Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 22:17, курсовая работа
Қаржылық болжау – арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай – күйі туралы ықтималдық байымдау. Қаржылық болжау – қандай болсада бір құбылыстың , объетінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы – бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі – қаржы ресурстары, процесі – ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау мен жоспарлау корпоративті жоспарлау процесінің маңызды элементі болып табылады. Әрбір менеджер қаржылық жоспарларды құру, орындау және бақылаудың құрылымы мен мағынасын білу керек.
Кіріспе
1. Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1 Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні
2.2 Шымкент мыс қорыту зауытының материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін бағалау--------------------------------------------------------15
2.3 Шымкент мыс қорыту зауытын индикативтік жоспарлау және қызметтерін талдау------------------------------------------------------------------------19
3. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мәселелері және оны шешу жолдары---22
3.1 Қазақстанда қаржылық жоспарлаудың қажеттігі------------------------------22
3.2 Қазақстанда қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары-------------------25
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------31
Кесте 2 – де тауарлық өнім шығару көлемі жыл сайын өсуі көрініп тұр.
Талдау, өзіндік құндағы үлес салмақтың көбі шикізатқа шығындар екенін көрсетеді: 86 % 2007 жылы, 91% 2008-2010 жылдары. Қарастырылып отырған кезеңде басқа да шығындар баптары тұрақты емес. Энергетика шығындары жаңа құрылғы қойғандықтан көтерілді. Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуын бағалау үшін негізгі жалы көрсеткіш болып 1 теңге тауарлық өнімге шығын көрсеткіші табылады. 1 теңге тауарлық өнімге шығынның деректері, өзіндік құн динамикасын және шығындар деңгейін сипаттайтын басты көрсеткіші болып табылады (4 кесте)
Кесте 3. ШМЗ өнім өндіруге кеткен шығындардың құрылымы, мың теңге
Көрсеткіштер |
2008 |
2009 |
2010 |
2010 % | ||
жоспар |
нақты | |||||
шикізаттар |
17646383 |
19183567 |
23614327 |
20583758 |
87,166 | |
материалдар |
414667 |
415412 |
371686 |
372825 |
65,01 | |
отын |
250149 |
261361 |
346151 |
356660 |
91,36 | |
Энерго шығындар |
1162639 |
1205226 |
1261014 |
1230791 |
101,95 | |
Еңбек ақы және аударымдар |
286195 |
294192 |
332032 |
338864 |
12,085 | |
Аяқталмаған өндіріс |
||||||
Жыл басына |
2566875 |
1827106 |
2104822 |
2099065 |
99,83 | |
Жыл соңына |
1827106 |
2099064 |
3109310 |
2387447 |
121,32 | |
өндірістің өзіндік құны |
20499802 |
21087800 |
24920722 |
22594516 |
90,666 |
Кәсіпорын жұмысының тұрақты және ырғақты шарты болып материалдық ресурстары (МР) және олардың толтыру көздерінің (11;) қажеттіліктерін толық және өз уақытында қамтамасыз ету табылады:
Ішкі (меншікті) және сыртқы көздер болады. Ішкі көздерге шикізаттар қалдығын қысқарту, туынды шикізаттарды қолдану, материалдар мен жартылай фабрикаттарды өз күшімен жасау жатады.
Сыртқы көздерге келісім-шартқа байланысты жабдықтаушылардан материалдық ресурстар келіп түсуі жатады. Материалдық ресурстарды кіргізуге қажеттілік түріндегі материалдық ресурстардың жалпы қажеттіліктерінің және оны ішкі толтыру көздерінің сомасының арасындағы айырмашылықпен анықтайды. Материалдық ресурстарды келісім-шарт арқылы жабдықтаудың қамтамасыз етілуі келесі көрсеткіштер көмегімен бағаланады:
- жоспар бойынша қамтамасыз ету коэффициенті;
- нақты қамтамасыз ету коэффициенті.
Материалдық ресурстарға қажеттілік, кезең аяғына дейін дұрыс қызмет ету үшін қажет, кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызмете және қорларға қажет түрлерімен анықталады.
ШМЗ, өнім өндіруге қажетті әртүрлі құрылғыларды, қосалқы бөлшектерді, отынды, шикізатты, электр қуатын және басқа да ресурстарды сатып алады.
2.3 Шымкент
мыс қорыту зауытын
"Қазақстан Республикасында индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994-1996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі - оның нұсқау беруші, бағыттаушы сипатында.
Индикативтік жоспар – мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асыру жөніндегі іс – шараларды, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштерін және мемлекеттік – экономикалық реттеуіштердің тізбесін қамтитын құжат.
Индикативтік жоспарлар
орын алып отырған проблемларды кешенді
түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға
кезең – кезеңімен қол
"Қазақстан Республикасында
индикативтік жоспар алғаш рет
экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа
қарсы жедел шаралар қолдану
мен әлеуметтік-экономикалық
Қазақстан Республикасы
дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық
жоспары еліміздің әлеуметтік-
Индикативтік жоспардың макрокөрсеткіштері бұрынғыдай, орталықтан жіберілген директивтік жоспардағыдай "орындаушыларға" "үлестіріле" салынбайды, алайда қожалық етуші субъектілердің өздері бұл жоспарды іске асыруға қатысуға ынталы, өйткені ол шаруашылықтардың мақсаттары үшін жауап береді, болашақта дамудың жолын көрсетеді.
Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
- ішкі және әлемдік (
- мемлекеттік (ұлттық)
бағдарламалар негізін
- тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу (бағдар беру).
Қатаң, директивтік жоспарлаудан бас тартып, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінің әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субьектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.
Индикативтік (нұсқаулы, реттеуші) жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді. Сонымен, индикативтік жоспарлау дегеніміз - мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатына сәйкес ел экономикасының болашақ белгілі бір мерзімге бейімделіп жасалған параметрлер (көрсеткіш индикаторлар) жүйесінің қалыптасуы және соны жүзеге асыру үшін мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық үрдістерге әсер ететін шаралар жиынтығы.
Индикативтік жоспарлау — жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау, яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді.
3. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мәселелері және оны шешу жолдары
3.1 Қазақстанда
қаржылық жоспарлаудың
Қазақстан рспубликасында қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесіңде қол жетеді. Бұл өте ұқсас үғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіңдіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ тандалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік шешімдердің (оларды қаржыландыру көздерімен қамтамасыздығын ескере отырып) тиімділігін, белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен субъектілердің мақсатты қызметі ретінде қарастырған жөн. Адамдардың субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының объективті зандылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары қоз-ғалысының теңденцияларына басты негізді, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техниканың дамуымен, тиісті аппараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп - қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.
Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі — табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және ор-талықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қор-ланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған жөне орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пай-даланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық - заттық элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар:
1) қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;
2) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік - аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үлесімдерін (пропорцияларын) белгілеу;
3) қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтерді жасау.
Сөйтіп тарихи дамудың барлық кезеңдері мен басқарудың барлық деңгейлерде қаржылық жоспарлау оны жалпы жоспарлаудың бірыңғай жүйесінен бөліп алуға мүмкіндік беретін жоспарлаудың ерекше объектілері, сфералары, жоспарлаудың мақсаты мен сипаты, негізгі көрсеткіштері, нысаны сияқты жалпы белгілерді иемденді.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рөл атқарады, өйткені ол, бір жағынан — қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Информация о работе Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау