Экономикалық мәдениет түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 22:05, реферат

Описание

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Реферат Әлеуметтану Эконммәдениет.doc

— 93.50 Кб (Скачать документ)

   Экономикалық  әлеуметтанудағы әлеуметтік өмірді талдау бастау алатын негізгі санаттардың  бірі - “экономикалық іс-әрекет”  және “экономикалық мінез-құлық” болып  табылады.

   Экономикалық  мінез-құлықты шығын мейлінше азайып, таза пайда мейлінше көбейетін ұтымды таңдау жасау мақсатымен экономикалық байланыстарды кеңейтуге байланысты мінез-құлық деп бағалауға болады.

   Радаев  Вебердің экономикалық іс-әрекет әлеуметтануы дәстүрін жалғастыра отырып, оны ішкі дәлелденген және басқа адамдардың әрекеті мен қолда бар нормаларға бағыт алған әлеуметтік әрекет ретінде қарастырады. Ол экономикалық іс-әрекетті “өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетусіз әдістермен шектелген ресурстарға бақылау орнату” деп түсіндіреді.

   Адамдардың  экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру экономикалық-әлеуметтанушылық адам үлгілерінің түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге болады .

   - Адам тәуелсіз. Ол жеке қалауларына негізделіп дербес шешім қабылдайтын атомдалған жеке адам.

   - Адам өзімшіл. Ол бірінші кезекте  өз мүддесін ойлайды және жеке  пайдасын ұлғайтуға тырысады.

   - Адам ұтымды. Ол алға қойылған  мақсатына біртіндеп жетуге тырысады  және оған жетудің қандай да бір құралын таңдауда салыстырмалы түрдегі шығындарға көңіл аударады.

   - Адам хабардар. Ол өз қажеттіліктерін  жақсы біліп қана қоймай, оны  қанағаттандырудың құралдары жайлы  қажетті ақпартқа да ие.

   Алайда, экономикалық агенттің ұтымдылығы мен жеке даралығын мойындай отырып, экономикалық іс-әрекетті талдауда әлеуметтану көзқарасы оны жеке адамның әр түрлі бейнедегі әлеуметтік құрылымдар қатарына енген және өздерінің әлеуметтік байланыстар жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі кезде экономикалық іс-әрекетті әлеуметтік тұрғыдан талдауының өзіне тән ерекшелігі үш жағдайда қалыптасады:

   - экономикалық әрекет - әлеуметтік  әрекет нысаны болып табылады. Шаруашылық ниеттер оқшауланған  жеке адамның өнімі емес, әлеуметтік  қауымдастықтардың (тұлғааралық қатынасқа түсу жүйесі, ұйымдар, әлеуметтік топтар) өнімі екені айтылады;

   - шаруашылық институттар - әлеуметтік  конструкциялар болып табылады. Олар экономикалық әрекетті шектеп, ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар тарихи қалыптасқан шектеулерді аттап өтуге және ресурстарды топтастыруға қабілетті факторлар тарапынан да құрастырылады.

   Егер  де “экономикалық адам” - ол тәуелсіз, өзімшіл, ұтымды және хабардар адам болса, “әлеуметтану адамы” қоғамдық нормаларға бағынады және өзгешілдікке жақын, өзін ұтымсыз, тәртіпсіз түрде ұстайды, ақпараты мардымсыз және табыс пен шығындарды есептеуге қауқарсыз. Адамның әлеуметтанушылық-экономикалық жалпы үлгісі адамды осындай екі радикалды ұстанымдардың ортасына орналастыруды меңзейді. Бұл жағдай адамды қалыптасқан жағдайға аса икемді және белсенді етеді: жай ғана ақпаратқа ие емес, сонымен қатар оны танып-білуші, жай ғана нормаларды орындаушы емес, сондай-ақ әлеуметтенуші етеді.

   Адамдардың  шаруашылық әрекеті экономикалық сана мен ойдың типімен, экономикалық мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.

   Экономикалық  сана экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.

   Экономикалық  сана-сезім экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның иеленушілері жекелеген жеке адамдар, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады. Экономикалық сана-сезімнің дамуы агенттіктердің экономикалық мүдделерін табысты іске асыру үшін маңызды. Мысалы, нарыққа өту халықтан нарықтық білімнің негізін игеруді, жекешелендірудің механизмдерін, жеке істі ұйымдастыруды, сауда ережелерін және маркетингтік қызметтерді түсінуді талап етті.

   Экономикалық  сана теориялық сана-сезім мен  эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама нысанында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шаруашылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.

   Поп Хейне экономикалық сана мен ойдың  жұмыс механизмін бейнелейтін қызықты салыстырма келтіреді. Қазіргі индустриалдық экономикада миллиондаған адамдар үшін көптеген күрделі игіліктерді өндіру үшін қажетті күш-жігерін жоғары дәлдікпен мақұлдап отыру қалайша мүмкін болады деген сұрақ қойылады. Мысал ретінде жол қозғалысының шарықтау сағатындағы тәртіпке келтіргендігін келтіреді, ол тиісінше әрбір жүргізушінің тәуелсіздігін сақтай отырып, қоғамдық әріптестікке түсуін және әрқайсысының өз мақсатына жету мүддесінің есепке алынуын көрсетеді.

   Экономикалық  іс-әрекетте мұндай үйлестіруге қол  жеткізу ойлаудың экономикалық бейнесі  арқасында мүмкін болады. Адамдар  бір-бірімен өзара әрекеттесуден  мейлінше пайда алуға ұмтылып, жеке мүдделері тұрғысынан әрекет етеді. Алайда, олар оған қол жеткізу, басқалары үшін де таңдау жағдайы болғанда мүмкін болатынын біледі. Сонымен, қоғамда, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын таза табыстағы өзгерістерге өзара бейімделуінің үздіксіз процесі болып жатады. Хейне ойлаудың экономикалық бейнесінің өзара байланысының төрт ұстанымын бөліп көрсетеді: адамдар таңдайды, тек қана жеке адамдар таңдайды, жеке адамдар ұтымды түрде таңдайды, барлық қоғамдық өзара әрекеттесулерді нарықтық процесс ретінде түсіндіруге болады.

   Экономикалық  әрекеттер қоғамның жинақтаған тәжірибесін және білімін шаруашылық тәжірибе барысында қалыптасқан дәстүрлер мен мінез-құлық нормаларын өзіне сіңірген әрекет етудің дайын тұжырымдық схемасына негізделеді. Адам тек қана экономикалық мүдделер мен ниеттерінің тасушысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет иеленушісі мен жасаушының өнімі ретінде көрінеді.

   Экономикалық  мәдениет экономикалық мінез-құлықтың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, мінез-құлық үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен нысандардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу).

   Отандық экономикалық әлеуметтанудың табысты  дамуы Батыс әлеуметтануындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Әлеуметтанушылық-экономикалық зерттеулердің жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, келісім-шарттық қатынастар, формальды емес экономикада экономикалық мінез-құлық саласын зерттеудің кеңеюі талдау санатының мазмұнын тереңдете түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі.

Информация о работе Экономикалық мәдениет түсініг