Қаржылық инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 17:47, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе 3
I. Инвестиция есебі 4
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі 4-7
1.2 Инвестицияның бағалануы 8-12
II. Қаржылық инвестиция есебі 13
2.1 Қаржылық инвестиция есебі 13-23
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі 31-34
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық инвестиция.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

өтеуге дейін ұсталатын  инвестиция

саудаға арналған қаржы  активтері.

1150-«Өзге қысқа  мерзімді қаржы инвестициялары»,  онда алдыңғы 

топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар 

есепке алынады.

2000-«Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициялар» кіші  бөлімі үлестік қатысу әдісімен  есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай  шоттар тобынан тұрады:

2010-«Ұзақ мерзімді  берілген қарыздар», онда ұйым  бір жылдан асатын мерзімге  берген қарыздар есепке алынады; 

2020-«Өтеуге дейін  ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар  мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге  дейін иелік етуге берік ниетті  және қабілетті, бекітілген немесе  анықталатын төлемдері және тіркелген  өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

2030-«Сатуға арналған  қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық  инвестициялар», онда мынадай санаттарға  кірмеген қаржы активтері есепке  алынады: 

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін  ұсталатын инвестициялар;

2040-«Өзге ұзақ  мерзімді қаржылық активтер»,  онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген  ұзақ мерзімді қаржы активтері  есепке алынады, мысалы, өзіндік  құны бойынша есепке алынатын  еншілес ұйымдарға берілетін  инвестициялар, үйлесімді шоғырланым  әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа  мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған  бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару  шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

3390-«Өзге қысқа  мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.

Кірістер мен табыс  пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша  кірістерді алумен байланысты операциялар  көрсетіледі;

6140-«Инвестициялық  жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6400-«Үлестік қатысу  әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар  пайдасының үлесі» кіші бөлімі  үлестік қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге  арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

6410-«Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі;

6420-«Бірлескен ұйымдардағы  пайданың үлесі», онда үлестік  қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.

Есептелген шығындармен  зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша  шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

7410-«Активтердің шығуынан алынатын шығыстар», онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;

7600-«Үлестік қатысу  әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;

7620-«Бірлескен ұйымдардың  залалындағы үлес» онда үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  бірлескен ұйымдардың залалындағы  үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші  акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

Қорытынды  

«Қаржылық инвестиция есебі» курстық жұмысымды қорытындылай келе инвестиция дегеніміз бұл елдің  өз ішіндегі және одан тыс жерлердің  әртүрлі салаларына ұзақ мерзімді уақытқа  пайда алу мақсатында салынатын мемлеметтік және жеке меншік капитал болып табылады. Инвестицияға қажеттілік, әсіресе экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде, өндірісін кеңейтуге ұмтылған жеке аймақтарда туындайды.

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты көптеген ірі инвестициялық жобаларды жузеге асыру қажеттілігі туындайды.

ҚР-ның әлемдегі барыша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру, алға қойылған мақсат міндеттерді орындауда  мемлекеттің рөлі зор. Ал бұл үшін ірі халықаралық қаржы институттарының мақсатты топтарына бағытталған салық және ұйымдастырушылық нысанындағы жеңілдіктер қарастырылатын шаралар кешенін талдау жасау қажет.  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі  

1. Л.А. Попова, М.Қ.  Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б.  Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 

3. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

4. В.Л. Назарова. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік  есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 

5. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік  есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.

6. Ә. Әбдіманапов.  Бухгалтерлік және қаржылық есеп  принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж. 

7. К.А. Китебаева  «Принципы бухгалтерского учета  I,II». Караганда 2006г. 

8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.

9. Бухгалтер бюллетені.  №3, қаңтар 2006ж. 

10. №2 ҰҚЕС 

11. ХҚЕС 

12. Заң 

13. Бухгалтерлік есеп  жүргізу ережесі. 

Қаржылық инвестиция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет  

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі. 

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту  мақсатында шығарылады. Инвестициялар  деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа  да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.Мазмұны  [көрсет]  

[өңдеу]

Жіктелуі 

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады: 

1. Жұмсау мерзімі  бойынша:

Қысқа мерзімді;

Ұзақ мерзімді:

Мерзімсіз. 

2. Тағайындалуы бойынша:

Қаржылық;

Нақты. 

3. Шығу тегі бойынша:

Бірінші;

Екінші. 

4. Болу формасы  бойынша:

Құжаттық;

Құжатсыз. 

5. Ұлттық тегі  бойынша:

Отандық;

Шетелдік. 

6. Қолдану түрі бойынша:

Инвестициялық (капиталдық);

Инвестициялық емес. 

7. Иемдену қатары  бойынша:

Жеке;

Жалпы. 

8. Шығарылым формасы  бойынша:

Эмиссиондық;

Эмиссиондық емес. 

9. Меншік формасы  бойынша:

Мемлекеттік;

Корпоративтік. 

10. Айналыс сипаты  бойынша:

Нарықтық;

Нарықтық емес. 

11. Тәуекелділік деңгейі  бойынша:

Аз тәуекелділікпен;

Мүмкін үлкен тәуекелділікпен. 

Тәуекелділік түрлерін мынаған бөлуге болады:

Капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелділік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара  алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;

Уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;

Заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен  ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелділік;

Өтімділік тәуекелділігі  – инвестицияны өтізу барысындағы  болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын  тәуекелділік;

Нарықтық тәуекелділік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;

Кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы негізгі қарыз сомасын  немесе сол бойынша сыйақы төлеуге  жағдайын болдырмайтын тәуекелділік.

Проценттік тәекелділік  – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің  өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;

Валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестициямен  байланысты тәуекелдік. 

12. Қолма-қол табыс  бойынша:

Табыстық;

Табыссыз. 

13. Қаражатты жұмсау  формасы бойынша:

Борыштық – құнды  қағаздардағы немесе міндеттердегі  инвестиция;

Иелі үлестік –  нарықты субъектінің капиталындағы  үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес;

Жеке жобалар. 

14. Экономикалық мәні бойынша:

Мүліктік;

Міндеттік. 

15. Халықаралық және  отандық стандарт бойынша бухгалтерлік  есепте инвестиция мыналарға  бөлінеді:

Қаржылық (БЕС 8 «Қаржылық  инвестиция есебі» және оған әдістемелік  ұсыныс);

Еншілес, тәуелді  және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестиция (БЕС 13, БЕС 14, БЕС 15 және оған әдістемелік ұсыныс).

[өңдеу]

Табыс көзі 

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған  бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды. 

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болшып бөлінеді. 

Инвестиция өзінің алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

[өңдеу]

Нақты инвестициялар 

Нақты инвестициялар  ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдықөндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Информация о работе Қаржылық инвестиция