Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 17:47, курсовая работа
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Кіріспе 3
I. Инвестиция есебі 4
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі 4-7
1.2 Инвестицияның бағалануы 8-12
II. Қаржылық инвестиция есебі 13
2.1 Қаржылық инвестиция есебі 13-23
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі 31-34
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Күнгей” АҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, “Арко” АҚ – 1500 теңге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған
операциаларымен байланысты бухгалтерлік
жазбасын қарастырып көрейік.
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция
есебі
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.
Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
• валюталық нарық;
• құнды қағаздар нарығы;
• несие-капиталы нарығы(ақша нарығы);
• асыл тастар нарығы (алтын нарығы);
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі ҚР-сы Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
• Ұлттық жинақ облигациясы ;
• Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);
• Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);
Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай ;
ә) капиталды .
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвистициялық болып екі топқа бөлінеді:
Қарыздық құнды қағаздар бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында пайызымен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.
Инвестициялық құнды
қағаздар -иемденушіге активтің бір
бөлігін иемденуге құқық
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.
Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықтық және нарықтық емес болып екіге бөлінеді:
Нарықтық құнды қағаздар -айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес құнды қағаздар - қолдан -қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.
Бағалы қағаздар атқаратын рөлі бойынша :
• негізгі (акция,облигация );
• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
• туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары);
Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.
Жай акциялар -акционерлік
қоғамды басқаруға құқық
Артықшылығы бар акциялар -басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шаруашылық субьектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылу кезінде жай акционерлер салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар мен ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөлінеді:
Атаулы акциялар – олардың иелеріне міндетті түрде шаруашылық субьектісінің реестірінде тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субьектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады.
Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған табыстау туралы келісім -шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субьектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар -иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субьектісінде тіркелмейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субьектілерінің акционерлері бар беп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
1100 «Қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ
мерзімді қаржылық
Акцияларды алған кезде 1120 «Саудаға арналған қысқа мерзімді инвестициялар», 1150 «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Басқа да ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» және төмендегі шоттардың кредиті бойынша бухгалтерлік жазбасы жасалады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына -3310 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» және 4100 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 3390 «Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4170 «Басқа да ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар», 3330 «Ассоциаланған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4130 «Ассоциаланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар», 3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мензімді кредиторлық қарыздар», 4120 «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар». Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп ,ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Дебет- 1100, 2000, Кредит-1010, 1020, 1040,1050.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына. Дебет -7410, К-1100, 2000.
Сосын ол Дебет-1280, Кредит-6160.
«Топар» АҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын.
«Арко» АҚ -10000 дана 300 тг-ден әрбір данасын.
«Айтас» АҚ -8000дана 450тг-ден әрбір данасын.
«Күнгей» АҚ-5000дана 200тг-ден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардың жиынтығы «Топар» АҚ акцияларының шамамен 20 –тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.
«Күнгей» АҚ-ында акцияны алумен байланысты брокердің қызметі 15000тг құраған.
2.3 Инвестицияның
синтетикалық есебі
Инвестицияның бухгалтерлік есебі №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28 ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі
1110-«Қысқа мерзімді
ұсынылған қарыздар», онда
1120-«Саудаға арналған
қысқа мерзімді қаржы
1130-«Өтеуге дейін
ұсталынатын қысқа мерзімді
1140-«Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,
онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады: