Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 22:17, курсовая работа

Описание

Қаржылық болжау – арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай – күйі туралы ықтималдық байымдау. Қаржылық болжау – қандай болсада бір құбылыстың , объетінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы – бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі – қаржы ресурстары, процесі – ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау мен жоспарлау корпоративті жоспарлау процесінің маңызды элементі болып табылады. Әрбір менеджер қаржылық жоспарларды құру, орындау және бақылаудың құрылымы мен мағынасын білу керек.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1 Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні
2.2 Шымкент мыс қорыту зауытының материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін бағалау--------------------------------------------------------15
2.3 Шымкент мыс қорыту зауытын индикативтік жоспарлау және қызметтерін талдау------------------------------------------------------------------------19
3. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мәселелері және оны шешу жолдары---22

3.1 Қазақстанда қаржылық жоспарлаудың қажеттігі------------------------------22
3.2 Қазақстанда қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары-------------------25
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------31

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорындар мен ұйымдар  деңгейінде мыналар аса маңызды  қаржы-экономикалық көрсеткіштер болып  табылады:

  • өнімді ( жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл көрсеткіш мақсатты арналымның қорлары бойынша ақша қаражаттарын одан әрі бөлу және пайдалану ауқымдары мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды;
  • шығындардың көрсеткіштері ( өткізілген өнімнің өзіндік кұны, шығындардың жалпы шығындардағы жеке элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);
  • жалпы табыс;
  • таза табыс;
  • рентабелділіктің ( табыстылықтың) деңгейі;
  • амортизациялық аударымдардың мөлшері;
  • өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашылық есеп қорларының аукымы ( қорлану, тұтыну, резерв, валюта және оларға ұқсас қорлар);
  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдармен ( несиегерлік және дебиторлық берешеқ, міндеттемелердің ауқымы, бюджет бойынша берешектер және басқалары) есеп айырысу ахуалының көрсеткіштері;
  • айналым қаражаттарының көлемі, сақталымдығы және олардың жасалу көздері;
  • айналым қаражаттарына деген қажеттіліктің оның қолда барымен сәйкестігі;
  • негізгі және айналым кұралдарын пайдаланудың көрсеткіштері ( қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдылығының коэффиценті, айналымның ұзақтығы, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетудің көрсеткіштері);
  • акционерлік капиталдың ауқымы және дивидендтердің көлемі;
  • жалдау ақысының мөлшері және басқалары;
  • кәсіпорын қаражаттары өтімділігінің көрсеткіштері.

Кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру кезінде бірқатар көрсеткіштер – мүліктің қалдық және бағалау кұны, жекешелендіру қорын жасау мен көрсеткіштері және басқалары қолданылады.

Қаржылық жұмыста  сонымен қатар мынадай жалпы  экономикалық көрсеткіштер пайдаланылады:

  • шығаралған өнімнің бір ақшалай бірлігіне жұмсалған шығындар ( өнімнің 1 теңгесіне);
  • өнімнің өзіндіқ кұнын, кезең шығыстарын төмендету, саудадағы айналыс шығындарын қыскарту;
  • күрделі жұмсалымдардың (инвестициялардың) ауқымы;
  • құрылыстағы ішкі ресурстарды жұмылдыру.

Салық салу кезінде  мынадай айрықшалықты көрсеткіштер пайдалынады:

  • салық төлеуші алуға тиіс (алынған), өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға немесе тікелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған ақша немесе басқа қаражаттар ( жөнелтілген өнім, орандалған жұмыс, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін) кіретін жылдық жиынтық табыс;
  • жылдық жиынтык, табыс пен салық заңнамасында көзделген шегерім жасау арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын табыс;
  • қосылған кұнға салынатын салық, акциздерді алу кезіндегі салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт;
  • басқа бірқатар көрсеткіштері.

Аталған қаржы-экономикалық көрсеткіштердің көбісі кәсіпорындардың, салалардың жалпы топтары бойынша  жұмыс нәтижелерін сипаттау үшін жогаргы ұйымдардың, министрліктердің, ведомстволардың деңгейінде пайдаланылады. Осынау көрсеткіштермен бірге бұл ұйымдарда тек сол саланы сипаттайтын басқа да айрықшалықты көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Ұжымдық шаруашылықтарда  жалпы және таза табыстардың, құрылыста сметалық кұн мен құрылыстың өзіндік құнының, аяқталмаған құрылыс ауқымының көрсеткіштері, делдалдық (жабдықты және өтінім) ұйымдардың, сауданың шығындары және басқа көрсеткіштер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Шымкент мыс  қорыту зауытының  қаржылық  болжауын талдау

2.1 Шымкент  мыс қорыту зауытының бизнес-жоспар құру принциптері

Шымкент мыс қорыту зауытының  бизнес-жоспарын жасағанда белгілі  принциптерді бас-шылыққа алып отырған  жөн.

Нарықтық экономика  жагдайында жалпы мемлекеттік жоспар кәсіпорынның әр қадамын анықтайтын директивалық құжат болудан қалады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпорындарының шешімдеріне оның әсері индикативтік сипат алады. Осыған байланысты бұрынғы қолданылып келген директивттік принцип индикативтілік принципімен ауыстырылады. Бұл — мемлекеттік жоспар енді ұсынымдық, бағыттаушы сипат алады деген сөз. Қожалық етуші субъектілер өз қызметінде белгілі бағытттар мен әдістерді, оның нәтижелі көрсеткіштерін таңдай алады, олар өз кезегінде нарықта қалыптасқан жағдайлар мен экономикалық механизмнің ішінде ең тиімдісі болып табылады. Жоспардың келесі басты принципі - жоспар есептері мен тапсырмаларының ғылыми негізделуі жөне нақтылығы. Ол экономиканың объективті зандылықтарының талаптарын ескеру, ғылымиың ең озық жаңалықтарын, жаңа техника мен озық технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда жетістіктерді қолдану арқылы жүзеге асады.

Мұндағы тағы бір басты  принцип - жоспар көрсеткіштерінің өзара  байланыста болуы, тепе-теңдігі, пропорционалдығы. Оның негізгі мәні -белгілі пропорция  мөлшерінде алеуметтік-экономикалық процестерді (жалпы эконономикалық, салалық, аймақтық) реттеу, олардың өзара байланысын, атап айтқанда, сұраным мен ұсыным арасындағы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімі арасындағы, қорлану мен жұмсалу арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Жоспардың барлық тарауларыың  сандық және сапалық, аналитикалық және синтетикалық сипаты  натуралдық жөне бағалық көрсеткшгі, салалық және  құрылымы жағынан байланысын қамтамасыз ету—барлық жоспарлау- органдар мен жоспарлаушы экономистердің басты міндеттерінің бірі:

Жоспарлаудың келесі принципі - мемлекет, қоғам және қожалық етуші субьекгінің мақсаттарын өзара үйлестіру, аймақтық және салалық жоспарлаудың  үйлесімділігі.

Жоспарлаудың үздіксіздігі, ягни жоспарлау мерзімін алдын ала  анықтау және келесі мерзімге уақытында  жоспар жасау басты принцип болып есептеледі. Мұнда оперативті және ағымдағы жоспардың перспективті жоспармен үйлесіп отыруының, экономика дамуының стратегиялық мүддесімен байланысты болуының мәні зор.

Нарықтық экономика  жағдайыңда әрбір жоспар икемді болуы  және ғылыми тұрғыдан дәлелденуі тиіс. Жоспардың икемділігі оның бағыттары мен көрсеткіштерінің кездейсоқ жагдайларға немесс саяси, алеуметтік және экономикалық өзгерістерге байланысты дер мезгілінде ауыстырылу мүмкіндігін көрсетеді. Ол үшін жоспар жасаган кезде белгілі бір сақтық қорлар болуын ескеру қажет.

Жоспардың дәлдігі, ғылыми негізділігі ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану және өндірістің үдемелі нормалары мен нормативтерін  пайдалану арқылы жүзеге асады.

Жоспар жасау мен  оның орындалуын күнделікті тексеріп отыр қажетті түзетулер мен анықтаулар жүргізуге мүмкіндік береді, сөйтіп, пайда болған диспропорцияны жоюға жөне экономиканы көтерудін ішкі резервтерін табуға жол ашады.

Жоғарыда атап өтілген  жоспарлау мен болжаудың басты  принциптерінің теориялық және практикалық үлкен маңызы бар, ол басқарудың барлық деңгейінде шаруашылық даму жоспарынын орындалуы мен жоспар жасаудың басты негізі болып табылады.

Жоспарлауға объективті экономикалық зандылықтарды білу жөне саналы қолдану негіз болады. Экономикалық заңдылықтар экономиі ка дамуыщлң негізгі тенденцияларының бағыттарын, мазмұнын, сипатын анықтайды, дегенмен олар бүл тенденциялардың нақты сандық көлемін керсете алмайды. Шаруашылық дамуының тиімді вариантын саналы таңдау мүмкіндігі, кеңітілген ұдайы өндірістің пропорциясы мен қарқынын анықтау, оның нәтижесін белу ғылыми методология, әдістеме және жоспарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жоспарлаудың әдістемесі әдістемелер жиынтығынан, нақты тәсілдерден, техникалық-экономикалық және экономикалық-математикалық есептеулерден тұрады. Олар жоспардың жеке тараулары мен көрсеткіштерін үйлестіру, байланыстыру және оны талдау үшін қажет. Тәжірибеде баланстық (теңгерімділік, тепе-теңдік), нормативтік, сарапшылдық баға, экономикалық-статистикалық, экономикалық-математикалық және басқа әдістер жоспарлаудың ең маңызды тәсілдері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Шымкент  мыс қорыту зауытының  материалдық  ресурстарды қолданудың тиімділігін  бағалау

 

Берілген нақты кәсіпорынның материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін қарастыру барысында, Шымкент мыс қорыту зауыты (ШМЗ) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі мысалға алынды.   Шымкент мыс қорыту зауыты (ШМЗ) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі шаруашылық есепті өзі жүргізеді және өзін-өзі қаржыландыру негізінде өндірістік қызмет атқарады.

Мыс қорыту зауытының құрамына келесі негізгі технологиялық цехтар кіреді:

- шихталарды дайындау цехы (ШДЦ);

- металлургиялық цех (МЦ);

- электролиттік цех (ЭЦ);

- күкірт қышқыл цехы (КҚЦ)

Цехтар блогы қоюландырудан, концентратты сүзу және кептіруден, кептірілген концентратты флюсалармен және де басқа да мысы бар тасымал материалдармен араластырады, содан кейін аяқтық грануляторларға салып және сырғанату бөлімінде сүзбе пешінде гранулиттарды кептіруден тұрады.

Балқыту цехының тоқ пеші, конвертті  және анодты бөлімдері қазіргі заманғы  тоқ пештермен және конвертерлермен  жабдықталған. Оттық рафинация үдірісі  шетінде газ шығаратыны бар еңкейтілген  пештерде жүзеге асырылады. Электролиз үдірісінде катодты негіз алу үшін титанды матрица қолданады және жаңа электролизді ошиновка қойылған. Күкірт қышқылының өңцірісі, күкірт қышқылын металлургиялық шаңдалған газдан контандық әдіспен алуға есептелген және оған құрғақ электрофильтрлер бөлімі, екі сатылы сулы электрфильтрден тұратын жуу бөлімі, кептіру-абсорбциондық бөлімі және контакты-компрессиондық бөлімдер кіреді.

Мыс зауыт рафинирланған мыс, күкірт қышқылын, мысэлектролиттік шлам және қорғасыны бар шаң шығарады. Барлық өнім ГОСТ-қа және техникалық шартқа сәйкес. Негізгі өнім - катодты мыс құрамында 99,99% мыс бар және өлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Қосымша өнім - қорғасын шаңы және мысэлектролиттік шлам. Жезқазған мыс зауытының өнімдері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен басқа көптеген шет елдерге жіберіледі. Жезқазған мыс зауыты «Қазақмыс Корпорациясының» құрылымдық бөлімшесі болғандықтан оның басты мақсаты, сапалы өнімді қажетті саны, номенклатурасы жөне мерзіміне сәйкес жабдықтау және өндіру бойынша міңдеттерді орындау болып табылады. Сондықтан ЖМЗ талдауын өнім өндіру көрсеткіштерін зерделеуден бастаймыз, ол келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады: өндіріс көлемі және ассортименті бойынша жүзеге асыру; тауарлық өнімнің сапасы; тауарлық өнімнің құрылымы.

1 кестеден көрінгендей тауарлық  өнімнің ауқымды бөлімі катодты мысқа келеді. Шламды күміс өндіру 14,5% құрайды, тауарлық өнімде қорғасын шаңының үлесі өте аз. Тауарлық енімнің динамикасы қарастырылып отырған кезеңде тұрақты.

2010 жылы өнім шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда көтерілуі  әлемдік нарықта мыстың бағасы кетерілуімен байланысты.

ШМЗ жұмысын сипаттайтын  маңызды көрсеткіш болып өнімнің  өзіндік құны табылады. Оның деңгейінен зауыт қызметінің қаржылық қорытындысы, өндіріс қарқыны және қаржылық жағдайы  тәуелді. өнімнің өзіндік құнының  талдауының объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады: шығындар элементтері бойынша және толық тауарлық өнімнің толық өзіндік құны; бір теңге тауарлық өнімге шығындар; шығындар баптарының жеке элементтері.

 

 Кесте 1. Тауарлық  өнімнің құрылымы

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2008

2009

2010

1.

Тауарлық өнім

%

100

100

100

Кесте 1.Жалғасы

1

2

3

4

5

6

2.

Катодты мыс

%

82,42

82,42

84,97

3.

Күкірт қышқылы

%

0,44

0,35

0,21

4.

Қорғасын шаңы

%

0,13

0,24

0,02

5.

Мысэлектролиттік шлам: алтын.

күміс

       

%

0,14

0,28

0,37

%

16,48

16,71

14,43


 

Кесте 2. ШМЗ  тауарлық өнімінің динамикасы

 

жыл

 

Тауарлық өнімнің салыстыру  бағасы, млн.теңге

 

өсу қарқыны, %

базистік

тізбектік

 

2008

 

5432673,44

 

100

 

100

2009

57516982,08

105,87

105,87

2010

857440944,7

157,83

149,07

Информация о работе Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау