Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 17:47, курсовая работа
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Кіріспе 3
I. Инвестиция есебі 4
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі 4-7
1.2 Инвестицияның бағалануы 8-12
II. Қаржылық инвестиция есебі 13
2.1 Қаржылық инвестиция есебі 13-23
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі 31-34
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
Инвестициялық саясат.
Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық
салада жалпы ішкі өнімді екі есе
ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда,
кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын
шешуді міндетімізге алған.
Экономика саласында
2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша
жоғары қарқынына жету басты міндет
ретінде алға қойылып отыр.
Мұның өзі инвестициялардың
тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі
жинақтау нормасының артуына тікелей
байланысты.
Экономикалық өсімнің
жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру
үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде
негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты
жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз
деңгейіне дейін жеткізуіміз
керек. Соның ішінде мемлекеттік
инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға
дейінгі өсіміне жету шарт.
2003 жылы мемлекеттік
бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп
көкейге қонымды маңызды
Сондықтан, 2003 жылдың
ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет,
ал экономиканың стратегиялық салаларында
жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар
акцияларының пакеттерін сатудан алынған
жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға
жіберу керек.
Осыған орай мен
Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте
нақтылаған кезде артылған қаражатты
жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға
бағыттауды тапсырамын.
Мемлекеттік инвестициялар
. Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның
іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы
институттарын құру мен капиталдандыру
мақсатында :
- Даму банкінің
жарғылық капиталын ұлғайтуда
және оның кредиттік жадығатын
молықтыруға – 12 миллиард теңге;
- құрылатын Қазақстан
инвестициялыққорының жарғылық
капиталына – 23 миллиард теңге
;
- құрылатын Инновациялық
қорға – 36 миллиард теңге;
- Экспортты сақтандыру
жөніндегі корпорация құру үшін
-7.7 миллиард теңге жіберуді
Жеке инвестициялар
.Біздің экономикамыздағы жеке сектордың
рөлі барған сайын арта беруге тиіс.
Бүгінгі таңда зейнетақы
Банктердің жиынтық
меншік капиталы бір жылдың ішінде
үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан
асып түсті, ал экономикаға берілген
кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.
Мұның бәрі де экономикалық
өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз
етеді және демеп отырады.
1.1 Инвестицияның
мәні, қызметі.
Инвестициялар деп -
өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы
шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни
капитал түрінде салынып ол шаруашылықты
әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын
шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз-
бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті
және басқа да заттарды , яғни капиталды
қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,
сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта
пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік
табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған
процеспен екі фактор байланысты болып
келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі
– тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып
, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Осы айтылғандармен қатар инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты
қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық
прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды
дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция
дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі
белгілі бір материалдық, өндірістік
қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық
, құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін
салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция
дегеніміз – акционерлік
Қаржылық инвестициялар
иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік
иелену- иелену мерзімі бір жылға
дейін;
ә) ұзақ мерзімдік
– иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында
құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.
Ұлттық инвестор
дегеніміз- Қазақстан Республикасында
инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз
– табыс табу және капиталды ұлғайту
мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы
үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда,
қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе
іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына
дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар
(жеке адамдар).
- инстиуттандырылған
инвесторлар (банктер , инвестициялық
қорлар , зейнетақы қорлары , тағы
басқалары).
Инвестициялық саясат
дегеніміз – халық
Тікелей инвестиция
дегеніміз- капиталды экспорттаушының
қабылдаушы ел территориясында өндірісті
ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар
дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз
- тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға
айнала бастаған кезінде пайда болады.
Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары
капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала
бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған
жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге
сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын
көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде
пайдаланудың негізгісі мыналар :
1.
Инвестициялаушы елдегі
2.
Дүниежүзілік шаруашылықтың әр
түрлі бөліктеріндегі
3.
Жергілікті рынокты
4.
Капитал экспортталатын елде арзан шикізат
пен жұмысшы күшінің болуы;
5.
Саяси тұрақтылықтың және
Капиталды шетке
шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда
т.б. кәсіпорындарына тікелей
инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар
(шетелдік облигацияларды, акцияларды
және басқа да құды қағаздарға
алу үшін);
Ішкі инвестициялық
ресурстар өте тапшы бүгінгі
экономикалық жағдайда экономиканы
тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету
және құрылымдық өзгерістерді жүзеге
асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін
емес.
Шетел инвесторы - шетелдік
заңды тұлғалар, шетел азаматтары
, шетел мемлекеттері , халықаралық
ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты
мекені бар Қазақстан Республикасының
азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе
тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген
жағдайда.
Шетелдік инвестиция
дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның
қызметін бақылап, басқарып отыру үшін
капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып
келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер
мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына
айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын
тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын
басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар
жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды.
Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін
қолайлы ахуал ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын
тартудың басты бағыттарына тіршілікті
қамтамасыз ету салалары мен экспорт
бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ
және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы
, металлургия , коммуникация және де Қазақстан
дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші
болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады.
Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен
газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға
сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын
салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік
инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға
артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік
инвестицияларды тартудың маңызды көзі-
потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың
, мемлекеттік және жекеменшік банктердің
облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге
жұмсалған инвестициялар мынадай
элементтерді: негізгі капиталға
жұмсалған инвестицияларды , материалдық
айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған
инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық
емес активтерге жұмсалған инвестицияларды
, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған
инвестицияларды өзіне қосады.
2004 жылғы қаңтарда
қаржы емес активтерге инвестициялардың
бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының
қорларын толтыратын инвестицияларсыз
) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд
теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға
келеді.
2004 жылғы қаңтарда
негізгі капиталға инвестициялар 56.9
млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен
салыстырғанда 17.2%көп.
2004 жылғы қаңтарда
инвестицияның өсуі
Өткен жылдың қаңтарымен
салыстырғанда инвестиция көлемінің
төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан
(44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау
(6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи
газ (негізгі капиталға
Шетел инвестицияларының
жалпы республикалық көлемінің
ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс
Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.