұл қоғамның қаражаттарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың маңыздылығын ескертті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2

1. Қор нарығындағы маркетингтің теориялық негіздері..............................6
1.1 Қор нарығының мәні мен рөлі...............................................................6
1.2 Қор нарығы маркетингінің мазмұны...................................................12
2. ҚР қор нарығындағы маркетингтің дамуын талдау...............................24
2.1 Қор нарығының дамуын талдау...........................................................24
2.2 Қазақстан қор нарығын маркетингілік талдауы.................................34
2.3 Қор нарығында инвестицияның маркетингтік әдістерін талдау......43
3. Қор нарығын маркетингілік жетілдіру......................................................57
3.1 Менеджмент портфелі...........................................................................57
3.2 Қор нарығын талдауға әдістемелік көзқарас: фундементалды және техникалық әдістер................................................................................................74

Қорытынды..........................................................................................................93
Әдебиеттер тізімі...............................................

Работа состоит из  1 файл

Қор нарығы.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

Биржа қызметін жалпы басқаруды директорлар кеңесі жүзеге асырады. Өз қызметінде ол биржаны басқару тәртібі, оның мүшелерінің құрамы, қабылдау шартары, қалыптасу тәртібі мен биржа органдарының қызметі анықталатын биржа жарғысына сүйенеді.

Биржаны күнделікті басқару үшін және оның әкімшілік бақылауын кеңес призидент пен вице президентті тағайындайды. Мұнан өзге де биржаның барлық жақтарын бақылауды оның мүшелерінен құралған көмитет жүзеге асырады, мысалы, аудиторлық, бюджеттік, жүйелер бойынша (компьютерлер), биржалық индекстер, опциондар.

Мүшелерді қабылдау бойынша комитет биржа мүшелігіне қабылдау өтініштерін қарастырады. Арбитраж бойынша комитет биржа мүшелері, сонымен қатар мүшелері мен олардың тұтынушылары арасында туындаған мәселелерді қарастырады, тыңдайды және реттейді. Комитет саны мен құрамы биржадан биржаға өзгеріп отырады, бірақ олардың кейбіреулері міндетті. Бұл листинг бойынша, биржалық тізімге акцияларды қосуға өтініштерді қарастыратын комитет немесе комиссия; әкімшілікпен бірлесе отырып сауда (сауда сессиясы) тәртібін анықтайтын және сауда залындағы қызмет бойынша нұсқаулықты сақтауды бақылайтын сауда залы процедуралары бойынша комитет, сонымен қатар «биржа мүшелерінің жақсы аты күмәнға алынатын» барлық жағдайда, құнды қағаздардың сатылған саны және олардың бағамы туралы мәліметтерді биржалық (бағамдық) бюллетендердің арнайы басылымдарында жиі басып шығаратын комитет немесе белгілеуіш комиссия.

Биржалар – бұл, әдетте, коммерциялық емес құрылымдар, сондықтан ұжымдық табыс салығынан босатылған. Биржа саудасын ұйымдастыру бойынша шығындарды жабу үшін биржа қатысушылардан бірқатар салықтар мен төлемдерді алады. Бұл сауда залында жасалған мәмілеге салық, компанияның олардың биржа тізіміне енгізілгені үшін төлемі, жаңа мүшелердің жыл сайынғы жарналары. Бұл жарналар биржа табысының негізгі бабын құрайды.

Биржа ұсыныс пен сұраныстың шоғырлануын қамтамасыз етеді, бірақ ол бұл қағаздарды сатқысы немесе сатып алғысы келетіндердің барлығын сыйдыруға физакалық қауқарсыз. Биржалық операцияларды өткізу қызметін өзіне алатындар делдал болып шығады. Олар биржада да, биржадан тыс та қызмет ете алады, өйткені бар қағаздар биржада белгіленбейді. Биржадан тыс нарықта сұраныс пен ұсынысты шоғырлану қызметі жүктелетін делдалдар аясы қалыптасады. Кеңістік бойынша делдалдар таратылған, бірақ олар өзара байланысқан және бір – бірімен әрқашан байланысқа түсетін біртұтастықты қалыптастырады.

Жекелей алғанда қор мәмілесінде үш жақ тартылған – сатушы, сатып алушы, делдал және олардың өзарақатынасы маркетолог ұстанымы бойынша қалыптастыруы тиіс. Бастапқы деңгейлерде модель барынша қарапайым – бір делдал сатушы мен сатып алушыны кездестіреді. Қор операцияларының масштабтары өсуінде екінші модель пайда болады және делдалдар ендігі жерде екеу: сатып алушы басқаға, сатушы басқаға барады, және кездесуге мүмкіндігі аз. Қор операцияларының мұнан гөрі қарқындылығында үшінші модель қалыптасады: енді делдалдар көмекке жүгінеді және олардың арасында тағы біреуі пайда болады. Делдал екі түрлі әрекет жасауы мүмкін. Біріншіден, өз есебінің арқасында уақытша қағаз иесі бола отырып және сату – сатып алу бағамы арасында айырмашылық ретінде табыс ала отырып. Американдық қор нарығында мұндай делдалдар дилер деп аталады. Екіншіден, ол мәміле сомасынан белгілі бір пайыз үшін, яғни комиссиялық сыйақы үшін, жай өзінің тұтынушыларынан акцияларды сату-сатып алу үшін тапсырма ала отырып жұмыс істей алады.

Бірінші және екінші модельдерде делдал бір санда, не басқасында бой көрсетуі мүмкін. Үшінші модельде еңбек бөлінісі байқалады: орталық делдал өз есебіне, шеткілері – бастапқы комиссиялық үшін жұмыс жасайды. Үшінші модель ұзақ уақыт бойы, 80 ж отасына дейін, Лондон биржасында өмір сүрді, онымен осы күнге дейін Нью-Йорк қор биржасы қызмет істейді. Орталық делдал Олндонда джоббер деп аталады, Нью-Йоркте – маман. Шеткі делдалдар онда да мында да брокер деп аталады. Дамыған қор нарығындағы делдалдық операцияларда біртектілік жоқ, - барлы үш модельде бірігіп өмір сүреді, өзіндік «қор тауашасы» әпқайсысының астарында бар. Кең тұтынушылар аясы бар брокер, өзгелерден бөлек сатып алуға екі тапсырыс алды деп ойласақ, брокерге тек мәмілені ресімдеу ғана қалады, ол мұнымен жалғыз, басқа делдалдардың қызметін қажетсінбестен атқара алатын болса, өзінің тек мәмілені рәсімдеуі ғана қалады.

Өздігінен орындалатын тапсырыстар, өзінде бар ұсыныс туралы әрбір брокер хабарласа, ал келесісі оған сол сәтте жауап қайтарса – онда қос тапсырыс (екінші модель бойынша делдалдық) кезінде биржа тобында қалыптаса алады. Бірақ көптеген тапсырмалар шартты ретінде қалыптасады. Мысалы, «егер бағам ...дейін көтерілсе, сату», мұндай тапсырыстарды бірден орындау мүмкін емес. Мұнда көмекке орталық делдал көмекке келеді, ал шартты тапсырмалар оған шеткі делдалдардан беріледі. Орталық делдалды компьютер алмастырушы мүмкін екендігін айта кету керек, бөлшектеліп бұл атқарылуда.

Екі сатылы делдалдылықтағы қажеттілік бірден қалыптаса қоймайтындықтан, қандай бастамаларда делдалға жұмыс жасау ең дұрысы - өз есебінен бе немесе брокер сынды ма деген  сұрақ туады. Тұтынушыдан қағазды сатып алуға немесе оны оған сатуға дайын дилердердің болғаны жақсы. Дегенмен, дилерге айналымға өзінің қаражатын салуға және тәуекелді өз атына алуға тура келеді. Ақша жетіспеушілігін қарызбен өтеуге болады десек те, дей тұрғанмен тәуекел мәселесін бұл алып тастай алмайды. Жағдайды дұрыс бағаламаған дилер нарықты тұрақсыздандыруы және егер алған несиесін қайтармаса, банкроттықтардың ізді әсерін тудыруы мүмкін. Өзінің тәжірибесіздігін және нарықтың жетілдірілмегендігін түсінген дилер өте абай болуы, тұтынушыларға жоқ деуі мүмкін.

Делдалдық қызметтің дамуында біздің биржаларға реттеу нормаларын ойлап шығаруды қосатын стратегия керек: дилер қандай минималды капиталмен иеленуі керек, ол ала алатын несиелер шегі қандай? Брокерлік және дилерлік қызметтің лицензиялануы, олардың есептеулерінің стандарттарын қалыптастыру қажет. Және әрине, қандай делдалға басымдылық жасау керектігімен анықтауы керек. Бастапқы деңгейде өзіне дилер қызметін ала алатын нысанды түрде делдалдардың болмасы алынып тасталмаған. Делдалдық орталығына, сондықтан да басында брокерді, біруақытта қор құндылығындағы ұсыныс пен сұраныс шоғырлануын қамтамасыз етуге көп күш жұмсай отырып қою мақсатты. Кейіннен брокерлердің қайсысы өзіне дилер рөлін алуға дайын екені анық болады.

Тиісінше, биржа – бұл биржа иелерінің нағыз өзі болып табылатын делдалдар патшалығы, соның ішінде заңды. Егер биржа акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылса, онда биржаны бұқаралық құқықтық институт ретінде қалыптастыру мүмкін. Биржаның акционерлік қоғам ретінде мекемесі болуының бастамашысы құнды қағаздарды сату – сатып алу қызметін инвесторларға ұсына отырып биржа залында жұмыс істеуге мүдделілердің өзі болары айқын. Биржаны қалыптастырушылар – бұл егер бастамашылар акционерлердің қосымша санын қабылдау қажет деп есептесе, шеңбері кеңеюі мүмкін биржа мүшелері. Қор нарығы, әдетте, табыссыз акционерлік қоғам мәртебесіне ие, яғни өзінің мүшелері арасында болу үшін пайда алуды мақсат етпейді. Бұл бір қарағанда қызық болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде заңды түрде биржа делдалдары ретінде қызмет ете отырып, биржа мүшелері пайда алады. Биржа тұтынушылары жалпы биржа жинағына қандай бір сома төлеуде мұның мәні, одан олар биржа мүшелері арасында бөлінуі, анық қаралмайды: қанағаттандырарлықсыз жұмыс жасайтын және тиісінше аз тұтынушылар тартатын мүшелер пайдасына түсімдерді қайта бөлу басталуы мүмкін, ал жалпы жинақтан өз пайына қатысты төлемді талап етеді. Табыссыз мәртебе биржа акционерлік қоғам ретінде пайда мүлдем алмайды деген емес. Түскен табыс биржашылар жұмыс жасайтын ғимарат пен залдың жабдықталуына, байланыстың заманауи жүйелерін жасауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады. Биржа мүшелері биржаның толық экономиканы қамтамасыз етуі үшін қажет табыс қанша болса, дәл сондай табыс алуға мүдделі: табыстың ұлғаюы мүшелердің пайдасының қысқаруын немесе құнды қағаздарды сату – сатып алу бойынша қызметтердің қымбаттауын білдіреді.

Қор нарығының жағдайы экономика дамуын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Қор нарығының жоюылуы, яғни қысқа уақыт мерзімінде құнды қағаздардың бағамдық құнының қатты түсуі экономикада төмендеу мен депрессия тудыруы мүмкін. Бұл құнды қағаздар бағасының түсуі салымшыларды толықтай кедейлендіреді, дегенмен түсіндіріледі. Кейіннен ол өзінің тұтынуын қысқартады. Тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс төмендейді. Кәсіпорындарда материалдық құндылықтар – тауарлар қоры жинала бастайды және олар өндірісті қысқарта, жұмысшыларды босата бастайды, бұл тұтыну деңгейін онан бетер төмендетеді. Мұнан өзге құнды қағаздар бағамы құнының түсуі жаңа қағаздар басылымы есебінен оларға қажет қаражатты жинауға деген кәсіпорынның мүмкіндігін төмендетеді.

Мұндай жағымсыз құбылыстар болмасы үшін қор нарығы қатысушылары мүдделерінің айырмашылықтарын есептейтін маркетинг ұстанымдарына сүйену керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Қазақстандық қор нарығындағы маркетингінің дамуы мен қалыптасуының кешендік  талдауы, мынандай ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді:    

1.      Еліміздің эканомикасына инвестициялық рессурстарды ынталандыруға көңіл аударатын, тиімді жұмыс атқаратын қор нарығы механизм жасалмай тұрып, көкейтесті реформалар аяқталды деп есептеуге болмайды. Қор нарығы сияқты, капитал құйылуының тиімді механизмі, инвестиция тартымдылығының тиімділігін арттырып, отандық экономиканың инвестициялық мүмкіндіктерінің кеңейтеді.

2.      Нақты елдегі қор нарығы моделін талдау, нарықты реттеу механизмімен оның дамуын басқару әдістерінің маңызды кілті болып табылады. Ұлттық қор нарығының моделі, меншіктілік құрылымының  қалыптасуына байланысты нарықтың ұзақ мерзімді кезеңін бейнелейбі. Қазақстандағы қор нарығы қазіргі танда аралас модель түріне қалыптаса келе, коммерциялық және инвестициялық банктер қатысады.

3.      Отандық қор нарығының дамуында, оның жағымды ығысу бейнесінде, жайлап проблемалар туындайды, ол ұлттық экономикаға инвестицияның алға өсуіне кедергі келтіріп, Қазақстан ұлттық нарық капиталының жойылу қаупін тудырады. Бұл проблема өз ішінде, қазақстандық үлкен компаниялар, ұлттық қор нарығын инвестициялық рессурстарды тиіді тарту механызімі ретінде көздемейді. Мұның  себебінің бірі жоғары тәуекел мен инвестор жағынан сенімнің жоқтығы. Ұлттық қор нарығының моделін қалыптастыруда келесі мәселелер ұсынылады: нарық дамуындағы мемлекеттік рөлдің түсініктілігі; тиімді зеңдылықтын жасалуы мен қолдануы; қатал, орталықтандырылған саясатты жүзеге асыратын, күнделікті қадағалау жұмысымен айналысатын біріккен ұйым жасау.

4.      Екінші эшелондағы акцияның бағаланбауы және көп компаниялардағы дивидендтердің тиімді тәжірбиелік төлемнің болмауы, нарықтағы манипуляция мен инсайдерлік ақпараттың қолданылуы, корпоративті басқарудың төмен деңгейі және акционер құқығының бұзаылуы қазақстан қор нарығы мен тиімді инвестицияның мағналық негізі болып келеді. Қазіргі  уақытта да  капиталды республикадан шығаруға қарсы тұратын тиімді механизм жоқ. Осы аталған факторлар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына, сонымен қатар тұтас қор нарығына теріс әсер етіп, инвесторлар, тек экспортқа бағытталған санаулы салалардағы компаниялардың акцияларына қызығушылығын туғызады.

5.      Республика экономикасына ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін ақпараттың таза жоғарғы деңгейімен, әділ бағаның құрылуымен, инвесторды қорғауды қамтамасыз ететін тиімді маркетингілік қор нарығына өту керек. Бұл үшін:

-  қор нарығын маркетингілік зарттеу арқылы тәуекел деңгейін төмендету;

-  өтімділігін арттыру;

- қаржылық кризистін және одан шыққан макроэкономикалық тұрақсыздықтың алдын алатын тиімді маркетингілік талдау көмегімен нарықтың тұрақты қалыптастыруын қамтамасыз ету;

-  тиімді маркетингілік инфрақұрылымды құруға бағытталған бағалы қағаздар  саласын қайта құру;

-  нарық институттарынның жұмы істеуінде қаржылық тұрақтылықты қамту;

6. Қазақстан экономиканың  даму ерекшеліктерін ескере отырып қор нарығы макетингтің инфрақұрылымдық дамуының концепциясын құрудың теориялық негізі мен тиімді басқару теориясы ретінде эволюциялық экономика теориясы мен технологиялық өзгерістерді, стратегиялық маркетинг әдістерін қоса, үлкен жүйе теориясын қолдану қажет

7.  Қазақстан Республикасында қор нарығын ұйымдастыруда аралас моделі қалыптасқан. Акционерлер мен инвесторлар қызығуын қорғауға және таза ақпаратпен қамтуға бағытталған шетел модельдеріне ұқсас қор нарығының реттеу системасы жасақталған. Қазіргі кезеңде отандық қор нарығы дамуының әлемдік қаржы нарығы мен халықаралық қор нарығына интеграциясының маңызы зор.  Бұл шетелдік капиталды ынталандырумен ғана емес сонымен қатар халықаралық ұйымдарда толық мүдделі жағдайға кіру үшін және  қазақстандық  экономикалық субъектілер мен мемлекеттік құрылымдардың әлемдік тәжірибесін қолдану үшін қажет. Қазіргі танда республикамыздың қор нарығы отандық экономиканың негізгі даму тенденцияларын көрсетеді де, онда өтетін өзгерістердің бәрін сезеді

8. Қазақстанға нарықтық өзгеріс кезінде тек қана қор нарығын құру ғана емес, сонымен қатар оның дамуында үлкен жетістіктерге жетті, оған мына бағыттардың бірін атауға болады:

-   нарықтын техникалық инфрақұрылымын құру және оны жетілдіру;

-   прогрессивті заңды негізі;

-   бағалы қағаздар қоржынын басқару мен ірі ішкі институционалды инвесторлар қызметінің құрылуы мен белсенділігі;

-   корпоративті облигациялардың өсуіне өзіндік потенциалы мен нақты шығарылуы.

9.   Қазақстанда қалыптасқан жағдай , жинақ көлемі, экономикалық өсуге инвестицияларды қамтамасыз ету жеткілікті. Осы жинақтардың бағытын жинақтауға, инвестициялауға ынталандыру мәселе болып табылады. Осы проблеманы шешуде қор нарығы жинақты инвестицияға айналдыру мехнизмі ретінде, негізгі роль атқара алады да және атқару керек, республиканың экономикалық дамуының жаңа моделін маркетингілік тұрғыдан құру негізі болады. Автор көзқарасы бойынша, отандық экономиканың тиімді даму моделі тек қана  маркетингілік инвестициялық модель ғана бола алады.

Информация о работе Қор нарыгы