Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 22:17, курсовая работа

Описание

Қаржылық болжау – арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай – күйі туралы ықтималдық байымдау. Қаржылық болжау – қандай болсада бір құбылыстың , объетінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы – бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі – қаржы ресурстары, процесі – ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау мен жоспарлау корпоративті жоспарлау процесінің маңызды элементі болып табылады. Әрбір менеджер қаржылық жоспарларды құру, орындау және бақылаудың құрылымы мен мағынасын білу керек.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1 Қаржылық болжау мен жоспарлаудың мәні
2.2 Шымкент мыс қорыту зауытының материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін бағалау--------------------------------------------------------15
2.3 Шымкент мыс қорыту зауытын индикативтік жоспарлау және қызметтерін талдау------------------------------------------------------------------------19
3. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мәселелері және оны шешу жолдары---22

3.1 Қазақстанда қаржылық жоспарлаудың қажеттігі------------------------------22
3.2 Қазақстанда қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары-------------------25
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------31

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Қаржылық жоспарлау  экономиканы және оның буындарын  басқарудың аса маңызды функциясы  болып табылады. Оны мемлекеттік  билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады [5].

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау  шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.)

       

 

3.2 Қазақстанда  қаржылық жоспарлауды жетілдіру  жолдары

 

Қазақстанда қаржылық жоспарлауды  жетілдіру жолдарын қарастырғанда  іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталынған өзара байланысты жуйе. Жоспарлау — жоспардың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық — үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың страте-гиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

 Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізілді. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.

Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан - жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленеді.

2001-2005 арналған  индикативтік жоспардың  басты  мақсаты — экономикада бәсекелестікті  арттыру.

Индикативті жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты — болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау [3].

Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді — реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өңдіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.т. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады. Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың катарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Экстраполяция (немесе коэффицентгер) әдісі. Оның мағынасы қаржы көрсеткіштерін олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауға болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

- мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

материал және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Сараптық бағалау әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың — сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржы көрсеткіштері белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; үлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық-мақсатты әдіс нарық жағдайында түрлі деңгейлерде  жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізіңде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде дамиды. Қаржылық бағдарламалау — бағдарламалық - мақсатты тәсілдемені пайдаланатын қаржылық жоспарлаудың әдісі, бұл әдістің негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар және оған жетудің құралдары қойылған.

Бағдарламалау мыналарды  қажет етеді:

    • басымдылықтарды белгілеу (анықтау);
    • қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арлтыру;
    • балама нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтата тұру.

Бағдарламаның нұсқасын таңдау ең алдымен экономикалық факторларға (ресурстық) байланысты болады. Қаржы саясаты саласындағы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен шараларды келістіру әдісі ретіндегі бағдарламалау қаржылық жоспарлаудың осы заманғы практикасында белсенді пайдалануы тиіс.

6. Есеп-қисаптың көп нұсқалылығы, ең жақсы шешімдерді таңдау экономикалық-математикалық әдістерді, ұзақ мерзімге жасалынатын қаржы болжамдары үшін ЭЕМ-ды неғүрлым кеңінен пайдалануды қажет етеді.

Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық өдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді [5].

Қаржы жоспарларын жасау  негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржы көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржы көрсеткіштерін талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты турлерінің есеп – қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде  сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қаржылық  болжау экономиканың пропорционалды кешенінің  барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы  қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Экономикалық  жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау  белсенді рол атқарады, өйткені ол, бір жағынан – қоғамдық ондіріс  процесіне ықпал етудің маңызды  тұткасы.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылықты жүргізудің белгіленетін түпкі  нәтижелеріне ықпал жасайтын көптеген факторлардың екі ұштылығына байланасты қаржыны жоспарлау көбінесе оны болжау ретінде жүргізіледі. Сондай-ақ индикативті, яғни нұсқамалық жоспарлау пайдаланылады, ол ақпараттық-үйлестірушілік ролді орындайды және қаржы қызметінің субъектісіне экономикалық реттуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді.

Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан  бұрын болады, қоғам дамуының белгілі  бір кезеңіне арналған қаржы  саясатының  тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдаланыды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің  органдарына қаржы жүйесін дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Индикативтік  жоспарлар орын алып отырған проблемаларды  кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең – кезеңемен  қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясатты айқындайды.

Индикативтік  жоспарлау нарықтық экономиканы  мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның  процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі  анықталады.

Қаржылық жоспарлаудың қолданылу жағдайы ретінде бюджеттік  жоспарлауды қарастырамаз. Ол бір-бірмен байланысты төрт сатыны қамтиды. Соңғы  сатысының нәтижесі бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін көрсетеді.

Шымкент мыс зауытының  бизнес-жоспары — бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.

Шымкент мыс зауытының  бизнес-жоспарының мақсаттары мыналар:

1) қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;

2) орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған қорлар  арасында, ұлттық шаруашылық салалары  мен әкімшілік - аймақтық бөлімшелер  арасында қаражаттарды бөлудің  оңтайлы үлесімдерін (пропорцияларын) белгілеу;

3) қаржы ресурстарын  пайдаланудың нақтылы бағыттарын  анықтау және қажетті резервтерді  жасау.

ШМЗ жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып өнімнің өзіндік құны табылады. Оның деңгейінен зауыт қызметінің қаржылық қорытындысы, өндіріс қарқыны және қаржылық жағдайы тәуелді. өнімнің өзіндік құнының талдауының объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады: шығындар элементтері бойынша және толық тауарлық өнімнің толық өзіндік құны; бір теңге тауарлық өнімге шығындар; шығындар баптарының жеке элементтері.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан  Республикасының   2007 ж. 1

             сәуірдегі № 357-І Заңы

  1. Қазақстан Республикасының  Үкіметінің қаулысы  2009 ж. 10 ақпан           

             № 147.

  1. Елеубаева Ж. “Казахстан и стандарты прозрачности бюджетной

            системы”. Финансы Казахстана 2/2009, 3-7 беттер

  1. Ильясов <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size:

Информация о работе Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау және болжамдау