Игіліктер нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:41, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: игіліктер нарығының теориялық жеткізілімдерін сипаттай отырып, ондағы басты факторлардың экономиканың секторындағы қажеттілігі мен оның қызметтері туралы баяндау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатқызылады:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
игіліктер нарығындағы ерекшеліктерді айқындау;
Қазақстанның тауар нарығы қызметтер нарығына экономикалық шолу;
Курстық жұмыс негізінен ІІІ тараудан тұрады. І тарауда игіліктер нарығының теориялық негіздері ашылады. Курстық жұмыстың ІІ тарауында игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері аймақтық аспекті мен Қазақстан бойынша қарастырылған. ІІІ тарауда игіліктер нарығының экономикалық саясаты мен даму перспективалары туралы берілген.
Курстық жұмыстың соңы қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен және қосымшамен нақтыланған.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………3-4
І Игіліктер нарығының теориялық негіздері
1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері…………………………..….5-7
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері…………………….7-13
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі….13-16
ІІ Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау……17-22
2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау………………….22-26
2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша)…………………………………………………………………..27-28
ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру
3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты……29-31
3.2. Қазақстанның игіліктер нарығын дамыту перспективасы……….31-32
Қорытынды……………………………………………………………….33-34
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….35
Қосымша ………………………………………………………………………36

Работа состоит из  1 файл

Игіліктер нарыгы.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

     Сұраным заңымен бірінші рет танысқан адамның таңдануын көзге елестетуге болады, ол  «бұл дегеніміз айқындылық қой » деп ойлайды. Әйткенмен, біздің алдымызда тұрғаны шынында да нарықтық экономиканың ең елеулі заңдарының бірі, экономикаға нарықтың сипат беретін тұтынушының аса қуатты қорғанышы. Міне, осы себептен де бұл заңды талдауға кез келген оқулықта жетекші орын беріледі.

     Сұраным заңын түсіну үшін тәуелділіктің  «неден» байланысты екендігінің  мұнда бағаның сұранымнан немесе сұранымның бағадан тәуелділігінің қандайлығы бейтарап қалдырар нәрсе  емес. Сұраным заңы бұл сұраным  бағамен, тек қана бағамен анықталатын экономикалық нұсқа болып табылады. Сұраным заңы бұл сұранымның баға деңгейіне, үн қатуының тәуелділігінің заңы, бағаның сұраным көлеміне ықпалы туралы хаң және тағы бір жағы: сұраным заңы сұранымның көлемінен айтарлықтай асып түсетін ұсыным жағдайында ғана әрекет ететіндіктен нарықтық заң болып табылады.[8.50]

     Біз жоғарыда атап көрсеткендей төлем қабілетті  сұраным бұл тауарларды сатып  алудың мүмкін көлемі ғана емес, бағалардың өзгеру мен осы өзгерістерге сатып  алу көлемі арасындағы тәуелділікте. Басқа сөзбен айтқанда, біз сұраным дегенде аталған таурадың әрбір белгіленген бағасына,  соған сәйкестендірілген. Оны сатып алудың мүмкін көлемі, сәйкес келетін тұрақты тәуелділіктің тұтастай қатарын айтамыз. Міне, осы өзара қарым-қатынастағы сатып алу көлемдеріне сай келетін бағалар қатары «сұранымның өзі», сатып алудың әр көлемі- «сұранымның көлемі».

     Сұранымның  өзі мен сұранымның көлемі арасындағы айырмашылық айқын көрінуі үшін сызба жасап, оның тік сызығымен  бағаның белгіленген тауарға  айырмашылығын, ал көлбеу сызық бойынша мүмкін болатын тауралардың санын белгілейік.

     Біз бейнеленген нақты баға тиісінше сатып алу көлеміне арасындағы тәуелділік қаншама өзгерсе де сұранымның өзі  өзгеріссіз қалады-бұл  «А» қисық  сызығы, ондағы әр нүкте сұранымның көлемі, яғни алғанда белігленген бағамен тіркелген сатып алу мөлшері. Сұранымның көлемі көтерілуі де төмендеуі де мүмкін, бірақ бұл өзгерістер нақты мақсаттарды көздейді, бағалардың әрбір деңгейіне сол сұраным шеңберінде әрқашанда да белгілі сұраным көлемі сай келеді.

     Сұраным көлемі оның деңгейін анықтайтын бағалар деңгейіне сәйкес келе отырып «жоғары-төмен» қозғалып тұруға мәжбүр етілгендей көрінуі мүмкін. Міне, осы сұраным көлемі көп жағдайда сұранымның өзінің өзгерісі ретінде жиі қабылдайды. Бірақ бұлай болғанда «тұйық шеңбер» келік қабылдайды.

     Сонымен сұранымның әрбір көлемі сұраным  белгіленген пропорциядағы баға өзгерісін бейнелейді.

     Егер  де аталған тауарды сатып алу  көлемі мен арасындағы байланыс нарықтың экономикадағы сатып алу-сатудың  өзге процесетрінен оқшауланған  бірден-бір байланыс болса, онда сұраным мен ұсыным шындығында да өзгеріссіз болар еді. Барысындағы әрбір сұраным бір-біріне ықпалын тигізетін және бәрі бірігіп сансыз көп экономикалық экономика төңірегіндегі және экономикадағы тысқары факторлардың әсерін сезінетін тәуелділіктердің үлкен шумақ жібінің сансыз желілерінің бірі ғана. Белгілі жағдайларда олардың ықпалы сұранымның өзін өзгеруге әкеліп осғуы мүмкін: ол өседі де, құлдырай алады.

     Сұранымның  өзінің өзгерістері туралы нелерді  байқата алады? Бағалардың өзгеруі мен сатып алу көлемінің өзгеруі арасындағы сол сұраным шеңберінде қалыптасқан кері тәуелділік пропорциясының бұзылуы. Басқаша айтқанда сұранмның өзгеруі туралы тек қана сұраным көлемі дербес қозғалысқа ие болып, бағалардың өзгеруіне тәуелсіз өзгеретін, бағалардың қозғалысына үн қатпайтын кезде ғана айтуға болады. Міне, осы сатып алу көлемінің баға өктеміне бағыттау мерекесі сұранымның өзінің өзгеруін білдіреді.

      Рыноктық  баға мен оның сұранысқа ие санының  арасында барлық уақытта белгілі  бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың яғни сұраныс деңгейі төмен болады, керісінше баға төмен болған сайын алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.

      Сұраныстың  біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес, олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер  рыноктық жағдайды сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ одан кері көрініс орын алады. Сондықтан баға жоғары болған сайын олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

      Басқаша айтқанда әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы  ұсыныстың көлемі жоғары болады.

      Ұсынысты  көбейтуді қамтамасыз ететін бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді. Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен ұсыныс және сұраныс қисығының жылжуы мүмкін. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады.  Мысалы, жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді.

      Ұсынысқа  әсер ететін басты фактор-өндірістің шығындары. Сондықтан егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану  нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады.

      Егер  де жиынтық сұраныс пен  ұсынысты белгілейтін екі графикті бір-біріне беттестірсек онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның төменедуіне әсер етеді. Теңдестірілетін бағадан төмен бағада сұраныс ұсыныстан артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары көтереді. Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдерінің санына сәйкес келеді. Тек осындай бағада ғана бағаның өсу және кему тенденциялары жоқ болады.

    Кез –келген есептің мүмкін шешімдерінің жиынының тіректі тузулерінің саны екіден артпайды. Олардың біреуінде тиімді шешім бар болады. Тиімді түзулердің орналасу реті төменгі суретте көрсетілген.

     

x2                                                                       x2    
 
 
 
 
 

                                                                                                               Тіректі түзу

             N=(C1,C2)       Тіректі түзулер                      N=(C1,C2)        

O                                         x1                                            O                                               x1

                                            

         
 
 
 

      Бәсеке  және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе-теңдік орнықтыруға  алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе-теңдік.  Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жйүесі болады. Бұл жағдай рыноктың жалпы тепе-теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді талап етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субьект  жеке өндіруші фирма немесе сатып алушы өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды. [9. 15] 

2.2. Қазақстанның тауар  мен қызмет нарығын  талдау

      Әлемдік нарыққа шикізат ресурстарын кең көлемде шығаратын Қазақстан  экономикасы соңғы жылдары шикізат бағасының көтерілуіне байланысты үдемелі жылдамдықпен дамуы қажет болып көрінуі де мүмкін. Өкінішке орай, ол шикзат өндіру саласында ғана табысты ұлғайтып, дайын тауар өндіру мен оны сапалық тұрғыдан арттыруға кері әсерін тигізіп отыр.

      Сол сияқты инфляция мен теңгенің нығаюына байланысты есептеулер отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігіне де байланысты болып отыр. Яғни ішкі нарық пен  әлемдік нарықтағы тауарлар бағасы тең деп алатын болсақ, инфляция мен теңгенің нығаюына байланысты ішкі нарықтағы тауар бағалары өсе түседі. Сондықтан шетелдік тауарлар отандық тауарлардың алдында бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Мысалы, биыл отандық тауар мен әлемдік нарықтағы тауарлар тең дәрежеде бәсекеге қабілеттілігіне ие болса, онда инфляция деңгейі 8,5% бен теңгенің нығаюы 5,34% қосқанда, отандық тауарлар бір жылда әлемдік нарықта 13,84% шамасында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Яғни, отандық тауар өндіруші экспорттық тауар бағасын 13,84%-ға төмендету керек немесе әлемдік нарықтан ығыстырылуы керек. Тек сол тауар түріне әлемдік нарықтағы баға кем дегенде 13,84%-ға көтерілген жағдайда ғана бұрынғы бәсекеге қабілеттілік деңгейін сақтап қалады.

      Егер  мемлекет бірнеше өндіріс факторының ішінен бір факторға үлкен көлемде капитал салса немесе сол факторға салықты едәуір төмендетсе және басқа да жеңілдіктер қарастырса, онда сол фактордың қарқынды дамуына алып келеді де ал қалған факторлардың дамуы тежеледі. Бұл заңдылық ағылшын экономисті Т. Рыбчинскийдің зерттеулерімен анықталынған болатын. Рыбчинскийдің теоремасына сәйкес сонымен қатар бір факторға сұраныс артатын болса, онда сол салада өндіірстің проценттік артуына алып келіп, сол фактор интенсивті түрде қолданылады. Ал қалған факторларда өндіріс көлемінің абсолютті түрде төмендеуі байқалады. Сол сияқты бұдан шығатыны мысалы, елімізде жоғары бағаланатын мұнай немесе газ шикізатының кен орындары табылып, оларды өндіру көлемі артатын болса, сонымен қатар оған сұраныс артып, артынша бағасы көтерілетін болса, онда басқа салалардағы өндіріс көлемі міндетті түрде қысқарады, ол әсіресе өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемін төмендетеді. Сондай ақ, еңбек күшінің мамандану деңгейін жоғарылатып, экономиканың өңдеуші секторына жоғарғы деңгейде капитал тарту арқылы экономиканы қарқынды түрде дамытатын болса және сыртқы сауданы еркін дамытса, онда шикізат өндірісі төмендеп, сыртқы экономикалық тәуелдіілк төмендейді.

      Қазақстанда шикізат нарығынан тсүетін табыстың ұлғаюы инфляцияның көтерілуі мен  ұлттық валютаның шетелдік тұрақты валюталарға шаққандағы бағамының нығаюына әсерін тигізуде және соның әсерінен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп отыр. Ол экономиканы қалыпты жағдайдағы даму деңгейінен төмендетеді. Яғни Қазақстанда соңғы жылдары экономиканың қалыпты дамуы шаммен 10% десек, ол шикізат ресурстарын осы қалыпта игеру салдарынан даму деңгейі біршама төмендеуі мүмкін.

      Республикаға  валюта түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылатын тауарлар экспорты 2009 жылы 40,8 млрд АҚШ долларына жуықтады, бұл 2008 жылғы көлемнен 37% артық. Экспорттың өсуіне Қазақстан экспортының негізгі баптары бойынша нақты көлем аз ғана өскен кезде негізінен баға секторы себепші болды. Мәселен экспорттың жалпы көлемінің 61% жуығын құрайтын мұнай және газ конденсатының экспоттық үлесі 2008 жылғымен салыстырғанда 36%, оның ішінде 30% бағаның көтерілуі есебінен өсті.

      Ішкі  сұраныстың өсуінен болатын тауарлар импорты бір жыл ішінде 24,1 млрд долларға дейін 34,2% ұлғайды. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы (тауарлардың таза экспорты) 14,6 млрд доллардан асып түсті.

      Мұнай мен газ кен орындарының инфрақұрылымын игеру мен дамыту жөніндегі жобаларды  іске асыруды жалғастыру халықаралық  қызмет көсрету импортының одан әрі  өсуіне себепші болды. Нәтижесінде  қызмет көсрету балансының теріс сальдосы бір жылда 5,2 млрд. доллардан 5,9 млрд долларға дейін өсті.

Информация о работе Игіліктер нарығы