Активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 09:22, реферат

Описание

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Активтер есебінің түсінігі, бөлінуі....................................................................4
2. Ұзақ мерзімді активтер түсінігі..........................................................................5
3. Ұзақ мерзімді активтердің бөлінуі.....................................................................6
4. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер..............................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................16

Работа состоит из  1 файл

активтер.docx

— 43.53 Кб (Скачать документ)

     Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моралдық тозуына байланысты жою қажет болған жағдайда; құрылыс  жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа да объектілерді техникалық қайта  жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі  табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табағи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты  жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін  бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

  Объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде олар толық немесе ішіннара жойылады. Ұйымның балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және аппаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа ұйымға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

  Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құралдарды дайындау үшін басшының бұйрығымен аудитор құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе ұйым жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін аудиторлар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады.

     Тұрақты жұмыс істейтін аудиторлар есептен  шығарылатын қажетті объектілермен  тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа  келтіру немесе одан әрі пайдалануға  жарамсыздығын, есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің  уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын, кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу  мүмкіндіктерін және олардың бағасын  анықтайды, негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Аудитор актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.

     Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы  бөлшекері тозғанда, қайта қалпына  келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін  машиналар – тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі  істен шыққанда, көп жылдық ағаштар  – биологилық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жойғанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне  көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде ұйымдар үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік  құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін  ұстайды, апаттар мен зіл-заланың  нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады .

     Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің “Объектіні есептен  шығару нәтижелерінің есебі” деген  бөлімінде қарастырылады.

     Басы  артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

     Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде  екі дана етіп акт дайындалады. Акт  негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі  құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

     Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған  актілер бухгалтерияға келіп  түседі және ол талдамалы есеп тізімдемесіне  жазу үшін негіз болады, ал ол 12”Негізгі құралдар”бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі. (ХҚЕС бойынша 2400 ”Негізгі құралдар”бөліміндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі).

     Негізгі құралдардың аудиті бағдарламасының  құрамдас элементері болып келесі тексерістер  табылады:

  1. негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітабының мәліметтерімен сәйкестігі;
  2. негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
  3. мүлік  негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша ттоптастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
  4. негізгі құралдардың түсуі мен  істен шығуы жөнідегі операциялардың есебінде бағаланудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлелдігі;
  5. негізгі құралдардың тозуы мен жөндеу есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі
  6. бухгалтерлік есеп пен есептіліктің регистрлеріне негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысытуралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
  7. негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б.
 
 

    4. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер 

Ағымдағы активтер өндірістік немесе өндірістік емес салаларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады.

   Бұған жататындар: ағымдағы активтерді сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа да дебиторлық берешек.

   Коммерциялық салада ағымдағы активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық сауда фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма– қол ақша; инвестиция бойынша дебиторлық берешек және т.б.

   Ағымдағы активтердің басты құрамдас бөлігі қосалқы тауар– материалдар қоры сату-сатып алу заттары болып табылады. Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі салынады.

  Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина (алым), делдалдық сыйақы, транспорт– даярлау шығындары және басқа да шығындар (кезең шығындарынан басқа). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

   Ағымдағы активтер өндірістік немесе өндірістік емес салаларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады.

   Бұған жататындар: ағымдағы активтерді сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа да дебиторлық берешек.

   Коммерциялық салада ағымдағы активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық сауда фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма– қол ақша; инвестиция бойынша дебиторлық берешек және т.б.

   Ағымдағы активтердің басты құрамдас бөлігі қосалқы тауар– материалдар қоры сату-сатып алу заттары болып табылады. Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі салынады.

  Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина (алым), делдалдық сыйақы, транспорт– даярлау шығындары және басқа да шығындар (кезең шығындарынан басқа). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. “Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік”  деп. Аталатын 2007- жылдың 28-ақпанындағы  №234-III Қазақстан Республикасының  Заңы;

2.Қазақстан  Республикасы Президентінің “Қазақстан  Республикасындағы аудиторлық қызмет  туралы” 2006 жыл;

3. «Аудиторлық  қызметтi лицензиялау ережесi» - 2007 жыл 11 қаңтар

4.  «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер» Астана,     

  Ақорда, 2010 жыл

5. “Аудит”,  под редакцией доктора экономических  наук, профессора     В.И.Подольского,  М.,”Юнити”, 2000г. – 234 бет

6. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. – 156 бет

7. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.    “Қаржылық  есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж.  – 78 бет

8. Дюсембаев  К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”. Алматы,   “Экономика”, 2001 ж. – 187 бет

9. Төлегенов  Э.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”.  Алматы, “Экономика”, 2001ж. – 289 бет

10. Дюсембаев  К.Ш. “Аудит и анализ в системе  управления финансами”    

 Алматы, “Экономика”, 2000 ж. – 40  бет 

11. Абденов  Д.О. «Аудит негізері» - Алматы, 2006 – 30 бет

12. Әжібаева З.Н.  «Аудит» - Алматы, 2006 – 274 бет  
 

Информация о работе Активтер есебі