Жастар саясаты туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Работа состоит из  1 файл

жастар саясаты -.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

          Жоғарыда айтқандарды  қорыта келе жастардың азаматтық тәрбие жүйесіне қоғам мен мемлекет жағынан көп қолдау қажет екенін тұжырымдаған жөн. Азаматтық тәрбиенің қоғамдық мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтармен қатар қоғамдық мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс - әрекетке  жастарды даярлап қосу. Отанда орын алған әлеуметтік мәдени жағдайды есепке ала отырып педагогикалық міндеттер арқылы бұл мақсат нақтылануы мүмкін. Өйткені, жас буын ұрпақтың азаматтық тәрбиелілігінің белгілі даму дәрежесі қоғамның алғы белсенді бөлігінің демократиялық мемлекеттік мүшесі ретінде тұлғаның жаңа түрін қалыптастыру мұқтаждығы арасындағы қайшылықтар туады.Оларды шешу үшін жаңа тұлға қажетті адамгершілік дәрежесіне жетіп азаматтық мәдениетті қалыптастыруы керек болады. Бұл тұлғаның қажетті сана түрлері дамыған адамгершілік сезімдерімен байланыса отырып әлеуметтік маңызды іс - әрекетте азаматтық ұстамын көрсете алуға қабілеті бар азамат тұлғасын өмірге әкеледі.

          Мемлекеттік азаматтық тәрбиеге қатысу үшін  төмендегілерді ұсынуға болады:

    - әлеуметтік маңызды іс - әрекетке жас азаматтарды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама, стратегияны жете зерттеуді;

    -педагогикалық күштердің интеграциясына, басқаруына, барлық дәрежелерде олардың қызметтерінің келісуіне қажет құрлымдарды ұйымдастыруды;

    -жастардың азаматтық тәрбие процесінде бұқаралық коммуникация құралдарын мақсатқа пайдалануға;

    -қоғамдық белсенділік іскерлікке, қоғамдық ұйымдар қызметіне жан – жақты қолдауды, халықаралық азаматтық байланыстардың дамуы үшін құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыздандыруы қажет.

    Бізді мемлекетіміздің азаматтары мемлекеттен  нақты осыларды күтеді, өйткені, азаматтық  тәрбие жетістігінің басты талабы, жағдайы отбасының, мектептің және мемлекеттік қоғамдық басқару ұйымдарының міндеті азаматтар құқықтарының орындауын қамтамасыз етіп қолдау, заңдардың орындалуын бақылау. Оларсыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға болмайды.  
 
 
 
 
 

                                  ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазақстандық  модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты                 « жаңа қазақтар» емес, сонымен бірге кедейлер мен қаңғыбастар, ал олардың ішінде қаншама жасөспірімдер, балалар мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіштері өсуде.

          Қажетсіз мамандықтардың көбейе түсуі жұмыссыздықтың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соқтыруда. Соңғы жылдарда экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықтың  өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жас жұмыссыздардың өсе түскендігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарында қабылдаудың қысқара түсуі және орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оқу орнын бітірушілердің көпшілігі жұмыссыз қалды деген сөз.

          Тағы бір өткір  мәселе – жастардың мүмкіндіктері  мен күш – қуаты бұл қоғамға қажетсіз болып отыр. Олардың өмірінде аяғынан тік тұруы өте қиын.

          Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады . Бүгінде қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық  пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтыс – тартыстың көзі болып отыр.

          Жастарға аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және болған уақиғалардағы сәйкессіздіктерді қатты эмоциялы қабылдайды. Басқа жағынан алсақ жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылық, жаугерлік пен айтыс – керіс қарым – қатынастары ертеңгі Қазақстан қоғамының болашағында жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді.

          Егер мемлекет болашаққа  бағыт ұстаған болса – болашақ  та сондай болмақ. Адам төзгісіз жағдайларда  өмір сүріп жатқан және соған лайық менталитетке ие болған жастар болашақты да сондай санамен құрады.

          Сондықтан да мемлекет жастардың санасын қалыптастыруға, нақты бағыттағы саналы күш –  жігер жұмсауы тиіс. Жастар- қоғамының ең басты стратегиялық ресурсы. Тек қана құрлыс және өндірістік жобаларды қаржыландырып қана қоймай, адамға да қаражат бөлу қажет.

          Қазақстандағы жастар саясатының түп негізін қайта  құру қажет. Жастар саясатының екі түрі бар: біріншісі, мүгедек балаларға, қиын жағдайға ұшыраған жас өспірімдерге, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету және екіншісі, «self – defense» жас адам белгілі бір жағдайларда өз мәселелерін өзі шеше алатын, өзін - өзі қорғау бар. Әзірге біздің жастар саясаты негізінен бұған дейін жасалған қателіктерді түзетумен шектеліп келеді. Жастар саяси, экономикалық, мәдени, құқықтық және күнделікті мәселелерін шеше алатындай жастар саясатының концепциясын ескеру.

          Жастардың және қоғамдық ұйымның қарым қатынасы «партнерлік  қарым - қатынас бағдарламасы» принципінде  құрылуға тиіс: жастар өз бастамасы  мен мүмкіндіктерін ұсынады, ал қоғамдық ұйым нақты жағдайға байланысты құқықтық, саяси, ұйымдастыру – техникалық, қаражаттық және ақпараттық көмек көрсетеді. Басым бағдарламалар жастардың кәсіби, шығармашылық, рухани өсуі және жастардың халықтық әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмегі болып табылады.

          Бүгінде ауыл жастары  тіршіліксіз аралда қалғандай күйде, елімізде болып жатқан оқиғалардан  хабарсыз, клубтар мен кітапханалар жабылған, жұмыссыздық пен шарасыздық ауыл жастарын қоғамның «мысалдарына»  айналдырды. Ал, байқап қарасақ, ауылдан Қазақстанның мақтанышы болып табылатын Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Б. Момыш- ұлы және басқалар сияқты талантты, атақты адамдар шықты емес пе?!

          Ауыл жастары да – мемлекетіміздің болашағы болып  табылады. Біз олардың ішінен тек  білімді жастарды ғана емес, сонымен қатар жан – жақты дарынды, тәрбиелі жастарды көруіміз керек. Біздің азаматтық міндетіміз ұрпаққа отанымыз біреу ғана екендігін, оның аты Қазақстан екендігін, ол көптеген ұрпақтардың тері мен қаны арқылы құрылғандығын және оның болашағы қазіргі жастардың қолында екендігін жеткізуіміз болып табылады, өйткені қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асыру ХХІ ғасырда алаңсыз өмір сүру солардың қолында.

          Әлемнің барлық алдыңғы  қатарлы елдерінде жастар және балалар ұйымдары мемлекеттік көмекті пайдаланды, олардың маңызды әлеуметтік жобалары бюджеттен қаржыландырылады.

          Сондықтан да республикадағы жастар қозғалысының бұдан әрі дамуы  мемлекеттің қолдауынсыз аса қиын болмақ.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

    1.Қ. Райымова . Халықтық тәрбиедегі тәрбие теориясына қатысты түсініктер.// Ұлт тағылымы. 2003ж. №4 – 10 – 14 бет.

    2. Қ. Қаныбекова. Жастар бос уақыттарын  дұрыс пайдаланып жүрме? //Ұлт тағылымы. 2004 . № 4 – 241 бет.

    3. Ахметбеков М. Қазақстандағы жастар  саясаты: қазіргі жағдайы мен  болашағы. // Алдаспан. 2001ж. №9 –  10  - 2 – 3 бет.

    4. Г. Айымбетова, Ж. Калматаева. Жастар қозғалысы. // Валеолгоия дене тәрбиесі спрот. 2004ж. № 1 – 30 – 32 бет.

    5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты туралы. // Парламент  жаршысы 2004ж. № 16, – 85 – 101 бет.

    6. Әбдірайымова Г. Жастар жаңарып  жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең.... //саясат. 2004ж. №9 – 36 – 38 бет.

    7. Оспанова .Қ. Жастар саясатының маңыздысы. // Ақиқат 2002 №3 – 21 – 23 бет.

    8. Қасымов. Ж. Жастарға әлеуметтік  жағынан құптау. // Саясат. 2001ж. -29-31бет.

    9. Төребаев. А. Қазақстар меілекетіндегі жастардың ұйымдары қолдау // Ақиқат . 2000ж. №2 – 16 – 18 бет.

    10. Жоламанова. С. Жастарға  арналған әлеуметтік қызметтер.// Ұлт тағылымы. №5 – 10-15 бет. 

    11. Социальная работа: теория и практика. / Отв. ред. Е.И. Холостова, А.С. Сорвина. – М., 2001. Гл.IV., 518 с.

    12. Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога. – М.,2001,420 с.

    13. Психология социальной работы. /Под  ред. М.А. Гулиной. – СПб., 2004,    533 с.

    14. Холостова Е.И. Профессиональный  и духовно-нравственный портет  социального работника. – М., 1993, 321 с.

    15. Социальная работа. Словарь-справочник. - М., 1998, 445 с.

    16. Справочное пособие по социальной  работе. - М., 1997, 117 с.

    17. Сорокин П.Н. Человек. Цивилизация.  Общество. – М., 1992, 256 с.

    18.Теория  и методология социальной работы / Под ред. С.И.Григорьева -  М., 1994, 534 с.

    19.Франкл  В. Человек в поисках смысла. -  М., 1990, 598 с.

    20.Мачульская  Е.Е., Горбачева Ж.Л. Право социального  обеспечения.    Учебное пособие  для вузов. М.,2000, 435 с.

    21. «ОрталыҚ Қазақстан» 3 қараша 2001ж, Б. 12-14.

    22. «Егемен Ќазаќстан» 16 желтоқсан 2000ж, Б. 17-19.

    23.Социальная политика. Учебник (Под. ред. Волгина И.Г.) –М., 2004, 428 с.

    24.Социальная работа / Под ред. Курбатова – М., 1999, 278 с.

    25. Социальная работа: теория и практика. Уч. пос./ Отв. ред. Е.И. Холостова,  А.С. Сорвина. – М., 2001, 421 с. 

Информация о работе Жастар саясаты туралы