Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 16:14, курсовая работа
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Кіріспе
I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.3. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы
III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
Салық кезеңi
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөнiндегi декларацияны тiркелген жерiндегi салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi
Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт аясында
жүзеге асырылатын қызметке салық салу
ерекшелiктерi
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келiсiм-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi талаптарды:
1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды;
2) келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;
3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;
4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент);
5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртiбiн қамтуға тиiс.
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлесiн айқындау:
1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.
2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:
1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;
3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
Жоғарыда тiзiп көрсетiлген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуге тиiстi пайда түсiретiн өнiмдегi үлестiң проценттiк мәнiн айқындау үшiн әрбiр триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған төменгi мәндермен салыстырылады.
Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мерзiмi iшiнде өзгерiссiз сақталады.
4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.
Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi. <*>
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:
Кесте №4
R-фактордың (кiрiстiлiк | Жер қойнауын пайдаланушының пайда |
1,2-ден аз немесе | 70 проценттен 90 процентке дейiн |
1,5-тен көп немесе соған тең | 10 процент |
Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% - (A% - 10%)/0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттiк мәнi;
X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.
R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.
5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.
Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1/(1 + СД1)1 + ДЧДП2/(1+СД2)2+...+ ДЧПn /(1+СДn)n;
ДЧДПn - eceпті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;
СДn - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);
n - есептi кезең.
Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:
ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) - (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn + ДБКОn +ДПБn);
ДСКПn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi өнiмiнің нақты құны;
ДСДППn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;
ДВЭРn - есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының нақты құны;
ДВРРОn - есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
ДВРОn - есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны; <*>
ДБКОn - осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;
ДПБn - осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:
Кесте №5
R-фактордың (кiрiстiлiк | Жер қойнауын пайдаланушының пайда |
1,2-ден аз немесе | 70 проценттен 90 процентке дейiн |
1,5-тен көп немесе соған тең | 10 процент |
Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% - (A% - 10%)/0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттiк мәнi;
X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.
R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.
6. Р-фактор (баға коэффициенті) есептілік кезеңіндегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептілік кезеңiндегi пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты құны сомасының есептiлiк кезеңiндегi мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:
Кесте №6
Р-фактордың (баға | Жер қойнауын пайдаланушының |
1 баррель үшiн 12 АҚШ | 70 проценттен 90 процентке дейiн |
1 баррель үшiн 27 АҚШ | 10 процент |
Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А% - (А% - 10%)/15 * (X - 12) * 100%), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәнi;
X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.
Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.
7. Осы баптың мақсаттары үшiн "нақты" терминi жобаны iске асырудың есептi кезеңiндегi жағдай бойынша инфляцияның 1/12 орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.
8. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты iске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.
Өтелетiн шығындар
1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған, негiзделген және құжатпен расталған шығындары.
2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн жұмсаған, оның iшiнде:
келiсiм-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;
келiсiм-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келiсiм-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және барлауға арналған;
2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келiсiм-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.
Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:
келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;
келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.
4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткiзу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткiзуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келiсiмге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзiндегi шеккен шығындары өтелуге тиiс.
5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады.
Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бапқа өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері