Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 16:14, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Содержание

Кіріспе
I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.3. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы
III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері - www.topreferat.kz.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)


33

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні

1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі

1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

 

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі

2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі

      мен ресмдеу әдістері

2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі

      мен ресмдеу әдістері

2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша

      Қазақстан Республикасының үлесi

2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша

       жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy

       төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері

2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

 

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

      Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу:

        1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.  

      2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.  

      3. өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.

      Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.

 

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні

 

1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі

 

1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.

I.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

1.Қосылған құнға салынатын салық.

2.Пайдаға салынатын салық.

3.Акциздер.

4,Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.

5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.

6.Кеден тарифі және баж салығы.

7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұсалатын алым.

8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.

9.Транспорт құралдарына салынатын салық.

10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.

11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.

12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.

13.Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.

14.Мемлекеттік баж салығы.

15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.

16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

II.Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

1.Жер салығы.

2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.

3.Орман табысы.

4.Су үшін төленетін ақы.

5.Табысқа салынатын салық.

6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.

7.Кәсіпкелік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.

8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.

9.Елтаңбалық алым.

10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.

III.Жергілікті салықтар мен алымдар.

1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық.

2.Курорттық алым.

3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.

4.Жарнамаға салынатын салық.

5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы жәнежеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.

6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.

7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.

8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.

9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.

10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.

11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.

12.Аукциондық сатудан алынатын алым.

13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.

14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.

15.Ит иелерінен алынатын алым.

16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

17.Жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

Екінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің

Салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде « Салық және бюджетке төленетін басқа да мінбдетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

1.Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

2.Қосылған құнға салынатын салық.

3.Акциздер.

4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.

5.Жер қойнауын пайдаланушылапрдың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтармен алымдар:

1)Жер салығы.

2)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.

3)Көлік құралдарына салынатын салық.

4)Кәсіпкерлік қызметпен айналсатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.

5)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.

6)Аукциондардан алынатын алым.

Қазақста Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.

 

1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

Жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
      1) үстеме пайда салығын;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:

      а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);

      б) роялтидi;

      в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;

      г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.  

     "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.

      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.

      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.

      4. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:

      1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
      2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.

      6. Қорларын осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-бабында белгiленген тәртiппен солар бойынша төлемдер жүргiзедi.

     Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi

      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:

      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
      экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;

        роялти;

        шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; 

       үстеме пайда салығы;

      жер салығы;

      мүлiк салығы қосылмайды. 

       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар бойынша салық режимi

      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 

Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері