Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 09:22, реферат
Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Активтер есебінің түсінігі, бөлінуі....................................................................4
2. Ұзақ мерзімді активтер түсінігі..........................................................................5
3. Ұзақ мерзімді активтердің бөлінуі.....................................................................6
4. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер..............................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................16
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
- жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;
- үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
- ғимараттар – енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикилық энергияны өткізу қондырғылары;
- машинамен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
- күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;
- есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
- басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
- шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;
- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
- көп жылыдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
- басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе кеткен нақты өдіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату
құны – бірін-бірі жақсы білетін
және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз
жақтардың негізгі құралдарды өзара
айырбастауына мүмкіндік
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
Салық заңдарына сәйкес акционерлік қоғам негізгі құралдарды технологиялық жабдықтар және негізгі құралдардың жөндеуі деген топтарға бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін ұйымдастырады.
Негізгі
құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды
және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан;
машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын
сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар
дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі
табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер
көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа
ұйымдар мен жеке тұлғалардан
ақысыз алынған негізгі құралдардың
келіп түсуінен; объектілерді ұзақ
мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға
қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден
қалыптасады. Негізгі құралдардың
түсүі мынадай құжаттармен
Негізгі
құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде
ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған
аудитор әрбір жекелеген
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, аудитор қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін ұйым дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші данасы тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалынады. Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші ұйымда қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады.
Бұл мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметері қайталанбайды. Негзгі құралдарды басқа ұйымға тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің ұйым ішінде орын ауыстыру кезінде “Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі” ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға “Негізгі құрал объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін “Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады. “Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты маңыдзы құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілердің тобына тұтастай береді.
Егер
де объектінің сандық та және сапалық
та көрсеткіштері айтарлықтай
Бухгалтерияда
толтырылған мүліктік карточкалардың
негізінде негізгі құралдардың
есебі бойынша жасалатын
Тіркеу кезінде карточкалардың нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: ”Қолданыстағы негізгі құралдар”, сондай-ақ “Ағымдағы айда келіп түскені”, “Ағымдағы айда шығып кеткені”, “Ішкі орын ауыстырудағы”, “Жөндеудегі”, “Қордағы”, “Тоқтап тұрғаны”, “Жалға берілген негізгі құралдар”, “Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар”, “Жалға алынған негізгі құралдар”, “Архив”.
Ай ішінде “Түскендері”, “Есептен шыққандары” және “Ішкі орын ауыстырғандары” бөлімшелерінің карточкалары 2420-“Негізгі құралдар” бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырылғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдерінде орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін, қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдерінде салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды “Архив” бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.
Ұйымның материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкадағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны бойынша негзгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.
Ұйым
қолданып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне
тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды,
көлік құралдары мен құрал-