Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 16:14, курсовая работа
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Кіріспе
I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.3. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы
III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
Салық сараптамасы
1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялық табу бонусын төлейдi.
Қол қойылатын бонус
Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртiбi
1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.
2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.
Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi
Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.
Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
2. Коммерциялық табу бонусы
Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi
1. Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.
Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
Роялти
Роялти туралы жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi. 2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.
3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
Төлеушiлер
Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан роялти төлеушiлер болып табылады.
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
металлургияға арналған кен емес шикізат;
2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;
3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;
4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;
5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
2-1. алып тасталды
Пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады. 4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
Кесте №2
Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;
2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.
4-1. алып тасталды
5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.
Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бапқа өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
298-бап. <*>
Ескерту. 298-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртiбi
1. Роялтидi есептеу мақсатында алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшiн тасымалдауға арналған шығыстар деп темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiн қамтитын iс жүзiндегi шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар, тиеу және түсiру (қатты заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар түсiнiледi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.
3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңiндегi алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы caту орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.
5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Кесте №1
Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
сулары бойынша роялтидiң ставкалары
1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
______________________________
Р/с
N Пайдалы қазбаның атауы ставкасы,
______________________________
1 Металлургияға арналған руда емес шикiзат 1
2 Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат, 1
пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары
3 Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк 1
4 Басқа руда емес шикiзат
5 Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит 3,5
6 Ас тұзы
7 Жергілікті құрылыс материалдары
8 Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар 4,5
ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит,
обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық
тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз
балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және
тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер,
алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель
мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел,
опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас,
шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық
жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа
салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-далалық
шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.
______________________________
9 Жерасты сулары
______________________________
2. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
3. Роялтидi:
1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;
2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер;
3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.
Төлеу мерзiмдерi
Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері