Бизнес-жоспар жасау («Ақанай» ЖШС)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................... 4
1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52
Қорытынды......................................................................................................... 76
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80
Қосымшалар......................................................................................................... 83

Работа состоит из  2 файла

Фирмада__ы ▌шк▌ жоспарлауды__ нег▌зг▌ ____жаты рет▌ндег▌ .22.doc

— 923.00 Кб (Скачать документ)

Батыс корпорацияларының  қаржы жоспарларының жүйесі:

  1. активтер мен пассивтердің балансын болжамдау;
  2. залалдар мен пайдалар туралы есепті болжамдау;
  3. ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті болжамдау;
  4. негізгі қаржылық көрсеткіштерді (сату көлемі, өндіріс шығындары, пайда, активтердің, өзіндік капитал мен тауар сатудың рентабельділігі) болжамдау;
  5. капиталдық салымдардың ұзақ мерзімді бюджеті мен инвестициялық жобаны бағалау;
  6. корпорацияны қаржыландырудың ұзақ мерзімді стратегиясы.

Капитал салымдарының бюджетін жасақтау:

    • инвестициялық жобаларды жіктеу;
    • таза келтірілген тиімділік, ішкі табыстылық нормаларын, өтемділік мерзімі көрсеткіштерін талдау көмегімен баламалық жобаларды бағалау мен салыстыру;
    • ең тиімді жобаларды таңдау;
    • таңдалған жобаларды тиісті ресурстармен қамтамасыз ету;

Қаржыландырудың ұзақ мерзімді стратегиясының мәні:

  • ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері (банк несиесі, облигациялық қарыздар, қаржылық жалдау-лизинг, өзіндік акцияларды эмиссиялау) мен қаржы резервтерінің пайдаланылу тәсілдерін анықтау;
  • ұзақ мерзімді капиталды ұлғайту тәсілдерін таңдау;
  • авансталған капиталдың көлемі мен құрылымын анықтау.

Негізгі қысқа  мерзімді бюджеттерге жататыны:

  • ақшалай қаржылардың қозғалысының бюджеті;
  • баланс парағы бойынша бюджет;
  • айналым активтерінің бюджеті;
  • табыстар мен шығындар бюджеті.

 

 

1.2  Инвестицияларды  экономикалық бағалауды бағдарламалық  қамтуға қойылатын негізгі талаптар

Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын жасақтау мен оның негізінде жатқан жобалық  талдау көптеген есептеулерді, талдау есептері мен нәтижелерін кестелер мен график түрінде көркемдеуді қажет етеді. Тәуекелдерді талдау инвестициялық жобалардың компьютерлік модельдерінсіз мүмкін емес. Сондықтан қазіргі жобалық талдаулар тек дербес компьютерлердің көмегімен және Supersalk, Lotus-1-2-3, QuattroPro, Exsel.

Айта кететін  жайт, арнайы жобалық талдауға арналған бағдарламалық өнімдер көп болғанымен, Exsel негізіндегі есептеулер жиі қолданылады. Тіпті Бүкіләлемдік банктің өзінде Costab жүйесін қолдану міндетті саналғанмен, сарапшылардың пікірінше, 50% есептеулер Exsel бағдарламасында жүргізіледі екен. Оның себептері төмендегідей:

  • көптеген өндірістерге тән күрделі технологиялық байланыстарды көрсетуге болады;
  • арнайы жүйенің ережелерін арнайы оқудың қажеті жоқ, дербес компьютерлерді тұтынушылар Exsel-ді кәсіби деңгейде қолдана біледі;
  • әр нақты кезеңдегі өзара байланыстармен шектеліп, қолданылатын ақпаратты біртіндеп кеңейтуге болады;
  • тұтынушыға таныс емес сұрақтар жүйесіне жауап берудің қажеті жоқ.

Көптеген тұрғыдан алғанда Exsel жобалық есептеулер үшін оңтайландырылған. Бағдарламада қаржылық функциялар өте көп, соның ішінде NVP мен IRR бар. Аннуитетті төлемдер сызбасын қолданған кезде төлемдер мөлшерін есептеу ППЛАТ функциясының көмегімен  жүзеге асырылады, онда пайыз, қарыз мерзімі мен мөлшері көрсетіледі. Табалдырықтық мәндерді іздестіру «параметрлерді таңдау» режимінің көмегімен жүргізіледі.

Сонымен қатар Exsel-ді қолданып, күрделі есептеулер жасағанда міндетті түрде жасырын  қателердің болатынын ескеру қажет. Әдетте макростарды қолданып, нақты жобаны жасақтау есептеулері нәтижелері шындыққа жанасқанда аяқталады. Сонымен қатар, кез-келген бағдарламашы қажетті алгоритмдердің мән-жайын түсіне алмайды, толыққанды есептеулер сызбасын құру бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау, салық жүйесін, несиелік желілерді, лизинг төлемдерін, дивиденд үлестіруді білуді талап етеді.

Арнайы автоматтандырылған есептеулер жүйесін жасақтаушы фирмаларда қажетті мамандар, бағдарламаларды  тестілеу мен реттеуге аз көңіл бөледі, көптеген мекемелерде пайдаланыста жүрген бағдарламалық өнімдер бір реттік, бірегей жасақталамар үшін тиімді емес.

Инвестициялық жобаларды талдауға арналған кез-келген қолданбалы бағдарламалар мына міндеттерді  шешуі тиіс:

  1. жоба мен оған қатысушылардың ықпалын сипаттайтын ақшалай ағымдардың құрылуы мен оған мына есептеулерді енгізу:

а) ассортимент, өткізу арналары мен графигін ескере отырып, қызметтер мен өнімдерді  сатудан түсетін пайданы есептеу;

б) шығындарды ескере отырып, өндірістік шығындар мен шығындар құрылымын ескеруге негізделген өнімді өткізуді есептеу;

в) жүзеге асыру  құрамы мен графигін ескеріп, капиталдық шығындарды есептеу;

г) айналым қаржыларының қорын қалыптастыруды есептеу;

д) инвестициялардың қалдықтық құнын есептеу;

е) жобамен байланысты басқа шығындар мен пайдалар.

2) жобаның тиімділігінің  көрсеткіштерінің (жобамен және  жобасыз жағдайлардағы) мен оның  базистік мерзімде жүзеге асырылымдылығының  бағалары, болжамдық бағалар мен  есептік бағалармен берілуі;

3) салық заңнамасы  мен оның кәсіпорынның ақшалай ағымдарына ықпалы;

4) жобаны қаржыландырудың,  несиелік операциялардың, қолма-қол  ақшамен жүргізілетін операциялардың  және қарызды өтеу сызбасының  нұсқаларын ескеру;

5) жобаның тәуекелеріне талдау жүргізу мен оны төмендетудің ұсынылатын шараларын тексеру;

6) жобаны әртүрлі  тұрғылардан бағалау, оның ішінде  жобаның басқа қатысушыларының  түрлі көзқарастарын ескеру;

7) қатысушылардың  қаржылық жағдайын сипаттайтын  көрсеткіштерді есептеу;

8) инвестициялық жобалардың бизнес - жоспарының құрамына енгізіле-тін құжаттар түріндегі есептеулер нәтижелерінің ресімделу шығындарын қысқарту.

Аталған талаптарға толық сәйкестік қолданбалы бағдарламалардың пакеттерінің белгілі авторларында жоқ. Олардың ішіндегі ең танымалдары  «Альт» фирмасының өнімдері, Проджект Эксперт бағдарламалық кешені, ИНЭК фирмасының жасақтамалары. Кейбір салаларда арнайыландырылған бағдарламалық құралдар пайдаланылады. Шетелдік пакеттердің ішіндегі ең танымалдары – COMFAR, UNIDO. Бүкіләлемдік банкте COSTAB, ал аграрлық бағдарламалар үшін  FARMOD жүйесі қолданылады.

1.3  Инвестициялық  жобаларды басқарудың мәні, функциясы  мен үрдісі

 

Жоба анықтамалары өте көп.

Жоба – бұл уақыттың шектеулілігі, құн, сапа мен басқа да мақсаттарда-ғы арнайы жағдайлармен сипатталатын іс-әрекеттердің бірегей жиынтығы.

Жоба – шектеулі құн мен жүзеге асыру уақытының берілген мөлшерінің бірегей жиынтығын орындау үшін адамдар, материалдар мен қаржылық ресурстардың жұмылған  іс-әрекеттер жиынтығы.

Жоба – бұл белгілі бір бастапқы және соңғы күні болатын үйлестірілген жұмыстардың бірегей жиынтығы. Жобаны шектеулі құн, күтілетін нәтиже мен белгілі бір жұмыстар графигімен анықталған мақсаттарға жету үшін жеке тұлға немесе мекеме басқарады.

Жоба – белгілі бір күнде басталып, мақсаттарға жеткенде аяқталатын өзара байланысты жұмыстардың бірегей көпшілігі. Сонымен қатар бюджет, қажет ресурстар мен нәтиже анықталады.

Жобаға тән  сипаттық белгілер – жаңалығы, сонылығы, күрделілігі, заңнамалық қорғалуы, пәнаралық байланыс, жұмыстардың үлестірімділігі.

Жобаның бағдарламасы мен портфелі болады. Жобаның бағдарламасы белгілі бір анықталған бюджеті мен қажетті ресурстарын пайдаланып, мақсаттарға жету үшін өзара бағдарламалардың көптігі. Жобалық портфель дегеніміз – шектеулі ресурстар, түсу уақыты, жобаның басымдықтарын ескеріп, осы мекемеде жүзеге асырылуға жоспарланатын жобалардың көптігі.

Жобалық өнім дегеніміз  – нарықтың немесе тапсырыс берушінің тұрғысынан белгілі бір тұтынушылық сапаларға ие өндірістік үрдіс, жоба немесе бағдарламаның нәтижесі.

Белгілі бір  өнімді немесе нәтижені алу үшін күш салу керек. Бағдарламаны немесе жобаны жүзеге асыру барысында күш пен уақыттың ара қатынасы айқын. Күш нөлден басталып, нөлмен аяқталады.

Сонымен қатар  әр бағдарлама немесе жоба дамудың 4 кезеңінен  өтеді. Олардың бәрі бірігіп, бағдарламаның  немесе жобаның тіршілік ету циклын құрайды. Жеке таңдаулар мен бағдарламаның немесе жобаның қолданылу аясына қарай олар әртүрлі аталады: концептуалдық жоспарлау, жасақтама, орындау мен аяқтау, немесе идея, жоспарлау, жүзеге асыру мен жабу.

Тіршілік циклы  – Бағдарламаның, Жобаның, Үрдістің немесе Өнімнің идеяның туындауынан бастап, жүзеге асырылудың аяқталуына дейінгі іске асырылуының циклы. Әдетте олар тұтастық пен толымдылық қасиеттеріне ие болуы тиісті.

Бағдарламаның немесе жобаның тіршілік циклын өнімнің  немесе кәсіпорынның тіршілік циклымен шатастыруға болмайды. Бағдарламаның немесе жобаның тіршілік циклы өндіріс үрдістері мен өнімнің циклдарымен байланысты. Бағдарламаның мен жобаның циклының өзара байланысты-лығының үш тұжырымдамасы бар:

1. Бестік  (Бағдарлама – Жоба – Портфель – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы жобалар портфелін толықтыру негізінде өнімді немесе қызметтерді жаңарту мен шығаруға бағытталған мекемені дамыту моделінің негізін құрайды.

2. Төрттік (Бағдарлама – Жоба – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы өнімді шығару мен қызметтерді ұсынуға бағытталған ірі ауқымды кез-келген жүйені дамыту моделінің негізін құрайды.

3. Үштік (Жоба – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы жоба арқылы өнімді немесе үрдісті жаңарту аясындағы мекемені дамыту дамытудың моделінің негізін құрайды.

Сонымен қатар  назар аударатын жайт, кез-келген жүйені дамыту нәтиже беретін жүйенің қасиеттерін жақсартуға бағытталған тіршілік циклді көрсететін спираль тәрізді модельді айналдыру негізінде жүреді.

Бағдарлама  мен  жобаны басқару моделін қалыптастыру барысында жүйелік көзқарастар қолданылады. Бұл көзқарастар жобаны құбылмалы әлемде тірлік ететін өзара байланысқан элементтер көптігі деп қарастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған орта жобамен де, жобасыз да өзгереді.

Осы деңгейдегі ең маңызды мәселелер – жобаның тууы мен оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі.

Компанияларда жобаның тууы тіршілік циклдарының  өзара әрекеттесуі философиясына  негізделеді.

Қазіргі кезде  жобаларды басқарудағы әдіснамалар  мен олардың өзара байланысындағы негізгі көзқарастарды  қарастырайық. 

Жүйелік көзқарас бағдарламаға немесе жобаға деген толық, жүйеленген көзқарастармен сипатталады.

Жобалық көзқарас жобаның өнімін құруға бағытталған  мақсатқа жетуге бағдарлылығымен сипатталады. Бағдарламаны немесе жобаны басқару  құралдары бағдарламаның немесе жобаның бірегейлігін және берілген критерийлер жүйесіндегі мақсаттарға жетуді ескеріп, құрылған. Егер осы көзқарастардың өзара әрекеттесуінің моделі ретінде жіктеуді қолданатын болсақ, жобалық көзқарас жүйелікке қатысты енгізілген, бірінің ішіне бірі кіріктірілген жүйе секілді.

Үрдістік көзқарас жоба менеджерлерінің іс-әрекеттерін  реттеп, шығыс және кіріс параметрлерін  сипаттау арқылы қайталанатын үрдістерге апару, кірісті шығысқа айналдыратын іс-әрекеттер жиынтығымен байланысты.  Үрдістік көзқарас белгілі бір пән саласымен (құрылыс, ақпараттық технологиялар,т.б.) байланысып, жобалық менеджердің іс-әрекеттерін формалдауға мүмкіндік береді. Үрдістік көзқарас жобалық көзқарасқа енгізіліп, ал оны реттеуші құжат «Жобаларды басқару жөніндегі операциялық нұсқаулық» деп аталады.

Сценарийлік көзқарас  жобаларды басқарудағы шешімдер қабылдау мен дайындау үрдістерімен байланысты. Сценарийлер ең үздік  практиканы жобаларды басқару үрдістеріне  енгізеді. Осылайшай сценарийлік  көзқарас рдістік көзқарастың ішіне  кіріктіріледі.

Ұсынылған модель жобаларды басқарудың әртүрлі формалдық және формалдық емес әдіснамаларын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаның жүзеге асырылуы аясындағы білімдердің ықпалын ғана емес, мекемеде қалыптасқан әкімшілік менеджментінің мәдениетінің ықпалын да ескеру керек. Бұл жағдайдағы интеграция бойынша негізгі жүктеме жүйелік көзқарастар мен пәндік, әкімшілік, жобалық үштіктің өзара әрекеттесуіне жүктеледі.

Жобаларды басқару  –бұл жобаның барлық аспектілерін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингілеу мен бақылау, сондай-ақ құны мен жұмыстардың сапасы келісілген белгілі бір уақытта оның мақсаттарына жету үшін қатысушылардың мүдделілігі. Ол басқару жұмыстарының көптігінен, жобаны басқарушы мекемеден, басқару техникасы мен жобаның нәтижелерін бағалаудан құрылады.

Жобаны басқару (менеджмент) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқарудан бөлек.

Мазм__ны СНАБЖЕНЕЦ.doc

— 93.50 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе Бизнес-жоспар жасау («Ақанай» ЖШС)