Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 19:14, доклад

Описание

Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Социологиялық ой қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

соц каз.docx

— 33.41 Кб (Скачать документ)

Екінші мәдени және ғылыми қабат  ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы  қазақ зиялыларының өкілдері болып  табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннен  бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша  белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы  білімдерінің нәтижесінде алған  демократиялық көзқарастарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық  білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық  идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік  негіздерінің және көшпенді мәдениеттің  сүзгіден өтуі дүниені қабылдаудың  ерекше нысандары мен қоғамды  зерделеудің белгілерін қалыптастырды.

 


Информация о работе Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері