Жерге
салық салудың объектiлерiн атап
өтетiн болсақ:
- Ауыл шаруашылығы
мақсатында пайдаланылатын жерлер;
- Елдi мекендi
жерлер;
- Өнеркәсiп,
көлiк, байланыс және қорғаныс және өзге
мақсаттағы жерлер;
- Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтағы жерлер;
- Орман қоры
жерлерi;
- Су қоры жерлерi;
- Қордағы (запастағы)
жерлер.
Салық
салу объектiсiне қарай мүлiкке
салынатын салық тiкелей салықтарға
жатады. Белгiленген ставкаларды есепке
ала отырып, салық мүлiктiң құнына тiкелей
салынады.
Қазақстан
Республикасының аумағында меншiк,
шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару
құқығында салық объектiсi бар
заңды тұлғалар мен меншiк құқығында
салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлердiң
мүлiктерiне салынатын салықты төлеушiлер
болып табылады. Заңды тұлғалар мен
жеке кәсiпкерлер үшiн негiзгi құралдар
мен материалдық емес активтер салық
салу объектiсi болып табылады.
Ендi
елiмiздегi 2000 және 2003 жылғы мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiсiндегi жер салығы мен
мүлiк салығынының үлесiн төмендегi
кестеден көре аламыз:
Кесте
3
Мемлекеттiк
бюджеттегi жер салығы мен мүлiк
салығының үлесi
Көрсеткiштер
|
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Жер салығы |
5013 |
4644 |
5506 |
5855 |
Мүлiк
салығы |
1465 |
15210 |
14763 |
20944 |
Көлiк
құралдарына салынатын
салықты меншiк құқығында салық салу
объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк,
шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару
құқығында салық салу объектiлерi бар заңды
тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi
төлеушiлер болып табылады.
Уәкiлеттi
органдарда мемлекеттiк тiркеуге жататын
және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi
қоспағанда, салық
салу объектiлерi болып табылады. Жүк
көтергiштiгi 40 тонна және одан да асатын
карьерлiк автосамосвалдар, мамандырылған
медициналық көлiк құралдары салық салу
объектiлерi болып есептелмейдi.
Мұнда
салық мөлшерлемесi көлiк құралдары двигателiнiң
көлемiне, қуатына немесе жүк көтергiштiгiне
қаарй айлық есептiк көрсеткiштерге белгiленген
және көлiк құралдарыынң түрлерi бойынша
сараланып төленедi. Мөлшерлемелерге пайдаланылу
мерзiмi бойынша төмендететiн түзету коэффиценттерi
қолданылады.
Жанама
салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы
енгiзiлген қосылған
құнға салынатын салық
– ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi
мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен
щшығысының орнын бағаны көтеру жолымен
толықтырады және салықты төлеудi сатып
алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi
материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм
(амортизациясы бар таза өнiм) болып саналатын
қосылған құн болып табылады: қосылған
өнiмге кешендi шығындар, мысалы, жарнамаға
жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар
қамтылуы мүмкiн.
Демек,
бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық
салынатын объектiсi сатудан түскен
бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық
салынатын айналым мен салық
салынатын импортты қамтитын қосылған
құн болып табылатындығында. ҚҚС
дүние жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде,
соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының
17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы
мынада: бiрiншiден, ол жаңа құн жасалынған
орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен
тобынан алынады; екiншiден, төлеушiлер
үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен
ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың
өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық ахуалына,
инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет
бюджетiнiң кiрiстерiн қалыптастырудың
сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз
етедi. ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының
бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң
бiрi болып саналады. 2004 жылы мемлекеттiк
бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл
төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.
Акциздер
– бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн
тауарларға салынатын салық. Акциздердi
өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай
монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты
сұранымы болатын тауарларды өндiрушiлер
төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге
де салынуы мүмкiн.
Акциз
ставкаларын Үкiмет бекiтедi және
тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы
өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi.
ҚР-ның Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң
үлесi 2004 жылы 3,5%-ды құрады.
II ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
ҚАРЖЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚ
КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1
Салық комитеті
және оның қызметтері
Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің
облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша салық комитеттерi, ауданаралық
салық комитеттерi, аудандар, қалалар
және қалалардағы аудандар бойынша салық
комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық
аймақтар аумағындағы салық комитеттерi
- мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң облыстар,
Астана және Алматы қалалары бойынша салық
комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi,
аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар
бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы
экономикалық аймақтар аумағындағы салық
комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi болып
қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық
комитетi өз құзыретi шегiнде салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы
жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың
толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз
ету саласындағы iске асырушылық және
бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң ведомствосы болып
табылады.
Комитеттің
басты мiндеттерi
мыналар болып табылады:
- салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң
толық түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының
және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдардың толық
және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
- "Салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген
тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;
- Қазақстан
Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету; этил спиртi мен алкоголь
өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің
жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын
мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;
- халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Салық комитетiнің заңды
тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары
бар, оларға мыналар жатады: аймақаралық
салық комитеттерi, облыстар, Астана және
Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi,
ауданаралық салық комитеттерi, аудан,
қала және қаладағы аудандар бойынша салық
комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық
аймақтар аумағындағы салық комитеттерi.
Комитет өз қызметiн
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына,
Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік
құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге
сәйкес жүзеге асырады. Комитет
мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады,
мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және
мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi,
сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық
органдарында бюджеттік шоттары және
Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан Республикасы
бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған
жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет
азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан
түседi.
Комитеттiң,
егер Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес уәкiлеттік берiлсе,
мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың
тарабы болуға құқығы бар. Комитет
шығаратын кесiмнiң нысаны Комитет басшысының
бұйрығы болып табылады. Комитеттiң
штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкiметі бекiтедi. Комитеттiң
толық атауы - "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитетi"
мемлекеттік мекемесi.
Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитет
кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің
функциялары болып табылатын
мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға
түсуге құқысыз. Комитетке заңнамалық
кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті
жүзеге асыру жөнiндегі құқық берiлген
жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер
республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi.
Комитет
заңнамада белгiленген тәртiппен келесі
қызметтерді жүзеге асырады:
1)
мемлекеттiк саясатты iске
асыруды қамтамасыз
ететiн функциялар:
- Қазақстан
Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік
тiзiлiмiн жүргізу;
- салық төлеушiлердi,
салық салу объектілерiн және салық салуға
байланысты объектiлердi есепке алудың
бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және жүргiзу;
- салық заңнамасының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша
орталық және жергілікті мемлекеттiк органдармен
өзара iс-қимыл жасау;
- этил спиртiнiң,
алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң
өндiрiлуi және айналымы саласында есепке
алу мен есептілікті ұйымдастыру; этил
спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi
өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында
есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
- этил спиртiнiң,
алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң
өндiрiлуi мен айналымына бақылауды жүзеге
асыру бойынша мемлекеттік органдармен
өзара iс-қимыл жасау;
- салық төлеушiлердiң
қаржы-шаруашылық қызметiне, мұнай өнiмдерiн
өндірушілердiң, мұнайды жеткiзушілердiң
және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды
жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ
темекi өнiмдерiн өндiретін тұлғалардың
қызметіне мониторинг;
- мұнай өнiмдерiнің
жекелеген түрлерiн өндiру және олардың
айналымы бойынша бiрыңғай дерекқорды
жүргiзу;
- өз құзыретi
шегiнде салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндетті төлемдердiң түсуi мәселелерi
бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің
өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық
ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастық;
- салық берешегiн
мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмыстарды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- "Салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген
тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар
есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ
салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының
әрекетi (әрекетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық
тексерулердiң кесiмдерi бойынша хабарламаларға
заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын
қарау;
- салық мiндеттемелерiнiң
туындау, орындалу және тоқтатылу мәселелерiн
жеке және заңды тұлғаларға түсiндiру жөнiндегі
жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- этил спиртi
мен алкоголь өнiмiн өндiру және импорттауды,
темекi өнiмдерiн өндiрудi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында лотереяларды ұйымдастыру
және өткiзу байланысты қызметтi лицензиялау;
- өзге мемлекеттiк
органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң
және (немесе) олардың айналымының көлемi
туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi
ақпаратты бiрыңғай дерекқорға берудiң
нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
- өз құзыретi
шегінде этил спиртiн, алкоголь өнiмiн және
темекi өнiмдерiн, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген
түрлерiн өндiру мен айналымын реттеу;
- салықтық
құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi
бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық
мiндеттемелерiн орындау;
2)
бақылау-қадағалаушылық
функцияларды:
- салық және
бюджетке төленетін басқа да мiндетті
төлемдердiң түсуiнiң толықтығын көздейтiн
заңнаманың сақталуын бақылауды;
- нормативтiк
құқықтық кесiмдерде белгiленген құзыретi
шегінде салықтық емес төлемдердiң түсуiн
бақылауды (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының
үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын
акциялардың пакеттерiне дивидендтерден,
"Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны
үшін жалгерлiк төлемнен, республикалық
мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және
сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн
жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден,
капиталмен жасалған операциялардан алынатын
түсiмдерден басқа);
- трансферттік
бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк
бақылауды;
- мемлекеттiк
бюджетке бөлiнетiн мiндеттi төлемдердi
есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге
асыруға уәкiлетті Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының қызметін бақылауды;
- қолданылып
жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын
акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздiк
алым маркiлерiнің сақталуын, сатып алынуын
және есепке алынуын, сондай-ақ есепке
алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын, сақталуын,
сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды;
- акцизделетiн
тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдардағы
акциз бекеттерiнің жұмысын бақылауды;
- бақылауды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес этил спиртiнің, алкоголь
өнiмiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi
мен айналымы саласында құқық бұзушыларға
әсер ету шараларын қабылдауды;
- өз құзыретi
шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
сақталуын бақылауды;
- мұнай өнiмдерiнiң
айналымына мұнай өнiмдерiнің өндiрiсi және
айналымы бойынша iлеспе жүкқұжаттар мен
декларациялар арқылы бақылауды.
Салық
комитетінің келесілерге құқықтары
бар:
- Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігiне
мемлекеттiк бюджетке төленетін мiндетті
төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды
қамтамасыз етуге уәкiлетті Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк органдарын
айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- салық және
басқа да міндетті төлемдердi әкiмшiлiктендiру
әдiстемесiн әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық
технологиялардың көмегімен функционалды
рәсiмдердi жүзеге асыруды басқару мен
бақылау әдiстерiн жетiлдiруге қатысуға;
- салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
бойынша мемлекеттiк есептілікті жинаудың
нысандары мен әдiстерiн жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізуге;
- салық салу
саласындағы заңнаманы қолдану тәжiрибесiн
талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы
саладағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
енгізуге;
- ынтымақтастықтың
экономикалық аспектiлерi бар халықаралық
шарттар мен келісiмдердiң жобалары бойынша
ұсыныстар енгізуге;
- Комитеттiң
негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске
асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды
заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға
және алуға;
- Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде
белгiленген талаптарды сақтай отырып,
салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты
салық төлеушінің ақша құжаттарын, бухгалтерлiк
кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, ақшасының
бар-жоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерiн,
декларацияларын және өзге де құжаттарын
тексерудi жүргiзуге;
- салық төлеушіден
белгілеген нысандар бойынша салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi
есептеу және төлеу (ұстап қалу мен аудару)
жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру
бойынша түсiндiрмелердi, сондай-ақ салық
және бюджетке төленетін басқа да мiндетті
төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларына
мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң
(ұстап қалу және аудару) дұрыстығы мен
төлеудiң уақтылығын растайтын құжаттарды
беруiн талап етуге;
- салықтық
тексерудi жүзеге асыру барысында Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде
айқындалған тәртiпте салық төлеушiден
салықтық құқық бұзушылықтар жасалғаны
туралы куәландыратын құжаттарды алуды
жүргiзуге;
- олардың орналасқан
жерiне қарамастан, кiрiстер алу үшін пайдаланылатын
кез келген салық салу объектілерiн және
салық салуға байланысты объектілердi
тексеруге, салық төлеушiнiң мүлкiн (тұрғын
үй-жайлардан басқа) түгендеудi жүргiзуге;
- өз құзыретi
шегiнде бақыланатын объектілерде дайын
этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн шығару
көлемiнiң осы салада қолданылатын нормативтерге
сәйкестігін тексеруге, осы мақсаттарда
осы объектiлердің есепке алуды бақылау
аспаптарымен жарақталуын, технологиялық
процесс нормалары мен ережелерінің сақталуын
және этил спиртi мен алкоголь өнімдерiнiң
айналымын бақылауға;
- этил спиртi
мен алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн
өндiретiн, сақтау мен сатуды, импорттауды
жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды
лицензиаттарға қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкестiгi мәнiне тексерудi
жүзеге асыруға;
- өз құзыретi
шегiнде мемлекеттiк медициналық кәсiпорындардың,
сондай-ақ дәрілік құралдар мен фармацевтикалық
препараттарды өндiрушілердiң этил спиртiн
пайдалануын бақылауға;
- темекi өнiмдерінің
қалдықтары мен айналымы туралы декларацияларды
қабылдауға, олардың есебiн жүргiзуге және
талдау жасауға;
- Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес темекi
өнiмдерiн өндiрудiң паспорттарын қабылдауға
және олардың есебiн жүргiзуге;
- акцизделетiн
өнiмнің өндiрiсi мен айналымынан акциздер
түсiмінің толықтығы мен уақытылығы бөлігінде
акцизделетiн өнiмдi сақтау мен сатуды,
импорттауды жүзеге асыратын заңды және
жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыруға;
- тексерілетін
салық төлеушi - заңды тұлға немесе жеке
кәсiпкерге салық салумен байланысты мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының заң
кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық,
банктік және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәліметтердi жария етудiң
талаптарын сақтай отырып, банктер мен
банктік операциялардың жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктiк
есеп шотының бар екендiгi және номерi,
осы шоттардағы ақшалардың артық қалғандары
мен қозғалысы туралы мәлiметтердi алуға;
- "Салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген жағдайларда
салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн
жанама тәсiлмен анықтауға;
- өз құзыретi
шегінде бюджеттік төленетiн өзге де міндетті
төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, алудың
толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері
бойынша уәкілетті органдарды тексерудi
жүргізуге;
- Комитеттiң
аумақтық органдарына орындауға мiндеттi
нұсқаулар беруге; өз құзыретi шегiнде
нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға;
- Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды
төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау
мерзiмдерiн өзгерту жөнiндегi мәселелердi
қарауға;
- "Салық
және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексінде (Салық кодексiнде) белгіленген
тәртiпте салық декларациясын беру мерзiмiн
ұзарту туралы шешiм қабылдауға;
- Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесiмдерiне
сәйкес әкiмшілiк жаза қолдануға;
- сотқа, оның
iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа
да мiндетті төлемдер бойынша берешегi
бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің
жарғылық капиталына қатысуымен салық
төлеуші - акционерлiк қоғамның жарияланған
акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының
4) тармақшасында
көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны
тарату туралы талаппен жүгінуге;