Қор нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:51, реферат

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг қазіргі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен қатар капиталды инвестициялау мен халықты қаржымен қамтамасыз етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда қор нарығын пайдалануға көңіл аударды, бұл қоғамның қаражаттарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың маңыздылығын ескертті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2

1. Қор нарығындағы маркетингтің теориялық негіздері..............................6
1.1 Қор нарығының мәні мен рөлі...............................................................6
1.2 Қор нарығы маркетингінің мазмұны...................................................12
2. ҚР қор нарығындағы маркетингтің дамуын талдау...............................24
2.1 Қор нарығының дамуын талдау...........................................................24
2.2 Қазақстан қор нарығын маркетингілік талдауы.................................34
2.3 Қор нарығында инвестицияның маркетингтік әдістерін талдау......43
3. Қор нарығын маркетингілік жетілдіру......................................................57
3.1 Менеджмент портфелі...........................................................................57
3.2 Қор нарығын талдауға әдістемелік көзқарас: фундементалды және техникалық әдістер................................................................................................74

Қорытынды..........................................................................................................93
Әдебиеттер тізімі...............................................

Работа состоит из  1 файл

Қор нарығы.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

Пайдалылықты басқару тартылған қаражат және несиелеу мен инвестициялаудан түскен пайда бойынша кірістер, шығында, шекті кешігулерді бақылау болып табылады.

Тәуекелді басқару оның пассивтерді басқару жүйесіндегі түрлу операцияларды орындау кезіндегі бой көрсетумен қатар пассивтерді бағалау өлшемі қызметін атқарады. Сондықтан, егер банк активтер мен пассивтерді басқару жүйесінен асыра пайдаланса, онда ол кездесуі мүмкін тәуекел туралы толық түсінігі болмайды. Пруденциалды ережелер тәуекел өлшемін шектейді.

Қор нарығындағы маркетинг кйын және көп қырлы. Мұнымен бірге маркетинг мәні, кез-келген басқа ғылым сынды уақыт өте өзгеріп отырады. Маркетинг түсінігі көп қырлы. Біріншіден, тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарын қанағаттадыратын кәсіпорын тұрғысынан (маркетинг кәсіпорынды басқару ұстанымы ретінде). Екіншіден, маркетинг, сонымен бірге арнайы іс-шаралар кешені негізінде, бәсекелестермен салыстығанда тұтынушылардаң үстем (преимуществ) алу бойынша (маркетинг қаражат ретінде). Үшіншіден, маркетингті, шешім ізденімінде заманауи құрал-сайманға сүйенетін жүйелі амалы деп есептеуге болады (маркетинг әдіс ретінде).

Соңында, маркетинг ойлаудың басқару стилі нарығына бағытталған, түсінік шығармашылық, жүйелік, көп жағдайда агрессиялық тәсілдеме сипатына ие, өйткені жағдайдың дамуына жай әсер ету, сыртқы ортаның өлшемдерін тіркеп отыру жеткіліксіз.

Неміс мамандары Е.Дихтель және Х.Хершген маркетингтің үш басты бағытын бөліп көрсеткен: нарыққа шығу, нарықты кеңейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету [14]. Алғашқы екі бағыт айқын. Үшінші бағыт – нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – көп жағдайда дұрыс бағаланбайды, әсіресе, егер ұйым өркендеп жатса. Өйткені бәсекелестік жағдайында артықшылықты оңай жоғалтуға болады, валюта нарығында бұл үшін бір ірі сәтсіз мәміле де жетіп жатыр. өркендеуге ең сенімді жол тұтынушыны баға, сапа және қызмет көрсету диапазоны тұрғысынан қанағаттандыруда. Бұл тек бәсекелестерге орын қалдырмайтын маркетингтің кешенді концепциясын дамыту кезінде ғана мүмкін, сондықтан мұнымен тұрақты түрде айналысу керек. Маркетингтік тәсілдеме, біріншіден тұтынушылар мен қор нарығы мүдделерін өзара тиімді түрде сақтаған кезде, соңғылары өз алдарына қойған мақсаттарына сәтті жететін, қор нарығының өнімдері мен қызмет көрсетуді тұтынушыларға жасау, тарату мен жылжытылуы бойынша жүзеге асыру мен жоспарлауда болып табылады, мұнан өзге бұл тәсілдеме қор нарығының жағдайы мен өнімдерінің қажеттіліктеріне әсер ету мүмкіндігін тапқандағы кәсіби икемділігі және тұтынушыға бағытталуды көрсетеді. Ол басқа, икемділігі азырақ, тиісінше әлсіздеу тәсілдемелерге қарағанда нарықтағы қызметке ыңғайлырақ. Маркетингтік стратегияның тәжірибелік элементі қоспа – маркетинг сараланымдары және әрбір нарық үшін қор нарығы қызмет көрсету үйлесімдемелер ойлап шығару болып табылады. Қоспа – маркетинг көмегімен жекелей түрде қалыптасқан мақсаттар да қамтамасыз етіледі. Бұл өте үлкен жұмыс, өйткені қаржы, қор нарығы мен оның сараланымдарын кәсіби білуді қажет tntl [15].

Құнды қағаздар нарығы екі негізгі бағыта жұмыс жасайды: құнды қағаздарды сату жолымен капиталды үйлестіру жүргізідетін бастапқы нарық, және ертерек айналысқа шығарылған құнды қағаздар айналатын және меншікті қайта үйлестіру жүргізілетін қосымша нарық.

Қор нарығының тек азғантай бөлігі ғана олардың бастапқы орналастырылғаннан кейін ұстаушылардың портфелінде өздерінің өмір сүруінің барлық мерзіміне қалады. Құнды қағаздардың негізгі бөлігі ерте ме кеш қайта сатылуы үшін қор нарығына түседі. Құнды қағаздар саудасы айналымдағы бастапқы сатылымынан кейін – ақ, яғни бірінші сатып алушыдан кейінгісіне, қосымша нарықта жүзеге асырылады. Беткі жағын қарастыран кезде қор құралдарының қосымша айналымы таза алып – сатушылық операция ретінде көрінеді, өйткені бұл айналым бастапқы нарықта құнды қағаздар шығарумен сатып алынған капиталға енді ешнәрсе қоспайды. Белгілі дәрежеде ұлттық шауашылықтың тиімдірек салаларына капиталды бағыттайтын мезанизм жасайтын тек қосымша нарық екендігі дұрыс сияқты, бұл да дұрыс, өйткені перспективті өндірістердің жоғары пайдаға ие құнды қағаздарының танымалдылығы олардың жаңа шығарылымдарын орналастыруға мүмкіндік береді, тиісінше жаңа капиталдарды тартуға да.

Қосымша нарық екі бөлімнен тұрады: құнды қағаздар нарығының ең кең таралған элементімен – қор биржасымен ұсынылған ұйымдасқан нарық, және операция субъектілері брокерлер, дилерлер, құнды қағаздар шығарушылар мен инвесторлар болып табылатын ұйымдастырылмаған нарық (биржадан тыс нарық деп аталатын). Биржалық нарық құнды қағаздарды биржада айналысқа енгізумен ұсынылған. Құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет Қазақстан Респубоикасының «Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы» заңының негізінде жүзеге асырылады.

Аталмыш Заң құнды қағаздар иеленушілерінің меншіктік құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында құнды қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейды.

ҚР Аталмыш Заңнамасы негізінде құнды қағаздармен мәмілелерді тіркеу құнды қағаздар шығарушы немесе құнды қағаздар нарығының келесі қатысушыларының бірінің тіркеу орыны бойынша жүзеге асырылады:

1.      брокер – дилермен;

2.      кастодеанмен;

3.      орталық депозитармен немесе тіркеушімен.

Құнды қағазадар нарығындағы кастодеанның қызметі олардың номиналды ұстаушысының қызметтрін атқаруда. Кастодиан келесі қызметтерді атқарады:

1.      Құнды қағаздарме мәміле жасауды баұылау;

2.      Тұтынушының ақша құралдарының мәмілесіне арналған құнды қағаздар портфелін сақтау және есептеуді қамтамасыз ету болып табылады.

3.      Құнды қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде қызметті жүзеге асыру;

4.      Тұтынушылардың құнды қағаздарымен мәміле бойынша төлем агентінің қызметін ақтару;

5.      ҚР заңнамасына қарсы келмейтін және келісіммен қарастырылған басқа да қызметтерді ұсыну.

Кастодеалды келісім жасау туралы ұсыныс кастодианда ақша құралдары құнды қағаздары бойынша есеп ашуға жазбаша түрде тұтынушыдан өтініш түседі. Кастодиан тұтынушыны келісім жасалғанға дейінгі ақша құралдарын мәмілеге арналған және оның құнды қағаздарын сақтау мен есептеу бойынша қызметі ережесімен таныстыруы керек.

Кастодиалды келісім жасау кезінде тұтынушыдан есепшотқа қандай да бір қағаз немесе ақша құралдарының сол сәтте атқарылуын қажет етпейді.

Кастодиалды келісімде:

1.      кастодиан мен тұтынушының реквизиттері;

2.      келісім тақырыбы;

3.      жақтардың құқықтары мен міндеттері;

4.      номиналды ұстаушы ретіндегі қызметін кастодианның орындауы туралы мәліметтер;

5.      тұтынушы алдындағы кастодианның есеп беру формасы мен жиілігі;

6.      келісім шарттарының бұзылған жағдайында жақтардың жауапкешілігі бар болуы тиіс.

Кастодиан өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірулген ақша құралдары мен құнды қағаздарды сақтауға арнайы лицензиясы және кастодиалды қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асыруға құқылы.

Брокерлік келісім. Номиналды ұстау туралы келісім жасау ұсынысы тұтынушыдан брокер – дилерде құнды қағаздар бойынша есепшот ашуға жазбаша түрдегі өтініш формасында түседі. Брокер – дилер тұтынушыны номиналды ұстаушы ретіндегі өзінің қызметінің орындалуымен таныстыруға міндетті. Келісімді жасау кезінде есепшотқа қандай да бір құнды заттар немесе қағаздардың сол сәтте атқарылуын қажет етпейді. Брокер – диллер номиналды ұстаушы ретінде өкілетті органмен берілген, құнды қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясының бар болуы кезінде ғана бой көосете алады.

Беру шарттары мен тәртібі, сонымен қатар қызметті тоқтату және брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайтарып алу негізі Қазақстан Республикасының заңнамасымен орындалады [16].

Брокер – дилердің құрылтайшылық келісіміне енгізілетін барлық өзгертулер мен қосымшалар тіркеу үшін өкілетті органға ұсынылуы керек.

Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам формасында құрылады. Орталық депозитариймен алынатын пайда оның қатысушылары арасында бөлінбейді және оның техникалық дамуына бағытталады.

Орталық депозитарийдің тұтынушылары – депоненттер – құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – кастодиандар мен құнды қағаздар номиналды ұсташы болып табылатын брокер – дилерлер. Орталық депозитарий кастодиандар мен брокер – дилерлерге қызмет көрсетуге бас тартуға құқылы. Берудің шарттары мен тәртібі, сонымен қатар депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайтару негіздері мен қызметтерді ұсыну Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітіледі.

Клирингтік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі лицензиясына әйкес және соның негізінде жүзеге асырылады. Ақшалық есептеулер депонеттер есепшотына ақша құралдарын аудару және алу туралы есептік ұйымның депозитарийінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

Құнды қағаздар бойынша есептеулер орталық депозитаримен өз бетінше жүргізіледі. Қысқаша қор биржасын ұйымдасқан құнды қағаздар нарығы ретінде түсіндіруге болады.

Классикалық қор нарығы құнды қағаздармен мәміле жасалатын операциялық залы бар ғимарат сияқты. Компьютерлі және ақпараттық технологиялар үдерісі электронды биржа – биржа мүшелері – компаниялардың терминалдары қосылған компьютерлік жүйе. Терминалдар аталмыш компаниялардың офистарына енгізілуі мүмкін.

Барлық құнды қағаздар биржада айнала алмайды. Оған тек оның талаптарына жауап беретін ғана құнды қағаздар шығарушыларының ғана қағаздары жіберіледі. әдетте, бұл – ірі, қаржылық мықты компаниялар қағаздары. Жас әрі әлсіз компаниялардың құнды қағаздары әдетте биржадан тыс нарықта айналады.

Әрбір биржа өздерінің құнды қағазадар шығарушыларына деген талаптар тізбесін жасап шығарады. Сондықтан бір компанияның қағаз қаттылығына байланысты белгіленуі, яғни бір немесе бірнеше биржаларда айналуы мүмкін. Биржа талаптарына оның жағдайының сәйкес келуіне құнды қағаздар шығарушыны тексеруге байланысты арнайы «листинг» термині пайда болды. Листинг бұл құнды қағаздар шығарушының құнды қағаздарын биржаның  көшірме тізбегіне қосу процедурасы. Егер құнды қағаздарды шығарушы оның қағаздары биржада белгіленгенін қаласа және қойылған талаптарға жауап берсе, онда оның қағаздары биржадағы айналымға жіберіледң. Егер кейін құнды қағаздар шығарушы оны қанағаттандыруын тоқтатса, оның қағаздары белгілеуіне тізімнен шығарылып тасталуы мүмкін. Мұндай процедура делистинг деген атқа ие болды.

Әдетте, акционерлік қоғам (АҚ) оның акцияларының биржада айналуына талпынады. Биржада акцияның белгілену фактісінің өзі АҚ белгілі дәрежеде сенімділігі туралы айтады, өйткені ол биржа мамандарының тексеруінен өтті. Басқа да тең жағдайларда мұндай кәсіпорындар керек, өйткені инвесторлар оның жағдайы мен болашағы туралы жеңіл қолжетімді биржа белгілеулері арқылы шешім шығаруы мүмкін.

Қазақстандық заңнамаға сәйкес қор биржасы – бұл коммерциялық емес ұйым. Биржада сауданы тек оның мүшелері ғана жүзеге асыра алады. Биржалық мәміле жасағысы келетін басқа да тұлғалар биржа мүшелері арқылы делдал ретінде қызмет етуге міндетті. Қор биржасы өткізілетін сауданың белгілілігін және бұқаалығын қамтамасыз етуі керек.

Биржа – бұл құнды қағаздармен мәміле жасалынатын орын. Сондықтан биржада құнды қааздарды өзі қатыспайды. Биржада мәміле жасалғаннан кейін сатып алушы өзара, бұл үшін нормативті құжаттармен бекітілген мерзімде есептеулерді жүзеге асырады.

Биржа нарығының түрлері бар. Ол екі сараланымнан тұрады: спот және мерзімді нарықтан. Спот нарығында бір мезетте төлем мен құнды қағаздарды әкелу жүзеге асады. Әр мемлекеттің заңнамасы әдетте контрагенттерге, өзара есептеулерді жүзеге асыруға арналған мәміле жасалған сәттен бастап бірнеше күн бөледі. Спот нарығында пайда болған бағаны споттық немесе кассалық деп атайды.

Мерзімді нарық – бұл мерзімді мәмілелер жүзеге асатын нарық. Мерзімді мәміле – контрагенттер арасында мұндай мәміле жасалу сәтінде талқыланатын шарттарда келісім – шарт тақырыбын болашақта әкелу туралы келісім. Нарықтың екі сараланымымен сәйкес спот және мерзімді биржаны бөліп айтуға болады. Сонымен қатар тауар биржалары да бар. Атауына сәйкес, тауар биржасында тауарлар сатып алынады және сатылады. Дей тұрғанмен, тауар биржаларындағы заманауи шарттарда, сирек болатын айырықшалықты есептемегенде, мерзімді келісім – шарттармен сауда жүзеге асырылады, оның ішінде олардың негізінде құнды қағаздар жатыр. Осылайша қор және тауар биржаларының қандай да бір жақындауы болады, өйткені біріншісінде де, екіншісінде де құнды қағаздар мерзімді келісім – шарттарға айналады.

Өзінің ішкі ұйымдастырылуы бойынша биржа бірнеше маманданған бөлімнен тұруы мүмкін: валюталық, қорлық, тауарлық. Сондықтан биржаның ресми атауы биржада айналатын құралдар қатарының барлығын әрқашан дәл көрсете алмайды.

Құнды қағаздар шығарушылардың сипаты бойынша қор нарығын мемлекеттік және мемлекеттік емес құнды қағаздар нарығына бөлуге болады. Мемлекеттік емес құнды қағаздар нарығы кәсіпкерлік сектор үшін қаржы ресурстарын шоғырландыруға көмектеседі. Мемлекеттік құнды қағаздар нарығы екі маңызды тапсырманы шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, мемлекетке мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін толтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, жетіспеушілігін толтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, ол экономикадағы қысқамерзімді пайыздық салымды реттеу аумағы болып табылады.

Тиісінше, қор нарығының бірінші қызметі шаруашылық қызмет масштабын кеңейту мен ұйымдастыру мақсаты үшін салымшылардың қаражаттарын жұмылдыруда. Екінші қызметі – ақпараттық. Ол өздерінің капиталдарын орналастыру үшін бағыт беретін және салымшыларға экономикалық конъюктура туралы ақпаратты беретін қаржы нарығындағы жағдайда баолып табылады. Аталмыш ақпарат құнда қағаздардың курстық құнымен берілген.

Информация о работе Қор нарыгы