Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 08:56, дипломная работа

Описание

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Работа состоит из  1 файл

БРОКЕР.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

Өз  кезегінде нақты тауармен мәміле дереу жеткізу мәмілесі және жеткізу мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Дереу жеткізу мәмілесі биржа қоймасындағы немесе жолдағы тауарға жасалады, сондықтан оны қолма-қол жасалатын мәміле деп те атайды. Мұндай мәмілелер сатып алу-сату шартымен рәсімделеді. Олардың мақсаты – физикалық тауардың сатушыдан сатып алушыға өтуі.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміленің дереу жеткізу мәмілесінен айырмашылығы:

Біріншіден, бұл қоймада бар тауарға да жасалатын, сондай-ақ жеткізу мерзіміне  қарай болашақта өндірілетін  тауарға да жасалатын мәміле.

Екіншіден, оны орындау мерзімі бекіту мерзіміне сай келмейді, әдетте бұндай мәмілелер бір жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі.

Үшіншіден, жеткізу шартымен рәсімделеді, яғни сатушы тауарды сатып алушыға  бекітілген мерзімде жеткізіп беру үшін өзіне міндеттеме алады, ал сатып алушы шарт бойынша тауарға төлем төлеуге және тауарды қабылдап алуға міндеттенеді.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміле немесе форвардтық мәміле қауіпті, яғни тәуекелі жоғары деп саналады, себебі бір жақтың мәмілені орындауды кешіктіруінен немесе орындамауынан сатушы да сатып алушы да зиян шегуі, яғни шығынға ұшырауы мүмкін.

Осы мәмілеге байланысты тәуекелді төмендету үшін биржалық тәжірибеде форвардтық мәміленің басқа  да түрлерін пайдалануға болады.

Алғашқыда мәміленің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдікпен мәміле пайда болды. Кепілдікті бір жақ екінші жақтың алдында міндеттемесін орындайтынын сендіруі үшін төлейді. Сондықтан сатып алуға кепілдікпен мәміледе ақы төлеуші – сатып алушы, ал сатуға кепілдікпен мәміледе төлеуші – сатушы.

Сыйақымен мәміле күрделі де болуы мүмкін. Онда төлеуші қарсы екі мәмілені біріктіреді, яғни сыйақыны өзінің екі контрагенті төлейді. Ол біреумен сатып алу мәмілесін, ал екіншісімен сату мәмілесін жасасады.

Еселенетін  сыйақымен мәміле – ол бір жақтың сыйақы төлеп мәміледегі тауардың санын бірнеше есе көбейтуге жасасқан шарты.

Қор биржасына  жеке корпорациялардың, мемлекеттік  органдардың және шетелдердің бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналысқа түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БРОКЕРЛІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНАН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

 

2.1 Қазақстан  Республикасы бағалы қағаздар  нарығындағы брокерлік қызметтің  даму тенденциясы

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының институционалды инфрақұрылымы мынадай үлгіде ұсынылады. 2010ж. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жай-күйіндегі брокерлік қызметтегі делдалдардың тенденциялық көрсеткіштеріне мән берсек, онда төмендегі кестеде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік-дилерлік  қызметін көреміз.

 

1 - кесте  - Қазақстан Республикасы бағалы  қағаздар нарығындағы брокерлік-дилерлік  қызмет

 

01.01.09ж. 

01.04.09ж

01.07.09ж

01.10.09ж

01.01.10ж

Оның ішінде барлық брокерлер–дилерлер:

103

99

92

86

банктер

24

24

24

24

олардың 1-санаттағысы

22

22

22

22

банктік емес ұйымдар

59

57

56

53

олардың 1-санаттағысы

51

48

47

44

АӨҚО қатысушылары

20

18

12

9

Тіркеушілер

15

14

13

12

Кастодиандар 

11

11

11

11

ЖЗҚ зейнетақы  активтерін

инвестициялық басқарушылар

13

13

14

14

Инвестициялық портфельді басқарушылар, оның ішінде:

66

63

60

54

инвестициялық компаниялар

4

4

4

3

ӨӨРҰ

2

2

2

2

Трансфер-агенттер

4

3

3

3

Бағалы қағаздармен  сауда-саттықты ұйымдастырушы

1

1

1

1

Ескерту - KASE ресми мәліметтер негізінен алынған


 

2009 жылы  бағалы қағаздар нарығында номиналды  ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын  жүргізу құқығымен брокерлік  және (немесе) дилерлік қызметті  жүзеге асыруға 1 лицензия берілді  ("Griffon Finance" АҚ). Сонымен қатар есепті кезеңде 8 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға 4 лицензия («КАПИТАЛИСТ Секьюритиз» ЖШС, «BCC Securities» АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ ЕҰ, «ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ-СЕКЬЮРИТИЗ» АҚ, «REAL-INVEST RFCA» АҚ) және инвестициялық портфельді басқаруға 3 лицензия ("Rise Capital" АҚ, «BCC Securities» АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ ЕҰ, «ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ-СЕКЬЮРИТИЗ» АҚ) және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға 1 лицензия («NTC-тіркеуші» АҚ). Сондай-ақ есепті кезеңде 2 ұйым («Investment Trust Management Company» АҚ, «General Asset management» АҚ) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.

Жиынтығында 2009 жыл ішінде 4 лицензия, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында номиналды  ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға 1 лицензия ("Griffon Finance" АҚ), инвестициялық портфельді басқаруға 3 лицензия берілді ("Zurich Investment Management" АҚ, «BCC Securities» АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ ЕҰ, "FATTAH FINАNCE" АҚ). 2009 жыл ішінде 37 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға 21 лицензия («Алем» инвестициялы. компаниясы» АҚ, "Maximum Asset Management" АҚ, «ABS SECURITIES» АҚ, “VISOR Investment Solutions” АҚ (ВИЗОР Инвестмент Солюшнз), «Алматы Инвестмент Менеджмент» АҚ, «Казкоммерц Инвест АӨҚО» ЖШС, «Centras Financial» ЖШС, "IWC Invest" ЖШС (ИВС Инвест), «MAG Capital» ЖШС, «SANA Securities», «Казкоммерц АӨҚО» ЖШС («Казкоммерцбанк»), «Глобал Секьюритиз (Қазақстан)» АҚ, "BWK-INVEST" ЖШС, «Resmi Investment House Almaty» ЖШС, «AIM Capital» АҚ, «Астана-Финанс» АҚ, «КАПИТАЛИСТ Секьюритиз» ЖШС, «BCC Securities» АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ ЕҰ, «ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ-СЕКЬЮРИТИЗ» АҚ, «REAL-INVEST RFCA» АҚ, «Алан Секьюритис» АҚ), инвестициялық портфельді басқаруға 13 лицензия («EAST CASPIAN CAPITAL» басқарушы компания АҚ, "Maximum Asset Management" АҚ, «Авангард Капитал» АҚ, «КИТ Фортис Инвестмент Менеджмент» АҚ, «Abadan Investments» АҚ, «CSB Securities» АҚ, «VOSTOK CAPITAL» АҚ, «GLOTUR INVEST» АҚ, «AIM Capital» АҚ, «Астана-Финанс» АҚ, "Rise Capital" АҚ, «BCC Securities» АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ ЕҰ, «ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ-СЕКЬЮРИТИЗ» АҚ), бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға 3 лицензия («Единый регистратор» АҚ, «NTC-регистратор» АҚ, "Лотос Секьюритиз" АҚ) және трансфер-агенттік қызметке 1 лицензия («C-n-D Express» ЖШС). Сонымен қатар 2009 жыл ішінде 7 ұйым инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды («Алматы Инвестмент Менеджмент» АҚ, “West investment company”/Уэст инвестмен компани/ АҚ, "Capital Almakhan Invest" АҚ ("Капитал Алмахан Инвест"), «Алан Секьюритис» АҚ, «Asia Broker Services» АҚ, «Investment Trust Management Company» АҚ, “General Asset management” АҚ) және 2 ұйым бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылды («Алан Секьюритис» АҚ, «Asia Broker Services» АҚ).

 

 

2.2 Қазақстан  республикасындағы брокерлік фирма  қызметін талдау

 

 Биржалық қор нарығының буырқана өсуі әлемдік қаржы дағдарысының алдында брокерлердің саны әжептәуір көбейе түскен еді. 2006-жылдың 1-қаңтарына сәйкес мерзімде брокерлердің саны 62-ге жеткен, олардың 25-нің лицензиясы банктердің еншісінде болса, 37-нің лицензиясы банктік емес ұйымдарға тиесілі болған. 2008-жылдың 1-қазанында брокерлік және дилерлік қызмет түрлерін атқаруға нарықтағы 106 қатысушы рұқсат қағаз алыпты. Бұлардың 24-і екінші деңгейдегі банктер, 62-сі банктік емес ұйымдар және 20-сы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болып табылатын 20 брокерлік-дилерлік компания.

 «Бағалы қағаздар нарығы  туралы» заңға сәйкес Қазақстанда  брокерлік және дилерлік қызмет  түрін атқаруға берілетін лицензия, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің  есеп-шоттарын енгізу құқы бар  немесе есеп-шоттарды енгізу құқы жоқ болуы мүмкін.

Ондай құқық брокерлік  компания бизнесінің моделін құрастырады, соның ішінде, әсіресе, ұйымдастырушылық құрылым мен кәсіби қызметтерді. Есеп-шоттарды енгізу құқы жоқ брокерлер  тек бағалы қағаздарды сатып алу  және сату амалдарын жүзеге асырады. Ал, есеп-шоттарды енгізуге құқы бар брокерлер құрылымында есептік бөлімше болады, олар сауда-саттық келісімдерін жүргізіп, бағалы қағаздар мен клиенттердің қаражатын есептеу жұмыстарын атқара алады.

Сонымен қатар, формальді  емес, бірақ маңызды саналатын брокерлік компанияларды құрылтайшы түрлері бойынша бөлу әрекеті де кездеседі. Егер, компанияны банк ашқан жағдайда, міндетті түрде ол банктік болып аталады, ал акционер ретінде өндірістік компания немесе жеке тұлға танылса, ол компания банктік емес деп аталады. Аталмыш бөлінудің маңыздысы сол, брокерлік компанияларға әр түрлі даму стратегиясын ұсынады, яғни нарықтық мүдделерге әсер етеді.

Брокерлік компаниялар өз клиенттеріне қаржы инструменттерімен  сауда-саттық операцияларын жүргізу  қызметін көрсетеді (бағалы қағаздармен, ақша нарығы инструменттерімен, валютамен, өндірілетін құралдармен, т.т.).

Бұған қоса, брокер реттеуші орындар мен клиентке тапсыруға  міндетті әр түрлі есептеулер мен  клиенттердің есеп-шоттарын енгізу қызметін көрсетеді. Брокерлік компаниялар, сондай-ақ клиенттерге арналған қосымша әр түрлі кеңес беру және оқыту сабақтарын жүргізеді.

Дамыған нарықта брокерлер  өз клиенттеріне маржиналды келісім  жасауға мүмкіндік туғызады. Былайша  айтқанда, егер клиенттің қолында  бағалы қағаз немесе ақша жетпей қалған жағдайда, брокер оған бағалы қағаз немесе ақша түрінде несие береді (кәсіби ұғымда мұны – «демеу» дейді). Осының арқасында клиент қосымша актив иеленуге мүмкіндік алады және жоғарылап не құлдырап бара жатқан нарықта үлкен табысқа жетеді. Сонымен бірге, ақша болмаған жағдайда да саудаға қатысады (бұл ретте демеу үшін ертерек сатып алынған қағаздар қолданылады).

Брокерлік қызмет көрсету  қазақстандық брокерлік компаниялар  қызметіндегі басым бағыттың бірі болып  табылады. Ол қазақстандық қор нарығында қаржы инструменттерін, сондай-ақ ірі халықаралық қор биржаларындағы құралдарды сатып алуды қамтамасыз етеді.

Компания трейдерлері  үлескерлік және борышкерлік инструменттердің барлық спектрі бойынша операция жүргізеді: корпоративті облигациялармен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, құрылымдық тауарлармен, ақша нарығы инструменттерімен, вексельмен.

Компания мамандары өз клиенттеріне қаржы нарығының ағымдағы жағдайы турасында кеңестер беріп отырады, елдегі экономикалық жағдайдың жалпы дамуын болжайды, келешегі бар бағалы қағаздар қоржынын құрастыруда клиенттерге ұсы-ныс береді. Келісім бойынша эмитенттер мен контрагенттер ара-қатынасында клиентке заңдық тұрғыдан қолдау көрсетеді, қажеттілік туса акционерлердің жалпы жиынында немесе басқа атаулы шараларда клиенттің мүддесін жақтайды.

Брокерлік қызмет көрсету  аясында компания клиенттеріне бағалы қағаздарды мына қасиеттерге ие номиналды ұстау жөніндегі қызметке қол жеткізуіне мүмкіндік бар:

- клиенттердің есеп-шоттарын ашуға және жүргізуге;

- бағалы қағаздарды ауыстыру, сату мен сатып алу жөніндегі биржадан тыс келісім жасауға, бағалы қағаздарды ауыстыру операциясын жүргізуге;

- бағалы қағаздар бойынша клиенттің  құқын растау;

- номиналды ұстауға берілген  бағалы қағаздарға қатысты ақпараттармен  клиентті құлағдар етіп отыру

Сонымен қатар, брокерлік  компаниялар қор биржасына келген бағалы қағаздар негізінде эмитенттерге маркет-мейкер қызметін көрсетеді. Маркет-мейкер институтының маңыздығылы сол, бағалы қағаздарды сату мен сатып алуда сұранысты қолдауға көмектеседі.

Бұған қоса брокерлер өз клиенттеріне Интернет-трейдинг қызметін көрсетеді. Бұл Қазақстан қор биржасында арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету  арқылы (сауда терминалы) өз бетімен  сауда-саттық жүргізу тәсілі, оны  брокерлер жеткізіп береді. Интернет-трейдинг клиенттердің сауда жүйесіне өз бетімен өтініш жіберуіне мүмкіндік береді.

Қазақстандық брокерлер  институтының керемет артықшылығы  деп, оның бірқатар қызметтерді аралас атқаруын атауға болады, әлемдік тәжірибеде мұны әр түрлі қаржы институттары орындайды.

Аталған аралас қызмет түрлерін отандық қор нарығының нашар  дамуымен түсіндіруге болады, өйткені, брокерлер үшін тек сауда операциялары жөніндегі комиссия жұмысынан ғана ақша табу қиын, сондықтан өзіндік  институттар – инвестбанктер  мен басқарушы компаниялар пайда болғанда бұл қызмет түріне деген сұраныстың төмендігінен осындай әрекетке барған.

Информация о работе Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері