Жастар саясаты туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Работа состоит из  1 файл

жастар саясаты -.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

    Сондай-ақ жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге болады. Мысалы, қазіргі өтпелі кезеңде білім экономиканың бір саласына айналып кетті. Мұнда негізгі рөлді білімді қазіргі кездегі тәжірибеге сай қолдану атқарады Ал, жаңа ғылыми білімді белсенді қолданушылардың көбі – жастар

    Осы заманғы жастар кейбір ерекшеліктермен сипатталады:

  1. жастар бұрынғы заманға қарағанда қазір білімдірек;
  2. жаңа мамандықты игерген;
  3. өмірдің жаңа бейнесіне талпынады;
  4. әлеуметтік өсімтал;
  5. құндылықтарды, қажетттіліктерді, адамгершілік нормаларды   жоғары бағалайды.

    Әлеуметтік жұмыс позициясы жағынан жастардың әлеуметтік – демографиялық топ ретіндегі жалпы социологиялық ерекшеліктерін айқындаған жөн.

    1. Жастар балалық шақ пен ересек өмірдің арасында бейтарап күйде, яғни өтпелі кезеңде тұрып өз өмірінде маңызды этаптан өтеді. Ол отбасын құру немесе отбасын құрмау социологиясы. Жастардың өзінің ішінде түрлі бөлінулер болады:

    а)жас  ерекшелік (жасөспірім, бозбала, жас жігіт)

    б) статустық (жас жұмысшы, жұмыссыз, студент)

  1. жастар ұрпақ ретінде бұрынғы ұрпақпен қарым–қатынаста болады.

    Жастардың әлеуметтік топ болып қалыптасуы, түрлі этаптардан өтетін процесс болып табылады. Бұл этаптарда жас адамдардың әлеуметтік дамуындағы өзгерістер және қоғамның жастарға қоятын талаптарының алмасулары айқындалады.

    Жастардың мәндік қалыптасу процесі 3 этаптан өтеді.

    1 – этапта жастар қоғамдық жерлердің объектісі ретінде

    2 – этапта жас адамның қоғамдық қатынастарды жүргізуші және өндірістік күштердің элементі болған сәттен басталады. Тәжірибеде бұл жастардың қоғамдық ықпалдарының объектісі бола тұрып тарихи процестің субъектісі ретінде қалыптаса бастағанын көрсетеді.

    3 – этапта жастардың өндірістік күштің элементі болып және қоғамдық қарым – қатынастарды бойына игеру процесінің жемісті аяқталғаны байқалады.

    Өз мемлекетімізде мемлекеттік жастар саясатының концепциясы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды» өңдеу барысында 1988 – 1999 жылдарда қалыптасты. Бұл концепцияда жастардың негізгі құқықтары ғана емес, ең алдымен жас азаматтарды арнайы шараларды қолдану жолымен көмек көрсетудегі мемлекеттің міндеттері көрсетілген.

    Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың әрекеттері мынадай негізгі принциптерге негізделген:

  • жастарды маңызды мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға қатыстыру.
  • Адам бостандығымен, жастардың арнайы қызығушылықтарымен санасу.
  • Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларды орнату және жастардың қабілеттерін оқуда, еңбекте, қоғамдық әрекетте көрсету алуларына мүмкіндік беру, оларды кәсіби даярлау
  • Мемлекет тарапынан жастар ұйымдарының ісіне қолдау көрсету.

    Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты болып: жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік беру, жастардың жеке кәсіпкерлікпен және өзіндік жұмыстармен шұғылдануына мемлекет көмек көрсету, жастарға құқықтық білім мен патриотттық тәрбие беру, жастар ұйымы  ісінің кеңесіне ықпал ету, жастарды әлемдік және ұлтттық мәдениеттің құндылықтарына тарту, салауатты өмірдің бейнесін жүргізуге және спорт түрлерін дамыту болып табылады.

      Ал Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңында жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік берілген. Бұл кепілдіктер жастардың кредит алуына, баспанаға ие болуына, жеке шаруашылықтар жүргізуге нақты жеңілдіктерге құқық береді. Сондай – ақ,  жастар оқуы, тәрбиеленуі, рухани және физиологиялық дамуы үшін әлеуметтік қызметтерді қабылдауға кепілденген; жоғары және орта оқу орындарында, материалдық көмекке зәру студенттерге әлеуметтік көмек қорынан материалдық көмек көрсетіледі; жас отбасыларында сәби дүниеге келген кезде процентсіз банктік 10 жылға қаражат беріледі; студент жастарға, әскер қатарында жүрген жастарға мәдени – ағарту және театралдық шараларға қатысу билетінің құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.

    Ал 1999 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға бірдей адам құқықтары Декларацияның өзекті идеялары мен қағидаларына,  Бас Ассамблеясының жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс – қимыл бағдарламасы 50\81 қатарына сәйкес құқықтары туралы Концепцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына және ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030. Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» - атты жолдауына сүйенген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына көптеген өзгерістер енгізіліп, талқыланып өмірге келді.

    Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдылықтарын анықтауды мұрат етті. Осы тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруды мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін. Осы тұжырымдаманы іске асыруда мемлекет өзіне мынадай талаптар қойды: мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жолмен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым – қатынастарды реттейтін Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

    Жаңа  өмір талабына сай негізделген тәуелсіз Қазақстан Республикасының  жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту. Ал осы қойған мақсаттарға жету үшін жастар саясаты мынадай негізгі басымдықтарды жұмыс істейді:

  1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
  2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
  3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
  4. Жастардың дене тәрбиесін, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
  5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
  6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

    Сөйтіп, мемлекеттік жастар саясаты – жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, өркендеу мен жаңашылдық нақты әрі тиімді іс – қимыл, жалпыға ортақ – барлық жастардың жынысына, ұлтына. әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту, жастардың әреуметік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды тікелей қорғау және қолдану сияқты принциптерге сүйене отырып мынадай негізгі басты бағыттарды қарастырады:

  1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
  3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
  4. Жас таланттарды қолдау және шыңдау.
  5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
  6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

    Осының  ішінде әлеуметік қызметкердің мемлекеттік  жастар саясатының бір бағытының  негізінде қазіргі өтпелі кезең  жағдайында жастар мен жұмыс істеу бағыты – жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу. Бұл мәселе әлеуметтік қызметкердің жастарға әлеуметтік қызмет көрсетуі балаларға, жастарға жұмысқа тұру денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында ,мектепте, ұжымда бір–бірімен қарым–қатынас мәселелерін шешу өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімдеу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуына жәрдем беретін мекемелер жүйесі санатындағы жастырға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетуге, мүгедек жастарға, борышын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманияда, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Себебі, бүгінгі таңда жастарды өтпелі кезеңге сай әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

    Әлеуметтік  қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым болып табылады. Әлеуметтік қорғау – халыққа құқықтық, экономикалық. әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық кепілдіктер беру,  еңбекке қабілетті азаматтарға жеке кәсіпкершілікпен айналысуы үшін, экономикалық тәуелсіз болуы үшін, тұрмыс деңгейін жақсартуы үшін өз еңбегінің қорының есебінен жағдай туғызу функцияларын орындайды. Сондай – ақ мемлекет жастар, бала, әйелдер сияқты әлеуметтік демографиялық топтарға заңда кепілдіктер жүйесін бекіткен.

    Елімізде  әлеуметтік қорғау жүйесі территориалды  экономикалық белгілеріне қарай 3 деңгейге бөлінеді:

  1. жалпы мемлекеттік
  2. аймақтық
  3. бастапқы шаруашылық звеносы

    Республикалық деңгейде әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, бақылау қоғамның барлық мұшелеріне көрсетіледі. Ал аймақтық деңгейде әлеуметтік қорғау жүйесі  аймақтық мәдени - әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерді еске ала отырып жүргізілсе, бастапқы шаруашылық звеносы деңгейінде әлеуметтік қорғау азамат жұмыс істейтін мекеме орны қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер беруі арқылы жүзеге асады.

    Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі, қоғамның әлеуметтік қорғау жүйесінің элементі болып табылады.

    Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесі – жас адамның маңызды әлеуметтік құқықтарын сақтауға, құқықтық, экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бүтіндей  жастардың әлеуметік қорғалуы 4 бағытта  қарастырылады:

    1 – бағыт: жас адамның жеке  тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау.

    Бұл кезде жеке тұлға баяу, біртін –  біртін критикалық деңгей арқылы дамитынын  естен шыармаған жөн. Себебі, осы  өтпелі кезеңде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның бойында сенімсіздік  және сыртқы әсерлерге сезімталдық басым болады.

    Сондықтан да жеке тұлғаның даму процесін әлеуметтік қорғау дамудың әрбір этапында жағдай туғызуға бағытталған.

    2 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау.

    Бұл бағыт шеңберінде қоршаған ортаның экологиялық элементтерінен бастап әлеуметтік, экономикалық адамгершілік мәселелеріне дейін назар аударылады.

    3 – бағыт: жастардың құқығын  қорғау.

    Мемлекеттік институттардың әрекетінің бұл бағыты жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесі және оған әсер ететін ортаны реттеу сондай – ақ құқықпен қамтамасыз етуге бағытталған.

    4 – бағыт: жастарды мақсатты  түрде әлеуметтік қорғау.

    Осы бағыт шеңберінде 2 ерекшелікті қарастыра  кеткен жөн:

  1. Мақсатты көмек нақты міндеттерді шешу үшін жастармен жұмыс істейтін әлеуметтік институттар мен ұйымдарға, жастарға, жас отбасыларына көмек.
  2. Кедейшілікте өмір сүріп жатқан, біреудің көмегіне зәру жастарға тұрақты көмек.

    Міне  осы бағыт бүгінгі таңда маңызды  орында тұр.

    Жастарды  әлеуметтік қорғаудың  түрлі мемлекеттік  мекемелер бар. Жастарды еңбекке орналастыру, бос уақытын ұйымдастыруға, жәрдем ақы алуға көмектесу шаралары қолданады. Бұл жастарды ұйымдастыру үшін жастар қызметі бар. Себебі қоғамның белсенді бөлігінің барысында индивидуалды әлеуметтік жұмысты қажет ететін қабат және топ күннен – күнге өсуі алаңдатуда. Жастармен әлеуметтік жұмыстың жүргізілуіне сан қилы қиындықтар қатарына материалдық ресурстардың шектеулігі, мәдени - әлеуметтік тұрмыстың күшті сферасының құлдырауы қосылды.

Информация о работе Жастар саясаты туралы