Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 20:49, курсовая работа

Описание

Пассивтік операциялардың басты мақсаты - ақша ресурстарын мобилизациялау болғандықтан, таңдалған жұмыс тақырыбы актуалды тақырыптардың бірі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСАВОЙ .doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

    басшылық  қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;

    банк  қызметінің тәртібі немесе зандардьң жетілдірілмегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.

    Банк  операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезендегі Казақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:

    1. көптеген үйымдардың өндірістік  құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономиканьң дағдарысты жағдайы;

    2.  Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

    3.  кейбір негізгі заң актілерінің  жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;

    4.  инфляция.

    Бұл жағдайлар туындайтын банк теуекелдері мен оларды зерттеу үдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.

    Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушьлықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң жөне теріс болуы мүмкін.

    Тәуекел — бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

    Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

    Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

    Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.

    Теорияға  сәйкес, тәуекелге  мыналар тән болып  саналады:

    • белгісіздік;

    • баламалықды тандаудың қажеттілігі;

    • баламалықты жүзеге асырудың ықгималдылығын бағалау

    мүмкіндігі.

    Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел  ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.

    Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік  сияқты белгілермен сипатталады.

    Карамақайшылық  мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.

    Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын тандауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

    Белгісіздік — бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

    Тәуекелдің  — субъективті және объективті екі  тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы  немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын тандауына негізделетін тұжырымда болып саналады.

    Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің, жекелеген карыз алушылардьщ, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады. 

    
    1. Банк  тәуекелдерінің түрлері  және жіктелуі.

    Банк  тәуекелдері өзінің алуан түрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар (келістер) түрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.

    Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.

      Несие тәуекелі — несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтанда олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады.

      Пайыздық тәуекел — коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестициялық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нетижесінде шығынға бату қауіпі.

      Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін білдіреді.

      Қоржындық (портфельдік) тәуекел — бағалы кағаздар нарьіғындағы шығындардың болу мүмкіндігі.

      Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі — бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қьізметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пайда) тәуекелі.

    Бұдан тысқары, банктің өкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.

    Атап  өткен тәуекелдердің бүкілі бір-бірімен өзара байланысты. Мәселен, несие тәуекелі банктің өтімдік және төлем қабілетсіздік тәуекеліне, сондай-ақ банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеу қабілетсіздігімен байланысты тәуекелге әкелуі мүмкін. Пайыздық ставкалар төуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы конъюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әрекет етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.

    Банк  тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметімен байланысты тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметімен байланысты емес тәуекелдердің белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп отыр (4 кесте).

    Банк  тәуекелдерінің жіктелуі 

    4-кесте 
 

      
 
 

    Банк  тәуекелдері етімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:

    - депозиттік тәуекел;

    - күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды  ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;

    - несие тәуекелі (ссудалар мен  олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);

    - жаңадан жоспарланбайтын несиелер  тәуекелі;

    - жаңа қызмет түрлері бойынша  тәуекелдер.

    Табыс тәуекелі жұмысшылардьщ кәсіби сапаларына катысты. Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

    - несие төуекелі;

    - валюталы тәуекел;

    - ел (елдер) тәуекелі;

    - салалықтәуекел.

    Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытында төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардьщ міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетгі шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы кағаздармен операциялар жасауды акцептеу мен кдр-жылаңдыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контракты-ларға, СВОП, опциондарға кдтысты болады.

    Әлеуетті  несие төуекелдері операцияларға  жөне операция-лардың сатыларьша байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сөтіндегі "Форвард").

    Банк  тәуекелдері негізіі пайда болу факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер — бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорындар вдзметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқгы тәуекелдер болып та-былады.

    Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер — бұл  банкгің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-тендік сақалмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғрландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең та-ралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.

    Тәуекелдің  бүл негізгі түрлері өзара  байланысты болып табылады, сондықтан  да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сьіртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.

       Сыртқы тәуекелдер. Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық жағдаяттар).

    Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен  мекемелер (бірлескен банктер-БББ) қызметін интернационалдандырумен,ғаламдық тәуекелдердің болуымен тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдерді импорттаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады.

    Еларалық  тәуекел белгілі ел валютасының  өзге бір ел валютасына еркін аударылу тәуекеліне,трансферт тәуекеліне немесе төлем мораториі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.

    Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шығындар тәуекелі банк операцияларының нарығын интернационалдандырумен, трансұлттық (бірлескен) кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.

       Кездейсоқ апат тәуекелі немесе форс-мажорлық жағдай (РФО) сондай-ақ сыртқы тәуекелге жатады. Ол, негізінен, табиғаттың дүлей құбылыстарының болуы немесе болмауы және сонымен байланысты болатын зардаптарға қатысты болады. Бұл тәуекелдердің банк мекемелеріне әсерін тек бір-біріне жағдайдың өзгеретіндігі туралы дер кезінде хабардар етумен ғана шектеуге болады. Ішкі тәуекелдер банкгің түрі мен өзіне тән белгілеріне, қызтмет-(операцияларының) сипатына және оның әріптестерінщ (клиентгер мен контрагенттердің) кұрамына қатысты болады.

       Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:

    1. коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;

    2. клиенттердің құрамы;

    3. банк тәуекелдерінің пайда болуы  немесе әсер ету аясы;

    4. тәуекелдерді есептеу әдісі;

    5. банк тәуекелінің дәрежесі;

    6. тәуекелдерді уақыттар бойынша  бөлу;

    7. тәуекел есебінің сипаты;

    8. банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.

    Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақгағы болып бөлінеді.

    Ретроспективті  тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау  ағымдағы және болашақ-тағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік  береді.

Информация о работе Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару