Игіліктер нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:41, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: игіліктер нарығының теориялық жеткізілімдерін сипаттай отырып, ондағы басты факторлардың экономиканың секторындағы қажеттілігі мен оның қызметтері туралы баяндау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатқызылады:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
игіліктер нарығындағы ерекшеліктерді айқындау;
Қазақстанның тауар нарығы қызметтер нарығына экономикалық шолу;
Курстық жұмыс негізінен ІІІ тараудан тұрады. І тарауда игіліктер нарығының теориялық негіздері ашылады. Курстық жұмыстың ІІ тарауында игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері аймақтық аспекті мен Қазақстан бойынша қарастырылған. ІІІ тарауда игіліктер нарығының экономикалық саясаты мен даму перспективалары туралы берілген.
Курстық жұмыстың соңы қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен және қосымшамен нақтыланған.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………3-4
І Игіліктер нарығының теориялық негіздері
1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері…………………………..….5-7
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері…………………….7-13
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі….13-16
ІІ Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау……17-22
2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау………………….22-26
2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша)…………………………………………………………………..27-28
ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру
3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты……29-31
3.2. Қазақстанның игіліктер нарығын дамыту перспективасы……….31-32
Қорытынды……………………………………………………………….33-34
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….35
Қосымша ………………………………………………………………………36

Работа состоит из  1 файл

Игіліктер нарыгы.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

      Шикізат тауарлары экспортын негізінен  шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар жүзеге асырады. Сондықтан экспорттан түсетін кірістердің өсуі нәтижесінде  тікелей шетелдік инвесторларға төленетін дивиденттер көлемі айтарлықтай ұлғайтылды. 2008 жылы тікелей шетелдік инвесторлардың кірістері 7,6млрд долл асты, оның 5,7 млрд долл төленген дивиденттер. Осы төлемдермен қатар жеке секторрдың төлемдерімен қатар жеке сектордың сыртқы заемдарына қызмет көрсетуге төлемдердің сомасы күрт өсті және нәтижесінде, бір жылда кірістер балансы бойынша ресурстардың балансы бойынша нетто әкетілуі 64,9% өсіп, 9,3млрд долл асты.

      Ресурстардың  таза әкетілуінің өсуі ағымдағы трансферттер бойынша да тіркелді, 2009 жылы 1,2 млрд долл болды. Тауарлардың таза экспортынан түскен түсімдер өскен кезде ағымдағы операциялар шоттарының қалған баптары бойынша таза шығыстарыдң өсуі 2008 жылы ағымдағы шоттар тапшылығының кеңеюіне себепші болды.

     Әлемдік экономиканың даму перспективасына қатысты болып отырған айқындалмаушылық бағалау бойынша, жақын болашақта жоғары дәрежеде сақталатын болады, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылық, әлемнің негізгі мұнай өндіретін аймақтарындағы геосаяси жағдайлардың айқындалмаушылығы оның көздері болып табылады.

      Осыған  байланысты Қазақстан экспортының (мұнай, металдар) негізгі позицияларына  әлемдік бағалар жоғары деңгейде болып қалады деп күтіледі, әлемдік  азық-түлік нарықтарында күрт ауытқулар  болмайды. Сондай-ақ дамушы нарықтар үшін қарыз алу талаптары жақсарады деп күтіледі.

      Осындай жағдай, бір жағынан, экспорттық түсімдердің  Қазақстан Республикасына айтарлықтай  түсімдерінің сақталуына мүмкіндік  жасайтын болады. Басқа жағынан, отандық  банктердің өткен жылдардағы көлеммен сырттан қарыз алуы кем дегенде жақындағы 1-2 жылда проблемалы болады.

      Осылайша, шикізат тауарлары экспортынан  кірістердің айтарлықтай өсуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының  төлем балансының ағымдағы шотының  сальдосы 2008 және 2009 жылдары дефицит  күйінде қалады. Ағымдағы операциялар бойынша біршама дефициттің сақталуына ағымдағы операциялары бойынша төлемдер құрылымында кәсіпорындардың шетелдік тікелей инвестициялармен қызметіне байланысты шығыстардың (тауарлар импорты және дивидендтерді қоса алғанда кірістер төлеу) және банк секторының сыртқы борышына қызмет көрсету төлемдерге байланысты басым болуы себепші болады.

      Энергия тасымалдауыштар мен басқа шикізат  тауарларын экспорттау үшін қолайлы  болатын баға конъюнктурасы жағдайында шетелдік тікелей инвестициялардың нетто-ағыны оларға байланысты ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, халықаралық капитал нарықтарындағы ресурстарды тартуға рұқсаттың шектелуі және бағалау бойынша 2008 жылы  шамамен 12 млрд. АҚШ долл. болатын жинақталған сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсетуге арналған төлемдердің қажеттілігі ағымдағы және қаржы шоттарының операцияларын қаржыландыру қажеттілігін өтеу үшін шетелден ресурстар тартудың жеткіліксіз болуына себепші болады. Сырттан ресурстар тартуды шектеу банктерден орта мерзімді перспективаға арналған даму және қаржы ресурстарының ағындарын жұмсау стратегияларын өзгертуді талап етеді.

      Сыртқы  сауда айналымдары 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп, 9,7 млрд АҚШ долларын құрады. Өнімді экспорттау өсімдерінің озық қарқыны белгіленді, ол импорттан басым. Экспорттық қызмет 1,5 есеге өсті және 7,6 млрд АҚШ долларына, импорт 2,1 млрд АҚШ долларына жетті. Сыртқы сауда айналымының оң сальдосы 5,5 млрд АҚШ долларына жетті.

      Жаңа  өткізу рыноктарын игеру есебінен облыстың сауда-экономикалық әріптес мемлекеттерінің  саны  өсіп, 100-ден асты. Облыста тіркелген шетел және серіктес компанияларының саны 520-ға жетті. [12.16] 

2.3.Аймақтық  аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша)

     Қазірде сыртқы қаржыландыру ағысының 50%-ы тікелей шетел инвестициясының үлесіне тиеді. Тікелей шетел инвестиция ағымы, негізінен, біріккен бөлімшелік кәсіпорындар құру, мемлекеттік кәсіпорындарды шетел капиталының қатысуымен жекешелендіру, шетел фирмаларының басқаруына ірі өнеркәсіптік объектілерді беру банк секторын инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Көптеген дамыған елдерде тікелей шетел инвестицияларының көмегімен өз экономикаларының дамуын жоғары деңгейге жеткізді. Мәселен, 1995 жылдан бері тікелей инвестициясының жалпы өсімінің 90%-ы өнеркәсібі дамыған елдер үлесіне тиді. Соның арқасында олардың әлемдік капитал орналастырудағы үлесі 65%-ға өсті.

      Экономикалық  өсу қарқынының төмендеуі тауарлар импортының қажеттілігін төмендетіп, ішкі сұранысты қысқартады, бұл 2009 жылы төлем балансын реттеуді қамтамасызетеді. 2009 жылы төлем балансы тепе – теңдікке келген болатын бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық қорлары көлемін 2008 жыл деңгейінде сақталуымен теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл бағыт үшін төлем балансы мен шынайы сала көрсеткіштерінің өзгеруіне қатысты 2008 – 2009 жылдағы болжам жасалды. Ақша базасының орташа жылдық өсуі 11 – 15%, ақша массасы – 17 – 19%, экономиканы несиелендіру – 16 – 18%, банк жүйесіндегі депозиттер – 15 – 17%.

     2008 жылы орташа жылдық инфлияция  6,4 пайыз болды. Жыл бойы валюта  нарығында теңге АҚШ долларына  қатысты 12,4-ға нығайды, ал еуро  және Ресей рубліне қатысты  6,9 пайызға және 5,4 пайызға құнсызданды.

      2008 жылы валюта нарығында Ұлттық  Банк жүргізген саясат айырбастау бағамының ауытқуын тұрақтандырып, қазақстандық тауарлар бәсекелестігіне жағымсыз әсер етпейтін шекте сақтауға мүмкіндік береді.

     2008 жылы валюта нарығындағы ахуал теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюымен сипатталды. Теңгенің нығаюына ішкі валюта нарығына шетел валютасының әкелінуі әсер етті. Шетел валютасының түсуінің негізгі көздері: әлемдік нарқтағы энергия қорларының бағасы жоғары болуына байланысты шетелден әкелінген валюталық табыс және сыртқы нарықтарда корпоративті сала мен екінші деңгейдегі банктердің заемы болады.

     Теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы 15,3%, еуроға 7%, ресей рубліне 1,3% құрады. 12 ай ішінде теңгенің орташа айырбастау бақамы АҚШ доллары үшін 121,92 теңгені құрады. [13.9] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ Игректер нарығының тиімділігін арттыру

3.1. ІS моделіндегі игректер нарығының экономикалық саясаты

Жиынтық сұраныс  деңгейін төмендегіше өрнектеуге болады:

 

Мұндағы коэффициенттер

      Баға  деңгейінің төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте қисығының солға жылжыуымен бейнеленген.

      Ақша  ұсыныстарының азаюы пайыз мөлшерлемесінің ® мәнін көтереді, сондықтан инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт Xn кемиді. Өнім көлемі ден азаяды.

      Мемлекеттік шығындардың өсуі салық мөлшерін азайтады немесе ақша жиынының өсуі жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады.  AD қисығының бір тектес қозғалысы IS қиысығын мүлде әртүрлі ерекше қозғалыстарға келтіреді. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша несие және салық бюджет саясатының шеңберінде болады.

      Мемлекеттік шығындар өссе ( G) немесе салық мөлшері (Т) төмендесе, онда ІS қисығы оңға қарай, қисығына қарай қозғалады, сондықтан жиынтық сұраныс жағдайында болады. қисығының оңға қаарй қозғалыстары сұраныс инфляциясын тудырады, ал баға деңгейі ден ге қарай өседі.

      Бағаның өсуінің әсерінен, нақты ақша ұсынысының салыстырмалы түрде қысқаруы салдарынан қисығы жағдайында солға қарай қозғалады, А нүктесінде қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

      Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агенттер өздерінің іс әрекеттерін реттейді, атаулы жалақы мөлшерлемесі өседі. Бұл  жағдай бір өнімге кететін орташа шығын мөлшерін өсіреді және фирманың пайдасын азайтады. Бірте – бірте өнім көлемі азайып, AS қисығы солға қарай қозғалады. AS қисығының азаюы бағаның өсуіне алып келеді немесе шығындар инфляциясы болады. Бағаның мұндай өсуі LM қисығын тағы да солға қарай жағдайына қозғайды. Сонымен ақша ұсыныстары салыстырмалы азайғандықтан, пайыз мөлшерлемесі үнемі өседі. В нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе теңдік қалыптасады. Бұл тепе теңдік С нүктесімен салыстырғанда жаңа жоғары баға деңгейінде және пайыз мөлшерлемесінде болады. Бұл жағдай экономика құрылымын мемлекеттік сектор жағына өзгертеді. Өнім көлемі әлеуетті өнім көлеміне тең.

 Шығындар инфляциясы жиынтық  ұсыныстың құлдырауына әкеледі. қисығы солға қарай деңгейіне қарай қозғалады. Баға деңгейінің ден өсуі қисығын алғашқы жағдайына әкеледі,  өйткені нақты ақша ұсыныстары тұрақты түрде төмендеп отырады. Ұзақ мерзімде ақша жиынының өсуі, нақты айнымалы шамалардың тұрақты болған кезінде, тек қана бағаны өсіретіндігі анық. Бұл құбылыс экономикада ақшаның бейтараптылығы деп аталып кетті.

      Қысқа мерзімді кезеңде ақша ұсыныстарының күрт, бір рет өсуі нақты және атаулы пайыз мөлшерлемелерін азайтады. Ұзақ мерзім кезеңінде екі пайыз мөлшерлемесі де тұрақты болады.

      Егер  ұзақ мерзімді кезеңде ақша жиыны  өсетін болса, онда атаулы пайыз мөлшерлемесі өседі, ол күтілген инфляция деңгейінің өсуі себебінен болады. Ақша несие саясаттары әрекеттерінің нәтижесінде болатын қысқа мерзімді атауыл пайыз мөлшерлемелерінің төмендеуі  негізінен туындаған мәселелерді жоққа шығара алмайды. [14. 5] 
 
 

      Қазыналық және монетарлық экспансия өнім көлемі мен жұмысбастылықтың өсуіне уақытша ғана әсер ете алады, бірақ экономикалық әлеуеттің өсуіне себепші бола алмайды. Ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсаты жиынтық сұранысты реттеу саясаты арқылы шешілмейді. Экономиканың өсуін ынталандыру жиынтық ұсыныс саясатымен түсіндіріледі. 

    1. Қазақстанның  игректер нарығын  дамыту перспективасы

     Экспортты дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын әзiрлеу мақсатында әлемдiк  нарықтарға тауарларды жылжыту тәжiрибесi бар консалтингiлiк отандық және халықаралық ұйымдарды, оған сараптама мен бағалау жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тарту, шикiзаттық мақсаттағы перспективалы қазақстандық тауарлар мен брендтердi, оларды әлемдiк нарықтарға одан әрi жылжыту үшiн олардың тiзбесiн қалыптастыру; Қазақстанның шикiзаттық тауарлардың ауқымды ассортимент өндiрушi ретiнде халықаралық имиджiн нығайту мақсатында отандық тауарларды әлеуеттi өткiзу нарықтарында - шетелде таныстыру iс-шараларын өткiзу, отандық тауарларды сыртқы сауданы жүзеге асыру кезiнде туындайтын сыртқы сауда дауларды реттеу арқылы сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу; "Қазақстанның дайын отандық өнiмдi үздiк экспорттаушысы" конкурсын өткiзудi ұйымдастыру республиканың өңiрлерiнде отандық iскер ортада және сыртқы нарықтарға, оның iшiнде шетелдiк экспорттаушыларды тарта отырып, отандық дайын өнiмдi экспорттық жылжыту мәселелерi бойынша өндiрушiлер арасында ақпараттық-түсiндiру iс-шараларын өткiзу. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi экономикасын құру әлемдiк экономикаға тығыз ықпалдасуына байланысты. Осыған орай, республиканың бүкiл әлемдiк сауданың 95 % келетiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi өзектi болып тұр. ДСҰ-ға кiру импортты тауарлар мен қызметтер үшiн Қазақстанның нарығын ашуға ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ республика экономикасындағы реформаларды одан әрi тереңдетудi талап етедi.Келiссөздер барысында: тауарлар мен қызметтерге баға белгiлеу процесiндегi мемлекеттiң рөлiн азайту,сауда-экономикалық саясаттың транспаренттiгiн және кедендiк рәсiмдердiң ашықтығын қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiктi қорғау, лицензиялар мен ветеринарлық сертификаттар беру жөнiндегi мәселелердiң кең ауқымы бойынша республиканың мiндеттемелерi қабылданады. 
      ДСҰ-ға кiру экономиканың қаржы, телекоммуникация, энергетика және көлiк секторларын одан әрi ырықтандыруды көздейдi. Осы секторлардағы бәсекелестiктi дамыту халықты және шаруашылық субъектiлерiн қоса алғанда, тұтынушылар үшiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге әкеп соғуы тиiс, түпкi нәтижесiнде қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне оң әсер етедi. 
 ДСҰ-ның 135 мүше елдерімен саудалық қатынастарды жүргізетін Қазақстан үшін, аталмыш ұйымға кіру бірнеше себептер бойынша маңызды ДСҰ-ға мүше елдердің барлығымен қолайлы сауданы дамыту үшін, әсіресе инвестицияларды тарту үшін, сауда егестерін шеттетпей шешу мүмкіндігі үшін. Қазақстан экспортында шикізаттың басым екендігі, ал  импортта дайын тауарлардың басым екендігі белгілі, ал бұл тиімсіз баға пропорциясын тудырады. Одан бөлек Қазақстандағы кедендік тарифтердің орташа бағамынан да төмен бұдан Қазақстандық экономиканың ашықтығы дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал қазіргі күндегі кедендік тарифтер ішкі рынокты әлсіз қорғайды деп байлам шығарды. [14. 20]
 

                                       
 
 

Қорытынды

     Ұсыным  сұраным сияқты икемді немесе икемсіз  деп шектеуге болады. Ұсынымның баға икемділік коэффициенті (ұсыным, баға икемділігі, коэффициент) сұранымның баға аралығындағы коэффициенті формуласы  керісінше формула бойынша есептеліп  шығарылады.

     Сұранымның  икемділігіне ұсынымның икемділігінің сызба түрінде бейнеленуі де қарама-қайшы түрінде көрінеді. Осыдан көрініп тұрғандай ұсынымның икемділігі бірліктен кем коэффициентті, ал икемсіздігі бірліктен жоғары асқанда пайда болатын коэффициентті қарастырады.

     Әрине, сатушы үшін бағалардың шүғыл өзгеру жағдайында өндіріс тұрақтылығына кепілдік икемсіз ұсыныс жағдайы әсер етеді. Осыдан да кәсіпкерлердің бір бөлігі өндірісті емес икемді ұсынымды икемсіз жағдайға көшіруді ойлайды.

     Сұраным заңына ұқсас түрде нарықтық экономикада ұсыным заңы да әрекет етеді. Ол да бағамен байланысты сипаттайды: ұсыным көлемі баға деңгейінің өзгеру бағытына тікелей тәуелді болып табылады. Ұсыным заңы-бұл ұсыным көлемінің бағалар қозғалысына қайтарған жауабы: бағаның өсуі ұсынымның көлемін кемітеді. Осыған қарап біз сұраным заңы ғана емес, ұсыным заңы да игі ниетті заң деп айтуға лайық деп түйіндей аламыз.

     Бағалардың  өсуі кезінде ұсынымның қисық  сызығы оң жаққа жоғары көтерілетін  болады. Бұл ұсыным бағалар өзгеруіне  тәуелділігінің тікелей сипатын көрсетеді.

     Бұл жерде сондай-ақ ұсынымның көлемін  қатаң түрде ашып көрсету қажет. Ұсыным заңы бағалардың ұсыным көлеміне ықпалын тигізеді. Ұсынымның өзінің өзгеруі  қисық сызықтың сол жақтан келген жоғары қозғалумен көрсетіледі. Ал сұранымды өзінің өсуі мен құлдырауы керісінше: оң жаққа төмен және сол жаққа жоғары болып келеді.

     Ұсыным  механизмінің бұзылуы дегеніміз  жиынтық ұсынымы қисық сызығын  бірінші рет қозғалтқан жағдайдағы экономикадағы олқылық кемшіліктер. Екі бірдей ұсыным механизмінің бұзылуы 1973-1974 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты орын алды.

     Жазылған  жұмысымды қорыта келе жиынтық қисық  сызығындағы өнімдегі өзгерістер қолайлы  өзгерістермен қатар келіп, баға деңгейі өнім деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Өнім мөлшері деңгейден  жоғары болса, жалақы, шығын және баға өсе береді, ал  олар азая  түседі.

Информация о работе Игіліктер нарығы