Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 15:15, курсовая работа
Жеке кәсіпкерлік субъектілері –шағын кәсіп субъектісі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық 50 адаммен қызмет атқаратын жеке кәсіпкер және 50 адамнан аспайтын және орташа жылдық активтер құны 60 000 айлық есептік көрсеткіш көп емес кәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлға.
І. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау.................................................................3-5
ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттары..................................................................................6-7
ІІІ. Жеке кәсіпкерлікті тоқтату негіздері..................................8-11
ІV.Қортынды............................................................................12-13
Глоссарий.................................................................................14-15
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................16
2006 жылы қаңтардың 31-індегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы, 2-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымдары болып төмендегілер саналады:
1. Жеке
кәсіпкерлік еркіндігіне
2. Кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға жеке
кәсіпкерліктің барлық
3. Жеке
меншікке (жеке кәсіпкерлік
4. Қазақстан
Республикасындағы шағын
5. Жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің
Осы берілген тізімдемеден кәсіпкерлік құқық ұстанымдары ретінде тек жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету ұстанымын және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымын атауға болады (өйткені субъектілер теңдігі және меншікке қол сұқпау ұстанымдары –бұл жоғарыда айтылғандай, азаматтық құқық ұстанымдары). Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықтың тағы 2 ұстанымын атап айтуға болады: ол кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы және бәсекелестік еркіндігі және монополиялық қызметті шектеу ұстанымы. Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормативтік актілерде бекітілген.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және қоғамдық мүдделер үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін. Алайда Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей, жеке кәсіпкерлік тек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша ғана шектелуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және Қазақстанда кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 1-бабы, 3-тармағы) үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар құру бойынша бірқатар мемлекеттік кешенді шаралар саналады.
Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы
мынадан көрінеді: заң шығарушы жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау саласында
мемлекеттік саясат дамуының басым бағыты
ретінде шағын бизнеске қолдау көрсетуді
арнайы бөліп қарайды. Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады: шағын кәсіпкерлік
субъектілердің мемлекеттік қаржылық,
статистикалық, материалдық-техникалық
және ақпараттық ресурстарды, сонымен
қатар ғылыми- техникалық зерттеулер мен
технологияларды, шағын кәсіпкерлікті
дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық)
және аймақтық бағдарламаларын пайдалануы
үшін жадайлар туғызу; шағын кәсіпкерлік
субъектілерін мемлекеттік тіркеу және
таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
салық салудың оңтайлы режимін тағайындау;
шағын кәспкерлікке кредит беру бағдарламаларын
қабылдау; шағын кәспкерлікті дамыту
және қолдау үшін инвестициялар (оның
ішінде шетелдік те) тарту және пайдалану
жүйесін құру; мемлекеттік қажеттіліктер
үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
сатып алудың кепілді көлемін қамтамасыз
ету; мамандар даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыруды
шағын кәспкерлікті қолдау және дамытудың
жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг
ұйымдарын және жүйелерін құру және бұрыннан
барларын өркендету жолымен іске асыру;
ұлттық даму институттарын құру (Жеке
кәсіпкерлік туралы Заңның 18-бабының 3-тармағы).
ІІІ. Жеке кәсіпкерлік ерікті және еріксіз негізде тоқтатылады.
Ерікті негізде:
1. Банкрот ден тану (кәсіпкердің өзі талап-арыз берсе);
2.Кәсіпкердің өзінің шешімі бойынша;
3.Қайта ұйымдастыру кезінде.
Еріксіз негізде:
1.Банкрот деп тану (кредит берушілер талап-арыз берсе);
2.Қайтыс болу;
3.Лицензиялауға жататын кәсіпкерлікті лицензиясыз, мерзім аяқталған лицензиямен жүзеге асырылады;
4.Заң актілерінде тыйым салынған кәсіпкерлікпен айналысса;
5.Басқа да жағдайларда (тіркеу кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарына байланысты дара кәіспкерді тіркеу жарамсыз деп танылған қызметін күнтізбелік жыл жеке кәсіпкерлік ішінде заңды бірнеше рет өрескел бұзса).
Банкрот деп жарияланады –егер жеке кәсіпкерлік субъектілердің борышкердің сотқа өтініш немесе кредитордың, ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен, дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатуы мүмкін. Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде – дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде – барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады. Мәжбүрлеп тоқтау тек сот шешімімен жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлік – дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда; отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік – бірлескен кәсіпкерлерін қатысушысының біреуі қалған немесе бірде-бірі қалмаған жағдайда, некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады, дара кәсіпкердің қызметі оның өтінімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік тіркелімнен осындай кәсіпкерді алып тастаған кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді. Мемлекеттік тіркелімнен алып тастау дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеу органына бергеннен кейін жүргізіледі. Белгіленген жағдайларда тіркеусіз дара кәсіпкердікті жүзеге асыру кезінде оны тоқтату ерікті сипатта болса –нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезінде тиісінше соттың, шешімі заңды күшіне енген кезден кезден бастап ол тоқтатылды деп есептелінеді.
Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жалақының, зейнетакылардың, жәрдемақылардың уақытылы төленуін Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген, мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiнiң сақталуын тексерудi жылына бiр реттен жиi жүзеге асыруы мүмкiн. Бақылаушы органдар тексеруінің нәтижелері eкi жақты акт жасау арқылы расталуға тиic, онда ескертпелер тiзбесi, оларды жоюдың қажеттi шаралары мен мерзiмдерi көрсетiледi. Aктiдe тараптардың әр қайсысы актiнiң қандай шарттарымен өздерiнiң келiспейтiнiн көрсетуге құқылы.
Мемлекеттiк органдардың ақпарат беру және жеке кәсiпкерлiкпен байланысты өзге де ic-әрекеттер жасау жөнiндегi мiндеттерi:
1. Мемлекеттiк
органдар жеке кәсiпкерлерге
2. Мемлекеттiк органдарға тipкey, жер учаскесiн бөлiп беру, лицензия алу, заң тармақтарында көзделген негіздерде ақпаратты беру мәселелерi бойынша, сондай-ақ өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысты өзге де мәселелер бойынша өтiнiш жасаған жеке кәсiпкерлерден заң актiлерiмен тiкелей көзделмеген ақша салымдарын алуға болмайды.
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын ic-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану:
1. Жеке кәсiпкерлердi тipкey, оларға лицензия беру, олардың қызметiн тексеру, оны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап қою кезiнде, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жағдайларда өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзған ретте жеке кәсiпкер тиicтi opгандарда және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекеттерiне орган (лауазымды адам) орналасқан жердегi немесе шағым берушiнiң қалауы бойынша) жеке кәсiпкерлiк қызмет жүзеге асыратын жер бойынша сотқа шағымдануға құқылы;
2. Құқық қорғау органдарының қылмыстық, ic қозғауға және оны тергеуге байланысты iс-әрекеттерiне жеке кәсiпкердiң шағым жасауы қылмыстык, ic жүрriзу заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жеке кәсiпкердi әлеуметтiк қорғау:
1. Жеке
кәсiпкер әр түрлi әлеуметтiк қамсыздандыру,
әлеуметтiк және медициналық
2. Қазакстан
Республикасының зейнетақы
Жеке
кәсiпкердiң қызметiн тоқтата
1. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ак, осы заңда көзделген жағдаяттар пайда болған ретте тоқтатылуы мүмкiн;
2. Жеке
кәсiпкердiң қызметi ерiктi тәртiппен
кез келген уақытта - өзiндiк
кәсiпкерлiк жағдайында жеке
Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
1) банкроттық;
2) тipкey
кезiнде қалпына
3)борышкер заңда көзделген мерзiмде несие берушiлер талаптарын қанағаттандырғанын немесе қанағаттандыру мүмкіндігінің немесе бiтiмгершiлiк келiсiм жасалған дәлелдемелерiн табыс етпеген жағдайда, сондай-ак оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарады;
4)борышкер –жеке кәсіпкердің банкорттығы туралы ic бойынша іс қозғау ақша сомаларын өндіріп алу туралы соттардың шешiмдерiн орындауға немесе борышкердiң кәсiпкерлiк қызметіне байланысы жоқ мiндеттемелер бойынша оның мүлкiнен өндіріп алуға кeдepгi болмайды;
5)кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, борышкерден ақша сомаларын өндiрiп алу туралы сот шешiмi немесе басқа орындаушылық құжаттар жок;
6)мiндеттемелердi орындау сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн тоқтатыла тұрады;
7)борышкердің мәмiлелерiн жарамсыз дел тануды сот өз бастамасы бойынша немесе мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексiнде және банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртiп пен негiздерде жүзеге асырады;
8)банкроттык туралы заңдарда заңды тұлғалар үшiн көзделген негiздер бойынша борышкер банкрот деп танылғанға дейiн мүлiк қайтарған және оның мәмiлелерiнiң жарамсыз деп таныған кезде банкроттьқ туралы ic қозғалғанға дейiнгi 1 жыл iшiнде жеке кәсiпкердiң жұбайына (зайыбына), тiкелей алдынғы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне және олардың төмендегі буындағы туыстарына, жұбайының (зайыбының тiкелей алдындағы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне) берiлген мүлiктi қайтару талап етiлуi мүмкiн.
Жеке
кәсiпкерлердiң банкроттығы
- жеке кәсiпкердің банкроттығы туралы ic бойынша ic қозғалғаннан кейiн сот борышкердiң оңалту pәciмiн қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандыра алады.
Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы icтep бойынша оңалту pәciмi банкроттық туралы заңарда заңды тұлғалар үшiн белгiленген ережелер бойынша мынадай ерекшелiктердi сақтай отырып жүргiзiледi:
1)оңалту жоспарын банкроттық туралы ic бойынша ic жүргiзудi сот кейiнге қалдырғанан кезден бастап 1 ай iшiнде борышкер-жеке кәсiпкер не оңалту басқарушысына кандидат әзiрлейдi және талап ету сомасы олардың талап eтeтiн жалпы сомасының кемiнде 2/3 бөлiгiн құрайтын конкурстың және кепiлдiк несие берушiлердің келiсiмi болған жағдайда сот бекiтедi;