Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен ақпараттық қамсыздандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:08, доклад

Описание

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Работа состоит из  1 файл

талдау.docx

— 95.05 Кб (Скачать документ)

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік  деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

 

 

Экономикалық талдаудың негізгі  мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана  іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.

Экономикалық  талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,  халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.

Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық  есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың  қорытындысына әсер етеді.

Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.

Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды  көздейді.  Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық  жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.

 

 

 

Нарықтық  қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге  бөлуді қажет етіп отыр.

1. Сыртқы талдау- акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.

2. Ішкі немесе басқаруды талдау – бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.

Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты міндетті төмендегідей:

  1. Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер.
  2. Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі оларды таратудағы рационалдығы және пайдалануды тиімді зерттеу.
  3. Айналым капиталының көлемін оның өсу кемуін және ағымдағы міндеттемелерінің ара-қатынасын анықтау.
  4. Кәсіпорынның активтерімен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.
  5. Ағымдағы активтердің айналымының есебі, оның ішінде дибеторлық берешекті есептеу.
  6. Баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.
  7. Кәсіпорынның табыстылығын бағалау
  8. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау
  9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

 

Еңбек ресурстарының талдауына  мақсатты – олардың қолдану деңгейін анықтау еңбекті тиімді қолдануды жоғарлатуға кедергі жасайтын факторларды анықтау және тірі еңбекті қалданудың өсу резервтерін анықтау. Еңбек ресурстарын қолдануды талдауда келесі көрсеткіштерді оқып білеміз.

1. Кәсіпорынмен  оның бөлімшелеріне жұмыс орындарының  қамтамасыз етілуі.

2. Жұмыс уақытын  қолдану. 

3. Кәсіпорын  персаналын қолдану тиімділігі  мен интенсифтілігі.

4. Білім деңгейі  және еңбекақы қорын тиімді  қолдану. 

Еңбек ресурстарын талдауда қолданылатын әдістер:

1. Алғашқы  мәліметтерді өңдеу. 

2. Салыстыру  және топтастыру.

3. Эксперттік  баға беру.

4. Баланстың  әдісі. 

5. Индекстік  баға әдісі. 

Осы әдісті қолдану арқылы келесідей  еңбек ресурстарын талдаудың  түрлері болады:

1. Өткізу  кезеңіне байланысты (күнделікті, апталық,  айлық, тоқсандық, жылдық)

2. Объектіні  қамту толықтығына байланысты  толық лакальдік тематикалық. 

3. Объектілерді  оқып – білу әдісіне байланысты; кешендік, жалпылама таңдамалы. 

4. Оқып –  білу сипаттамасына байланысты; ағымдық, оперативтік жүиелі, бір  реттік.

Өндірістік  бағдарламасына толықтыру қажеттілігіне  байланысты келесі әдістердің бірі қадағалайды; еңбек сиымдылығы бойынша, өндірістік норма бойынша,жұмыс орындалу бойынша,жұмысшылар санының шарты бойынша.

Кәсіпорынның  еңбек ресурстарын талдауға қажетті  ақпараттарды кәсіпорынның статистикалық  және бухгалдерлік есеп берінен, еңбек  бойынша жоспар және есеп беру бойынша, жұмысшылардың қозғалысы бойынша кадрлар бөлімінің есеп беруінен цехтардың есеп берушілерінен және басқа да еңбек ресурстары бойынша есеп беруден аламыз. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау еңбек персаналын жіктеуден басталады, себебі кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінде әрбір жұмысшының категориясы әртүрлі қызмет атқарады.

Көбінесе  кәсіпорындарда негізгі және көмекші  жұмыс шарты деп нақты екі  топқа жіктеледі. Негізгі және көмекші  жұмысшының еңбек қызметі әртүрлі. Ал басшы топтардың атқаратын  қызметі не байланысты мамандар немесе қызметкерлкр деп бөлеміз.

Сонымен персоналды жіктеу келесідей міндеттерді  шешуге көмектеседі:

1. Әрбір жұмысшы  категориясына байланысты кадрлармен  қасиет ету деңгейін анықтау..

2. Жұмыскерлердің  квалификациясы дәрежесіне байланысты, жұмыстың құрамына байланасты, жыныстық  құрамына байланысты, жасына байланысты  санын анықтау. 

3. Жұмыскерлердің  қал еңбегінен және еңбектің  механикаландырылған түрімен айналысатын  жұмысшының саны.

 

Экономикалық  ақпарат – экономика және оны басқару аясында туындайтын, сондай-ақ осы аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын мәліметтер, деректер. Экономикалық ақпаратмакроэкономикалық үдерістерді, еңбек, тауар мен капитал қозғалысын, нарықтың, өндіріс пен тұтынудың жай-күйін көрсетеді. Статистикалық, өндірістік-экономикалық, коммерциялық, іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық, анықтамалық (соның ішінде, салық, баға, тариф туралы), ғылыми-экономикалық, нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды реттейтін), т.б. Экономикалық Ақпарат түрлеріне ажыратылады. Экономикалық Ақпараттың аталмыш түрлерінде айқын шекара жоқ. Айталық, “іскерлік ақпарат” ұғымы серпінді қатарлар, үлгілер мен бағалаулар түрінде экономикалық және статистикалық ақпаратты (сандық экономикалық, демографиялық., әлеуметтік) қамтуы мүмкін; коммерциялық ақпарат компаниялар,фирмалар, олардың бірлестіктері туралы, сондай-ақ баға, компанияның қаржылық жағдайы, олардың байланыстары, мәмілелері, өнімдері, т.б. туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін; биржалық және қаржылық ақпаратта валюталардың бағамы, есептік мөлшерлемесі, бағалы қағаздардың баға белгіленімі, инвестиция, баға туралы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Статистикалық ақпаратта мемллекеттік статистика, халық санағының деректері, серпінді қатарлар, әлеуметтік зерттеулердің, қоғамдық пікірді сұрау салу жолымен анықтаудың нәтижелері қамтылады. Банк ақпараты мәліметтердің кең ауқымын біріктіреді, олар: банкілердің беделін бағалайтын ақпарат, банк жұмысында пайдаланылатын анықтамалық ақпарат – клиенттер мен серіктестердің мекен-жайлары, шоттары, т.б.; биржалық және қаржылық ақпарат бағалы қағаздардың баға белгіленімі, түрлі банкілердегі валюта бағамы туралы ағымдағы және ретроспективті ақпараттан тұрады; мамандандырылған ақпарат; жалпы мақсаттағы коммерц. ақпарат мекенжай-анықтамалық деректерді, негізгі басшылар туралы мәліметтерді, жалпы қаржылық мәліметтерді – жарғылық қорлардың, активтердің мөлшерін, т.б. қамтиды. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер тұтынушыға Экономикалық Ақпаратты дәстүрлі кітаптар, дүркіндік, жалғаспалы басылымдар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар туралы есептер түрінде де, электронды сақтауыштардағы деректер қоры түрінде де береді. Сайып келгенде бәрі тұтынушының ақпаратты қажетсінулерінің ерекшеліктерімен, оның кәсіптік мүдделерінің шеңберімен, қажетті оңтайлылық пен белсенділік дәрежесімен, ақпараттық жүйеге тікелей жүгінумен, ақыр соңында оның техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.

Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардыңнысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

  • мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
  • адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
  • елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
  • өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
  • әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
  • табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
  • технологиялық аяның жай-күйі;
  • ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
  • қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.

Информация о работе Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен ақпараттық қамсыздандыру