Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:12, реферат

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анықболуы  керек, яғни кайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану төсілі де анықболғаны жөн: үсынған заматта "өленетін немесе бөліп-бөліптөлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

Аккредитив  бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы жөне аккредитивтің барлық шарттарының орыңдалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынща төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар  банкісі аккредитив бойынша каржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдаддық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдык ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

Бенефициар банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде  жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шаттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделмегенін, ондағы бенефициардың қолы мен белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.

Егер аккредитивтің  шарттарында уәкілтетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот  тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы көлік құжаттарының нөмірі тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау - өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот – тізбесін төлеуге теруге болмайды.

Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот – тізбесінің қабылданғанын білдіретін қол хат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасына және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін  банк эмитентке жіберіледі.

Аккредитивті қолма-қол  ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.

Егер аккредитивтің  шоттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғарлар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесеаккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауар-көлік  құжаттарынада (накладнойында) өкілеттік  берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны  береді.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөніндегі атқарушы банк банк эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктепайдалнылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк – эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кеметіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Банк несиелері» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1070 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 4030) кредиттеледі де, 1070 «Аккредитивтердегі ақша қаражаттары» шоты дебеттеледі

Жабдықтаушылар  шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша және ол "Жабдықтаушылармен және мердігерлерменесеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040, 1050, 3010 шоттарының дебеттеріңде және 1070 шоттың кредитіңде көрсетіледі.

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7440 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.

1070 "Чек кітапшаларындагы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы  бойынша депоненттел ген сомасы беріл ген кезде 1070 дебеттеліп; 1030, 1040,3010 шоттары кредиттеледі.

Кітапшалардағы  чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа түлғаларға беру кезінде 1260 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін түлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 4160 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 4160 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі.

1070 "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

1/1060 "Басқа да банк шоттыңдағы ақша қаражаттары" шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қорытынды.

 

      «Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу» тақырыбын қысқаша қорытындылап өтейін:     

       Сонымен,  Ақша қаражатын сақтау заңды  және жеке тұлғалар арасында  есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері: теңгемен, шетелдік валюталармен жүргізілетін есеп айырысу шоттарын ағымдық және корреспонденциялық шоттарын ашатынын білдік.Ал, корреспонденциялық шоттар – банктің және банктік емес қаржылық мекемелердің қаржылық шоттары. Олардың ашылуы мен жүргізілуі ұлттық банктің  нормативтік актілерімен белгіленеді.Ағымдағы есеп айырысу шоттары – заңды тұлғалардың банктік шоттары.

        Ақша қаражатын есепке алу  міндеттері ақша қаражаттарының  сақталуын және олардың  мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуын бақылауды қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақытымен құжаттау, есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау, талдамалық есепке алуды толық және дұрыс жүргізу,ақша қаражатын толық және нақты түгендеу шараларын жүргізу, төлем оперрацияларын банк арқылы  ақша қаржысын аудару болып табылады.

          Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

          Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

          Қазакстан Республикасының аймағында  ақшаны (төлеу мен аударуды жүзеге  асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерән пайдаланады.

          Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.Сонымен бірге, жалпы есеп айырысу қолма-қол ақшамен және нақты ақшамен,аударылып отыратын ақшамен жүргізілуі мүмкін. Егер есеп айырысу нысандарына жеке-жеке тоқталып кететін болсақ олар:

        1. Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты,яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.       

        2.  Есеп айырысу чегі - чек берушінң шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.

      3.   Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.

      4.  Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап- тапсырмасын ресімдейді де,  оны төлейшіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі  ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі

          5. Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұ»ымдарға аудару тұралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьтерде қажетті дана бойынша басады.

            Ақша қаражаттарымен есеп айырысу  нысандары төлеуші мен алушының  арасындағы  келісім шартпен айқындалады.

          Тағы да бір тоқталып кететін ақша қаражатының есепбі  қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орын-дау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

       Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО № 1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.

       Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі  1040 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында жұрғізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептін көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі  бет есебі болып қалады.         

     Есеп айырысудың  мақсаты – нарықтық қатынастардың  нығаюына, жиынтық қоғамдық өнімнің  қозғалысқа түсуіне ықпал ету,  кірістер мен шығыстардың шама-шарқынша  есеп айырысу қатынастарын өзара  ынталандыруға жағдай жасау болып  табылады. 

     Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

      Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі.

        Құнды қағаздар. Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпорация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік  жатады.

        Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша құнды қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.

Құнды қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы кұнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.

Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізеді. Өйткені құнды қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол фактордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

 

 

 

 

 

 

 

     

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу