Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 08:56, дипломная работа

Описание

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Работа состоит из  1 файл

БРОКЕР.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

Қорыта  айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады. Мыс., Қазақстанда ол құжаттар «Тауар биржалары туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдардың негізінде шығарылған.

Биржа – ол делдалдар әлемі, сондықтан  сатып алу-сату бұйрығын іс жүзіне асыру  барысы екі кезеңде өтеді.

Біріншіден, брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын орындау жөнінде бұйрық алуы және оны орындауы.

Екіншіден, брокердің мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.

Биржалық  нарықта сауда жүргізу үшін сатып  алу тапсырмасын және сату тапсырысын саудаға енгізу механизмі болуы шарт. Биржалық нарықта ондай құжаттарды рәсімдеудің белгілі бір стандарттары бар. Бағалы қағаздар саудасының технологиясы бойынша сатып алуға сұраныс сатып алу тапсырмасымен, ал бағалы қағазды сатуға ұсыныс сату тапсырысымен рәсімделеді. Сауда тапсырмасын я биржалық саудаға дейін, я болмаса сауда барысында беруге болады.

Брокер  тапсырманы орындауы үшін клиент төлем  кепілдігін беру керек. Ондай кепілдік ретінде брокерге мәміленің барлық сомасына жазылған жай вексель беруге немесе мәміле сомасының белгілі-бір процентін брокердің шотына аударуға да болады. Сондай-ақ, брокерге мәміленің толық сомасы жазылған аккредитив немесе сақтандыру полисін де беруге болады. Алайда есеп айырысудың ең тиімді құралы – банктік кепілдік, ол – брокердің алғашқы талабы бойынша барлық қарызды төлеу жөніндегі міндеттемесі. Есеп айырысудың бұндай формасы мәміле жасау мерзімі мен төлем уақытын бір-біріне жақындатады.

Биржалық  сауда тапсырмасын беру техникасы  сан-алуан. Ол үшін курьердің (қағаз  тасушы) қызметін пайдалануға, ақылы хатты почта арқылы жіберуге, куәландырылған жедел хат немесе телекс жіберуге, телефаксты пайдалануға болады. Сөйтіп, брокер өз клиенттерінен тапсырыстарды алғаннан кейін сауда тапсырмасын тіркеуден өткізіп (қабылдап), оларды биржалық саудаға енгізеді.

Тапсырысты тіркеу (қабылдау) кезі – сауданың алдыңғы фазасы. Оны кәсіби тілде «маманданған тапсырыстармен ойын» деп атайды. Брокер бұл уақытта нарықта қалыптасқан жағдайларды талдап, түскен тапсырыстарды қайта қарап, оларға кез-келген параметрі бойынша қажетті деген өзгертулерді енгізіп, ашық бұйрықтың құрамын анықтайды. Алайда ескеретін жәйт, бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға түскен тапсырмалар мен тапсырыстарды клиенттердің бұйрығы негізінде дұрыс құрумен брокер шұғылданады. Берілген тапсырыстардың тапсырмаға сәйкес болуына брокер жауап береді. Сөйтіп, тапсырыстардың орындалуы биржалық сауда кезінде жүзеге асырылады.

Ғылыми-техникалық прогресс, биржа ісінің дамуы биржалық сауданы ұйымдастыру негіздерін өзгерткен жоқ. Оған мәміле тек белгілі  бір орында, яғни биржа залында өту керек деген қатаң талаптың орындалуының нәтижесі жатады. Биржалық сауда өтетін операциялық залға ерекше талаптар қойылады.

 

 

1.2 Брокерлік қызметтің түрлері мен жіктелінуі

 

Қор нарығында кәсіби делдалдық қызметтердің келесі түрлерімен ерекшеленіп көрсетіледі:

Брокерлік – бұл қызмет бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операцияларды клиенттің атынан соның тапсыруымен сатып – алу сату операцияларын және сол көрсеткен қызметі үшін комиссиялық сыйақы алатын заңды немесе жеке тұлға. Қор нарығын құрар алдында ең басты мәселе білікті мамандандырылған брокерлік топты жасақтау міндетті. Өйткені қор нарығын қалыптастыруда делдалдық қызметтің маңызы өте зор. Брокерлер стандартқа сай міндетті түрде рұқсаттандырылған (лицензированный) болуы шарт. Бағалы қағаздар нарығындағы жасалатын келісім шарт басқа нарықтардағы секілді әр түрлі формада болуы мүмкін.  Егер сатып алу жоғарғы дәрежеде болатын болса онда әлбетте ұйымдастырылған нарық өз қызметін көрсетеді. Ірі копаниялардың акциялары тек ғана биржада сатылады. Осы акцияларды иемденуде немесе сатуда кәсіби делдал “брокердің” қызметінсіз мүмкін емес. Брокер ұйымдастырылған нарықта әрекет етуші және бағалы қағаздарға қаражатты орналастыруда жекелеген, сондай –ақ инститционалды инвесторларға қызмет көрсетуші тұлға. Брокер мен инвестор арасындағы қатынас соңғысының басымдығы бойынша, басқаша айтқанда оның шешімінсіз ешкімде қаражат салуды іске асырмайды. Брокер еш уақытта күтіп отырмау керек. Брокерлік фирмалардың инвесторларды бірлесіп жұмыс атқаруға тартудағы басты каналы қызметін жарнамалық хабарландырулар болып табылады. Осылайша жарнамалық хабарландырулардан кейін брокерлік фирмалар компаниялардың жұмыс саясатының тәсіліндегі операцияларға сәйкестендірілген түрінде инвестиция салуға қызығушылық танытқан тұлғаларды тарту жолын қарастырады. Осы жерде жалпыға ортақ бір проблема туындайды – бұл елдегі азаматтарды жеке инвесторлар тұрғысынан көру.

Брокер  мен инвестор арасындағы қарым қатынасты  дәлірек айтатын болсақ онда брокерлік  фирманың құрылымына тоқталып кетке жөн болады. Биржадағы қызмет көрсететін брокерлік фирмалардың құрылымында ішкі қызметті бөлу орын алған. Басқа фирмалардағы секілді мұнда менеджерлер және биржадағы мәмлені өздері жасайтын адамдар тобы шоғырланған. Бұл тұлғалардың қарым қатынасын инвесторлар жай брокерлік деп айтса ал клиенттермен тек қатаң құпиялық мінезде болады. Банктердегі секілді мысалы: салымның құпиялығының кепілдендіріледі, ақпараттың құпиялығы,өзін инвестордың брокері екндігін хабарламау, брокерлік фирманың алғы шарттары болып табылады. Брокер нақты немесе жорамалданған баға белгілеуді бере алады. Жорамалдап баға белгілеуде бағалы қағаздардың баға белгілену бағасы келесі өкімдерде қарастырылады. Брокер белгіленген баға мен сатып ала алады немесе сата алады және бас тарта алады. Ал қатаң баға белгілеу кезінде ұсынылған бағалы қағаздар түрлерінің нақты сату немесе сатып –алу бағасы қойылады.

Брокердің қызметі жоғарыда аталғандай инвестор мен кеңесу керек, қандай бағалы қағаздарды сатып –алу немесе сату және өз клиенттері атынан таңдалған мәмлені атқаруға негізделген. Брокерлік фирмалардың барлығы бірдей бәсәкелестік жағдайда болады, еш қайсысы биржада бағаны қадағалй алмайды. Кейбір фирмалар өздерінің клиенттеріне жіті зерттелген кеңес бере алады және инвестор үшін қай жағдайда сол қарқынды компанияның бағалы қағаздары қаншалықты беделді болатынын, инвестор сол компанияға қаржы салған жағдайда қаржысының қаншалықты сақталып, қандай табыс әкелетінін қысқа уақыт аралығында жорамалдап айта алады.

Қор нарығындағы  бағалы қағаздар мен жасалынатын мәмлелердің барлығы бірдей қолма -қол есеп айырысу мен орындалмайды. Көбінесе қарыз қаражаттары қолданылады. Мұндай мәмле қор нарығында несиеге алу деп, ал бұны пайдаланудың бір ғана мақсаты – табыс көлемін ұлғайту. Несие құралын пайдалану инвесторға өзінің жеке капиталының аз шығындалуына мүмкіндік береді. Бұл мәмленің сипаты болатын басты элемент – инвестор мен салынған жеке капиталының мөлшерін орнату, яғни ол несиеге ала алмайтын ақша сомасын анықтау. Несиеге алу брокердің мақұлдауын талап етеді, себебі бұл жағдайда брокерлік фирма инвесторға жетпей тұрған соманы несиеге беріп, сатып алынған бағалы қағаздарды кепіл ретінде ұстайды. Кейбір брокерлік фирмалар өздерінің ішкі үлестерін Федералды резервтік жүйеденде қатал бекітеді. Бір кездері Федералды резервтік жүйенің көрсеткіштері 50% -ды құраған. Есте сақтайтын жайт бағалы қағаздарды несиеге алған тұлғалар белгілі бір сомадағы алған несиесі не тұрақты мөлшерде пайыз төлейтінін. Бұл негізінен 1-3% прайм –рейт мөлшерлемесі (Сенімді төлеушілерге белгіленетін ең төменгі пайыздық мөлшерлеме). Қор нарығындағы несиегі сатып алулардың негізгі қағидаларын қарапайым мысалдар мне келтіруге болады.

Қор нарығында  несиеге алудың басты артықшылығы  –бұл инвестордың кірісінің мөлшерін ұлғайтады. Бағалы қағаздады несиеге алудың тағы бір аса маңызды артықшылығы ол инвестордың жеке капиталын басқада табыс әкелетін қаржылық құралдарға әртараптандыруына мүмкіндік туады. Бұл мәмленің басты жетіспеушілігі болып несиеге сатып алынған бағалы қағаздар өздерін инвестор ойлағандай дәрәжеде көрсете алмауы және жоғары табыс күтілгенде оның орнына орны толмас шығын әкелуі ықтимал. Еекінші бір жетіспеушілігі –несиеге алынған қаржының шығындары. Брокерлік ссуда –бұл ресми құралдың көмегімен қор нарығындағы несиеге сатып алудың қол жетімсіз құралы; бұл ссудалар бағалы қағаздардың несиемен жасалынатын барлық мәмлелеріне тек “өтелмеген ”сатылым мен қажылық тауарлық фючерстерден басқасының барлығына пайдаланылады. Барлық брокерлік ссудалар пайыздық қойылымы жарияланғаннан кейін беріледі. Ол өз кезегінде ақша нарығындағы берілетін ссуданың мөлшерімен пайыздық қойылымының деңгейіне байланысты. Бұл пайыздық шығындар табыс көлемін азайтып күннен күнге өсе түседі (немесе сәйкесінше шығынды арттырады).

Клиенттің шотындағы жеке капиталының абсолютті ең төменгі шамасы бұл – брокер билікті қолына алып клиенттің бағалы қағаздарының жеткілікті мөлшерін сату арқылы шоттың құрылымына сәйкес стандарттардың орнын толтыру. Шоттағы жеке капиталдың сомасы жеткіліксіз болған кезде брокер инвесторға қосымша қамтамасыз етуді білдіретін және жағдайды өзгертуде шараларды қолдауын талап етуді ұсынады. Осы жолмен брокерлер клиенттерінің шамадан тыс шығындарының алдын алады, ал клиенттер болса брокерлік фирма мен нарықтан тыс қалып қалмауға мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта акция бойынша мәмледе қолдаудағы жарна мөлшері 25%-дан өзгертілген жоқ.

Бағалы  қағаздар нарығында бастапқы кезде  өздеріне дилелердің функциясын жүктейтін  делдалдар болмайды. Сондықтан ең алдымен делдалдық қызметтің  алдыңғы сатысында брокерлерге жоғарғы дәрежеде көңіл бөлініп оларды нарық сұранысына қанағаттандырарлықтай етіп жабдықтау қажет. Уақыт өте келе брокерлер арасынан өздеріне дилерлік қызметті жүктей алатындары байқалады.

Брокерлердің  клиентері тек қана сол елдің  азаматары ғана болып қоймайды, сонымен қатар сол елдің резидент еместері де олардың клиентері бола алады. Брокерлердің клиентері тек жекелеген тұлғалардан басқа ірі - ірі кәсіпорындар, банктер, холдингтер, акционерлік қоғамдар, транс ұлтық компаниялар бола алады.

Мүдделер  қақтығысы туындаған жағдайда брокер мәмлені өз мүддесіне клиенттің мүддесі басым екендігін негізге ала отырып жасауға міндетті.   

Брокер  мен дилердің айырмашылығы –брокер  клиентің қаржысына және соның бұйрығымен жұмыс жасайды, ал дилер өз қаражатымен  өзінің қалауымен операцияларын жасайды. Брокер немесе дилер болып жұмыс атқаруға болады, бірақ келісім шарт жасасқанда бір ғана тұлғалық қызметті атқаруы шарт. Брокерлік немесе дилерлік қызметті атқаруға екі түрлі санаттағы рұқсат (лицензия) беріледі: Біріншісі – клиентің есеп шотын жүргізуде номиналды ұстаушы құқығына, Екіншісі – клиентің есеп шотын жүргізуге құқысыз. 

Айналысқа жаңа түскен бағалы қағазды дилер  сатып алып оны инвесторға қайта  сататын болса онда бұл тілхат, ал дилер болса тілхатты беруші болып  табылады. Нарықта бағалы қағаздарға дилер сатып алушыны жай табатын болса онда ол брокердің рольін орындайды, ал оның көрсеткен қызметі агенттік операция деп аталады. Кейде дилер опционға тілхатты алады,басқаша айтқанда эмитенттен сатып алу құқығын алады.

 

 

1.3 Биржадағы мәмілелерді жүргізудегі брокерлер – дилерлік қызметтердің ролі

 

Биржалық  мәміле деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржада тіркеуден өткізіледі.

Мәмілеге  келгенде оның төрт жағын ескеру керек:

1. Ұйымдастыру  жағы – ол мәмілеге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың тәртібін көрсетеді;

2. Экономикалық  жағы – ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін және тәуекелін көрсетеді;

3. Құқықтық  жағы – ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;

4. Этикалық  жағы – ол мәмілелерге қоғамдық көзқарасты көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.

Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік.

Мәміле  жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен  мәміле бекітілген және бекітілмеген болып екіге бөлінеді. Бекітілген мәмілеге мәміле жағдайларын қосымша  келісудің қажеті жоқ. Сондықтан  ондай мәміленің қозғалыс циклы:

- бекіту, клиринг және есеп айырысу;

- мәмілені орындау фазаларынан тұрады.

Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклы сатушы мен сатып алушы арасында тікелей  немесе делдал арқылы бекіту болып  екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар  мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады, ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге жатады. Мәмілені тікелей бекіту «көшедегі» нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін. 

Егер  мәміле делдалдар арқылы жасалса, онда клиент (не сатушы, не сатып алушы) делдалмен я тапсырма шартын, я комиссиялық ақы шартын бекітеді.

Әдетте  клиенттің қоғамдағы статусына  қарай мәміле екі түрге бөлінеді. Егер мәміле институциональдық инвестордың  тапсырысы бойынша жасалса, онда ол көтерме мәміле деп, ал жеке инвестор үшін жасалса, бөлшек мәміле деп аталады. Көтерме мәмілеге келгенде институционалдық инвесторларға қойылатын кейбір шектеулерді ескеру қажет. Мысалы, бюджеттен тыс қорлар үшін мәміле тек мемлекеттік бағалы қағаздармен ғана жасалуы тиіс, инвестициялық қорлар бір эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алуға өз жарғылық капиталының 5 процентінен артық жұмсауға болмайды және т.с.с. шектеулер болады.

Мәмілеге  келуді ұйымдастыруға байланысты мәміле биржалық және биржадан тыс деп те бөлінеді. Бұл мәмілелер – дереу орындалатын немесе мерзімді мәміле болуы мүмкін.

Тауар, қор және валюта биржаларында жасалған мәмілелердің барлығына тән жалпы  белгілері болуымен қатар, әрбір  биржа мәмілелерінің өзіне тән  ерекшеліктері де бар.

Информация о работе Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері