Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 15:38, курсовая работа

Описание

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:
- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;
- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;
- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері...........................................5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...............................9
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау................................................................................................................11
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру...........................12

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің стандарттары...............................................14
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...........................................................................................................15
2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.........................................................................16
2.4 Аудит жүргізу сатылары.....................................................................................18

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................24

Қорытынды.................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Курстық Жұмыс Умбетова Г..doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)


33

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру

1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері...........................................5

1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...............................9

1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау................................................................................................................11

1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру...........................12

 

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру

2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің стандарттары...............................................14

2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...........................................................................................................15

2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.........................................................................16

2.4 Аудит жүргізу сатылары.....................................................................................18

 

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі

3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................21

3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................24

 

Қорытынды.................................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толыктырып отырады.

Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға, баланстың есептік бақылауы мен соттық - бухгалтерлік сарапқа тән емес. Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа да есептік, бақылау - аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В. Соколовтың айтуы бойынша: ревизияның мақсаты - кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты - кемшіліктерді қысқарту мен залалды шектеу.

Қазақстан республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік оргаңдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді деп көрсетілген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Аудиторлық қызметтің пайда болуының тарихы және дамуын, аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы тақырыптың мәнін ашу.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы зандарыңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

  Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жоніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.

  Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:

- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;

- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;

- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

        Зерттеу тәсілдері. Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.

Аудит мынадай дәйекті тәсілдер бойынша жүгізіледі:

1) жоспарлау (тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен);

2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;

3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;

4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;

5) аудит рәсімін жүргізу;

6) аудиторлық қорытындыны қалыптастыруы сақтайды.

Амеикалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында “Аудит-ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің,пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” деп анықтап береді.АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолынакөп еңбек сіңірген профессорДжек Робертсон екі анықтама береді.Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік”-деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп,аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ,ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкерлігіне зиян келтіру әсерін айтады.

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен білім практикалық қызыметінің даму жолында жаңа салым саласының пайда алып келді.Аудитор латынның “audio” деген сөзінен шыққан,яғни ол “тыңдап тұр” деген мағынаны білдіреді.

Аудиторлық қызыметтің негізгі принциптері:

1 тәуелсіздік

2 обьективтілік

3 кәсіби біліктілік

4 құпиялылық             

Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензиялары ҚР-ның Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.

Банк қызыметінің аудитін жүргізіуге лицензияарды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі береді.

Аудит жүргізу және аудиторлық қызымет бейілі бойынша қызымет көрсету шартында:шарттың нысаны,мерзімі,тиісті қызыметтер көлемі,ақы төлеу мөлшері мен шарттары,тараптардың құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі көзделеді.

 

 

 

 

 

І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру

1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері

 

Аудит туралы шыққан басылымдарда "аудит" - деген түсінікке әр түрлі анықтамалар берілген. Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған. К.Ш. Дюсембаев "Теория аудита" деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.

        Бір автор қысқаша анықтама берсе, кейбіреуі өте күрделі анықтама береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол аудиторлық қорытынды туралы. Себебі, қандай бір аудиторлық тексеру болмасын оның негізгі мақсаты аудиторлық қорытынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздерше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көрсеткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге құқылы.

Кәсіпорын   шаруашылығының   жеке   бір   бөлігін   немесе түгелдей  шаруашылығын  қамтитын  аудит болса да "алғашқы құжаттарды" тексеру немесе "алғашқы есепті" тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жургізілуімен оның құрылымын ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.

Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында "Аудит - ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту" - деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ, Англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.

Белгілі, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған "мәліметтік күдік" - деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкерлігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол "Мәліметтік күдікті" бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз пайдалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.

Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор "кәсіпкерлік күдік" - деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы қауіпптілігі - деп түсінуге болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалылығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуін жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын "кәсіпкерлік күдіктің" мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргізу үшін тиімді шешім қабылдай алады. "Кәсіпкерлік күдік" аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.

АҚШ-тың аудит мамандары Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: "Аудит - ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздік жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру". Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы соңғы анықтама басқаларына қарағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты.

К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: "Аудит - дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық     субъектілерінің     барлық     жағын      қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде тусініктеме қызметін атқару" - деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден — тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден - аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның хатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар беріледі, төртіншіден - аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.

 

Аудиттің шығу тарихы

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа салым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай обьективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" – «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе- жүз ұялады", - деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын - деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.

Аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

Информация о работе Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері