Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат
Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.
Осыған байланысты БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты егде жастағы адамдар адам құқықтарын пайдалану және оған қоса, өз адамгершіліктерін, сенімі, қажеттіліктері мен жеке өміріне толық сыйластықты қоса алғанда, қан, күтім немесе емделуді қамтамасыз ететін кез-келген мекемеде бола отырып негізгі бостандық мүмкіндіктеріне ие болумен, сондай-ақ өздеріне күтім жасау мен өз өмірін қамтамасыз етудің сапасына қатысты шешім қабылдауға тиіс. Жоғарыда аталған қол жұмсау дәлелі тиімсіз ғана емес, халықаралық стандарттарға да сәйкес келмейді және де қылмыстық жауапқа тартумен жазаланады. Персоналды құқық қорғау тақырыбындағы оқып-үйрету әңгімелесумен, адам құқықтары стандартарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру қажет.
Көптеген мекемелердің екіжақты ерекшелігін ескере отырып (аса ауыр халдегі науқастар мен мүгедектер және жәрдемсіз қалған егде жастағылар) кадрлар құрамының сапасы проблемасы да бар. Бұл проблема қазақстандағы барлық интернат-үйлерге тән. Мемлекетімізде егде жастағы адамдармен жұмыс істейтін гериатрикалық және геронтологиялық мамандарды және мүгедектермен жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар дайындалмайды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының мәліметтері бойынша егде жастағы адамдар мен мүгедектер үшін интернат-үйлерде тұратындардың жеке құқығына тиіспеушілігіне әкімшілік пен персоналдардың тарабынан бұзушылыққа жол берілген фактілер бар. Мысалы, Алматы облысының прокуратурасы қамқорлықтағы адамды психикалық науқасы жоқ болса да Панфилов ауданының психоневрологиялық диспансеріне заңсыз орналастыру фактісін анықтаған.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде қандайда бір себептермен егде жастағы адамдарға немесе мүгедектерге арналған интернат-үйлердің тұрғындары болып табылатын Қазақстан Республикасындағы егде жастағы адамдардың құқықтыран жүзеге асыру саласында мемлекеттік билік органдары жүргізетін жұмысқа қарамастан әлі де егде жастағы адамдардың құқықтарын сақтау бөлігіндегі аталған мекемелердің қызметі жеткіліксіз деп санаймыз, мәселен:
Онымен қоса, әлеуметтік саясатты және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі тұратын азаматтарды қорғауды жүзеге асыру саласында мынадай мәселелер бөлектеледі:
Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау