Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 22:05, реферат
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.
Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.
Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Әлеуметтану өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп-білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.
В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.
Қазіргі күнде экономикалық
Экономикалық әлеуметтану зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі санаттар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды әлеуметтану тұрғысынан сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ.
Тәжірибе
көрсеткендей, кез келген ғылымды
пән ретінде анықтау көп
Көптеген зерттеушілер Ю.В.Веселов көрсеткен экономикалық әлеуметтанудың объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық әлеуметтану экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі әлеуметтануға келіп тірелетін екі негізгі көзқарас қалыптасқан.
Бірінші көзқарас – экономикалық әлеуметтану, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макроәлеуметтану талдауына жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде әлеуметтану пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.
Осыған орай Т.И.Заславская және Р.В.Рывкина экономикалық әлеуметтануға “қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты - экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді . Әлеуметтік саланы олар қоғамдағы топтардың жағдайының әр текті болуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік қатынастарының саласы деп түсіндіреді.
Олар
функционалистік дәстүр рухында
экономикалық әлеуметтану объектісінің
“өзегі” деп “экономиканы дамытудың
әлеуметтік механизмі” санатын ұсынады.
Бұл ұғымның астарында “
Екінші көзқарас зерттеудің алғашқы тармағы “экономикалық мінез-құлық” санаты деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет әлеуметтануы мен түсіндірмелі әлеуметтануына барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В.Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: “Экономикалық әлеуметтану экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің нысаны ретінде зерттеп-біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді”.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық іс-әрекетті зерттейтін ғылым деген көзқарасты В.И.Верховин мен А.И.Кравченко да қолдайды. Оны микроәлеуметтану көзқарасына жатқызуға болады, өйткені бұл жерде топтар, жеке адамдар әрекетінің және экономикалық мүдделердің көп бейнеде көріну нысандары қарастырылған. Мәселен, В.И.Верховин экономикалық мінез-құлықты әлеуметтанушылық зерттеу пәнінің бөлінуінің бастапқы тармағы деп анықтап, экономикалық мінез-құлықтың нақтылы үлгілерін саралайды: жұмыс күші нарығындағы “ізденіс”; инвестициялық әрекет; қор нарығы жүйесіндегі “рефлексивті” әрекет; директивті экономикадағы жоспарлаушының әрекеті. Ол зерттеу пәніне экономикалық әрекеттің субъективті жақтарын (тұлғалық, топтық, институционалды, бұқаралық мінез-құлықтың ерекшеліктері) қоса қарастыру аса маңызды дейді.
А.И.Кравченко экономикалық әлеуметтану – ол қоғам өмірінің түрлі салаларындағы (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың мінез-құлқы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің нысандарын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруін, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т.б.) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етуінің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді.
Экономикалық әлеуметтанудың пәндік саласын түсіну үшін бөліп қарастырылған екі көзқарас арасындағы айырмашылық шартты болып табылады, олардың екеуі үшін де экономикалық процестердің әлеуметтік реттеуіштерін анықтау және экономикалық факторлардың әлеуметтік процестер мен адамдардың мінез-құлқына әсерін анықтау өте маңызды.
Экономика саласындағы әлеуметтану зерттеуінің негізгі салалары төмендегідей:
- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;
-
қоғамның экономикалық және
-
әлеуметтік қатынастар мен
- адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальды емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;
-
экономикалық сана мен ойдың
дамуы (құндылықтар,
- экономикалық ұйымдардың құрылымы;
-
кәсіпкерлік және бизнес
-
өндірістің, бөліп берудің, айырбас
пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті – экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.
Экономикалық әлеуметтану бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады: нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, дін мен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.
Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-әлеуметтанушылық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.
ХVІІІ ғасырда экономикалық әлеуметтану дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, “өзіндік әлеуметтану” кезеңі басталды .
Огюст Конт (1798-1857) - француз әлеуметтанушысы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп-білуді ескере отырып, “әлеуметтану” ұғымын енгізді.
О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды:
1)
еркін кәсіпкерлік пен
2)
жұмыс күшінің қалада
3)
өндірісте ғылым мен
4)
басшылар мен жалдамалы
5)
әлеуметтік теңсіздіктің
6) табыс табуға бағыт ұстану.
Конт
индустриалдық қоғам мен
Карл Маркс (1818-1883) - неміс әлеуметтанушысы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.