Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 19:14, доклад
Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Социологиялық ой қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады.
Абайдың рухани мұрагері - Шәкерім қоғам және қоғамдық қатынастар ұғымына ғылымилықты енгізді, яғни Батыс пен Шығыстың білімі мен тәжірибесіне негізделе отырып тұлға мен қоғамның прогресі мен дамуы идеясын дамыта түсті. Шәкерім шығармашылығының терең көркемділігі, идеялылығы, мәдениеті, оның өзі түсіндіргеніндей, “туған жерден, ана тілден” және “шығыс, орыс, батыс мәдениетінен келе жатқан нәрсе”. “Мен шығыспен ерте қауышқаннан дүниені айнадан өзімді көргендей көрдім; білімсіздіктің кірінен орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуімнің арқасында тазардым” деп жазды. Оған орыстың революциялық-демократиялық философиясы, батыстық-еуропалық қоғамдық ой, ағартушылық барлық көріністері мен бағыттарында жақсы таныс болатын [13, 64-б.].
Адамдағы әлеуметтік пен биологиялық
нәрсені Шәкерім бірге алып қарайды.
Бұл жерде ол Чернышевскийдің
“Философиядағы антропологиялық принцип”
деген еңбегінде баяндалған идеяларына
жақын және жоғарыда өзіміз қарастырған
Абайдың идеяларын
Мұнда білім және еңбек сияқты әлеуметтік
құндылықтар да маңызды. Алайда, батыс
қоғамдарының тарихи дамуын көре отырып
және жатырқау, шеттету проблемаларымен
бетпе-бет келе отырып, Шәкерім адамзат
қоғамын игілікке жетелер жалғыз
құндылық “білім” деген ұғымға
тоқтайды. Ол мәселені М.Вебердің ұғымындағы
әлеуметтік еңбек пен әлеуметтік
мінез-құлыққа ұқсас білім
Шәкерім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” [14, 542-б.].
Шәкерім қоғамның одан әрі даму жолдарын
үнемі ізденуде болды. Ол адамдар
өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды
мысал келтіреді. Олардың кейбіреулері
адам өмірі жаратқан иесін танумен
түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса,
әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі
деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты
ағартумен адам өмірі түзеледі деді.
Біреулері бай, кедейді теңеумен
түзеледі десе, біреулері тәрбиемен
түзеуге болады деді. Өмірдің өзі
- тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін
жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі
жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер
де болған. Шәкерімнің өзі бұл идеялардың
ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте
алмайтынына сенімді болды. Жақсы
өмірдің негізін ол “адал еңбек,
ақ жүрек, арлы ақыл” деп санайды.
Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы
осы мінездемелердің болуымен анықталады,
ол жеке адамдардың мінез-құлық нысандарын
қалай болса солай бейнелеуге
жол бермейді. Кез келген әлеуметтік
әрекет әлеуметтік мәнділігін ұғынумен
және басқаға ұстаным берумен
қатар жүреді. Қазақ қоғамындағы
жеке адамның социумда өмір сүруі
мен мәртебелік позициялары социумның
интеракциялаушы элементтері
Шәкерім қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси дамуының бірнеше жолдары бар деп біледі: біріншіден, партияларға, олардың әдемі үндеулері мен ұрандарына көзсіз ере бермеу, олардың мүдделері үшін дау-дамай мен жік-жікке бөлінуге ұрынбау, онда ұтылатын тек қара халық. Халық өзінің адал еңбегіне сүйене отырып, партияның жаршыларына қарайламай, сенімді де түзу жолмен алға басуға тиіс. Екіншіден, қазақ халқы дауласуды, мал ұрлауды, жікке бөлінуді және басқа да теріс қасиеттерді артқа тастап, басқа өркениетті халықтар сияқты білім алуға, ғылымға ұмтылуға тиіс, мұнда байлардан үміт жоқ, олардың ойындағысы тек баии түсу, сонан соң көңілі марқайып, елге мақтану - бұл олардың өмірлік мақсаты. Үшіншіден, оқуға, еңбекке жағдай туғызылған қалалар, елді мекендер салу, осының бәріне балаларды жасынан тәрбиелеу қажет, бұларсыз, - деп жазады Шәкерім, - қазақтарда қазір күш жоқ, ысырапшылдық бар, өткен ұрпақ құндылықтарын дамытуда мақсатқа ұмтылу жоқ, демек қазақтар әлі өзін әлемде басқа халықтар арасында белгілі бір мәдениеті мен тарихы бар халық, ұлт ретінде өзін бекіте алған жоқ [15, 52-б.].
Шәкерім өзі діндар адам болған, бірақ
бұл оның дін мен адамның өзара
әрекетін, оның қоғамдық қатынастарға
ықпалын талдауына кедергі
Қоғам мен оның даму жолдары Ш.Уәлихановтың
еңбектерінде көрініс тапқан. Прогресшіл
идеяларды таратушылар болған ХХ
ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
шоқ жұлдызы осы Шоқаннан бастау
алады. Сол кезеңнің ойшылдары мен
қоғам қайраткерлерінің айрықша
белгілері олардың Ресейдің ғылыми
орталықтарында алған зайырлы білімдерімен
қоса өз халқына терең берілгендігінде.
Ш.Уәлиханов ағартудың
Ш.Уәлихановтың социологиялық тұжырымдамасы адамзат табиғаттың бір бөлшегі болып табылатындығын, жалпы объективті сыртқы әлем сияқты заңдылықтармен дамитынын түсінуге құрылған. Бұл тұрғыдан алғанда табиғат пен қоғам арасында принципті айырмашылық жоқ және болмақ та емес. Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат заңдары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық заңдарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік заңдардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.
Ш.Уәлиханов Орта Азияның дәстүрлі қауымдастықтарының тұрмысын, экономикалық құрылысын, мәдени нормативтерін зерттейді.
Қоғамдық даму туралы сөз ете отырып, ол “табиғи-тарихи” дамуға аяқ тірейді, адам мен адам қоғамын табиғат дамуының нәтижесі ретінде қарастырады, тарихтан тыс және жалпыға ортақ этникалық нормалар мен мұраттарды теріске шығарады. Адамдардың түсінігі мен көзқарастары тікелей тайпалық организм шарттарымен және қоршаған орта мен стихияның басқа да шарттарымен анықталады. Ағарту идеяларын таратушы Ш.Уәлиханов әлеуметтік құндылықтар мәселелеріне олардың әлеуметтік маңыздылығы мен тарихи ақталуы тұрғысынан қарайды.
Ш.Уәлиханов өзінің “Қазақтар туралы жазбалар” (“Записки о киргизах”) атты еңбегінде қазақтардың тыныс-тіршілігінің жан-жақты қырларын тәптіштеп зерттейді. Этникалық атауынан бастап соттық-қуыным нормалары мен құндылықтарына дейін. Қырғыздың генеалогиялық тамырын ғалым алғаш рет құрылымдық тәртіппен сипаттайды, мәртебелік-рөлдік позицияларын ашып береді. “Генеалогиялық естеліктер бойынша қырғыз-қайсақтар әр түрлі екі бастамаға жатады: ақсүйектер - күн нұрынан жаралған тектілер және қаралар - ешқандай артық тылсым қасиеті жоқ қарапайым құл-құтандар” [17, с.7]. Уәлиханов стратификациялық құрылымның анықтамасына “каста” ұғымын қолданады. “Халық сословиелерге бөлінген сияқты екі кастаға бөлінеді: манаптар мен қара бұқаралар”. Билік пен бағыну қатынастары ежелгі орда негізін салушының ұрпағы ретіндегі манаптың патриархалдық құқығына құрылған. Бұл билік біртіндеп “өсіп, ақыр-соңында құл иеленушілер мен құлдардың рақымсыз қатынастарына айналды” [17, 3-б.]. Биліктің сипаттамасы шектеусіз: манап қара халықтың толық қожайыны, оларды сата да, өлтіре де алады. Билік қатынастары үрей мен қаталдыққа құрылған, манаптың жоғары тектілігі қарапайым халықты (demos) бағынуға, қорқып өмір сүруге мәжбүр етуге негіз болып табылады. “Барлық түрік текті көшпенді халықтар неғұрлым патриархалдық бастау алатын бағыныштылық нысанға ие болып келген және қазір де солай, ал моңғол немесе моңғолдық қол астында болған орда халықтары өз құрамына екі элементті қамтиды - ақ және қара сүйек” [17, 39-б].
Уәлихановтың еңбектерінде қазақ қоғамы тарихи ретроспективада және нағыз шынайылықта зерделенеді. ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы өзгермелі процестер жан-жақты талданған.
Қоғамдағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың
негізгі көзі материалдық өндіріс
тәсілдері мен соның
Ш.Уәлиханов саяси үстемдікті меншіктен жоғары қояды. Ол Азия жағдайында рақымсыз нысандағы, ешкім де, ештеңе де шектей алмайтын билікті пайдалана отырып, оның иелері халықты тонайды және оның есебінен мықтап байиды деп есептейді.
Ағарту идеялары Қазақстандағы
білім беру жүйесінің негізін
қалаушы Ы.Алтынсариннің
Ы.Алтынсарин өзінің жазбасында патша үкіметінен 1868 жылғы Уақытша ережені қазақтардың халықтық салт-дәстүрін, тұрмыс жағдайын және көзқарастарын ескере отырып, “жеке билейтін орыс немесе қазақ бастықтардың билікқұмарлығына жол бермеу үшін халықтың өзі лайықты сот пен өкіметті сайлап алуы үшін” қайта қарауды сұрайды [4, 124-б.].
Қазақтардың әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып, Ы.Алтынсарин қоғамды кедейлік пен байлықтың мәртебесін анықтайтын, меншіктің негізі болып табылатын малға ие болу белгілері бойынша құрылымдайды. ғалымның мүлік иеленудің төрт түлік малдың санымен өрнектелетін жоғарғы және төменгі шекараларын зерделегенін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі тілмен айтқанда мұны кедейлік пен байлықтың деңгейін ақшаға шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырылған кірістері бойынша зерделеу деп атауға болар.
Мұндай зерттеулерді патшалық, кейіннен
кеңестік басшылардың елемеуі
Ұдайы өсудің көшпенділік тәсілі, оның әлеуметтік ұйымы қандай да бір натурализмді, механицизмді, эволюционизмді қалыптастырды. Мысалы, Уәлиханов қоғам мен оның дамуы үшін, біріншіден, географиялық ортаға; екіншіден “тайпалық организм шарттарына” шешуші мән береді.
Белгілі қазақ ақыны С.Торайғыров Батыстың білімін меңгеру қазақтарға қысқа тарихи кезеңде материалдық және рухани дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептеген [20]. Әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан ол социализмді болашақтың қоғамы және оны құру үшін қазақтар Еуропаның оқу-білім бар жұрттарымен теңесу қажет деп жариялады. С.Торайғыровтың ұсынысы бойынша мұндай мәдени өрлеу үшін мың жыл емес, бар-жоғы жиырма-отыз жыл қажет. Бастысы - Еуропа елдері салған жолмен, олардың қателіктерін қайталамай, тек жетістіктерін пайдалана отырып жүру. Қазақтың социологиялық ойына тән нәрсе билік туралы, адамдардың өзара қарым-қатынастары туралы, туыстық пен мемлекет туралы ұғымдар мен түсініктер адамның тыныс-тіршілігінің нақты әлеуметтік шынайылықтарынан бастау алады. Абстрактілі ойлар адам болмысына барынша жақын, заттардың мәні адамзат қауымдастығына келтірер пайдасы мен зияны тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл орайда қазақтың әлеуметтік дәстүрі қазақ қоғамының шынайы мүмкіндіктерімен және әлеуетті күштерімен қоян-қолтық астасып жатыр.
Сонымен, Қазақстанның социологиялық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатын мына факторлар. Бірінші негізгі қабатта өз дәуірінің дарабоз ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкерімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуына рухани және ізгілік бастауларын, жалпы адамзат құндылықтарына жол салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптерімен сипатталады. Олар Қазақстан қоғамы дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.
Информация о работе Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері