Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:47, дипломная работа
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.
Кіріспе................................................................................................................... 4
1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20
2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46
3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52
Қорытынды......................................................................................................... 76
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80
Қосымшалар......................................................................................................... 83
1997 жылға дейін
бухгалтерлік баланс екі
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу
көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша
топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың
активі мен пассиві мүлік және онын қалыптасу
көздерінің біркелкі экономикалық топтарының
аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде
әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер
мен қорытындыланған керсеткіштерден
тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке
элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер
баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив
бөлімінің құрылымына сай ерекшелік
- бұл яғни баланс бөлімдері мен
баптарының әр бөлім ішінде (шегінде)
қатаң, белгілі бір дәйектілікпен
орналасуы - яғни олардың өтімділік
дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі
аз активтерден өтімділігі көп активтерге
дейін, демек басында баланстың өтімділігі
жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады,
содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтімді активтер жазылады.
Осы принцип бойынша активтің қорытынды
баптары ең өтімді айналым қаражаттары
(ағымдағы активтер) болып табылады олар
қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы,
есеп айырысу және валюталық шоттардағы
ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражаттары.
Баланс пассивінің
бөлімдері мен баптары төлем
мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты
мына принципке сай құрылды: төлем
мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға
дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады.
Олардың
түсіндірмесі нарықтық экономик
Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].
Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құралында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс [14].
Әрі қарай олар
баланстың негізгі элементтерін
келесідей сипаттайды: Активтер - бұл
ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын
бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге
тиісті нәрсе. "Пассив" термині
таза бухгалтерлік ұғым болып табылады
және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді.
Капитал - пассивтердің
арнайы түрі.
Капитал алғашқы
капитал мен қызметте қалдырылған
табысты қоса алғандағы меншік иесінің
бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп
шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп
беру бойынша нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша
түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл белгілі
бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі
ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау
үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық
жағдай ұғымымен тікелей байланысқан
баланстық есеп элементтері дегеніміз
бұл активтер, пассивтер және капитал.
Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы
жұмысын камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта
қолда бар ресурстар туралы ақпаратты
қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді
қаржыландыру көздері туралы ақпараттан
тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған
ба, жоқ, әлде меншікті ме".
Аталған оқулықта
бухгалтерлік баланстың бөлімдері
(жақтары) мен элементтері келесідей
анықталады:
«Актив дегеніміз
- бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде
кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта
кәсіпорынға экономикалық табыс
әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал - бұл
пассивтерді активтерден алып тастағандағы
кәсіпорынның өзіндік қаражаты».
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның
элементтері туралы бұл анықтамалар біздің
бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда
берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды
жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының
еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің,
субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен
байланысқан негізгі элементтері – активтер,
меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі"
болып табылатынын айта келе, олар қаржылық
есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.
«Активтер - бұл
құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі,
мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және
құқығы болып табылады.
Міндеттеме - бұл
тұлғаның (қарыз адамның) белгілі
бір әрекетті басқа бір тұлғаның
(несие берушінің) пайдасына жасайтын
міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар
немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту,
ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің
міндетін орындауын талап етуге құқығы
бар.
Меншіктік капитал
- бұл субъектінің өз міндеттемелерін
шегеріп тастағаннан кейінгі
активтері» [11]. Сонымен, қаржылық есептің
негізгі элементтерінің анықтамасын
түсіндіруде батыс елдерінен
ешқандай айырмашылық жоқ деп
айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ
мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің
жиынтық сомасы анықталады. Баланста
ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және
олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық
есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді
басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет
болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС–2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс" [12].
БЕС-2 және
қаржылық есепті жасаудың
Алайда айта
кеткен жөн, балансты құрудың түрін
таңдау (көлденең, яғни екі жақты
немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің
шексіз құқы болып табылады.
Баланс активі
мен пассивін құру принциптері бұрынғы
қалпында қалып отыр, яғни активтер
олардың өтімділік деңгейіне
байланысты, өтімділігі төмен активтерден
өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер
принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік
деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде
құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде
үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер. Қалған екі
элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық
қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі.
Қаржылық жағдайды
талдау барысында тек бухгалтерлік
баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге
болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау,
себебі бухгалтерлік баланс кемшілік
пен шек қоюшылықтан ада емес,
олардың ең маңыздылары келесілер
болып табылады:
1. Баланс табиғаты жағынан
тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген
мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық
қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда
баланс ақпараттары ретроспективалық
және перспективалық талдау мақсаттары
үшін қолданылуы мүмкін.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында
және міндеттемелеріңде
3. Баланста салыстырмалы
шаруашылық аралық талдау