Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:54, курсовая работа
Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Осыған байланысты, сондай-ақ Қаулыны орындау үшін Комитет 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 829 және 2009 жылғы 24 наурыздағы № 138 бұйрықтар шығарған, онда 130 объектінің 113-і ӘКК-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге беруге жатады, бұл 87 процентін құрайды, олардың ішінде: 22 акционерлік қоғам (АҚ), 62 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және 29 жылжымайтын мүлік объектілері.
Сонымен қатар, Комитеттің көрсетілген шешімдерін орындау барысында ӘКК 20 объектіден, оның ішінде 12 ЖШС-дан, 8 жылжымайтын мүлік объектілерінен бас тартты (оның ішінде 1 жылжымайтын мүлік объектісін жеке тұлға заңдастырды).
Комитет
ӘКК-нің оларды қабылдаудан бас тартуы
туралы хат алған сол объектілер бойынша,
Комитет Қаулыдан бір топ объектілерді
алып тастауды, сондай-ақ объектілерді
облыстардың коммуналдық меншігіне беруді
көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі
қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі,
ол қазіргі уақытта құрылымдық бөлімшелерден
келісу рәсімдерінен өту үстінде.
Мемлекеттік кәсіпорындар
2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 311 республикалық мемлекеттік кәсіпорын, оның ішінде жедел басқару құқығында – 219 (РМҚК) және шаруашылық жүргізу құқығында – 92 (РМК) есептеледі.
2009 жылғы 1 тоқсан үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығы» РМҚК құру туралы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқаруына коммуналдық меншіктен мүліктік кешендер ретінде 4 қалалық дезинфекция стансасын, 16 облыстық, Астана және Алматы қалаларының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын беру туралы;
мыналарды:
- «Қазақстан Республикасының
-
Қазақстан Республикасы
-
Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының № 2 ауруханасы» РМҚК–сын «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы» РМК-сына;
-
Қазақстан Республикасы
-
Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы» мемлекеттік мекемесін - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК-сына қайта құру жолымен;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМҚК-сын «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» ММ-імен қосу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-на қайта ұйымдастыру жолымен қайта ұйымдастыру туралы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Орталық стадион» РМҚК-сын және «Биік таудағы «Медеу» спорт кешені» РМК-сын коммуналдық меншікке мүліктік кешендер ретінде беру туралы шешімдер қабылдады.
Жекешелендіруден кейінгі бақылау
Есепті кезеңде Басқарма Комитеттің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 2009 жылға арналған жылдық жоспарын әзірледі, оған сәйкес сатып алу-сату шарттары бойынша инвестициялық және басқа да міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде өткізілуі тиіс «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС мемлекеттік үлесін сатып алу-сату шарттары бойынша инвестициялық және басқа да міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсы жарияланды. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома 4620,0 мың теңгені құрайды.
2009 жылғы 1 қаңтарға Комитеттің жекешелендіруден кейінгі бақылауында мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сатудың 44 шарты болды, оның ішінде орталық аппараттың бақылауында – 30, аумақтық бөлімшелердің – 14.
Аумақтық (өңірлік) комитеттері есепті кезеңде міндеттері орындалудағы 2сатып алу-сату шарты бойынша инвестициялық және басқа да міндеттемелердің орындалуына тексеріс жүргізді.
Жекешелендіруден кейінгі бақылау комиссияның шешіміне сәйкес 2009 жылдың басынан бастап міндеттемелерді орындауға байланысты 1 сатып алу-сату шарты жекешелендіруден кейінгі бақылаудан алынды.
2009
жылдың 1 сәуірінде Комитеттің
Меншіктің мемлекеттік мониторингі
2009 жылдың 1 тоқсан ішінде Комитет Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2008 жылдың екінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша есептер активтердің басқару тиімділігін талдаудың қысқаша шолуы түрінде ҚР Қаржы министрілігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №КГИП-2/1549 және 2009 жылғы 26 наурыздағы №КГИП-2/3590 хаттарымен ұсынылған.
Сол сияқты есепті кезең үшін «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 ақпандағы №131-IV ҚРЗ Жарлығымен қол қойылды.
Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген Заңның нормаларына сәйкес Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі №810 қаулысымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Осы кезеңде министріліктер, ведомстволар, облыстардың және қалалардың әкімдіктері ұсынған жоғарыда көрсетілген объектілердің тізбесін жаңарту бойынша ұсыныстар қарастыруда.
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру
2009
жылы сатуға жататын
Осылайша, есепті кезеңде Комитет және оның аумақтық бөлімшелері республикалық меншікте болған 182 құрылысы аяқталмаған объект, жылжымайтын мүліктер, машиналар, жабдықтар, көлік және басқа да объектілерді, сондай-ақ бір ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сауда-саттыққа қойды және жалпы сомасы 330 467 мың теңгеге 145 объект сатылды.
Комитеттің
облыстар бөлінісінде және Орталық
аппаратында жекешелендіру объектілерін
сату 12-кестеде берілген.
Облыстар
бөлінісінде жекешелендіру
объектілерін сату туралы
ақпарат
Облыс | Қойылған
объектілер |
Сатылған объектілер | Сату сомасы, мың теңге | Сату пайызы, % |
Ақмола | 7 | 7 | 140 | 100 |
Ақтөбе | 0 | 0 | 0 | 0 |
Алматы | 52 | 48 | 17680 | 92,3 |
Атырау | 0 | 0 | 0 | 0 |
Шығыс Қазақстан | 23 | 11 | 158808 | 47,8 |
Жамбыл | 10 | 9 | 282 | 90 |
Батыс Қазақстан | 0 | 0 | 0 | 0 |
Қарағанды | 2 | 2 | 66 | 100 |
Қостанай | 16 | 13 | 1233 | 81,3 |
Қызылорда | 0 | 0 | 0 | 0 |
Маңғыстау | 1 | 1 | 481 | 100 |
Павлодар | 24 | 19 | 1248 | 100 |
Солтүстік Қазақстан | 0 | 0 | 0 | 0 |
Оңтүстік Қазақстан | 4 | 3 | 16 | 75 |
Алматы қ. | 30 | 19 | 109819 | 63,3 |
Астана қ. | 12 | 12 | 4142 | 100 |
Байқоңыр қ. | 0 | 0 | 0 | 0 |
ҚМ ММЖК ОА | 1 | 1 | 36552 | 100 |
Жиыны: | 182 | 145 | 330467 | 79,7 |
Мемлекеттік мүлікті есепке алу
Мемлекеттік меншік тізілімінің функционалын одан әрі дамыту және кеңейту шеңберінде, ағымдағы жылы Шетелде орналасқан мемлекеттік меншік объектілері (жылжымайтын мүлік) бойынша ақпараттар тізіліміне жинау және қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізетін Қаржы есептілік депозитарийін (бұдан әрі - Депозитарий) құру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жария мүдделі ұйымдар үшін Интернет арқылы оның деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған депозитарийдің веб-порталы құрылды, онда бүгінгі таңда жария мүдделі ұйымдар бойынша ақпарат орналастырылды. Ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.Қ. Мәсімовке «on-line» режимінде депозитарийдің веб-портал жұмысы көрсетілді.
Депозитарий
қаржы есептілігін бір
Депозитарийге түсетін жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жөніндегі қаржылық есептілік, сол сияқты Мемлекеттік меншік тізілімде көрсетілетін болады, өйткені көрсетілген ақпараттық жүйелер өзара біріктірілген.
Бұл
мемлекеттік органдарға ведомстволық
бағыныстағы ұйымдардың қаржылық жағдайына
талдау жүргізу үшін бірыңғай дерекқорынан
қаржылық есептілікті алуға мүмкіндік
береді, бұл сол сияқты мемлекеттік органдардың
қағаз құжат айналымын қысқартуға және
бизнеске жүктемені төмендетуіне әкеледі.
6.
Бақылау-тексеру
жұмысы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті 2009 жылғы 1 тоқсанда 1 903 бақылау объектіне тексеру жүргізді.
Бұл ретте 24 350,4 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылақтар анықталды, оның ішінде бюджет қаражатын негізсіз пайдалану – 22 169,6 млн. теңге, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі – 692,2 млн. теңге, бюджет қаражаты мен кредиттерді мақсатсыз пайдалану – 668,1 млн. теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 559,9 млн. теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша бұзушылықтар – 260,6 млн. теңге.