Бизнес-жоспар жасау («Ақанай» ЖШС)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................... 4
1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52
Қорытынды......................................................................................................... 76
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80
Қосымшалар......................................................................................................... 83

Работа состоит из  2 файла

Фирмада__ы ▌шк▌ жоспарлауды__ нег▌зг▌ ____жаты рет▌ндег▌ .22.doc

— 923.00 Кб (Скачать документ)

3. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетіндегі жекелеген  нақты және қаржылық инвестициялардың  инвестициялық тәуекелін азайту.

4. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің ішкі және сыртқы жағдайлары өзгергенде капиталды жедел қайта инвестициялау мүмкіндіктері мен инвестициялардың оңтайлы өтемделуін қамтамасыз ету.

5. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің болжамды  көлеміне сәйкес инвестициялық  ресурстардың жеткілікті көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

6. Кәсіпорынның  инвестициялық бағдарламасындағы  жүзеге асыруды тездету жолдарын  іздестіру.

7. Инвестициялық  іс-әрекетті жүзеге асыру барысындағы  кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін  қамтамасыз ету.

1. Кәсіпорынның  операциялық инвестицияларды басқару дамуының жоғары қарқындылығын инвестициялық  қолдаудың жеткіліктілігін қамтамасыз ету. Бұл міндет  кәсіпорынның операциялық іс-әрекетінің жекелеген кезеңдеріндегі стратегиялық мақсаттарды шешу үшін инвестициялық көлемдегі қажеттіліктерді анықтау, операциялық активтердің айналымнан тыс кейтілген өндірісін қамтамасыз ету, осы кезеңдегі кәсіпорындағы инвестициялық бағдарламаның тиімділігі мен тепе-теңдігін қалыптастыру  жолымен жүзеге асырылады.

2.  Жекелеген  нақты және қаржылық инвестициялардың қарастырылып отырған инвестициялық тәуекел барысында мейлінше табыстылығын қамтамасыз ету. Инвестициялардың мейлінше табыстылығы кәсіпорынның ең тиімді инвестициялық жобалар мен құралдарды таңдауына байланысты. Бұл міндетті шеше отырып, назар аударатын жайт, табыстылықтың мейлінше артуына инвестициялық тәуекел деңгейін арттыру арқылы қол жеткізуге болады, бұл екі шама бір-бірімен тікелей байланыста. Сондықтан табыстылықтың мейлінше артуы мүмкін болатын инвестициялық тәуекел шегінде жүзеге асырылып, оның нақты деңгейін меншік иелері немесе кәсіпорын менеджерлері инвестициялық іс-әрекет арқылы менталитетті ескере отырып қамтамасыз етеді.

3. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетіндегі жекелеген  нақты және қаржылық инвестициялардың  инвестициялық тәуекелін азайту. Егер табыстылық деңгейі алдын-ала анықталған болса, жекелеген инвестиция мен инвестициялық бағдарлама түрлерінің инвестициялық тәуекелін азайту басты міндет болып табылады. Инвестициялық тәуекелді бұлайша кішірейтуге инвестициялық жобаларды дивесификациялау  арқылы қол жеткізілу мүмкін.

4. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің ішкі  және сыртқы жағдайлары өзгергенде  капиталды жедел қайта инвестициялау  мүмкіндіктері мен инвестициялардың  оңтайлы өтемделуін қамтамасыз  ету. Елдегі инвестициялық климаттың құбылмалылығы, жалпы инвестиция нарығының конъюнктурасының өзгерістері табыстылықтың күтілетін деңгейін төмендетуі мүмкін. Мұндай қайта инвестициялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің басты шарты сол -өтемділік деңгейін оңтайландыру болып табылады. Бұл жағдайда әңгіме оңтайландыруда болып тұр, өйткені инвестициялық бағдарламаның өтемділігінің деңгейінің жоғарылауы  әдетте инвестициялық іс-әрекеттің төмендеуімен қатар жүреді, ал оның төмендеуі төлемге қабілеттілікті жоғалту мен кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігінің таюына алып келеді.

5. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің болжамды  көлеміне сәйкес инвестициялық  ресурстардың жеткілікті көлемін  қалыптастыруды қамтамасыз ету. Бұл міндет тартылатын инвестициялық ресурстардың  (ақшалық, тауарлық, материалдық емес) кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің болжамдалатын көлемімен барлық формалардағы тепе-теңдігін орнатуға бағытталған. Бұл міндетті орындаудағы басты міндет –жекелеген нақты жобаларды қаржыландыру сызбаларын негіздеу, сондай-ақ қарастырылған көздерден тартылатын инвестиция көздерінің әртүрлі формаларын тарту жөніндегі шаралар жүйесін құру.

6. Кәсіпорынның  инвестициялық бағдарламасындағы  жүзеге асыруды тездету жолдарын  іздестіру. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының құрамындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мына жайттарға байланысты тездетілуі тиіс: әр инвестициялық жобаның жүзеге асырылуының жоғары екпінділігі кәсіпорынның жалпы экономикалық дамуын тездете түседі, сонымен қатар кәсіпорынның таза инвестициялық пайдасы мен амортизациялық аударулары түріндегі қосымша таза ақша ағымы тезірек қалыптасады, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуының тездетілуі несие ресурстарын пайдалану мерзімін қысқартып, инвестициялық бағдарламаның құарымндағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыруын жеделдетеді, елдегі инвестициялық климаттың нашарлауына байланысты туындайтын және басқа факторлардан туындайтын инвестициялық тәуекелді азайтады.

7. Инвестициялық  іс-әрекетті жүзеге асыру барысындағы  кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мұндай тепе-теңдік кәсіпорынның дамуының барлық кезеңдеріндегі қаржылық тұрақтылық пен төлемге қабілеттіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Ол тиімді инвестициялық іс-әрекеттің орындалуының маңызды шарты болып табылады. Бұл инвестициялық салымдардың көлемінің орасан зор және ұзақ мерзімге бағытталуымен байланысты. Сонымен қатар инвестициялық іс-әрекет бойынша  ақша ағымдары біркелкі түспейді. Сондықтан инвестиция іс-әрекетін жүзеге асыра отырып, кәсіпорын оның кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлемге қабілеттілігіне қалай ықпал етуі мүмкіндігін болжай білуі тиіс, сонымен қатар осы мақсаттағы инвестицияланатын капиталдың құрылымы мен инвестициялық ақша ағымдарын оңтайландыру керек.

Барлық қарастырылған  міндеттер өзара байланысып жатыр, бірақ олардың бағыттары әртүрлі болып табылады. сондықтан кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетін басқару үрдісінде басты мақсатты жүзеге асыру барысында міндеттер бір-бірімен үйлесуі тиіс.

 

1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру

 

Әр нақты инвестициялық жобаны қарастыру барысында оларды қорытынды таңдау жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның  нақты инвестициялық бағдарламасын  қалыптастыру үрдісі мына маңызды қағидаттарға негізделеді:

1. Жобалардың инвестициялық бағдарламаға енгізілуі үшін таңдалуы-ның көп критерийлілігі.

2. Инвестициялық  жобалар бойынша таңдау критерийлерін  саралау.

3. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің объективті  шектелуін есепке алу.

4. Инвестициялық  бағдарламаның кәсіпорынның өндірістік және қаржы-лық жоспарларымен байланысуын қамтамасыз ету.

5. Инвестициялық  бағдарламаның тепе-теңдігін маңызды  көрсеткіштер бойынша қамтамасыз  ету.

1. Жобалардың  инвестициялық бағдарламаға енгізілуі  үшін таңдалуы-ның көп критерийлілігі. Бұл ұстаным Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру барысында кәсіпорынның мақсаттары жүйесін, инвестициялық іс-әрекетінің міндеттерінің сипатын есепке алуды қарастырады.

2. Инвестициялық  жобалар бойынша таңдау критерийлерін  саралау. Критерийлерді саралау дербес, өзара байланысты және бір-бірімен үйлеспейтін жобалар бойынша нақты инвестициялаудың формаларына негізделеді.

3. Кәсіпорынның  инвестициялық іс-әрекетінің объективті  шектелуін есепке алу. Нақты инвестициялардың Инвестициялық бағдарламасын қалыпастыру барысында  есепке алуды қажет ететін объективті шектеулердің түрлері: инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық кәсіпорын іс-әрекетінің көлемі, инвестициялық іс-әрекеттің салалық және аймақтық диверсификациясының бағыттары мен формалары, жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қарызға капитал тарту мүмкіндіктері, т.б.

4. Инвестициялық  бағдарламаның кәсіпорынның өндірістік  және қаржылық жоспарларымен  байланысуын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті оның операциялық және қаржылық іс-әрекеттері-мен тығыз байланысты. Бұл байланыс нақты уақыт мерзімдеріндегі кәсіпорынның іс-әрекетінің түрлері бойынша ақша ағымдарының қалыптасуы арқылы қамтамасыз етіледі. Әр нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігін қарастыратын инвестициялық капиталдың қайтымды ағымы жоспарланған көлем мен мерзімдегі өнім мен оны өткізумен қамтылуы тиіс.

5. Инвестициялық  бағдарламаның тепе-теңдігін маңызды  көрсеткіштер бойынша қамтамасыз  ету. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының ішкі тепе-теңдігі ең алдымен табыстылық, тәуекел мен өтемділік мәндерінің ара қатынасына байланысты «табыстылық-тәуекел», «табыстылық-өтемділік» шкалалары бойынша анықталады.

Қарастырылған негізгі ұстанымдар негізінде нақты  инвестициялық жобалардың қалыптасуы мына негізгі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның  инвестициялық бағдарламасына жобалар  таңдаудың басты критерийін таңдау. Инвестициялық менеджменттің негізгі мақсаты –кәсіпорын меншік иелерінің әл-ауқатының жақсаруы болып табылады. жобаларды таңдаудың басты критерийі оның тиімділігінің, екіпіні мен қарқынымен байланысты. Инвестициялық менеджмент практикасында әдетте таза келтірілген пайдаға басымдық беріледі.

Дербес инвестициялық  жобалар бойынша басты таңдау критерийінің сандық мәні инвестициялық іс-әрекеттің мақсаттық стратегиялық нормативі болып саналады.

Өзара байланысты инвестициялық жобалар бойынша басты таңдау критерийінің сандық мәні әр нақты жоба бойынша емес, барлық өзара байланысты кешен бойынша қабылданады.

Өзара бір-бірімен  үйлеспейтін инвестициялық жобалар бойынша басты таңдау критерийінің сандық мәні таңдалған басты критерий көрсеткіштерінің ең үлкен мәндеріне қарай анықталады.

Таңдалған басты  критерий бойынша инвестициялық  бағдарламаға жоба таңдау шектеулерінің  жүйесін құру. Оған негізгі және қосалқы нормативтік көрсеткіштер кіреді.

Негізгі шектеуші нормативтік көрсеткіштер мыналар:

  • жобаның тиімділігінің баламалық көрсеткіштерінің бірі;
  • жобаның жалпы инвестициялық тәуекелінің мейлінше үлкен деңгейі;
  • инвестициялардың өтемділігінің мейлінше ұзақ мерзімділігі мен ең кіші коэффициенті.

Қосалқы шектеуші нормативтік көрсеткіштер мыналар:

  • инвестициялық жобаның жүзеге асырылуыға дайын болуының деңгейі;
  • жобаның инвестициялық кезеңінің жүзеге асырылуының күтілетін мерзімі;
  • жобаның жүзеге асымдылығының деңгейі (экономикалық, техникалық-технологиялық, экологиялық, т.б.көрсеткіштері бойынша);
  • жобаның инновациялық деңгейі;
  • кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын салалық және аймақтық диверсификациялау мүмкіндігі;
  • инвестициялық жоба мен оның түрлі көздерден қаржыландырудың ақша ағымдары бойынша қарастырылатын ақша ағымдарын қалыптастыру;
  • кәсіпорынды дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға нұқсан келтірмей инвестициялық жобаны жүзеге асырудың кейінгі қалдырылуының мүмкіндігі.

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  «Ақанай»  ЖШС-нің қаржылық жағдайын  талдау және оның мәні мен мақсаты.

2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау жөніндегі  сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.                                                                                 

Профессор Н.А  Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады».

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты  өндірістік, коммерциялық және басқа  да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы  ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның  уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.                                                                                        

В.М. Радионова  мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының  калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен  көрсетіледі" деп жазады.                                                                                                                                          

М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".                                                                                           

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7].                                                                                              

Мазм__ны СНАБЖЕНЕЦ.doc

— 93.50 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе Бизнес-жоспар жасау («Ақанай» ЖШС)