Бизнес-жоспар Мотельдер ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:37, курсовая работа

Описание

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының (бұдан әрі – Ақмола облысы) Щучье-Бурабай курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.
Қонақ үй ретінде 2-қабатты ғимарат салу, сондай-ақ қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін жабдықтар сатфып алу жоспарлануда.

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 17
4.4 Маркетинг стратегиясы 18
5. Техникалық жоспарлау 19
5.1 Техникалық процесс 19
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 19
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 20
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 21
7. Жобаны іске асыру 22
7.1 Іске асыру жоспары 22
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 22
8. Пайдалану шығыстары 23
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 24
10. Қаржыландыру қажеттілігі 25
11. Жобаның тиімділігі 26
11.1 Cash-flow проекциясы 26
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 26
11.3 Баланс проекциясы 26
11.4 Қаржы индикаторлары 27
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28
12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 28
12.2 Қоршаған ортаға әсер 28
Қосымшалар 29

Работа состоит из  1 файл

BiznesZhosparMotelderAshu.docx

— 874.43 Кб (Скачать документ)




Бизнес-жоспар

Мотельдер ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл   

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 17

4.4 Маркетинг стратегиясы 18

5. Техникалық жоспарлау 19

5.1 Техникалық процесс 19

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 19

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 20

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 21

7. Жобаны іске асыру 22

7.1 Іске асыру жоспары 22

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 22

8. Пайдалану шығыстары 23

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 24

10. Қаржыландыру қажеттілігі 25

11. Жобаның тиімділігі 26

11.1 Cash-flow проекциясы 26

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 26

11.3 Баланс проекциясы 26

11.4 Қаржы индикаторлары 27

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28

12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 28

12.2 Қоршаған ортаға  әсер 28

Қосымшалар 29

 

 

Кестелер тізімі

1-кесте – Жылдар бойынша жоспарланатын өндірістік бағдарлама

2-кесте – Қонақ үй қызметтерінің жоспарлы бағасы

3-кесте - Боровое кентіндегі отельдер мен демалыс үйлері

4-кесте – Қонақ үй кешені үшін қажетті жабдықтар кешені

5-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

6-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар, мың теңге

7-кесте – Айына ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

8-кесте – Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

9-кесте – Еңбекақы шығыстарының есебі, мың тг

10-кесте – Жобаның инвестициялары, мың теңге.

11-кесте –Қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

12-кесте - Кредиттеу шарттары

13-кесте – Кредит бойынша төлемдер, мың тг

14-кесте – Өнімділік көрсеткіштері, мың тг

15-кесте – Баланстық есеп коэффициенттері

16-кесте – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

17-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау

18-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (6 жыл)

 

 

 

Суреттер тізімі

1-сурет – ҚР туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер сан, мың адам

2-сурет – ҚР орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілген келушілер саны,  мың адам

3-сурет – Ақмола облысында келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік

4-сурет - Ақмола облысында қонақ үйлепрдің толтырылуы, %

5-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі номерлер саны, бірлік

6-сурет – Ақмола облысы қонақ үйлеріндегі орналастыру орындарының саны, бірлік

7-сурет – Ақмола облысының қонақ үйлерінде келушілердің орналасу орындарымен қамтамасыз етілу санының өзгеру серпіні, адам,

8-сурет  - Ұйымдастыру құрылы

  

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының (бұдан әрі – Ақмола облысы) Щучье-Бурабай курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін  табыс табу  болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы  қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.

Қонақ үй ретінде  2-қабатты  ғимарат салу, сондай-ақ қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін  жабдықтар  сатфып алу жоспарлануда.

Жоба бойынша  жалпы инвестициялық шығындар мыналарды  қамтиды:

Шығысытар, мың  тг.

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

285 186

Негізгі капитал

11 667

Барлығы

296 853


 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты  қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг .

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

89 056

05.2012-01.2013

30%

Қарыз қаражаты

207 797

05-12.2012

70%

Барлығы

296 853

 

100%


 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты  төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестермен


 

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:

Жылдық пайда (5 жыл), мың тг.

10 061

Активтердің рентабельділігі

18%


 

14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 8 081  мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

14%

 

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

8 081

 

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

5,1

 

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

9,4

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан  мыналарға ықпал ететін болады:

- жаңа жұмыс орнын құру, бұл  тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;

- туристерді қоса алғанда қонақ үй  қызметтерін көрсету үшін  жаңа мотель құру Ақмола облысының бюджетіне  салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Әлеуметтік әсерлердің арасынан:

- халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;

- туристер мен саяхатшыларды  бір мекеннен екіншісіне қатынайтын алыс сапарларда талаптарын қанағаттандыру үшін  демалыс, тамақтану және басқа сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге болады.

 

Кіріспе

Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың  шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды бөлігі.

Қонақ үй бизнесі  туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын  ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қонақ үй кәсіпорнының  негізгі функциясы  тұрғындарға  уақытша тұратын үй  ұсыну болып  табылады.

Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол  қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде  сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.

Қонақ үй  қызметтері нарығы қонақ  үй кәсіпорындары мен  қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі  субъектілердің болуымен сипатталады.

Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін  барлық мүмкіндіктер бар.

Республиканың бай  тарихы,  сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық,  барынша ашықтық және оның  ынтымақтастыққа дайындығы – осының бәрі  туристік сияқты қонақ үй саласының да  жедел дамуына ықпал етеді.

 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы  Қазақстан Республикасы Ақмола облысының                      Щучье-Бурабай  курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты  оған қатысушының материалдық әл-ауқатын  жақсарту үшін  табыс табу  болып  табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы  қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін  туристер болып табылады.

Компанияның басымдықтары:

- қонақ үй бизнесі жұмысындағы тәжірибесі мол білікті құрам;

- қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;

- қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да бағдарланған.

Қонақ үй қызметімен қатар  тамақтану қызметтері де (кафе) көрсетіледі.

Қонақ үй орын-жайының жалпы  алаңы 657 шаршы метрді құрайды..

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай  бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да  жобаны іске асырған  кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың  ерекшелігін барынша ашып көрсету  қажет болады..

 

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі  функциясы клиенттерге уақытша  тұратын орын ұсыну болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі  белгілері мыналар::

- номерлік  қорлардың болуы;

- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде  қызмет көрсету);

- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде  төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

• орналастыру;

• тамақтану;

• бос уақыт;

• тұрмыстық  қызметтер көрсету.

Олар  негізгі, қосымша және ілеспе  қызметтерді  қамтиды.

Қандай қонақ үйдің болмасын  қажетті шарты екі негізгі  қызметінің болуы:  орналастыру және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау  біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден  қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін  қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т.б.

Қонақтарға қызметтер  көрсету  әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау),  сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату),  сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері).

Қосамша және басқа қызметтерге  бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті,  және басқалары кіреді.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.

Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара  қонақ үй корпорациясы болсын  барлық отельдердің негізгі міндеті  қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді,  сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.

Мотель – отельдің бір  түрі,  шағын қонақ үй. Мотель жол  бойы қонақ үйін білдіреді.

Әдетте мотельдер бір  немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы,  сондықтан тұру құны да  соған сәйкес болады.

Ғимарат тек номерлерден  ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы – номерлердің есіктері парковка жағына шығады. Номерлердің  жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.

Мотельде  ақы төлеу  жеке әкімшілік корпусында орналасатын  тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.

Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын,  мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де  мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің  кемшілігі  қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ  қызмет көрсету түрінің аздығы болып табылады.

 

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

 

1-кесте – Жылдар бойынша  жоспарланатын өндірістік бағдарлама 

Көрсеткіш

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Стандарт номерлерінің саны

15

Толтырылуы

70%

Люкс номерлерінің саны

5

Толтырылуы

57%

Кафеге келушілер саны

66

69

73

76

80

84

Сату, мың

105 204

105 204

105 976

106 787

107 638

108 532

Информация о работе Бизнес-жоспар Мотельдер ашу