Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 15:15, курсовая работа

Описание

Жеке кәсіпкерлік субъектілері –шағын кәсіп субъектісі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық 50 адаммен қызмет атқаратын жеке кәсіпкер және 50 адамнан аспайтын және орташа жылдық активтер құны 60 000 айлық есептік көрсеткіш көп емес кәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлға.

Содержание

І. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау.................................................................3-5
ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттары..................................................................................6-7
ІІІ. Жеке кәсіпкерлікті тоқтату негіздері..................................8-11
ІV.Қортынды............................................................................12-13
Глоссарий.................................................................................14-15
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................16

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік құқық СОЖ.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

«Болашақ» Университеті 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 

Тақырыбы: Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі 

Оқу тобы: ЮП -10/3 

Орындаған: Баймұратова Мереке 

Қабылдаған:Сариева Жадыра 
 
 
 
 
 
 
 

Қызылорда, 2011-2012 оқу жылы 

Жоспар: 

І. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау.................................................................3-5

ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттары..................................................................................6-7

ІІІ. Жеке кәсіпкерлікті тоқтату негіздері..................................8-11

ІV.Қортынды............................................................................12-13

Глоссарий.................................................................................14-15

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................16 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жеке  кәсіпкерліктің  құқықтық  мәртебесі. 

       І. Жеке кәсіпкерлік – жеке тұлғаның бастамасымен пайда табуға  бағытталған жеке тұлға меншігіне негізделген  және жеке тұлға атынан  олардың тәуекелімен олардың мүлкін жауапкершілігмен жүзеге асырады. Қызмет жеке кәсіпкерлік  субъектілері жеке тұлға және  мемлекеттік емес заңды тұлға.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілері –шағын кәсіп субъектісі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық 50 адаммен қызмет атқаратын жеке кәсіпкер  және 50 адамнан аспайтын және орташа жылдық активтер  құны 60 000  айлық есептік көрсеткіш көп емес кәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлға.

   Шағын  кәсіптік субъектісі  ретінде  бола алмайды келесі  жеке кәсіп:

   1) есірткі құралдарымен  психотропты  заттармен айналысумен байлансты қызметті жүзеге асырады;

   2) акцизделетін өнімді  өндіретін және олардың көтерме саудасын жүзеге асырады;

   3) нан қабылдайтын бөлімдерде бидай  сақтайтын қызмет жүзеге асырады;

   4) лотерея  өткізуді жүзеге асырады;

   5) ойын-сауық және шоу бизнес  саласындағы  қызметті жүзеге асыру;

   6) сертификаттау, меторология  және сапалы  басқа ру саласында  мұндай өнімдерін , газ-электр  және жылу энергиясын жүзеге асырады;

   7) мұндай өндіру, қайта өндіру  және таратумен байланысты жүзеге асырады;

   8) радиоактивті материалдар  айналыммен  байланысты жүзеге асырады;

   9) банктік қызметпен немесе  банк  операциялардың жеке түрлерімен, сақтандыру нарығында  (тек сақтандыру агентінен басқа) қызметті атқарады;

   10) аудиторлық  атқарады;

   11) бағалы қағаздар нарығында   кәсіби  қызметпен айналысады. Орташа  жылдық қызметкерлер санына  жеке кәсіпкердің өкілдігі, филиалы және басқа бөлімдерінің  қызметкерлері кіреді.

   Орта  кәсіпкерлері субъектілеріне заңды  тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын орташа жылдық жұмысшылар саны 250 адамнан асатын немесе жалпы  активтер саны 325 мың айлық есептік көрсеткіштен  көп заңды тұлға жатады.

   Жеке  кәсіпкерліктің мынадай түрлері белгілі:

   1) өзіндік жеке кәсіпкерлік;

   2) бірлескен жеке кәсіпкерлік.

   Ерлі-зайыптылардың  кәсіпкерлігі –ортақ меншік негізінде, отбасы кәсіпкерлігі – шаруа (фермер)қожалығына немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен  меншік  иесі, жай серіктестік – үлесті меншік негізінде жүзеге асырылады.

   Жеке  кәсіпкерлік субъектілерінің  құқықтары:

    1. жеке кәсіпкерлік кез келген түрін жүзеге асырауға;
    2. жолданбалы еңбекті  пайдалануға;
    3. оригинал өкілдерді құруға;
    4. қайтарымды  негізінде жеке кәсіп, субъектілерінің заем беруге;
    5. өндіретін тауар жұмыс,қызмет, бағасын жеке белгілеуге;
    6. өзінің құқық қабілеттілік шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырауға;
    7. жеке кәсіпкерлікті субъектінің бірлестіктерін құруға;
    8. аккредиттелген бірлестіктер арқылы сараптама кеңсесінің жұмысына қатысуға;
    9. жеке кәсіпкердің субъектілерінің құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды  жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша бақылаумен қадағалау қызметі жүзеге асыруға, құқық қорғау және мемлекеттік органға шағымдануға;
    10. өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдануға;
    11. жеке кәсіпті қолдау мен қорғау мәселесі бойынша нормативтік актілердің орындалмауы мен тиісті орындалмауына үлес қосатын себептермен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды қарауына мемлекеттік органдарға ұсынуға құқылы.

   Жеке  кәсіпкерліктің субъектілерінің міндеттері:

  1. ҚР Заңнамасын сақтауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен  заңмен қорғалатын  мүдделерін сақтауға;
  2. ҚР Заңнамасының талаптарына жататын жеке кәсіп қызмет түрін жүзеге асырып лицензия алуға;
  3. Міндетті адамды құқықтық жауаптан сақтандыруға міндетті.

   2. Бақылау қағидалары:

  1. Заңдылық;
  2. Жеке кәсіптік  субъектінің адалдық презумуиясы;
  3. Ашықтылық;
  4. Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
  5. Бақылау жүргізу  барысында  жеке кәсіпкерлік субъект  жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу.

     Мемлекеттік орган уәкілеті өздерінің  қызметтеріне міндетті орындалмағаны   және тиісті орындалмаған және  олардың өздерінің құзыреттерін  асырғаны үшін  жауапкершілік.

    Жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттері:

  1. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету;
  2. Алдау практикасының алдын-алу;
  3. Табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеуді;
  4. Ұлттық өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін  арттыруды;
  5. Жеке кәсіпкерлік субъектісі  өндіретін  және сататын өнімдердің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін;
  6. Олардың  мүлкін  қорғауды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7. Қоршаған ортаға қауіпсіздікті  қамтамасыз ету.

  Мемлекеттік органдарға және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі  мәселері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер  қабылдауға тыйым салынады. Тексеру мемлекеттік органының  тексеруді тағайындау туралы актісі  негізінде жүргізіледі.

  Тексеруді тағайындау туралы актіде: 

  1.Актінің  нөмірі мен күні;

  2.Мемлекеттік  органның атауы;

  3. Тексеру жүргізуге уәкілетті  адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;

  4. тексерілетін жеке кәсіпкерлік  субъектінің атауы немесе тексеру  жүргізу тағайындалған дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның орналасқан жері, салық төлеушінің  тіркеу номері;

  5.тағайындалған  тексерудің мәні;

  6.тексерудің  басталған және аяқталған күні;

  7.тексеру  жүргізудің құқықтық негіздері,  оның ішінде міндетті талаптары,  тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

  8. тексерілетін кезең;

  9.актіге  қол қоюға уәкілетті адамның  қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.

  Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың  лауазымды  адамдары:

  1. құқықтық статистика жөніндегі органдарда тіркеу туралы беті қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
  2. қызметтік куәлігін;
  3. қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзіретті органның рұқсаты;
  4. мемлкеттік органның басшысы бекіткен тексеру жоспарын;
  5. объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық  рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

  Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне берген сәттен бастап тексеру жүргізу басталды деп есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан  немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар лауазымды адамы және тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.

   Тексерілетін  жеке кәсіпкерлік субъектісінің  уәкілетті адамы бас тарту  себебі туралы жазбаша түсініктеме  беріп, хаттамағы қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеру жүргізбеуге негіз болып  табылмайды. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам ғана тексеру жүргізе алады.

   Тексеру жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, ерекше жағдайларда арнайы зерттеулері сынақтары сараптамалар жүргізу қажет болғанда тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты мемлекеттік бақылау органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізудің мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

   Тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізіледі және тек бір ғана жеке кәсіпкерлік субъектісіне рәсімделеді.

   Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісі 3 күндік мерзімде қарсылық болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік  органның басшылысы мен келісімен мерзімдері көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою, жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.

   Өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігі және мүлікті сақтау саласындағы  бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруді тағайындау туралы актісіз жүзеге асырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттарына:

 1.Жеке кәсіпкерлік сүт өндіретін және  сататын өнімнің адамдар өмір мен денсаулығына  қауіпсіздігін;

 2. Олардың  мүлкін қорғауды, өндіретін өнімнің;

 3. Қоршаған  ортаға  қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге;

 4.Қазақстан Республикасының  ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 5.Алдау практикасының  алдын-алу;

 6. Табиғи және  энергетикалық  ресурстарды үнемдеу;

 7.Ұлттық өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін  арттыру  болып табылады.

   Мемлекетті әкімшілік етудің түрлеріне мыналар жатады:

  1. ҚР заңдарымен жеке кәсіпкерлік өнімдеріне, процестеріне талаптар белгілеу;
  2. Сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынап (орталықтарын, растау жөніндегі органдарды аккредиттеу);
  3. Өнімнің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарна сәйкестігін міндетті растау;
  4. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік  бақылау;
  5. Жеке кәсіпкерліктің жекеленген түрлерін  лицензиялау;
  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкердік субъектілерінің, мемлекеттік органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын  белгілеу.

Информация о работе Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі