Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 15:38, курсовая работа

Описание

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:
- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;
- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;
- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері...........................................5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...............................9
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау................................................................................................................11
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру...........................12

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің стандарттары...............................................14
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...........................................................................................................15
2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.........................................................................16
2.4 Аудит жүргізу сатылары.....................................................................................18

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................24

Қорытынды.................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Курстық Жұмыс Умбетова Г..doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

 

3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі

 

Палестинадағы бұрынғы британ территориясында 1948 жылы Израиль мемлекет пайда болғаннан кейін ол жерде сол кездің өзінде әр түрлі британдық кәсіби қоғамдардың мүшелері болып табылатын шамамен 100 бухгалтерлер-аудиторлар болған. Британдық үлгі бойынша және Израиль Әділет министрлігінің басшылығымен бухгалтер-аудитор атағын алуға тілек білдірушілерді емтиханға қабылдау және оларға (емтиханды сәтті тапсырғандарға) осы атақты беру жөнінде арнайы Кеңес құрылған болатын. 1955 жылы Израиль Парламент атақ берудің шарттарын, кәсіби қызметке байланысты оларға қойылатын талаптарды қарастыратын бухгалтер-аудитор туралы ережені бекітті. Аудитордың британдық тәжірибиесінің ықпалымен Британдық ұлттар ынтымақтастығының құрамына кіретін басқа елдер де осы кәсіптің түрі қалыптасуын бастан кешірді.

Германиядағы аудиторлық істің дамуына 1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Яғни акционерлік қоғамдар мен басқа формадағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы   қатаң тексеру  тәртібін  және  тәуелсіз аудиторлар тарапынан есеп берулер мен баланстарды бекітуін талап етті. 1931 жылы пен басқа кәсіпорындардың есеп берулері мен баланстарын міндетті аудиторлық тексеруді және оның өткізілуі өздігінен реттелуді шарт етіп қойған үкіметтік қаулы қабылданды. 1932 жылы құрылған Аудиторлар институтының аудиторлық қызмет саласындағы мәселелерді талқылайтын мамандандырылған комитеті бар. Қазіргі кезде Германиядағы аудиторлық қызмет  1961  жылдың 24-ші  шілдесіндегі Аудиторлардың кәсіби жарғысы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл елде кәсіби аудиттің екі ұйымы жұмыс істейді: Аудиторлар  палатасы  және  Аудиторлар  институты.  Мұның біріншісіне мүшелікке кіру әрбір аудиторға немесе аудиторлық фирмаларға міндетті болса, ал екінші ұйымда - әркімнің өз еркі өзінде  болады, сөйтсе де онда 90%-тен де жоғары  неміс аудиторлары бар. Аудиторлар палатасына мүшелікке кіру өздері аудиторлар болмаса да, барлық аудиторлық ұйым басқармасы мүшелеріне міндетті. Палатаның қызметін федералды Экономика министрлігі бақылайды. Бұл бақылау оның ісін басқаруды қарастырмайды, тек ГФР (ФРГ) заңдары мен палатаның өз жарғысының сақталуын қадағалаумен шектеледі.

1867 жылдың 24-ші шілдесінде Францияда «есепшот бойынша комиссар» деп аталатын айрықша ревизорлардың акционерлік қоғамдардың баланстарын міндетті түрде тексеру мен бағалау туралы ережесін бекіткен қоғамдық заң қабылданды. Меншік иесі болып табылатын капиталист өндірістік және қаржылық істермен тікелей шұғылдануын сиретіп, бұл жауапты істі жалдап алған қызметкеріне тапсыра салады немесе акцияны меншіктеуден, қандай да бір қоғамдық облигациялардан түсетін табыспен күнелтетін, яғни өмір сүретін рантьеге (несиеге берілетін ақша капиталынан түскен табыспен күн көретін адамда) айналады. Акционерлік қоғамдағы есеп пен есеп берулерді тексеретін және кұнды қағаздарды ұстайтын бухгалтер-аудитор бір ыңғайда кәсіпорын мен оның қызметінен түсетін табыстың қаржылык тұрақтылығы туралы мэліметтерге сенімділікпен кепілдік бере алады.

1942 жылы Францияда аттестациядан өткен Бухгалтерлер мен сарапшы-бухгалтерлер палатасы кұрылды (екінші категориялы сарапшы-бухгалтерлер сияқты барлық кұқыққа ие болған жоқ). Үш жылдан кейін Сарапшы-бухгалтердің палатасы үкіметтік декретпен (жоғарғы өкіметтің заң күші бар каулысы) реттемеленді. Бұл палата Экономика жэне қаржы министрінің қамқорлығында болды. 1945 жылы құрылған Француздық аттестациядан өткен бухгалтерлер мен сарапшы-бухгалтерлердің қоғамы өз мүшелерінің алдына мынадай мәселелерді қойды:

- міндеттерді ерікті біліктілікпен орындау арқылы қоғамдық мүддені қорғау;

- мамандық мүддесін таныту және алдыңғы қатарға шығару;

Қоғам    мамандардың    мүдделеріне    қатысты    маңызды проблемаларды талқылауға арналган съезді ұдайы өткізіп тұрады. Съезд қорытындылары бойынша аудиторлық тексеруді жүргізу әдісі мен құқықтық мәселелерді, есебі бойынша ұсынысты да қамтитын есеп берулер жарияланып отырады. Бұл материалдарды  бухгалтер-аудиторлар  өз  тәжірибесінде  пайдаланады. Француздык аттестациядан өткен және бухгалтер-аудиторлар қоғамы екі деңгейдегі - ұлттық және аймақтық органдар арқылы басқарылады. 1968 жылы бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы халықаралық ұйымдар мен қоғамдық және мемлекеттік органдардың алдында өз мүшелерінің мүдделерін танытатын есепшот бойынша Комиссарлар ұйымы пайда болды. Аудиторлардың қоғамдық ұйымдары үкімет және сот органдарымен тығыз жұмыс істейді.

 

Франциядағы аудиторлық қызмет 1969 жылдың 12-ші тамызындағы Декретке және 1994 жылдың 24-ші каңтарындағы Үкімет қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит саласындағы негізгі жұмысты жалпы мемлекеттік деңгейде кәсіби ұйым -Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы жүргізеді. Аудиторлық қызметті аймақтық деңгейде шамамен 30 аймактық компаниялар реттейді. Тұтастай алғанда, Францияда аудиторлық қызметті басқарудың жеткілікті дәрежеде қатаң түрде орталықтандырылған жүйесі қалыптасқан.

Аудиторлық істі жетілдіру бойынша жұмыстың көп бөлігін бухгалтер-аудиторлардың басқа ұлттық коғамдары жүргізеді. Мысалы, әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлар институтының құрылуын тездетті, ал Жапонияда Өнеркәсіп және басқару министрлігі айналысады. Бұл елдегі бухгалтерлік есеп пен есеп берулердің осы заманғы жағдайы 1945-ші жылғы Жапон аралдарын жаулап алған американдықтар мен генерал Дуглас Макарутра әкімшілігі жүргізген экономикалық қайта құру шарасының әсерімен болды. Бұл кезеңде аудиторлық іс ұйымдарында сөзсіз көрініс тапқан америкалық тәжірибемен қалыптасқан формалар мен әдістерге негізделген бухгалтерлік есеп пен есеп берушілердің тәртібі әзірленді. Оның ішінде, бухгалтерлік стандарт бойынша кеңес кәсіпорындарды тексеру туралы бірқатар ережелерді жасады.

Маманданған бухгалтер-аудиторлар институты Австралияда құрылды, оған тек австралиялықтар ғана емес, сондай-ақ азиялық мемлекеттерде, атап айтқанда, Малайзия, Сингапур, Гонконг азаматтары мүше бола алады.

Австралиядағы осы елдердің өкілдері аудиторлық кәсіпті оқыту, біліктілік емтиханын қабылдау, тиісті атақ беру ісіне араласа алады.

Жаңа Зеландиядағы Бухгалтерлер қоғамы мамандалған (алқалы) бухгалтер-аудиторлар құрамын (өз қоғамының 96%-ін) қамтиды. Алайда бухгалтер-аудитор атағын алу үшін тиісті білім мен аса қажетті жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Маман осы атакты алғанға дейін, «Бухгалтерлер қоғамының», дауыс беретін құқығы жоқ, «уақытша мүшесі» ғана бола алады.

«Еуропаға оралу» және нарықтық экономикаға көшуге байланысты посткеңестік мемлекеттер мен шығыс еуропалық елдердегі шаруашылық механизмдерін қайта құру тексеру-бақылау жұмысының сипатын түбегейлі өзгертуді және тәуелсіз бухгалтер-аудитор сияқты мамандық категориясын қалыптастыруды талап етті.

Шын мәнінде аудиторлық кәсіп алдыңғы орынға шығарылған Шығыс еуропалық елдерде (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния) тексерушілік қызмет айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Польша мен Венгрияда сарапшы-бухгалтер категориясы бұрыннан бар болатын. Бухгалтерлік сараптау техникасы, сарапшы бухгалтерге кәсіби және этикалық талап аудиторлық тексеру тәсілдерімен, бухгалтер-аудиторға қойылатын талаптарға жауап беретін іскерлік және өнегелік нормалар көп жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мәселен, 1988 жылы Чехия мен Словакияда шетелдік қатысушы кәсіпорындары туралы заң қабылданып, осыған орай бухгалтер-аудитор лауазымы бекітілді. Барлық шетелдік қатысудағы кәсіпорындар ең аз дегенде екі тәуелсіз бухгалтер-аудиторларға жылдық есеп берулерін тексертуі әрі бекіттіруі керек. Ал, олардың жылдық   тағайындалуы   және   қызметтен   босатылуы,   яғни орнынан түсуі мүмкін. Сондыктан да бұл жағдай Бас аудитордың жұмысына үкіметтің әкімшілік органдарының араласуына тиімді тосқауыл бола алады. Ол өзінің міндетін заңга сәйкес орындап, еркін әрекет етеді.   1985  жылы  хабарланған,  «Аудиторлық жұмыстың уақытша ережесі» аудиторлық әкімшіліктің негізгі міндеттерін белгіледі. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылык бақылауы өте осал болғандықтан барлық үкіметтік мекемелер мен ірі жэне орташа кәсіпорындарды өз іштеріндегі бақылау жүйесін дамытуға міндеттейтін арнайы бап ережеге енгізілді. Қытайдағы нарықтың тұрақтануы мен экономиканың сауығуына аудиторлық қызмет үлкен көмегін тигізді. Тек бір гана 1989 жылдың өзінде тексеру нәтижесінде қажетсіз объектілер құрылысын қаржыландыруға,  істелмеген жұмысқа төленетін сыйакыға арналған «проблемалық ақшалар» мен жалпы ұлттық өнімнің 2% қүрайтын 24 млрд. юан аса ірі «өкілдік» шығындар аныкталды.

Қытай үкіметі бухгалтерлердің арасында СРА-маманданған қоғамдық бухгалтердің көбейгенін мақұлдайды. ҚХР-да СРА-ның шамамен 80 фирмасы әрекет етеді. Осы фирмалардың көбісі шетелдік инвестиция базасына негізделген біріккен кәсіпорындарға кызмет көрсетеді. СРА фирмалары кәсіпорынның бухгалтерлік кітабын жүргізуді, қызметкерлерді дайындауды және ішкі бакылау жүйесін жобалай алады. Олардың қызмет аудиторлық әкімшілік аудиторламаған көптеген кәсіпорындардың бақылауын күшейтуге көмектеседі.

Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғаламдасуындағы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.

Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай есеп берулерін тексеріп, бекітетін тәуелсіз бухгалтер-аудиторлардың осы атақты алуда жоғары экономикалық және заңгерлік білімдері ең аз дегенде шаруашылық ұйымдарында 10 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар, олардың жасы 35-тен кем болмауы керек. Соңғы хабарларға қарағанда бұл жас 30-ға дейін төмен түсірілген. Сөз жоқ, бухгалтер-аудитор тиісті адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс. Бухгалтер-аудитор атағына талап қылатын ізденушілер федералдық Қаржы министрлігі бекіткен комиссияның алдында өздерінің білімдері мен шеберлігін іс-тәжірибеде қолданып, сынақтан өтуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, қорыта келе аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейіні бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

Аудиттің мақсаты:  аудитор тапсырушыларға қандай қызмет    көрсететінін, субъекті шаруашылығына қандай экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден өзінің мақсатын анықтауы кажет. Сол үшін аудитор бухгалтерлік есептің нақты құжаттарына, есептеріне зерттеу, талдау жасау арқылы   субъектінің   бухгалтерлік   есебіндегі   кемшіліктерді, экономикалық жұмысындағы кемшіліктерін атап көрсетіп, сол кемшіліктерді   түзету   жолын   айтып,   тапсырушы   алдында сенімділікке ие болуы қажет.

Аудит мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сараптау жасау, оның ішінде қаржы салымы (инвестиция) тиімділігін, құнды қағаз операцияларын тексеру, айналым қаржысы операцияларының заңдылығын, қаржылық-жағдайының тұрақтылығын тексеріп тапсырушыға өзінің осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатын баяндауға міндетті. Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар.Арнайы аудитті зерттеуге арналған әдебиеттерде әр түрлі анықталып көрсетіледі.

Аудиторлық компания қорытынды есепті кемінде жылына бір рет міндетті түрде тексеріп отыру белгіленеді.

Аудит жұмысын орындау үшін міндетті  түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет.Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілерінің көлемі, мақсаты қарастырылуы қажет.Ол негізгі екі түрлі себептен тұрады:

1.      Ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігі;

2.      Ақпараттың дұрыс жасалмағандығы;

Шаруашылық субъектінің жұмысы өзінің жарғылық құжатында жүргізіледі, ал қызметкерлердің сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты  өз қызметін атқарады.Аудиттің нормативтері мен стандарттары екінші топқа жататын құжаттар.Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге кетлтіріп отырады. Аудит қызметінің даму жолында құқықтық жағынан аудит жұмысы үлкен рөл атқарады.

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері аудит фирмалары немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтату, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату талабы болуы мүмкін, оған себеп уақытында төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасында келіспеушіліктер және т.б. жағдайларға байланысты. Аудиторлық фирманың әр түрлі себептермен аудиторлық шартты тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған себеп тапсырушы аудиторлық шарттың талаптарын орындамаудан болады. Сондықтан да аудитті ұйымдастырудың тапсырушылардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында анық көрсетілген.

Аудит мақсатында - аудиторлық күдіктілік ерекше орын алады. Онда аудитор, аудитор күдігіне баға беруге міндетті. Негізінде, аудитор күдігі дегеніміз - аудит жұмысы біткеннен кейін анықталатын қаржы есебінде жіберілген қателер. Оның өзін аудит теориясында үшке бөледі:

1. Есеп құрамындағы күдік ішкі аудит кемшілігіне сәйкес жіберілетін қателерге байланысты аудит күдігі.

2. Ішкі аудит күдігі - бұл күдік бухгалтерлік есептерде жіберілген қателерге байланысты кемшіліктер.

3. Анықталмаған күдік шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есепке дұрыс алынбау себебінен болатын күдік.

Қызмет көрсетудің  жоғарғы сапасын қамтамассыз ету үшін аудиттың және аудиторлық мекемелердің халықаралық аудит стандарты негізінде аудиторлық мекеме жұмысының ерекшелігін есептеп өзінің ішкі стандарын қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар нақты матералдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал жабдықтар жағдайын, өндірістік жағдайын өнімді сатудың сату процесін толық зерттейді. Аудитті жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін ең алдымен клиент туралы ақпараттарды алып зерттедік.

Информация о работе Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері